Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Инфекция педиатрия.docx
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
142.11 Кб
Скачать
  1. Аденовирусты инфекция. Анықтамасы. Этиологиясы. Эпидемиологиясы.

Аденовирусты инфекция – қызбамен, орташа интоксикациямен, жоғарғы тыныс жолдарының айқын катаральды белгілермен, көмейдің лимфоидты аппаратының реакциясымен және көздің зақымдалуымен жүретін жедел инфекционды ауру.

Этиология. Қоздырғыш – Аденовирустар. Қазіргі уақытта 50 серовары белгілі, соның ішінде адамда 36 серологиялық нұсқалары кездеседі. ЖРВИ кезінде 3, 4, 7, 7а, 14, 21 көп бөлінеді.

Эпидемиология. Ауру жыл бойы тіркеледі, бірақ аурудың кең таралуы қыс және көктем мезгілдері балалар мекемелерінде болады. Эпидемиологиялық кең таралу балалар мекемелерінде 2-3 жас аралығында жиі болады. Инфекция көзі – науқас адам және вирус тасымалдаушы. Берілу жолы – ауа-тамшылы, фекальды – оральды берілу жолы да болуы мүмкін.

7. Герпесті инфекциялардың этиологиясы және жіктелуі. Анықтамасы. Эпидемиологиясы

Герпес- Herpesrus вирустар тұқымдастығымен шақырылатын жұқпалы аурулар тобы. Жіктелуі: жай герпес вирусы (жай герпес), желшешек вирусы — зостер, ЦМВ, Беркитт лимфомасы вирусы (Энштейн — Барр вирусы). Жай герпес -- ұзақ латентті ағыммен және сериодикалық рецидивтермен сипатталатын ауру,науқаста визикулярлы бөрту ошақтары болады. Эпидемиологиясы. Әсіресе бұл ауру балалар арасында көп кезеседі, балаға өмірінің алғашқы 3 жылында бұл ауру жұғуы мүмкін. Өмірінің алғашқы айларында нәресте бұл аурумен көп ауырмайды, себебі трансплацентарлы жолыменен шешесінен алынған анти денелерге байланысты, ал егерде шешесінде иммунитет жоқ болса, онда бала өте ауыр, жайылған түрімен ауырады.Ауру көзі — ауру адам және тасымалдаушылар.Жұғу жолдары - қарым-қатынас, жыныстық қатынас және ауа тамшылы жолы. Туа пайда болған герпес инфекциясы туыт жолдарымен өтіп жатқан кезде жұғуы мүмкін. Орама герпес — жекелеген сезімтал жүйке тамыры бойында тығыз орналасатын көпіршіктер мен сипатталатын жедел жұқпалы ауруы.Орама герпес және желшешектің қоздырғышы — бір вирус. Эпидемиологиясы: Орама герпес спорадикалық түрде байқалады, маусымдылық жоқ, бірақта көктемде, күзде жиі кездеседі көбінесе ересек адамдарда олар баяғыда осы вируспен кездескен, содан кейін вирус организмде қалған, латентті персистәнцияға айналады. Вирус көп жылдар бойы омыртқа арасындағы ганглияларда сақталады. . Гуморальды иммунитеттің жетіспеушілік әсерінен антиденелердің толық вирусты жоюға күші жетпейді. Жалпы және жергілікті иммунитетт әлсірегенде вирустың активизациясы байқалады, клиникасында теріде жекеленген процесс пайда болады. Көбінесе ауырады ересек балалар мен бала кезінде желшешекпен ауырып кеткен ере-сек адамдар. Ал орама герпеспен қатынаста болған серонегативті бала желшешекпен ауырады.