Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Инфекция педиатрия.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
142.11 Кб
Скачать

8. Қарапайым герпес. Эпидемиологиясы. Патогенезі

Қарапайым герпес -- ұзақ латентті ағыммен және сериодикалық рецидивтермен сипатталатын ауру,науқаста визикулярлы бөрту ошақтары болады. Эпидемиологиясы. Әсіресе бұл ауру балалар арасында көп кезеседі, балаға өмірінің алғашқы 3 жылында бұл ауру жұғуы мүмкін. Өмірінің алғашқы айларында нәресте бұл аурумен көп ауырмайды, себебі трансплацентарлы жолыменен шешесінен алынған анти денелерге байланысты, ал егерде шешесінде иммунитет жоқ болса, онда бала өте ауыр, жайылған түрімен ауырады.Ауру көзі — ауру адам және тасымалдаушылар.Жұғу жолдары - қарым-қатынас, жыныстық қатынас және ауа тамшылы жолы. Туа пайда болған герпес инфекциясы туыт жолдарымен өтіп жатқан кезде жұғуы мүмкін. Патогенезі. Герпеспен ауру адам организмдегі патогенетикалық өзгерістер сипаты вирус-геномының адам клеткасының геномына интеграциялану мүмкіндігіне байланысты, атап айтқанда паравертебральды сезімтал ганглияларға және иммуноциттерге (лейкоцит, лимфоцит, макрофаггар) троптылығына байланысты. Осының барлығы жай герпес вирусының адам организмінде өмір бойы кездесуіне жағдай тудырады. Герпестік инфекцияны иммундық жұйенің жұқпалы ауруы ретінде қарайды, яғни иммунодефицит тудырады.Вирустың белгілі бір жағдайларда белсенділігі артады (салқын тигенде, күн еткенде, қатты шаршағанда), осы факторлар простогландиндер мен кортикостероидты гормондардың түзілуін арттырады. Вирустың клетка ішілік колонияларьшың ыдырауына әкеледі сосын вирустың бос ДНК-сы шығады.

9.Герпесті инфекцияларды алдын алу шаралары және болжамы

Қарапайым герпес Болжамы қолайлы. Алдын алу шаралары: Балларға жалпы гигиена сақтауды дұрыс үйрету және білімін арттыру. Рецидив кезінде асқыну жолдарын болдырмау. Экзема,нейродерматитпен ауыратын науқастар герпеспен ауыратын адамдармен қатынастан алашақ болуы қажет. Орама герпес.Болжамы қолайлы. Ауру толық сауығумен аяқталады. Спецификалық алдын алу шаралары жоқ.

10.Желшешектің анықтамасы. Эпидемиологиясы. Патогенезі Желшешек -контагиозды индексі өте жоғары, 10 жасқа дейінгі балаларда жиі кездесетін, теріде және шырышты қабаттарда ұсақ көпіршіктердің пайда болуымен аздап жалпы улану белгілерінің болуымен сипатталатын жедел жұқпалы ауру. Желшешекпен ауырып кеткеннен кейін тұрақты иммунитет қалыптасады. Эпидемиологиясы: Аурудың көзі болып ауру адам саналады. Ауру ауа-тамшылы жолмен беріледі және трансплацентарлы, бұл инфекция "ұшқыш инфекция" деп саналады, тез кең тарайды. Ауру әсіресе инкубациялық кезеңнің соңында 1 күн және бөртпе шығу кезеңінде адамға өте жұқпалы. Соңғы бөртпе шыққаннан соң 5 күннен кейін жұқпалы емес. Әсіресе аурудың рудиментарлы түрімен ауырған балалар айналасындағыларға өте кауіпті, бұл түрі өз уақытында анықталмайды, сондықтан ауру дер кезінде жекелембсйді, кейде мектепке, бақшаға барып жүреді. Ауру кейде орама герпесиси аурудан да жұғуы мүмкін. Бала желшешек вирусын өте тез қабылдағыш келеді. 6 айға дейінгі балалар желшешекпен өте сирек аурады, себсбі оларда шешесінен алған пассивті иммунитет болады. Жүктілік ксзініц соңғы 5 күнінде шешесі желшешекпен ауырса, онда ол ауыр түрде өтеді. Патогенезі - аурудың (вирустың кіру есігі-ол жоғарғы тыныс жолдарының шырышты қабаттары). Инкубациялық кезеңнің соңында вирус қанға өтіп, тері мен шырышты қабаттардың эпителиалды клеткаларына отырады. Тері эпителиінде қабыну пайда болады: тікенек тәрізді қабаттын дискомплексациясы және вакуолизациясы болады, клетканың гиперплазиясы және көп ядролы клеткалы синцитиалар түзіледі. Эпидермис клеткаларының некрозы және тін аралық сұйықтықтың жиналу нәтижесінде дерма ішілік көпіршіктер пайда болады, бастапқы кезінде көп камералы сосын бір камералы болады. Шырышты қабатгардың эпителиі түлеп түсіп, мацерацияға ұшырап эрозиялар пайда болады. Көпіршіктер кері дамығанда - сұйықтық сіңірлерді және құрғақ қабық пайда болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]