Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
гастроэнтерология.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
119.26 Кб
Скачать

189. Созылмалы гастриттің жіктелуі, патогенезі, клиникасы.

Созылмалы гастрит – асқазанның кілегей қабатының созылмалы, рецидивті, үдеуге бейім қабынулы-дистрофиялық зақымдалуы.

Патогенезі.Тұқымқуалаушылыққа бейімділік және жоғарыда көрсетілген ұзақ әсер ететін зақымдаушы факторлар фонында СГ қалыптасуының, соған сәйкес үш түрге бөлінетін, үш механизмі болуы мүмкін: 1. эндогенді-аутоиммунды механизм асқазан жасушаларына антидене пайда болуына байланысты дамиды (гастрит А). Бұл гастрит СГ құрамында 1-3% ғана құрайды.

2. экзогенді-инфекциялық, оған Helicobacter pilori-мен ассоцияланған гастрит (гастрит В) сәйкес келеді. Ол СГ құрамында 85% құрайды.

3. экзо-эндогенді асқазанның дәрілермен немесе айқын дуоденогастральды рефлюкспен қозуына байланысты гастрит (гастрит С), СГ-ның 10-12% құрайды.

Клиникалық көрінісі қабыну процессінің орналасуы мен жайылу деңгейіне байланысты. Тән болып келеді:

- өршу кезеңі бірнеше күннен 2-3 аптаға дейін созылады;

- өршу кезеңінде стереотипті клиникалық көріністері болады;

- белгілері тағам қабылдаумен және тағам сипатына байланысты;

- өршу сипаты жыл мезгіліне (көктем-күз) байланысты;

Антральды гастритте және антродуоденитте аурудың ағымы жара тәріздес болады. Негізгі белгісі – іштің ауруы:

- ашқарынға немесе тамақ ішкеннен кейін 1,5-2 сағат өткен соң, кейде түнде байқалады;

- тамақ ішкеннен кейін азаяды;

- көбіне қыжылдаумен, кейде ащы кекірумен, сиректеу жеңілдететін құсу байқалады;

- пальпациялағанда эпигастрия, пилородуоденальды аймақтарда ауырсыну;

- іш қатуға бейімділік;

- тәбеті, әдетте жақсы;

- асқазанның сөліністік функциясы қалыпты немесе жоғары;

- эндоскопияда – асқазанның антральды бөлімінің және он екі сақиналы ішектіңбуылтығының қабынулы-дистрофиялық өзгерісі (антродуоденит);

- Helicobacter pуlori-мен ассоциялану тән.

Фундальды гастритте ауырсыну:

- тағамнан, әсіресе көп мөлшерде қабылдаған, қуырылған және майлы тағамнан кейін пайда болады;

- эпигастрияда және кіндік аймағында орналасады;

- іші сыздап аурады;

- өздігінен 1-1,5 сағаттан кейін басылады;

- іш ауырғанда эпигастриялық аймаққа салмақ түсу, толып кету сезімі, ауамен кекіру, жүрек айнуы, сиректеу жағдайын жеңілдететін құсу бірге байқалады;

- нәжісінің тұрақсыздығы;

- тәбеті төмендеген және таңдамалы;

- пальпациялағанда эпигастрия аймағында және кіндік маңында жайылған ауырсыну;

- асқазанның сөліністік қабілеті сақталған немесе төмендеген;

- эндоскопияда асқазанның денесі және фундальды бөлігі зақымдалған, гистологиялық зерттеуде асқазан кілегей қабатында атрофиялық өзгерістер анықталады.

190. Антральды гастрит пен жайылмалы гастриттің айырмашылығы, ажырату диагнозы.

Антральды гастрит немесе Гастрит В-бұл асқазанның антральды бөлігінің шырышты қабатының созылмалы ошақты қабынуы.Егер дер кезінде емделмесе катаральды процеске өтіп кетеді.Сонымен бірге жара ,эрозиялар пайда болып, безді тіндердің қызметінің төмендеуімен сипатталады.

Асқазан 3 бөліктен тұрады: жоғары,ортаңғы ,төменгі. Төменгі бөлігі антральды бөлігі немесе пилорикалық бөлігі болып табылады.Антральды бөлігі беткейлі безді тіндер мен жабылған және ол жерден бикорбанаттар мен шырыш өндіріледі. Олар шырышты қабатты тұз қышқылынан қорғайды. Инфекция немесе Hp әсерінен асқазанның шырышты қабатында бикорбанаттар көптеп өндіріліп, асқазанның қышқылдылығы жоғарылайды.

Ал жайылмалы гастритте -қабыну тек қана сыртқы ,үстіңгі шырышты қабаты ( поверхность) қабынады. Бастапқыда қабыну асқазанның жоғары бөлігінен басталады, содан соң безді структураның қызметін бұзады, осылайша барлық асқазанның шырышты беткейі қабынады.

Клиникалық белгілері антральды гастритпен бірдей болады:

  • қыжыл, сілтілі кекіру- қышқылдылықтың жоғарылауының белгісі;

  • Іш қату кейде іш өтуге ауысады – қорытылудың бұзылысы белгісі:

  • Эпигастральды аймақтың ауырсынуы :т амақтанғаннан 1-1.5 сағаттан кейін пайда болады

  • Лоқсу , құсу ,асқазанда ауырлық сезімі;

Этиологиясы:

  • Алиментарлық факторлар:тамақтану режимінің бұзылуы,ұзақ уақыт құрғақ,ыстық,өткір ,ащы тағамдарды қабылдау;

  • Ұзақ уақыт дәрілік препараттар қабылдау және олардың кері әсерлері:глюкокортикоидтар, антибиотиктер;

  • Helicobacteri Pylori инфекциясы;