Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Инфекция педиатрия.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
142.11 Кб
Скачать

13. Көкжөтел. Клиникасы. Диагностикасы. Алдын алу. Асқынуы.

Көкжөтел – ауа-тамшылы жолмен берілетін, клиникада ұстамалы спазматикалық жөтелмен және созылыңқы циклді ағыммен өтетін жедел инфекциялық ауру.

Клиникасы: инкубациялық кезеңнің ұзақтығы 1-2 аптаға созылады. Аурудың ұзақтығы 6-8 аптаны құрайды. Көкжөтелдің үш клиникалық кезеңін анықтайды: катаралды, спазматикалық, шешілу кезеңі.

Катаралды кезең: 1-2 аптаға созылады. Науқаста жеңіл есеңгіреу, кейде субфебрильді дене қызуы, аздаған түшкіру, біртіндеп күшейетін және көп жағдайда қайтымсыз сипатқа ие жөтел пайда болады.

Спазматикалық кезең: 2-4 аптаға және одан көп аптаға созылады. Ұстамалы жөтел күшейеді, жиіленеді және кезеңділік пен көкжөтел үшін тән спазматикалық сипатқа ие болады. Көкжөтел кезінде ұстамалы жөтел күндіз де, түнгі уақытта да болады, дем шығарғанда күшті жөтел түрткісінің қайталамалы 5-10 сериясы жүреді, олардың артынан тарылған, жиырылған тамақ саңылауы арқылы өткен ауаның ысқырған дыбысымен жүретін қарқынды және аяқ асты тыныс алу түрінде болады.

Репризді ұстамалы жөтел кезінде юбаланың беті қызарады немесе көгереді, көздері дөңгеленген, конъюктивитте қан құйылулар мен бет, мойын терісінде петехиалды бөртпелер пайда боолады. Тілі аузынан шығып тұрады.

Айығу кезеңі: 1-3 аптаға созылады. Ұстаманың саны азаяды, жөтелдің типті қасиеті жоғалады, одан кейін жоғалады. Кейде қарапайым жөтел бірнеше ай сақталады. Кейбір науқастарда ұстамалы жөтел бірнеше жыл бойы қайталанады, ЖРВИ кезінде қайталанып отырады.

Диагностикасы: перифериялық қанда ЭТЖ қалыпты көрсеткіші фонында лейкоцитоз және лимфоцитоз анықталады.

Бактерологиялық зерттеу.

Экспресс-диагностикасының перспективті әдістері – РИФ, ПЦР. Ретроспективті түрде диагнозды серологиялық әдіспен (РСК,РПГА,ИФА) анықтауға болады.

Алдын алу: Вакцина, АКДС қолданылады. Көкжөтелді компонент инатирленген көкжөтелдік микробқа қарсы тағайындалады. Вакцина 3 айлығында жүргізіледі. Тазартылған көкжөтелдік токсин негізінде жасалған реоктогенді жасушасыз вакцинаны да қолдануға болады.

Ең маңызды шара – науқасты ерте анықтау және оқшаулау.

Асқынуы: жиі ерте жастағы балаларда бақыланады. Кейде тыныстың тоқтау салдарынан дамитын эпилептиформалы тырыспа және естен тану, гипоксиялық энцефалопатия дамуы мүмкін. Сирек асқыну – спонтанды пневмоторакс, тері асты өзекшесінің эмфиземасы және қуыс арқылы, кіндік жарығы, тік ішектің шығуы.

14. Грипп. Клиникасы. Ажырату диагностикасы. Асқынуы.

Грипп – тыныс жолдарының жұқпалы вирустық ауруы. 

Клиникасы: инкубационды кезең ұзақтығы бірнеше сағаттан бір-екі күнге дейін. Гриптің бастапқы кезеңінің ерекшелігі интоксикация синдромы катаральды синдромнан басым болады. Аурудың біріншілік жағдайында продромальды кезеңсіз ауру жедел басталады, аурудың дене температурасы 39-40С жоғарылауымен, қалтырау, бас айналу, жалпы әлсіздікпен басталады. Аурудың қызған кезінде катарльды көріністер әлсіз айқын болады және құрғақ жөтелмен, түшкірумен, мұрынның аздаған шырышты бөліністері мен аздаған аңқанаың шырышты қабатының гиперемиясымен, көмейдің таңдайда нүктелік қан құюлулар байқалады.

Науқастың жағдайы аурудың 3-4 күндерінде жақсарады: дене температурасы төмендейді, интоксикация төмендеп, катаралды көріністер сақталады немесе өршиді, толықтай1,5-2 аптадан кейін жойылады. Грипке тән сипат – рековалесценсия кезінде ұзақ уақытты астения болып табылады, ол әлсіздікпен, шаршағыштықпен, тершеңдікпен және тағы басқа да бірнеше күн, кейде аптада сақталатын белгілермен көрінеді.

Ажырату диагностикасы: Аурудың басталуы жеделдеу. Қызбаның сипаты мен ұзақтығы:38-40С (3-4күн). Интоксикация, нейротоксикоз: (+++) жоғары дәрежесі. Катаралды синдром: (+) аурудың 3күнінен бастап. Круп (+++) жоғары дәрежесі. Бронх-обструктивті синдром (+) жеңіл. Геморагиялық синдром, бөртпе: (+) жеңіл.

Асқынуы:

ЖРВИ кезінде асқынулар аурудың қай уақытында да пайда болуы мүмкін, қоздырғыштың тікелей әсер етуіне байланысты болса, солай бактериалды микроорганизмнің қосарлануымен де байланысты. ЖРВИ жиі асқынулары болып – пневмония, бронхиолит есептеледі. Екінші орында гайморит, фронтит және синуситтер болады. Ерте жастағы балаларда, асқынуға жедел аңқа стенозын жатқызады. Сирек неврологиялық асқынулар байқалады менингит, менингоэнфалит, нефрит, полирадикуневриттер. Жоғарғы қызбасы және айқын интоксикация грип кезінде жалпы милық реакциялар, менингеальды және тырыспалы синдромдар байқалады. Гриптің ауыр формалары геморрагиялық синдроммен қосарласады. Интоксикациялық көріністеріне жүректің функционалдық қызметінің бұзылысы қосылып, миокардиттің дамуына әкеледеді. ЖРВИ әр жаста мынадай асқынулармен өтуі мүмкін: несеп шығару жүйесінің инфекциясы, холангит, панкреатит, септикопиемия, мезаденит.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]