Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
гастроэнтерология.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
119.26 Кб
Скачать

191. Гастродуоденит пен дуодениттің функционалдық жіктемесі, патогенезі.

Жіктемесі:

Этиологиялық факторларына байланысты:

  • Біріншілік

  • екіншілік (ілеспелі);

Эндоскопиялық көрінісі бойынша:

  • беткей,

  • эрозиялық ,

  • атрофиялық

  • гиперпластикалық;

Гистологиялық көрінісі бойынша: гастродуоденит :

  • жеңіл,

  • орташа ,

  • ауыр;

Клиникалық көріністеріне байланысты:

  • Толық,

  • толық емес

  • өршу фазасы;

Патогенезі

Helicobactery pylori жұғу отбасында немесе фекальды оралды жолмен ,кейде таза емес эндоскоп,зонд арқылы жұғады.HP троптылығына байланысты басында антралальды бөлігін жайлап,кейін асқазанның денесіне ,сосын 12 елі ішекке жайғасады.Белсенді көбейіп,эпителийге тұрақтанып,вируленттік фактор түзеді:муциназа, фосфолипаза,уреаза және бір қатар токсиндер түзеді.Мұнда ең маңыздысы – уреаза ,ол мочевинаны гидролиздеп,CO2 және аммиак эпителийді жарақаттап,микробтар өсуіне ыңғайлы орта түзеді : pH-і жоғарылайды,мембраналық ферменттер белсенділігі бұзылып, J клеткалар гастринді көп түзіп,секрецияны күшейтеді.

Осыған жауап ретінде түрлі дәрежедегі қабыну процессі дамып,арнайы Ig A, цитокиндер түзіледі. Асқазанның эвакуаторлық қызметі төмендейді,шырышты қабатының морфологиялық өзгерістері дамиды және интрадуоденальды pH төмендейді.

Осындай өзгерістер 12 елі ішекте де болады, ол асқазан ішек жолының “ гипофизі” болғандықтан гормондар түзілісі бұзылып,жергілікті иммунитет төмендейді және моторика мен секрецияны өзгертеді,және шырышты қабаттың дистрофиялық ,атрофиялық өзгерістер дамытады.

192. Гастродуодениттің клиникалық көрінісі, диагностикасы, болжамы.

Гастродуоденит – асқазанның антральды бөлігі мен он екі елі ішектің қабынуы.

Клиникалық көрінісі.

  • Арнайы емес симптомдары:

  • Жалпы әлсіздік;

  • Шаршағыштық;

  • Ұйқының бұзылуы;

  • Бас ауыруы;

  • Терлегіштік;

  • Тахикардия;

  • Арнайы симптомдары:

  • Тамақтанудан соң эпигастрий аймағында ауырсыну;

  • Өршу сатысында ұстама тәрізді ауырсыну, қабырға астына және кіндік аймағына иррадацияланады;

  • Асқазанда ауырлық сезімі;

  • Қышқылды кекіру

  • Жүрек айну, құсу;

  • Гиперсаливация;

  • Тәбетінің төмендеуі;

  • Нәжістің бұзылуы;

Диагностикасы. Қарау кезінде баланың терісі бозғылт, көз астында көгерулер, салмағының төмендеуі, терінің эластикалық қасиетінің төмендеуі, кейде шаш түсуі және тырнақ сынғыштығы анықталады. Тілі ақ жабындымен жабылған.

  • Жалпы қан анализі (анемия анықталады)

  • Копрограмма

  • ФГДС

  • Эндоскопиялық биопсия

  • Биоптатты морфологиялық зерттеу

  • Тыныстық тест

  • ПЦР-хеликобактерияны диагностикалау

  • ИФА

  • pH-метрия

  • дуоденальді зондтау

  • антродуоденальды манометрия

  • электрогастрография

  • асқазан және іш қуысы мүшелерін УДЗ

  • асқазан рентгенографиясы.

Болжамы. Гастродуоденитпен ауыратын балалар гастроэнтерологта диспансерлік бақылауда болады. Балаларға жыл сайын ФГДС және іш қуысы мүшелерін УДЗ жүргізеді. Созылмалы гастродуоденит балаларда жиі рецидив береді және оларды емдеу қиын.

193. Асқазан ауруының патогенезі, клиникалық көрінісі, асқынулары.

Асқазан аурулары — өңеш пен 12 елі ішек аралығына орналасқан ас қорыту органының қалыпты қызметінің бұзылуы. Асқазан ауруларының ішінде: асқазанның қабынуы, асқазан жарасы, асқазан рагы жиі кездеседі. Асқазан қабынуының жедел және созылмалы түрі белгілі.

Асқазан және он екі елі ішек жарасының патогенезі: Қышқыл-пептикалық фактор, моторика мен қышқыл түзудің бұзылуы, шырышты қабат регенерациясы мен морфологиялық қайта құрылу жатады. Жара ауруында стресс факторы маңызды орын алады. Гастродуоденальді зонаға стрессор әсері 2 жолмен өтеді:

  • Нервті жол: бас ми қыртысы- аралық ми-кезбе нерв орталығы-кезбе нерв-гастродуоденальді зона.

  • Гормональді жол: ми қыртысы-гипоталамус-гипофиз-бүйрек үсті без қыртысы-глюкокортикоидтар-гастродуаденальді зона.

Жара дефектісі асқазан мен 12 елі ішекте агрессия және шырыш қабат қорғанысының динамикалық тепе-теңдігі бұзылғанда дамиды. Негізгі агрессия факторы тұз қышқылы мен пепсин. Тұз қышқылы тіндерге зақымдаушы әсер етеді, пепсин некрозға ұшыраған тіндерді қорытады. Шырышты қабаттың резисттентілігін қамтамасыз етуде муциннің маңызы зор,ол жапқыш эпителий клеткаларын шығарады. Буферлікжүйегебайланыстымуцинқышқылдарменнегіздердінейтрализдейді.

Клиникасы:

  • Ауырсыну. Эпигастрий аймағында «қанжар сұққан тәрізді » ауырсыну.

  • Құсу. Қан араласқан болуы мүмкін

  • Қыжылдау мен кекіру

  • Асқа тәбетінің төмендеуі

Гастриттің патогенезі: асқазанның кілегей қабатына бактерия токсині, олардың ыдырау өнімі, адекватты емес тағамдар әсер етіп, оның трофикасын бұзады. Бұл асқазанның сөліністік қызметінің бұзылыстарына әкеледі.

Клиникалық көрінісі:

  • Асқазан аймағында ауырсыну

  • Асқазанда ауырлық сезімі

  • Кекіру

  • Бала тағамнан бастартады

  • Жүрек айну, құсу

  • Астың қорытылуының бұзылысы

Асқынулары:

  • Пенетрация

  • Перфорация

  • Қан кету

  • перивисцерит