Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
гастроэнтерология.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
119.26 Кб
Скачать

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Медицина факультеті

Педиатрия кафедрасы

«БЕКІТЕМІН»

Кафедра меңгерушісі

М.ғ.к., аға оқытушы

________Г.Т.Асилбекова

_________________2017ж

«Балалар гастроэнтерологиясы»

Пәнінен жазбаша емтихан сұрақтарына жауап эталондары

Түркістан 2017

20 Баллдық емтихан сұрағы (есте сақтайды)

160 сұрақ: Балалардағы құсу, анықтама беріңіз, себептері, лоқсудан айырмашылығы. Қандай құсулар болады.

Балалардағы құсу – асқазандағы тағам қалдықтарының адам еркінен тыс сыртқа ағып шығуы. Құсу кезінде диафрагма төмен түседі, ал дауыс саңылауы жабылады. Асқазанның төменгі бөлігінде спазм болуына байланысты, жоғарғы бөлігінің бұлшықеттерінің босаңсуы болады. Диафрагма мен іштің бұлшықеттері бірден жиырылып, асқазандағы толық қорытылмаған тағам қалдықтары өңештен жоғары көтерілуіне алып келеді. Осы кезде балада: трахеяның тырналуынан тамақта ауырсыну, ауызға қышқыл дәмнің келуі, аузынан жағымсыз иістер шығады. Бұл белгілер әртүрлі себептерден келіп дамуы мүмкін. Сондықтан құсу балаларда әртүрлі жастағы балаларда дамуы мүмкін.

Негізгі себептері:

Емшек жасындағы балалардаасқазанның толық қалыптаспауына байланысты.Орта жастағы балаларда әртүрлі ішкі аурулар мен сыртқы факторларға байланысты.

  • Тамақтануы:

Сапасыз тағам қолдану;

Көп тамақ жеу;

Күштеп тамақтандыру;

Көп мөлшердегі майлы тағамдарды беру;

Дәрілік препарттармен улану;

Тағамнан жиіркену;

  • Аурулар есебінен:

АІЖ аурулары (дизентерия, өткір іш синдромы, пилоростеноз, пилороспазм, ахалазия, дивертикул, гастрит,дисбактериоз)

Бас ми патологиясы (жиі бас айналуы,бас сақинасы(мигрень), бас ми жарақаты, ми шайқалуы, артқы ми ойығы синдромы)

Басқа мүшелер аурулары(жоғарғы қызба,инфекция, жедел аппендицит, аллергия, неврологиялық патологоиялар, зат алмасу бұзылысы, сарғаюсыз гепатит, бауыр жетіспеушілігі, қант диабеті)

  • Сыртқы факторлар: қорқу, стресстер, күн сәулесінің тікелей соғуы, бөлмедегі төмендегі ылғалдылық, ысыту.

Құсудың түрлері: ілеспелі ауруына және құсудың сипатына,көлеміне байланысты түрлерін ажыратамыз:

  • Циклдық кетондық(циклическая кетаногенная)

  • Гепатогенді

  • Бүйректік

  • Диабеттік

  • Кардиалды

  • Абдоминалды

  • Психогенді

  • Қан айналымдық(кровавая)

  • Церебральды

Балаларда жиі ацетонды түрі анықталады. Бұл кезде қан сарысуында кетон денелерінің мөлшері жоғарылайды.

Құсу мен лоқсудың айырмашылығы.

Лоқсу – бұл сүт/қоспа немесе өт қышқылымен арласқан қалдықтардың аздаған бөлігінің немесе өте аз мөлшерде өзгермеген күйінде шығуымен жүретін физиологиялық процесс. Қалыпты жағдайда тағам мөлшері бір шай қасықтан аспауы тиіс. Лоқсу бұл емшек жасындағы балаларда абсолютты қалыпты процесс. Лоқсу 6айлық балаларда біртіндеп азая бастайды, 8 немесе одан жоғары айларында толығымен жойылып кетеді. Бала тамақтанғаннан кейін бірден немесе 30 мин өткеннен кейін лоқсиды. Лоқсу кезінде бала тыныш (спокойный) күйде болады.

Құсу – асқазаннан толық қорытылған немесе қорытылмаған тағамның асқазан қышқылымен және өтпен(жиі) араласқан, аздаған мөлшерінің шығуымен көрінетін физиологиялық процесс. Құсу балаларда тағам қабылдау уақытына байланыссыз, кез келген уақытта пайда болуы мүмкін. Ол қысқа уақыт аралығында бірнеше рет қайталануы мүмкін. Лоқсудан айырмашылығы құсу кезінде бала мазасыз күйде болады, бозарады, жылайды, ауырсыну мен жүрек айнуға шағымданады.