- •Балалар жұқпалы аурулары туралы түсінік. Жұқпалы аурулардың таралу жолдары. Алдын алу шаралары.
- •Парагрипп. Анықтамасы. Этиологиясы. Эпидемиологиясы.
- •Риновирусты инфекция. Анықтамасы. Этиологиясы. Эпидемиологиясы.
- •Аденовирусты инфекция. Анықтамасы. Этиологиясы. Эпидемиологиясы.
- •8. Қарапайым герпес. Эпидемиологиясы. Патогенезі
- •9.Герпесті инфекцияларды алдын алу шаралары және болжамы
- •11. Вирусты жұқпалы мононуклеоз (Эпштейн-Барр) ауруы. Анықтамасы. Эпидемиологиясы. Патогенезі
- •12.Цитомегаловирусты инфекция. Эпидемиологиясы. Патогенезі
- •13. Аитв инфекция. Эпидемиологиясы. Патогенезі.
- •14. Баспа. Анықтамасы. Жіктемесі. Біріншілік баспаны этиологиясы. Эпидемиологоиясы.
- •16. Спецификалық баспалар. Саңырауқұлақты баспа. Жаралы-үлбірлі баспа( Симановский баспасы). Этиологиясы. Алдын алу.
- •17. Күл. Анықтамасы. Этиологиясы. Эпидемиологиясы.
- •19. Қызылша (корь). Анықтамасы. Этиологиясы. Эпидемиологиясы.
- •20. Қызамық (краснуха). Анықтамасы. Этиологиясы. Эпидемиологиясы.
- •22. Көкжөтел (коклюш). Көкжөтелше (паракоклюш). Анықтамасы. Этиологиясы. Эпидемиологиясы.
- •23. Жедел вирусты а гепатиті. Анықтамасы. Этиологиясы. Эпидемиологиясы.
- •24.Жедел вирусты в гепатиті. Анықтамасы. Этиологиясы. Эпидемиологиясы.
- •26. Секреторлы диарея. Холера. Этиология. Эпидемиология.
- •27.Инвазиялық диарея. Дизентерия. Анықтама. Этиология. Эпидемиология.
- •28.Инвазиялық диарея. Сальмонеллез. Анықтама. Этиология. Эпидемиология.
- •29. Полиомиелит. Анықтамасы. Этиология. Эпидемиология.
- •30. Менингококкты инфекция.Анықтамасы. Этиологиясы. Эпидемиологиясы.
- •Біріншілік ангиналар. Жіктелуі.Клиникасы.Диагностикасы.
- •Жұтқыншақ дифтериясы. Клиникасы. Диагностикасы. Алдын алу шаралары.
- •3.Күл (дифтерия). Патогенезі. Ажырату диагнозы. Асқынуы.
- •4.Жәншау (скарлатина). Патогенезі. Ажырату диагнозы. Асқынуы.
- •5.Жәншау (скарлатина). Клиникасы. Диагностикасы. Алдын алу шаралары.
- •6.Қызылша (корь). Патогенезі. Ажырату диагнозы. Асқынуы.
- •7.Қызылша (корь). Жіктелуі. Клиникасы. Диагностиксы. Алдын алу шаралары.
- •8. Туа бітті қызамық (краснуха). Клиникасы. Болжамы.Асқынуы.
- •10. Қызамық (краснуха). Патогенезі. Жіктелуі. Ажырату диагностикасы. Асқынуы.
- •13. Көкжөтел. Клиникасы. Диагностикасы. Алдын алу. Асқынуы.
- •14. Грипп. Клиникасы. Ажырату диагностикасы. Асқынуы.
- •15. Парагрипп. Клиникасы. Ажырату диагностикасы. Асқынуы.
- •16. Респираторлы-синцитиальді инфекция. Клиникасы. Ажырату диагностикасы. Асқынуы.
- •17. Риновирусты инфекция. Клиникасы. Ажырату диагностикасы. Асқынуы.
- •18. Қарапайым герпес. Клиникасы. Диагностикасы.
- •19.Желшешек. Клиникасы. Жіктелуі. Алдын алу шаралары.
- •20. Цитомегаловирусты инфекция. Клиникасы. Диагностикасы. Алдын алу шаралары.
- •21. Туа бітті цитомегаловирусты инфекция. Клиникасы. Диагностикасы. Алдын алу шаралары.
- •22. Жүре пайда болған цитомегаловирусты инфекция. Клиникасы. Алдын алу шаралары.
- •23. Вирусты жұқпалы мононуклеоз. Клиникасы. Диагностикасы. Алдын алу шаралары.
- •24. Жедел вирусты а гепатиті. Жіктелуі. Алдын алу шаралары. Диагностикасы.
- •25. Жедел вирусты в гепатиті. Клиникасы. Жіктелуі. Диагностикасы . Алдын алу шаралары. Болжамы.
- •26.Аитв. Жіктелуі. Клиникасы. Диагностикасы. Алдын алуы. Болжамы.
- •27.Полиомиелит. Клиникасы. Диагностикасы. Алдын алу шаралары. Болжамы.
- •28.Дизентерия (шигеллез). Клиникасы. Диагностикасы. Алдын алу шаралары. Асқынуы.
- •29.Тырысқақ (холера). Клиникасы. Диагностикасы. Асқынуы. Алдын алу шаралары.
- •1.Алғашқы диагнозын қойыңыз.
- •1.Қызылша.
23. Вирусты жұқпалы мононуклеоз. Клиникасы. Диагностикасы. Алдын алу шаралары.
Жұқпалы мононуклеоз – қоздырғышы көбінесе аэрогенді механизммен берілетін, клиникасында қызбамен, интоксикациямен, баспамен, лимфаденопатиямен, гепатоспленомегалиямен және қанда атипті мононуклеарлардың пайда болуымен сипатталатын жедел антропонозды вирусты жұқпалы ауру.
Клиникалық көріністері. Жасырын кезеңнің ұзақтығы — 4-15 күн (жиірек 1 аптаға жуық). Ауру жедел басталады. Аурудың 2-4-ші күндері қызба мен ағзаның улануы ең жоғарғы деңгейге жетеді. Алғашқы күндері әлсіздік, бас ауыруы, бұлшықет пен буынның сырқырап ауыруы, ал кейінірек — тамақ пен жұтқыншақтың ауыруы пайда болады. Дене қызуы –38-40°С. Қызбаның ұзақтығы –1-3 апта. Тонзиллит аурудың бірінші күні немесе кештеу, қызба мен аурудың басқа да белгілерімен (5-7-ші күндері) бірге көрінеді. Көмекей безінің зақымдануы 90% науқастардан байқалған. Аурудың алғашқы күндерінде науқаста тамақтың ауыруы мен жыбырлауы білінеді. Алғашқыда катаральды баспа жиі бір жақты болса, ал тым кеш мерзімде фолликулярлы, лакунарлы, сирегірек жаралы және күл ауруындағы фибринозды жабынды сияқты баспа білінуі мүмкін.
Лимфаденопатия барлық науқастарда байқалған. Жақтың бұрышындағы, құлақ арты, мойын, желке лимфа түйіндері жиі зақымға ұшырайды. Полиаденопатия — тұрақты симптом. Перифериялық лимфа түйіндерінің көлемі 0,5-2,0 см-ге дейін жетеді.. 10-15 күннен кейін лимфа түйіндерінің көлемі қысқара бастайды, алайда олар 2-3 айдай уақытта аздап үлкейген түрде қалуы мүмкін. 25% науқастарда экзантема болады. Бөртпенің пайда болуы мен ерекшелігі кең көлемде өзгереді. Ол аурудың 3-5-ші күндері көрініп, макулопапулезді (қызылша тәрізді), ұсақ дақты, розеолезды, папулезды, петехиальды сипатта болады. Бөртпе 1-3 күн болып, ізсіз жоғалады. Жаңа бөртпелер болмайды. Гепатоспленомегалия аурудың 3-5-ші күні пайда болып, 3-4 апта бойына сақталады. Жүйке жүйелерінің зақымдануы сирек кездеседі. Менингит, сирек жағдайда-менингоэнцефалит, энцефаломиелит, полирадикулоневрит тәрізді асқынулары болуы мүмкін. Ауру 7-10 күннен 4-6 аптаға дейін созылады, алайда ұзаққа созылатын ағымының болуы ықтимал (3 айға дейін), созылмалы түрі 1-2 жылға дейін жетеді. Перифериялық қанда лейкоцитоз (9-25х109/л) білінген. Бір ядролы элементтердің саны (лимфоциттер, моноциттер, атипті мононуклеарлар), 1-ші аптаның соңында 80-90% -ға жетеді. Мононуклеар реакциясы 3-6 ай және тіпті бірнеше жыл сақталады. Жұқпалы мононуклеоздың клиникалық түрінің дара жіктелуі жоқ. Кейбір авторлар 20-ға дейінгі әртүрлі түрді бөлген. Ауру типті және атипті болып өтуі мүмкін. Клиникалық көрінісінің ауырлығына байланысты жеңіл, орташа, ауыр түрлерін ажыратады.
Жұқпалы мононуклеоз диагностикасы. Аурудың диагностикасы клиникалық симптомдарға (қызба, лимфаденопатия, бауыр мен көкбауырдың ұлғаюы, перифериялық қанның өзгерісі) негізденген. Гематологиялық зерттеу маңызды орын алады. Лимфоциттер санының көбеюі және атипті мононуклеардың пайда болуы тән (барлық лейкоциттерден 10% жоғары). Диагностика мақсатында полимеразды тізбекті реакция, Пауль-Буннель реакциясы, Гоффа-Бауэр реакциясы қолданылады. Вирустың бөлінуі күрделі. Жұқпалы мононуклеозды баспадан, күл ауруының әр түрлерінен, цитомегаловирусты инфекциядан, АИВ-инфекциясының алғашқы клиникалық сатыларынан, листериоздың баспалы түрлерінен, вирусты гепатиттерден, қызылшадан, қан ауруларынан салыстыру жүргізу керек.+ Атипті мононуклеарлар 1-ші күні білінеді. 3-ші аптаның соңында олардың мөлшері азая бастайды, лимфоцитоз бірнеше ай сақталады.
Бұл аурудың профилактикасы жете зерттелмеген. Ошақтарға іс-шаралар жүргізілмейді. Науқасқа жеке ыдыс-аяқ, сүлгі, ал балаларға-ойыншықтар берілуі тиіс.
