Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
гастроэнтерология.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
119.26 Кб
Скачать

20 Баллдық емтихан сұрағы(есте сақтайды)

161сұрақ: Жаңа туылған нәрестелерде құсу туғызатын факторлар, сипаттама беріңдер:

Жаңа туылған балаларда алдымен құсу мен лоқсуды ажыратып алу керек. Лоқсу еміп болғаннан кейін бірден болады, бұл кезде сүт аз мөлшерде, қиындықсыз шығады, іштің бұлшық еттері бос болады.

Құсу туғызатын факторлар:

  • Инфекциялар

  • Ішек өтімсіздігі

  • Туу кезіндегі жарақаттар

  • Метаболитикалық (алмасу) бұзылыстар

  • Бүйрек қызметінің бұзылысы

Инфекция кезінде токсикалық заттармен уланудың салдарынан нәрестелерде құсу пайда болады. Әдетте инфекциялар асқазан, ішек, құлақ, тамақ немесе бүйректер арқылы енуі мүмкін.

Мекониальді илеус (ішек өтімсіздігі) – кейде жаңа туған нәрестелер бірнеше сағаттың ішінде нәжісін (меконий) шығара алмайды. Соның салдарынан меконийдің жиналуы пайда болады. Осының нәтижесінде ағзаның улануы салдарынан құсу пайда болуы мүмкін.

Туу кезіндегі жарақаттар – ауыр босанулар кезінде нәрестелерде миынан қан кету немесе миының ісінуі дамуы мүмкін. Вегетативті бұзылыстардың әсерінен нәрестеде құсу пайда болады.

Метаболитикалық бұзылыстар – әдетте тұқым қуалаушылық ауытқуы болып табылады.

Бүйрек қызметінің бұзылысы – өте сирек жағдайда бүйректің даму ақаулары дамиды. Бұл кезде бүйректің шығару қызметі бұзылады да, ағзада токсикалық заттармен улану пайда болады. Соның нәтижесінде балаларда құсу пайда болуы мүмкін.

162.Емшек жасындағы балаларда болатын құсудың негізгі себептерін атап шығыңыз, және олардың клиникалық көріністері:

Себептері:

  • Ему кезінде ауа жұтуы – бала емізікшені аузына дұрыс алмауынан болады. Баланың аузына тек емізекшенің ұшын ғана емес, емізікше маңы аймағын толық салу керек. Бөтелкемен тамақ емген кезде емізікше түтігі сүтпен толықтыру керек. Баланың бөтелкемен емуін өз бетінше қалдырмау керек, ауа жұтумен қоса шашалып қалуы мүмкін. Тамақтану кезінде 10-15 минут баламен бірге болу қажет. Тамақтанғаннан кейін баланы 10-15 минут вертикальды қалыпта ұстау керек, сол кезде ауа қапшығы асқазанның жоғары бөлігіне өтіп, бала кекіреді.

  • Инфекция – құлақ, тамақтың қабынуы(горло), гастроэнтерит дене температурасымен жоғарылауымен қоса құсу және іш өтумен сипатталады. Көкжөтел кезінде құсу ұстама тәрізді жөтелден кейін пайда болады.

  • Ұзақ жылау – қарын ашудың, шөлдеудің, ысыту немесе жаураудың, ылғалды пеленкалардың әсерінен балада құсу болу мүмкін.

  • Транспорттық жағдайда шайқалып, құсу

  • Қалтқының тарылуы – балаларда өмірінің 3-6 аптасында, ал шала туылған балаларда кешірек анықталады. Ұл балаларда қыздарға қарағанда 5 есе жиі кездеседі(1000:4). Балада көп мөлшерде фонтан тәрізді құсу, жиі лоқсу болады осы жағдай 2-3 күн сақталса балада сусыздану дамып дефекация дамиды.

  • Өңеш грыжасы – іш құысы мен кеудені бөліп тұратын диафрагма аралығында тесік пайда болғанда дамиды. Көп мөлшерде құсу, өңештің тітіркенуіне байланысты қан аралас құсық шығады.

  • Аппендbцит – ересек балаларды көп кездеседі, кішкентай балдарда өте сирек кездеседі.

  • Ішек өтімсіздігі

  • Целиакия – глютенді көтере алмаушылықтан дамиды. Құсу, тәбетенің төмендеуі, қозғыш, әлсіз, нәжісі көп, құрғақ, бозғылт.

  • Дәрілермен улануы – балалардық көз алдында тұрған нәрселерге қызығушылығының артуымен жүретін фактор.

  • Бас сақинасы.

163.1 жастан асқан балаларда құсудын немен байланысты болатынын жазып көрсетіңіз, және олардың клиникалық белгілері:

Бір жастан асқан балалардағы құсудың себептері:  - Псиxикалық факторлар - Улану - Аппендицит - Инфекция - Шайқалу - Басқа да себептер  Псиxикалық факторлар - көп жағдайларда балалар бір нәрсені уайымдайды сонын салдарынан құсу пайда болады, алайда кей жағдайларда балалар ата-анасының коңілін аз етіп, өздері құсық шақырады. Инфекция-құлақ, мұрын, ауыз арқылы өтіп, ағзада улану процессін шақырады. Аппендицит - Ішек өтіисізділігі болғанның салдарынан бала жеген асын артқа қарай шығарады. Улану - бала білмей бір улы затты немесе дәріні ішіп қойғаннан пайда болады. Бұл кезде бала әлсіз, кей кезде дене температурасы көтеріліп мазасы болмайды.  Басқа да себептер ол тамақты шектен көп ішіп коюуы болуы мүмкін.

164. Пилороспазм деген не? Анықтамасы, этиологиясы, жиілігі.\

Пилороспазм/қалтқы спазмы-асқазанның пилорикалық бөлігінің бұлшықеттерінің күшті спастикалық жиырылуымен көрінетін патологиялық жағдай. Пилороспазм ның салдарынан асқазаннан тамақтың қорытылып, шығарылуы бұзылады да , асқазанда жағымсыз сезімдер пайда болады.

Этиологиясы:бірінішілік және екіншілік түрлері бар.

Біріншілік:

  • Асқазанның қалтқысының жүйкеленуінің бұзылысы;

  • Витамин жетісспеушілік;

  • Қатты шаршау(физикалық,моральдық)

  • Рефлекторлы, ішектің илеоцекалды бұрышының тітіркенуінен;

  • Морфин немесе никотин қышықылымен улану;

  • Вегетативті нерв жүйесі зақымдалуы

Екіншілік:

  • Асқазан ойық жарасының қалтқысында орналасқанында;

  • Қышқылдылығы жоғары созылмалы гастрит;

  • Пилородуоднеит;

  • Асқазан полипозы;

  • Ішектің қабыну аурулары;

  • қыздарда кіші жамбас астауындағы қабыну ауруларынан;

жиі емшек жасыындағы балаларда ауыр босану салдарынан, ұзаққа созылған гипоксия, жүйке жүйкесінің толық жетілмеуі немесе патологиясы салдарынан дамиды. Ал орта жастағы балаларда ауру әсерінен немесе организмнің қажуы(истощение) себебінен дамиды.

165.Целиакия деген қандай ауру? Анықтамасы, этиологиясы, жиілігі.

Целиакия (глютенді ауру, Ги-Гертер-Гейбнер ауруы, тропикалық емес спру) дәнді дақылдардың глютенін көтере алуының(қорытуының) өмірлік тұрақты бұзылуы: 1. ішектен сорылудың бұзылуымен; 2. он екісақиналы ішектің және ащы ішектің кілегей қабатының гистологиялық көрінісінің өзгеруімен; 3. тамақта глютен болмағанда клиникалық және гистологиядан тұрғыданқалыптасуымен; 4. тамаққа жаңадан қайта глютен енгізілгенде клиникалық жәнегистологиялық көрінісінің қайталауымен сипатталатын ауру.

Целиакия әр елде әртүрлі деңгейде кездеседі.

Этиологиясы. Целиакияда қара бидай, арпа, бидай, сұлы дәнді дақылдардың ақуызын көтере алмау орын алады. Бұл өнімдердің ақуыздық бөлігі глютен болады. Оныспиртпен өңдегенде 2 фракцияға бөлінеді: салыстырмалы қауіпсіз глютеин жәнеглютендік энтеропатияның патогенезінде маңызды орын алатын проламин (глиадин,гордеин, секалинин, авенин).

Арудың генетикалық бейімділігі бар. Оның куәлері:

• Целиакия байқалатын науқастарда Т-лимфоциттер бетінде арнайы антиденелеранықталады;

• Целиакияда HLA жүйенің кейбір гаплотиптері (A1,B8, DR3, B44) жиі анықталады.Тұқым қуалауға бейімділігін негізінен HLA молекуласының аллелі – DQ2 (DQA1*0501, B1*0201), сиректеу аллелдер DQ8 (DQA1*0301, DQB1*0302) анықтайды.

• Осы ауруға бейімділігі (конкордантылығы) байқалатын монозиготты егіздердің аурудың даму жилігі 75%-ға дейін барады. Целиакиямен ауыратын науқастардыңтуыстарында бұл ауру популяциямен салыстырғанда 4 есе жиі кездеседі;

•Науқастың кейбір туыстарында айқын клиникалық белгілері болмағанымен

еюнобиопсияда кілегей қабатының атрофиясы жҽне қанында антиглиадинді

антиденелер анықталады.