- •Балалар жұқпалы аурулары туралы түсінік. Жұқпалы аурулардың таралу жолдары. Алдын алу шаралары.
- •Парагрипп. Анықтамасы. Этиологиясы. Эпидемиологиясы.
- •Риновирусты инфекция. Анықтамасы. Этиологиясы. Эпидемиологиясы.
- •Аденовирусты инфекция. Анықтамасы. Этиологиясы. Эпидемиологиясы.
- •8. Қарапайым герпес. Эпидемиологиясы. Патогенезі
- •9.Герпесті инфекцияларды алдын алу шаралары және болжамы
- •11. Вирусты жұқпалы мононуклеоз (Эпштейн-Барр) ауруы. Анықтамасы. Эпидемиологиясы. Патогенезі
- •12.Цитомегаловирусты инфекция. Эпидемиологиясы. Патогенезі
- •13. Аитв инфекция. Эпидемиологиясы. Патогенезі.
- •14. Баспа. Анықтамасы. Жіктемесі. Біріншілік баспаны этиологиясы. Эпидемиологоиясы.
- •16. Спецификалық баспалар. Саңырауқұлақты баспа. Жаралы-үлбірлі баспа( Симановский баспасы). Этиологиясы. Алдын алу.
- •17. Күл. Анықтамасы. Этиологиясы. Эпидемиологиясы.
- •19. Қызылша (корь). Анықтамасы. Этиологиясы. Эпидемиологиясы.
- •20. Қызамық (краснуха). Анықтамасы. Этиологиясы. Эпидемиологиясы.
- •22. Көкжөтел (коклюш). Көкжөтелше (паракоклюш). Анықтамасы. Этиологиясы. Эпидемиологиясы.
- •23. Жедел вирусты а гепатиті. Анықтамасы. Этиологиясы. Эпидемиологиясы.
- •24.Жедел вирусты в гепатиті. Анықтамасы. Этиологиясы. Эпидемиологиясы.
- •26. Секреторлы диарея. Холера. Этиология. Эпидемиология.
- •27.Инвазиялық диарея. Дизентерия. Анықтама. Этиология. Эпидемиология.
- •28.Инвазиялық диарея. Сальмонеллез. Анықтама. Этиология. Эпидемиология.
- •29. Полиомиелит. Анықтамасы. Этиология. Эпидемиология.
- •30. Менингококкты инфекция.Анықтамасы. Этиологиясы. Эпидемиологиясы.
- •Біріншілік ангиналар. Жіктелуі.Клиникасы.Диагностикасы.
- •Жұтқыншақ дифтериясы. Клиникасы. Диагностикасы. Алдын алу шаралары.
- •3.Күл (дифтерия). Патогенезі. Ажырату диагнозы. Асқынуы.
- •4.Жәншау (скарлатина). Патогенезі. Ажырату диагнозы. Асқынуы.
- •5.Жәншау (скарлатина). Клиникасы. Диагностикасы. Алдын алу шаралары.
- •6.Қызылша (корь). Патогенезі. Ажырату диагнозы. Асқынуы.
- •7.Қызылша (корь). Жіктелуі. Клиникасы. Диагностиксы. Алдын алу шаралары.
- •8. Туа бітті қызамық (краснуха). Клиникасы. Болжамы.Асқынуы.
- •10. Қызамық (краснуха). Патогенезі. Жіктелуі. Ажырату диагностикасы. Асқынуы.
- •13. Көкжөтел. Клиникасы. Диагностикасы. Алдын алу. Асқынуы.
- •14. Грипп. Клиникасы. Ажырату диагностикасы. Асқынуы.
- •15. Парагрипп. Клиникасы. Ажырату диагностикасы. Асқынуы.
- •16. Респираторлы-синцитиальді инфекция. Клиникасы. Ажырату диагностикасы. Асқынуы.
- •17. Риновирусты инфекция. Клиникасы. Ажырату диагностикасы. Асқынуы.
- •18. Қарапайым герпес. Клиникасы. Диагностикасы.
- •19.Желшешек. Клиникасы. Жіктелуі. Алдын алу шаралары.
- •20. Цитомегаловирусты инфекция. Клиникасы. Диагностикасы. Алдын алу шаралары.
- •21. Туа бітті цитомегаловирусты инфекция. Клиникасы. Диагностикасы. Алдын алу шаралары.
- •22. Жүре пайда болған цитомегаловирусты инфекция. Клиникасы. Алдын алу шаралары.
- •23. Вирусты жұқпалы мононуклеоз. Клиникасы. Диагностикасы. Алдын алу шаралары.
- •24. Жедел вирусты а гепатиті. Жіктелуі. Алдын алу шаралары. Диагностикасы.
- •25. Жедел вирусты в гепатиті. Клиникасы. Жіктелуі. Диагностикасы . Алдын алу шаралары. Болжамы.
- •26.Аитв. Жіктелуі. Клиникасы. Диагностикасы. Алдын алуы. Болжамы.
- •27.Полиомиелит. Клиникасы. Диагностикасы. Алдын алу шаралары. Болжамы.
- •28.Дизентерия (шигеллез). Клиникасы. Диагностикасы. Алдын алу шаралары. Асқынуы.
- •29.Тырысқақ (холера). Клиникасы. Диагностикасы. Асқынуы. Алдын алу шаралары.
- •1.Алғашқы диагнозын қойыңыз.
- •1.Қызылша.
24. Жедел вирусты а гепатиті. Жіктелуі. Алдын алу шаралары. Диагностикасы.
А гепатиті-фекалды-оралды механизмі арқылы берілетін вирусты ішек инфекциясы.
РНҚ-лы вируспен тудырылатын жедел бауырдың қабынуы, әдетте өзіндік сауығумен аяқталады.
Клиникасы. А вирусты гепатиті айқын клиникалық белгілерімен (сарғыштық және сарғыштықсыз) және клиникалық белгілерінсіз өтуі мүмкін (инаппрантты түрі). Ауру түрлерінің ажыратылуы:
-ағымы бойынша: жедел, жеделдеу, созылмалы;
-ауырлық дәрежесі бойынша: жеңіл, орташа, ауыр.
Клиникалық белгілерімен өтетін гепатитке 4 кезеңнің ауысып ағуы тән: жасырын кезең, продромалды, аурудың өршу кезеңі (сарғыштық), реконвалисценция.
Жасырын кезең 6-50 күн (жиі 15-30 күн).
Продромалды (сарғыштық алды) кезең - 2-14 күн (жиі 5-7 күн). Продромалды кезең әр түрлі вариантпен өтуі мүмкін: грипп тәрізді, диспепсиялық, астеновегетативті, аралас.
Грипп тәрізді варианты жедел басталады, дене қызуы 38-39°С, 2-3 күн байқалады; басы, бұлшықеттері ауырады, катаральды белгілер болуы мүмкін.
Диспепсиялық вариантта тәбет төмендейді, эпигастрий аймағында ауырлық немесе ауру сезімі болады, оң жақ қабырға асты ауырып, науқаста кейде жүрек айну, құсу байқалады.
Астеновегетативті вариантта әлсіздік, ұйқышылдық, ашушаңдық, басы ауырып, айналып, жұмысқа қабілеті төмендейді.
Аралас түрінде бірнеше варианттардың симптомдары кездеседі.
Ауру басталғаннан кейін 2-4 күн өткен соң несеп сарғаяды, түсі қою шай немесе сыра түстес болады, сонымен қатар үлкен дәреті түссізденіп, кейде консистенциясы сұйылады. Тексеру кезінде науқастардың бауыры, ал 10-20% -да көкбауыры ұлғайғандығы және пальпация жасағанда ауру сезім анықталады. Биохимиялық зерттеуде АЛТ белсенділігі жоғарылады.
Аурудың өршу кезеңі (сарғаю кезені) сарғаюдан басталады, ол шамамен 2-3 аптаға (орташа тербелісі 1 аптадан 1-2 ай) созылады. Сарғыштықтың бастау, максималды көріну және басылу кезеңі бір-бірінен ажыратылады. Әдетте, А гепатиті кезіндегі сарғыштық қарқынды болмайды. Билирубин қалыпты жағдайдан 4-5 еседен жоғарыламайды. Алғашқы 2-3 күнде сарғыштық көбейіп, қайта басылады.
А гепатиті кезінде аурудың жеңіл түрі - сарғыштықсыз және сарғыштық түрлері жиі кездеседі. Аурудың орташа түрі науқастардың 1/3 –інде ал ауыр түрі 0,1- 0,3%-да кездеседі. Кейде өзгерістері бар бауырда аурудың күрт ағымды түрі байқалады. А гепатитіның фульминантты түрі 0,1-0,4 % науқастарда болады.
Аурудан айығу гепатит белгілерінің жойылуымен сипатталады. Науқастың тәбеті дұрысталады, астено-вегетативті белгілер азаяды, сарғыштық жойылады, бауыр мен көкбауырдың көлемі қалпына келеді.
Диагностикасы. А гепатиті диагнозы эпидемиологиялық (А гепатитімен науқаспен жанасқаннан кейін 7-50 күнде ауыруы), клиникалық белгілері (аурудың циклділігі симптомдардың алмасу заңдылығымен өтетін продромалды және сарғыштық кезеңі), лабораторлық зерттеу нәтижелеріне негізделеді.
Лабораторлық зерттеу келесі нәтижелерге негізделеді:
перифериялық қан анализінің өзгеруі
пигмент тесттерінің өзгеруі
бауыр сынамаларының өзгеруі
серологиялық анализ
аспаптық
Қанның жалпы анализінде лейкопения, салыстырмалы лимфоцитоз, және моноцитоз байқалады.
Қалыпты жағдайда жалпы билирубин 20,5мкмоль/л құрайды. Гепатит кезінде гипербилирубинемия тікелей фракция көбеюімен байқалады.
несепте уробилин пайда болады. Гепатит кезінде АЛТ-нің салдарынан (қалыпта жағдайда 0,68%) гиперферментемия 2-5 есе көбейеді.
Гепатит кезінде қан ұюы факторының ферменттер тобының синтезі төмендейді.
Бауыр сынамаларының тобына мезенхималы кіреді және олар ретикуло-эндотелиалды жүйесінің зақымдануын көрсетеді.
Тимол сынамасы (қалыпты жағдайда 4-5 Ед) 10-20 есе көбейіп, сулемалық сынама (қалыпты жағдайда 1,8-2,0 Бірлік) 1,7-1,6 есе төмендейді.
анитарлық - гигиеналық шараларға фекалды - оралды механизмін үзу жатады.
Эпидемиялық ошақта А гепатитімен ауырған науқас анықталғанда, күнделікті және қорытынды дезинфекция жасалады, науқасты оқшаулап (үй жағдайында қалдыруға болады), ауруханаға жатқызады.
Науқасты оқшаулағаннан соң, жанасқандарды 35 күн бақылап, биохимиялық тексеруден өткізеді.
А гепатитіның алдын алу мақсатымен донорлық иммуноглобулинді (1,5-4,5мл бұлшық етке) енгізеді, қайта енгізу 4 реттен көп болмауы керек. Енжар (пассивті) иммунитет 4 ай сақталады. А гепатитінің вакциналық алдын алуы “Хаврикс-А” (Havrix-A), “Аваксим” (Avaxim) вакциналарымен жасалады. Бұл вакциналарды адамдарға А гепатиті-бойынша қолайсыз аймақтарға барар бұрын (туристер, сапар шегушілер, әскери қызметкерлер және т.б.) бұлшық етке 2 мәрте (аралығы 6-12 ай) енгізеді. Вакцинациядан кейінгі иммунитет 10 жыл сақталады.
