- •Балалар жұқпалы аурулары туралы түсінік. Жұқпалы аурулардың таралу жолдары. Алдын алу шаралары.
- •Парагрипп. Анықтамасы. Этиологиясы. Эпидемиологиясы.
- •Риновирусты инфекция. Анықтамасы. Этиологиясы. Эпидемиологиясы.
- •Аденовирусты инфекция. Анықтамасы. Этиологиясы. Эпидемиологиясы.
- •8. Қарапайым герпес. Эпидемиологиясы. Патогенезі
- •9.Герпесті инфекцияларды алдын алу шаралары және болжамы
- •11. Вирусты жұқпалы мононуклеоз (Эпштейн-Барр) ауруы. Анықтамасы. Эпидемиологиясы. Патогенезі
- •12.Цитомегаловирусты инфекция. Эпидемиологиясы. Патогенезі
- •13. Аитв инфекция. Эпидемиологиясы. Патогенезі.
- •14. Баспа. Анықтамасы. Жіктемесі. Біріншілік баспаны этиологиясы. Эпидемиологоиясы.
- •16. Спецификалық баспалар. Саңырауқұлақты баспа. Жаралы-үлбірлі баспа( Симановский баспасы). Этиологиясы. Алдын алу.
- •17. Күл. Анықтамасы. Этиологиясы. Эпидемиологиясы.
- •19. Қызылша (корь). Анықтамасы. Этиологиясы. Эпидемиологиясы.
- •20. Қызамық (краснуха). Анықтамасы. Этиологиясы. Эпидемиологиясы.
- •22. Көкжөтел (коклюш). Көкжөтелше (паракоклюш). Анықтамасы. Этиологиясы. Эпидемиологиясы.
- •23. Жедел вирусты а гепатиті. Анықтамасы. Этиологиясы. Эпидемиологиясы.
- •24.Жедел вирусты в гепатиті. Анықтамасы. Этиологиясы. Эпидемиологиясы.
- •26. Секреторлы диарея. Холера. Этиология. Эпидемиология.
- •27.Инвазиялық диарея. Дизентерия. Анықтама. Этиология. Эпидемиология.
- •28.Инвазиялық диарея. Сальмонеллез. Анықтама. Этиология. Эпидемиология.
- •29. Полиомиелит. Анықтамасы. Этиология. Эпидемиология.
- •30. Менингококкты инфекция.Анықтамасы. Этиологиясы. Эпидемиологиясы.
- •Біріншілік ангиналар. Жіктелуі.Клиникасы.Диагностикасы.
- •Жұтқыншақ дифтериясы. Клиникасы. Диагностикасы. Алдын алу шаралары.
- •3.Күл (дифтерия). Патогенезі. Ажырату диагнозы. Асқынуы.
- •4.Жәншау (скарлатина). Патогенезі. Ажырату диагнозы. Асқынуы.
- •5.Жәншау (скарлатина). Клиникасы. Диагностикасы. Алдын алу шаралары.
- •6.Қызылша (корь). Патогенезі. Ажырату диагнозы. Асқынуы.
- •7.Қызылша (корь). Жіктелуі. Клиникасы. Диагностиксы. Алдын алу шаралары.
- •8. Туа бітті қызамық (краснуха). Клиникасы. Болжамы.Асқынуы.
- •10. Қызамық (краснуха). Патогенезі. Жіктелуі. Ажырату диагностикасы. Асқынуы.
- •13. Көкжөтел. Клиникасы. Диагностикасы. Алдын алу. Асқынуы.
- •14. Грипп. Клиникасы. Ажырату диагностикасы. Асқынуы.
- •15. Парагрипп. Клиникасы. Ажырату диагностикасы. Асқынуы.
- •16. Респираторлы-синцитиальді инфекция. Клиникасы. Ажырату диагностикасы. Асқынуы.
- •17. Риновирусты инфекция. Клиникасы. Ажырату диагностикасы. Асқынуы.
- •18. Қарапайым герпес. Клиникасы. Диагностикасы.
- •19.Желшешек. Клиникасы. Жіктелуі. Алдын алу шаралары.
- •20. Цитомегаловирусты инфекция. Клиникасы. Диагностикасы. Алдын алу шаралары.
- •21. Туа бітті цитомегаловирусты инфекция. Клиникасы. Диагностикасы. Алдын алу шаралары.
- •22. Жүре пайда болған цитомегаловирусты инфекция. Клиникасы. Алдын алу шаралары.
- •23. Вирусты жұқпалы мононуклеоз. Клиникасы. Диагностикасы. Алдын алу шаралары.
- •24. Жедел вирусты а гепатиті. Жіктелуі. Алдын алу шаралары. Диагностикасы.
- •25. Жедел вирусты в гепатиті. Клиникасы. Жіктелуі. Диагностикасы . Алдын алу шаралары. Болжамы.
- •26.Аитв. Жіктелуі. Клиникасы. Диагностикасы. Алдын алуы. Болжамы.
- •27.Полиомиелит. Клиникасы. Диагностикасы. Алдын алу шаралары. Болжамы.
- •28.Дизентерия (шигеллез). Клиникасы. Диагностикасы. Алдын алу шаралары. Асқынуы.
- •29.Тырысқақ (холера). Клиникасы. Диагностикасы. Асқынуы. Алдын алу шаралары.
- •1.Алғашқы диагнозын қойыңыз.
- •1.Қызылша.
29.Тырысқақ (холера). Клиникасы. Диагностикасы. Асқынуы. Алдын алу шаралары.
Тырысқақ ерекше өзіндік гастроэнтеритпен немесе энтеритпен, жалпы интоксикациямен, су-түз алмасуының бұзылыстарымен организмнің сусызданып, жүрек қан-тамырлар қызметінің қарқынды төмендеуімен сипатталатын жедел жұқпалы ауру.
Клиникасы. Тырысқақтың инкубациялық кезеңін 1-2-5 күн құрайды. Тырысқақ вибрионымен залалданғанда әр түрлі клиникалық керініс болады — сау вибриотасымалдаушыдан алгидке дейін. Тырысқақ кенеттән профузды іш өтуден басталады. Сирек кездерде әлсіреуден, тәбетінің төмендеуінен, бас айналудан, іштің құрылдауынан басталады. Тырысқаққа нәжістің жағымсыз иісі болмайды, ол бетінде үлпегі жүзіп жүрген сулы сұйықтық — "күріш қай-натпасына" ұқсайды. Сирек нәжістің түсі не сары, не қоңыр, не қызылда болады.
Алдымен дәрсті жиі емес нәжістік сипаты мен иісі сақталған, ал кейін ботқа тәріздес, соңында су сияқты болады. Осы уақыттан бастап нәжісі үздіксіз және еріксіз жүреді іш өтуінде ауру сезімі мен тенезмалар болмайды немесе болса да өте айқын емесе. Соңыра іш өтуге құсық қосылады, құсу жүрегі айнуынсыз болады. Алдымен құсықта тамақ қалдықтары болады, кейін ол өт қосындысы бар сулы сүйыкқа айналады.
Зәр бөлу күрт төмендейді. Олигоурия анурияға өтеді.
Дене салмағының 8-10% құрайтын сұйық жоғалғанда және натрий хлоридімен, калий жоғала беретін болса, Науқаста алгид дамиды. Ол артериалды қысымның төмендеп жоғалуымен, әлсіз жиіленген тамыр соғуымен, күшті ентігуімен терісінің цианозымен, аяқ-қолдың топикалық құрысуымен, шайHAV бұлшық еттерінің құрысуымен олиго-ануриямен сипатталады. Бет сызықгары үшкірленген, көзі мен ұрты түсіп кеткен, тілі құрғақ, ауыз шырышты қабаты құрғаған дауысы қырылдаған не болмаса афония. Дене температурасы төмен. Терісі салқын тургәр төмендеген, тері қатпарлары жазьшмайды. Қол бас және табан саусақгары әжімделген, кір жуушы қолы секілді.
Қышқылды - сілтілі орта — ҚСО (КЩС) бұзылған, метаболикалық ацидозбен гипокапниямен және тыныстық алкалозбен сипатталады.
Қанда — гипокапния, гипонатриемия, гипохлоремия.
Лабораториялық дигностиканың бактериологиялық әдісі шешуші маңызға ие. Серологиялық зерттсу Әдістері аглютинация реакциясы вибриоцидті анти денелерді табу реакциясы (ИФА) люминисценті — серологиялық әдіс және фагтың адсорбциялық реакциясы (ФАР) - диагностикалық қосымша әдістеріне жатады. Соңғы жылдары ПЦР әдісі қосылды.
30.Менингококкты инфекция. Клиникасы. Диагностикасы. Алдын алу шаралары. Болжамы.
Клиникалық көріністері: Жедел назофарингит ең жиі кездесетін түрі. Диагноз эпидемиологиялық, клиникалық, бактериологиялық мәліметтерге қарап қойылады. 3-8 күннен кейін ауру не жазылады немесе аурудың жайылған түріне өтеді. Диагноз қою қиын. Жайылған түрінде продромальды кезеңі-2-3 күн.
Жайылған түрі: Менингоккцемия - 15,5%. Дене қызуы 2-3 күннен 8-10 күнге дейін созылады. Аурудың басынан 6-24 сағат өткенде денесіне бөртпе шығады кейде 2-3 тәуліктән кейін бөртпе некроздармен болады. Осы ауруға тән осындай бөртпеден басқа соңғы жылдары полиморфты бөртпе де шығуы мүмкін деп санайды — мысалы үшін — дақты, розеолезді, папулезді, скарлатинадағыдай, герпестегідей, негізінен геморрагиялық, жұлдыз тәрізді бөртпе, балтырында, санында, жамбасында, қабаттарында көп орналасады. Жалпы қан анализінде — лейкоцитоз, солға қарай жылжыған, СОЭ өте жоғары. Ауыр түрлерінде коагулограммада күрт өзгерістер болады. Емі ерте басталса-ауру сауығып кетеді.
Менингит 33%. Жедел басталады, шешесі ауруының басталған уақытына дейін айтуы мүмкін. Ем кеш басталса, жарты шаралардан қабыну мидың негізіне өтеді, бұл кезде бас ми нервтері кабынады — көру, есту, көз қимыддататын нерв, бет нервтері. 25% балаларда пирамидті белгілер болады — анизәрефлексия, Бабинский синдромы, тремәр, клонусоид. Ликвәрда — плеоцитоз, нейтрофилді белок жоғары. Нәтижесі — дер кезінде ем басталса 7-10 күндері ликвәрдағы өзгеріс қалпына келеді.
Аралас түрлері ≈ 48,7%.
Менингоэнцефалит ≈ 2,8%. "Жедел басталады, дене қызуы жоғары, айқын білінетін жалпы улану белгілері, қатты бас ауру, есі бұзылады, аурудың алғашқы күндерінен — ақ бас ми нервтерінің зақымдалу белгілері болады" - салданулар мен парездер. Болжамы, нәтижесі — нашар, өлім дәрежесі бұл түрінде өте жоғары. Қалдықты көріністер қалуы мүмкін — гидроцефалия, салданулар, ақыл есінің дамуы артта қалуы мүмкін. Аурудың орташа ұзақтығы — 4-7 апта.
Әсіресе ауыр түрлері — менингококкцемияның тез дамитын түрі найзағай тәрізді - өте тез басталады, дене қызуы — 40-41°С, қалтырап дірілдейді, гиперестезия, тремәр, кұрысулар, сандырақтау, есінен тануы мүмкін. Өте тез бөртпе шығып, тез арада көбейеді, нейкроздар, тахикардия, АҚҚ төмендейді, ентікпе, анурия, ДВС синдром, ИТШ дамиды.
ИТШ I дәрежелі-дене қызуы — 39-40°С, қалтырау, гиперестезия, еріндері көгереді, тері қабаттары бозарады, тахикардия, аздап АҚҚ жоғарылайды, аздап ентігу, диурез қалыпты немесе аздап азайған. Бөртпе өзінің кездесетін жерлерінде ғана орналасқан кеудесінде, бетінде.
ИТШ ІІ-ші дәрежелі-дене қызуы төмендейді субфебрильді немесе қалыпты. Бала әлсіз, есенгіреген, есінен танған, акроцианоз, аяқ қолдары салқын, тахикардия, АҚҚ 20-30 мм түскен төмен, жүрек үндері бәсендеген, тынысы бсткейлі, олигоурия, бөртпе шырышты қабаттарда да кездеседі.
ИТШ III дәрежелі-гипөтермия, тотальды цианоз, өліктің дақ-тары шығады, тахикардия өте айқын, аритмия, АҚҚ-40 /0-20/, пульс жоқ, анурия, тыныс-патологиялық, есінен танған-комада. ДВС-қан кетулер болады.
Лабораториялық диагностика — бактериологиялық, серологиялық - қос сары су әдісін қолданады (РПГА, РСК, ИФА). Әйнекте қанның жуан тамшысы: диплококктар табылады.
Алдын - алу шаралары.
Науқасты немесе бак.тасымалдаушыны ерте изоляциялағанның үлкен маңызы бар.
Аурудың әр жағдайында СЭС-ға шұғыл хабар беріледі. Науқас табылған коллектинтсрде 10 күнге карантин салынады. Осы уақыт ішінде жаңадан немесе уақытша болмаған балаларды қабылдауға, балалар және қызметкерлерді басқа топтарға ауыстырута тиым салынады.
10 күн бойы мұрын - жұтқыншақгы, теріні қарау, температураны күнделікті өлшеу арқылы клиникалық бақылау жүргізіледі. Бак. зерттеу 3-7 күнде 2 рет жүргізіледі. Табылған тасымалдаушылар жекеленіп, емделеді, одан кейін 3 күннен соң қайтадан 1 рет бактериологиялық зерттеледі.
Қатынаста болғандар коллективке бірінші теріс нәтижелі бак. анализден соң жіберіледі.
Жайылмалы түрімен ауырған Науқастардың стационардан шығуы толық клиникалық сауығуға байланысты, бак. анализ алынбайды.
Менингококкты инфекцияның реконвалесценттері мектепке дейінгі балалар мекемесіне, мектепке, мектеп - интернатқа, санаторийлерге, оқу орындарына, ауруханадан шыққаннан 5 күн өткеннен кейінгі тапсырған бак. анализдің теріс нәтижесі болғанда ғана рұқсат етіледі.
Белсенді иммунизация үшін менингококкты вакциналар қолданады. Ресейлік А — вакцина және және кубалық В — вакцина. Олардың антигендік құрамының шектеулілігі — жетіспеушілікке жатады.
3 – денгей
Есеп №1
Нәресте 4 жаста бала-бақшасына барады. Бала-бақшасында 3 ай бойы вирусты гепатит болған. Қарағанда баланың жағдайы орташа ауырлықта, терісі таза сары түсті, перифериялық лимфа түйіндері ұлғаймаған, жұмсақ таңдайдың кілегей қабаты ихтериялық, тыныс алу және жүрек тамыр жүйесінде өзгерістер жоқ. Іші жұмсақ ауырсыну байқалмайды, бауыры қабырға доғасынан 2 см. шығыңқы. Көк бауыры ұлғаймаған. Дәреттері мезгілімен, кіші дәреті сыра түсті, нәжісі ағарған.
Сұрақ
Алғашқы диагноз қойыңыз?
Қандай зерттеу әдістерін жүргізу керек?
Емдеу жоспарын құрыңыз?
Жауабы:
Вирусты гепатит А сарғаю формасы
Қанның биохимиялық анализі
Жалпы билирубин
Тікелей билирубин
Тимолды және сулема сынамасы АВС антигенге протронбинды индикске анти а-НАV – IgМ.
Стол №5
Төсектік режим. Көп су ішкізу (шай, шырын). Аскорбин қышқылы 0,2х3 рет. Холоссас 1 ас қасық х 3 рет
Ситуация №2
Нәресте 2айлық,ауруханаға анасының мына шағымдарымен түскен:дене қызуы көтерілген мазасызданған,әлсізденген, тәбеті төмендеген,лоқсыған,терісі сарғыш болған,несиебі қызарған 2ші күні нәжісінің түсі өзгерген.
Аn.vitae :дер кезінде туылған,салмағы 3600г., дер кезінде жылаған, емшекке 1ші күні берген, 10 күндігінде пневмониямен ауырған, 3апта емделген, плазма және қан құйылған. Ауру адаммен контакта болмаған. Ауруханаға 4ші күні жатқызылған. Қарағанда: Жағдайы өте ауыр, Т-39,6,есін білмейді, бетінің бұлшық еттері дірілдійді, құсығы қан араласқан, терісі сарғыш, тері - асты майлары нашар дамыған, тургоры төмен, ине еңгізген жері қанайды, көзі сары. Бауыры түскен кезде 4,5 см үлкейген, 12 сағаттан соң 2,5 см кішірейген, қамыр тәрізді, көк бауыры 1,5 см үлкейген. Биохимиялық анализінде: жалпы билирубин –197,6 ммоль\лАСТ –2,7, протромбинды индекс-37,4% .
Сұрақ
1. Клиникалық диагнозын койыңыз.
2. Емін тағайындаңыз.
Жауап
1.Вирусты гепатит В.Типті,ауыр түрі.
2.Дезинтоксикациялық терапия.Гормондар(преднизолон 10мг\кг),протеолитикалық ферменттер.Атибиотиктер.Криоплазма.Калий препараттары.
.
Ситуация №3
Марат есімді нәресте 6 айлық, ауырғанына 5 күн болған. Жалпы әлсіздік, тәбетінің төмендеуі байқалған. Ауруханаға түсер алдында жалпы жағдайы нашарланған әлсіздік, құсқан, несебі қарайған, склераның сарылығы байқалған. 3 ай бұрын емханада пневмония диагнозымен емделген 2 рет қан қабылдаған, аурумен қарым-қатынаста болмаған. Түскен кездегі жағдайы өте ауыр, әлсіздік, құсу, терісі және склерасы сары, бауыры 2 см көк бауыр 1 см-ге үлкейген. Интоксикация симптомдары және сарылық белгісі жоғарланған. Б/х анализінде жалпы билирубин 78,2 ммоль\л, тікелей билирубин 68,2 ммоль, тікелей емес билирубин 10 ммоль, АЛТ-25, тимол сынамасы 10 ЕД.
Сұрақтар
Клиникалық диагнозды қойыңыз?
Қандай зерттеу жүргізіледі?
Емнің жоспары
Жауабы:
Вирусты гепатит В типті.
вирусты гепатиттің және басқа маркерлерін анықтайды.
Стол №5
Дезинтоксикациялық терапия. Аскарбин қышқылы 5%, преднизалон 5 мг\кг. Калий препараты ішке, Эссенсиале 1 мл х в/і + 50 мг 5 % глюкоза ерітіндісін там\п.
Ситуация № 4
У ребенка 9 лет на 8 день от начала заболевания краснухой внезапно повысилась Т до 39, повторная рвота, головная боль, возбуждение. Вскоре ребенок потерял сознание , появились кратковременные судороги. При осмотре масса 29 кг, Т – 39,4, пульс – 106 в 1 мин, Д – 30 в 1мин. Ребенок без сознания, выявлена очаговая симптоматика в виде левостороннего гемипареза, ассиметрии носогубной зкладки слева. Кожа суховата,без элементов сыпи. Дыхание затруднено, в легких жесткое дыхание. Тоны сердца чистые, учещены, живот мягкий, безболезненный. Печень и селезенка не увеличены. Анализ крови. Л – 7,8 * 10*9\л, э – 1%, п – 45% , Л – 49%, М- 5 % , СОЭ – 12мм\час.
Вопросы.
Оформулируйте предварительный диагноз.
Какие допалнительные исследования необходимо назначить больному?
Лечение.
Ответы
Энцефалит краснушной этиологии.
Вирусологическое, серологические исследования. РТГА в парных сыворотках с интервалом в 10 дней. Спиномозговая пункция, рентгенотерапия черепа.
Дезинтоксикационная терапия. Глюкокортикоиды. Диуретики. Витамины С,В.
Ситуация № 5
Ребенок 1,5 лет переносить тяжелую форму коклюша. При очередном приступе кашля он потерял сознание, начались судороги.
О каком осложнение нужно думать?
2.Тактика врача ?
Назначьте лечение.
Ответы.
1.Энцефалопатия. Судорожный синдром.
2.Выложить в больницу.
3.Антибиотикотерапия. Дегидротация. Антисудорожные препараты.
Есеп №6
Науқас Байжанов Марат 3 жаста жедел ауырып қайталама құсулармен, ішінің ауырсынуына, тәбеті төмендеп, басы ауыруына шағымданып қалалық ауруханаға түсті. Жағдайы ауыр ауырлықта. Тәулігіне 10-12 рет үлкен дәретке барады нәжіс сұйық кілегей аралас. Түскен кезде дене температурасы жоғары, жүрек тондары аздап тұйықталған. Сигма тәрізді ішектің спазмы пайда болып, пальпацияда ауырсынады. Нәжіс кілегей аздап қан араласқан.
Жіктемесіне байланысты диагноз қойыңыз?
Қандай қосымша зерттеулер жүргізіледі?
Диагнозды негіздеңіз?
Жауабы:
Жедел дизентерия, ауыр формасы.
Бак пасев, РПГА
Тәулігіне 10-12 рет үлкен дәретке барады нәжіс сұйық кілегей аралас. Түскен кезде дене температурасы жоғары, жүрек тондары аздап тұйықталған. Сигма тәрізді ішектің спазмы пайда болып, пальпацияда ауырсынады. Нәжіс кілегей аздап қан араласқан.
Есеп №7
Науқас Батырбекова Айжан 5 айлық ауруханаға дене температурасы жоғарлап, тынышсыз күйде күннің 2-ші жартысында іші өтіп нәжісі жасыл түске еніп, кілегейлі аздап қан араласқан сонымен қатар, тенезмдер,орташа ауырлықта байқалады. Обьективті қарағанда: дене температурасы жоғары, тері түсі өзгеріссіз, Аңқасы таза. Перкуссияда: өкпелік дыбыс, аускультацияда: везикулалық дыбыс естіледі. Жүрек үндері: айқын, ырғақты, пульс қалыпты, іші жұмсақ, бауыры, көк бауыры үлкеймеген. Анус босаңысқан айналасы қызарған. Менингиальді белгілері жоқ. Анасында ішек дисфункциясы болған.
Алғашқы болжам диагноз қойыңыз?
Қандай зерттеулер жүргізу керек?
Емдеу жоспары
Жауабы:
Жедел дизентерия, орташа типті ауырлық формасы
РПГА, капралогиялық зерттеу, ЖҚА, Бак пасев.
Ауруханаға жатқызып, оральді регидратация 300 мл., канамицин 50мг тәулігіне 3 рет, поливитаминдер.
Есеп №8.
Сарсен 4 жасар ,жедел ауырған Т-37,8 қөтерілген,лоқсыған,іші ауырған, өткен 6 рет. Қарағанда: жағдайы орташа, әлсіз, Т-37,8, тілі ылғал, өкпеде, жүректе өзгерістер жоқ, іші жұмсақ, ауырсыну байқалмайды, бауыры, көк бауыры үлкеймеген. Нәжісі сұйық, сары-көкшіл, ірің арласқан. Капрограммада: нәжіс сүйық, сары-көкшіл, ірің бар, майлы қышқылдар, эпит. жасушалары бар.
Сұрақ
1.Қандай диагноз қоясыз?
2.Қандай зерттеулер жүргізіледі?
3.Қандай ем қолданасыз?
Жауап
1.Сальмонеллез, орташа ауырлықта.
2.Нәжістің бак.зерттеуі.
3. Дезинтоксикация, антибиотикотерапия.
Есеп №9
Нәресте жедел ауырған,Т-39,5, құсқан.Ауру 4 сағат бұрын басталған қақталған балық жегеннен соң. Іші ауырған, өткен 3-4 рет (көкшіл-сары түсті, іріңді). Ауруханаға түскеннен соң 2-ші күні жағдайы ауырлаған,мазасызданған, құсқан. Терісі боз, таза, акроцианоз байқалады.Жүрек соғысы ырғақты, дыбысы төмен. Пульс 146 мин.ҚҚ 60/30. Ішінде ауырсыну байқалады. Салмағы 25 кг .
Сұрақ
1.Қандай диагноз қоясыз?
2.Қандай зерттеулер жүргізіледі?
3.Қандай ем қолданасыз?
Жауап
1.Сальмонеллез.
2.Нәжістің бак.зерттеуі, ҚЖА, капрограмма, РПГА.
3. Дезинтоксикация, антибиотикотерапия.
Есеп №10
3 жасар Нұрсұлтан бөлімшеге лакунарлы ангинамен түскен. Ауырғанына 2 күн болған, араны қызарған, миндалиндері ісінген, миндалина үстінде ақ-сұр жамылғымен жабылған дақтар көрінеді. Жергілікті лимфа түйіндері екінші дәрежеге дейін ісінген. Дене қызуы 37,6 0С.
1. Диагнозы қандай?
2. Қандай лабораториялық зерттеулер жүргізіледі?
3. Алдын-алу жолы?
Жауабы:
Диагнозы: Аран дифтериясы, жергілікті формасы.
Аңқа және мұрыннан бак пасев алынады.
Күл ауруына қарсы сары су еңгізу 40мың МЕ.
Есеп №11
4 жасар Саматты қарағанда жақ асты безі үлкейген. көгершінің жұмыртқасындай,ауырсыну байқалады.Аранында жамылғы бар,алынуы қиын және қанайды. Ауырғанына 2 күн болған.Дене қызуы –37,5 көтерілген.Егулер салынбаған.
Сұрақ
1.Қандай ауру туралы ойладыңыз?
2. Қандай лабораториялық зерттеулер жүргізіледі?
3.Алдын-алу.
Жауап
1.Аран дифтериясы,жергілікті түрі.
2. Аңқа және мұрыннан бак пасев алынады.
3. Күл ауруына қарсы сары су еңгізу 40мың МЕ.
Есеп №12
Жергілікті учаскелік дәрігерге 4 жасар баланы алып келді . Шағымдары: дене қызуы көтерілген, жұтынғанда ауырсыну байқалады. Қарағанда:араны кызарған, миндалиндері ісінген қалын ақ-сұр жамылғы бар ,қиын алынады,орны қанайды. Бала ауылдан келгеніне 1 апта болған , егулер жайлы мәлімет жоқ.
Сұрақ
