- •Балалар жұқпалы аурулары туралы түсінік. Жұқпалы аурулардың таралу жолдары. Алдын алу шаралары.
- •Парагрипп. Анықтамасы. Этиологиясы. Эпидемиологиясы.
- •Риновирусты инфекция. Анықтамасы. Этиологиясы. Эпидемиологиясы.
- •Аденовирусты инфекция. Анықтамасы. Этиологиясы. Эпидемиологиясы.
- •8. Қарапайым герпес. Эпидемиологиясы. Патогенезі
- •9.Герпесті инфекцияларды алдын алу шаралары және болжамы
- •11. Вирусты жұқпалы мононуклеоз (Эпштейн-Барр) ауруы. Анықтамасы. Эпидемиологиясы. Патогенезі
- •12.Цитомегаловирусты инфекция. Эпидемиологиясы. Патогенезі
- •13. Аитв инфекция. Эпидемиологиясы. Патогенезі.
- •14. Баспа. Анықтамасы. Жіктемесі. Біріншілік баспаны этиологиясы. Эпидемиологоиясы.
- •16. Спецификалық баспалар. Саңырауқұлақты баспа. Жаралы-үлбірлі баспа( Симановский баспасы). Этиологиясы. Алдын алу.
- •17. Күл. Анықтамасы. Этиологиясы. Эпидемиологиясы.
- •19. Қызылша (корь). Анықтамасы. Этиологиясы. Эпидемиологиясы.
- •20. Қызамық (краснуха). Анықтамасы. Этиологиясы. Эпидемиологиясы.
- •22. Көкжөтел (коклюш). Көкжөтелше (паракоклюш). Анықтамасы. Этиологиясы. Эпидемиологиясы.
- •23. Жедел вирусты а гепатиті. Анықтамасы. Этиологиясы. Эпидемиологиясы.
- •24.Жедел вирусты в гепатиті. Анықтамасы. Этиологиясы. Эпидемиологиясы.
- •26. Секреторлы диарея. Холера. Этиология. Эпидемиология.
- •27.Инвазиялық диарея. Дизентерия. Анықтама. Этиология. Эпидемиология.
- •28.Инвазиялық диарея. Сальмонеллез. Анықтама. Этиология. Эпидемиология.
- •29. Полиомиелит. Анықтамасы. Этиология. Эпидемиология.
- •30. Менингококкты инфекция.Анықтамасы. Этиологиясы. Эпидемиологиясы.
- •Біріншілік ангиналар. Жіктелуі.Клиникасы.Диагностикасы.
- •Жұтқыншақ дифтериясы. Клиникасы. Диагностикасы. Алдын алу шаралары.
- •3.Күл (дифтерия). Патогенезі. Ажырату диагнозы. Асқынуы.
- •4.Жәншау (скарлатина). Патогенезі. Ажырату диагнозы. Асқынуы.
- •5.Жәншау (скарлатина). Клиникасы. Диагностикасы. Алдын алу шаралары.
- •6.Қызылша (корь). Патогенезі. Ажырату диагнозы. Асқынуы.
- •7.Қызылша (корь). Жіктелуі. Клиникасы. Диагностиксы. Алдын алу шаралары.
- •8. Туа бітті қызамық (краснуха). Клиникасы. Болжамы.Асқынуы.
- •10. Қызамық (краснуха). Патогенезі. Жіктелуі. Ажырату диагностикасы. Асқынуы.
- •13. Көкжөтел. Клиникасы. Диагностикасы. Алдын алу. Асқынуы.
- •14. Грипп. Клиникасы. Ажырату диагностикасы. Асқынуы.
- •15. Парагрипп. Клиникасы. Ажырату диагностикасы. Асқынуы.
- •16. Респираторлы-синцитиальді инфекция. Клиникасы. Ажырату диагностикасы. Асқынуы.
- •17. Риновирусты инфекция. Клиникасы. Ажырату диагностикасы. Асқынуы.
- •18. Қарапайым герпес. Клиникасы. Диагностикасы.
- •19.Желшешек. Клиникасы. Жіктелуі. Алдын алу шаралары.
- •20. Цитомегаловирусты инфекция. Клиникасы. Диагностикасы. Алдын алу шаралары.
- •21. Туа бітті цитомегаловирусты инфекция. Клиникасы. Диагностикасы. Алдын алу шаралары.
- •22. Жүре пайда болған цитомегаловирусты инфекция. Клиникасы. Алдын алу шаралары.
- •23. Вирусты жұқпалы мононуклеоз. Клиникасы. Диагностикасы. Алдын алу шаралары.
- •24. Жедел вирусты а гепатиті. Жіктелуі. Алдын алу шаралары. Диагностикасы.
- •25. Жедел вирусты в гепатиті. Клиникасы. Жіктелуі. Диагностикасы . Алдын алу шаралары. Болжамы.
- •26.Аитв. Жіктелуі. Клиникасы. Диагностикасы. Алдын алуы. Болжамы.
- •27.Полиомиелит. Клиникасы. Диагностикасы. Алдын алу шаралары. Болжамы.
- •28.Дизентерия (шигеллез). Клиникасы. Диагностикасы. Алдын алу шаралары. Асқынуы.
- •29.Тырысқақ (холера). Клиникасы. Диагностикасы. Асқынуы. Алдын алу шаралары.
- •1.Алғашқы диагнозын қойыңыз.
- •1.Қызылша.
19.Желшешек. Клиникасы. Жіктелуі. Алдын алу шаралары.
Желшешек (лат. Varicella, гр. Ανεμοβλογιά) - инфекциялық ауру, вирустан тарайды. Мұнымен 1 жастан 10 жасқа дейінгі балалар жиі, ал 10 жастан асқан балалар мен ересектер сирек ауырады. Желшешекпен ауырып жазылған адамда күшті иммунитет қалады. Желшешек ауа арқылы тарайды. Сырқаттың инкубациялық (жабық) кезеңі 11 күннен 21 күнге дейін, яғни орташа 14—15 күнге созылады. Ауру басталғанда температура 38—39°С-ге дейін көтеріледі де, адамның терісі мен шырышты қабығында қышыма бөрткен пайда болады. 3—5 күн өткеннен кейін бөрткеннің көбеюі тоқтайды да, температура төмендеп, қалпына келеді, бөрткен қара қотырланып, 1,5—2 аптадан соң оның қабығы түседі. Кейде барлық ауырғай кезеңде температурасы көтерілмей, әдеттегідей бір қалыпты болады.
Ауру адам сырқаттың инкубациялық кезеңінің соңғы күнінен бастап және бөрткен шыққаннан кейінгі 9-күнге дейін жұқпалы болып есептеледі. Әдетте желшешек жеңіл өтеді, бірақ кейде (әлжуаз балаларға шыққанда) асқынатын да кезі болады, терісі іріңдейді, құлақтары мен аузының шырышты қабығы т. б. қабынып ауырады. Сырқат баланы мұқият күтімге алу керек. Аурудың денесі бөртсе, оның үстіне температурасы көтерілсе, сырқатты қозғалтпай жатқызып қойған дұрыс. Төсек — орын жаймасын жиі-жиі алмастырған жөн. Сондай-ақ теріні күтудің де маңызы зор. Баланың денесінде бөрткеннің болғанына қарамастан оны қайнаған сумен немесе қызғылтым етіп езілген калий перманганатымен («марганцовка») жуады (мақтаны пайдаланып, өте еппен); ал қолын сабындап жуу керек. Бала терісін қасып, тырнап тастамауы үшін қолының тырнағын алып, дәкеден қолғап тігіп кигізу қажет. Бөрткенді 1 проценттік калий перманганатының немесе 1—2 проценттік бриллиантты зеленка ерітіндісімен сүртсе, ол көп қышымайтын болады. Баланың ерніне тұзсыз сары май немесе қайнатылған күнбағыс майын жағып, сусынды көп ішкізу керек. Кішкентай баланың таңдайын салқын шаймен немесе қайнаған сумен жібітіп отырады. Сондай-ақ сәбидің танауының тазалығына баса назар аудару қажет. Танауындағы жараның қабығын вазелин жағылған немесе қайнатылған күнбағыс майына шыланған мақтамен сүртіп тазалайды.
Науқас балаға ең қажетті нәрсе — таза ауа мен жарық. Мұндай балаларды шаңсыз, жел тимейтін, тыныш жерде, дені сау балалардан бөлек серуендету қажет. Баланың температурасы төмендеп, бөрткеннің қайталап шығуы тоқтағаннан кейін, яғни бұрынғы бөрткендері қара қотырланған соң серуенге шығаруға болады. Серуендету режимін дәрігермен келіскен жөн.
Сәбиді дұрыс тамақтандыру керек. Температурасы көтерілгенде ол тағамнан бас тартады, сырқаты асқынған кезінде кішкентай балалардың іші өтеді, құсалы. Мұндай жағдайда баланы зорлап тамақтандыруға болмайды, тек 6—12 сағаттан кейін тамақтандырып, сусынды көп ішкізу қажет. Егер баланың аузы уылып, ол тағамнан бас тартса, оған сұйық немесе, жұмсартып пісірілген қоймалжың тағам (жылытып) беру керек (үгітілген көкөніс сорпасы, ботқа, көкөніс пюресі, кисель). Балаға қышқыл және ащы тағам беруге болмайды. Әсіресе іштің жүруін бақылап отыру керек. Үлкен дәреті жүрмей қалғанда клизма қойып, іші өтсе дәрігер келгенше тамақтандырмай, қайнаған суды немесе суыған шайды көп ішкізу қажет.
Желшешек шыққанда дезинфекция жасамайды; науқас бала жатқан бөлмені желдетіп, дымқыл шүберекпен сүртіп алса жеткілікті. Науқаспен жақындасқан 7 жасқа дейінгі баланы 11 күннен 21 күнге дейін оңашалау керек (жақын араласқан алғашқы күннен бастап).
