Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Инфекция педиатрия.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
142.11 Кб
Скачать

8. Туа бітті қызамық (краснуха). Клиникасы. Болжамы.Асқынуы.

Қызамық - жедел респираторлы вирусты инфекция, барлық елдерде тараған.Аурудың екі түрін ажыратады-туа пайда болған және жүре пайда болған. Жүктіліктің бірінші 3 айында қызамық жұқса, онда не болмаса түсік, не болмаса ауыр түрде ақаулармен туады.

Қызьлшада дене қызуы жоғарылайды, жалпы улану белгілері пайда болады, кейде асқынулар да болады. Қызамықта лимфа түйіндері үлкейеді.Қызамықты митигерленген қызьлшадан айыру өте қиын, бұл кезде дене қызуы болмайды, катаральды белгілер, Бельский-Филатов-Көплик дақтары болмайды.

9. Жүре пайда болған қызамық. Клиникасы. Асқынуы. Алдын алу шаралары. Қызамық ауруы - жүре пайда болған, аздап катаральды кұбылыстармен, аздап қызуының көтерілуімен, ұсақ бөртпе шығуымен, лимфоаденопатиямен сипатталатын жедел вирусты ауру. Клиникасы. Жүре пайда болған қызамыққа мынандай кезеңдер тән: инкубациялық, продромальды, бөртпе шығу кезеңі және реконвалесценция.

Инкубациялық кезең 14-21 күнге созылады, жиі 16-18 күндей болады.Аурудың продромында шүйде, құлақ маңындағы және мойынның артқы лимфа түйіндері үлкейеді. Қызамықтан басқа бірде бір ауруда осы топтың лимфа түйіндері ұлікеймейді. Кейбірде продромның аяғында энантема (тандайда) пайда болады. Продромда болуы мүмкін аздап дене қызуы жоғарлауы -37,1-37,5-ке дейін, мазасыздануы, шамалы катаральді белгілер болады. Бұл кезең 1-3 күнге дейін созылады.Аурудың қызған кезінде дене қызуы 38°-қа дейін көтеріледі, катаральды белгілер күшейеді. Жеңіл коНЬюнктивит болады, жарықтан қәрку болмайды. Бөртпе алдыменен мойынға, шаш арасына шығады сосын бірнеше сағат ішінде тегіс денеге, қол-аяққа шығады. Қызамыққа тән бөртпелердің әрналасар жері — арқада, жамбаста, аяқ- қолдардың жазылатын беттері. Алақан мен табанда бөртпе болмайды. Бөртпе ұсақ - папулезді немесе ұсақ дақты, домалақ немесе сопақ шеттері тегіс 2-5мм — мөлшері, түсі ашық-қызгылт. Бөртпе сирек болады, қосылмайды. Ағымы жәпе нәтижесі: Қолайлы. Бірең сараң энцефалит және энцефаломиелит жағдайлары кездеседі. Ересектерде симптомдар айқындырақ болады және олардың жалпы көңіл күйлері бұзылады. Энцефалит және менингоэнцефалиттер бөртпе шыққаннан кейін дамиды, ауру адамның дене қызуы жоғарылайды, ошақтық симптомдар менингеальды симптомдар, пайда болады, ликвәрда серозды менингиттегідей өзгеріс болады және өлім — 20-30%. Алдын алу шаралары: Шет елдерде активті иммунизация жүргізіледі - ірі вирусты 27/3 вакцинасымен. Егуден кейін 95% адамда мұрын-жұтқыншақта және қанында антиденелер түзіледі.

10. Қызамық (краснуха). Патогенезі. Жіктелуі. Ажырату диагностикасы. Асқынуы.

Қызамық ауруы - жүре пайда болған, аздап катаральды кұбылыстармен, аздап қызуының көтерілуімен, ұсақ бөртпе шығуымен, лимфоаденопатиямен сипатталатын жедел вирусты ауру.Патогенезі: тек негізгі жол — ол тыныс жолдарының шырышты қабаты. Эксперимент жасау арқылы интрадермальды жол арқылы жұғу мүмкіндігі дәлелденген. Вирус тыныс жолдарының шырышты қабатына жабысып бейімделеді, сосын иммунды жүйені тітіркендіреді, лимфоидты клетка гаперплазияға және пролиферацияға ұшырайды, лимфаденит дамиды, әсіресе қоздырғыш енген жердегі (маңындағы) лимфа түйіндер үлкейеді. Инкубациялық кезеңнен бастап вирус қанға өтеді, сосын көптеген мүшелерді зақымдайды, соның ішінде теріні. Генерализденгені вирустың дәлелденген, тек қана мұрын-жұтқыншақ шырышынан ғана бөлінген емес, ол басқа, нәжіс пен зәрден де бөліп алынған. Қан тамырының эпителийінің зақымдалу салдарынан қан тамырының өткізгіштігі артады, тіннің ісінуі болады. Вирустардың тері эпителиіне түрақгану салдарынан экзантемалар шығады. Басқа зерттеушілердің пікірі бойынша вирусемия — вирустың лимфа түйіндеріне өтуіне әкелетін біріншілік фактор деп есептейді. Қызамықта клеткалық және гуморалдық иммунитет түзіледі, вирусты нейтралдайтын Іg М класьның антиденелері — алғашқы 5-6 күндері, сосын Іg А және ІgG пайда болады. Қызылшада бөртпе ірі, дақта, папулезды, бір-біріне қосылады, пигментация және қабыршақтану болады. Қызьлшада дене қызуы жоғарылайды, жалпы улану белгілері пайда болады, кейде асқынулар да болады. Қызамықта лимфа түйіндері үлкейеді.Қызамықты митигерленген қызьлшадан айыру өте қиын, бұл кезде дене қызуы болмайды, катаральды белгілер, Бельский-Филатов-Көплик дақтары болмайды. Осы кезде эпидемиологиялық мәліметтерге көп көңіл бөлу керек — қызьшамен ауырған баламен қарым-қатынас болдыма, немесе балаға иммуноглобулин енгіздіме?Жәншауда (скарлатина) — баспа, "от жалыны" сияқты болады, аңқасы, мұрын-ауыз үшбүрышы бозарған, тілі емізікті, терісі қызыл, майда нүктелі бөртпелер аяқ-қолдарының бүгілетін беттерінде орналасқан, үлкен қабыршақтармен қабыршақтанады, лейкоцитоз, нейтрофиллез, эозинофиллия болады.

11. Эпидемиялық паротит. Клиникасы. Диагностикасы. Алдын алу шаралары. Эпидемиялық паротит ауа — тамшылы инфекциялардың ішінде белсенді иммунизацияға жұргізгенге дейін 3-ші орынды алған (қызылша және желшешектән кейін). Клиникасы. Паротиттік инфекция кезіндегі инфекциялық процестің дамуы инкубациялық кезеңнің цикілділігімен сипатталады. Продромнан кейін клиникалық симптомдары дамып жазылуымен аяқталады.

Инкубациялық кезең орташа 18-20 күн, 11 күнге дейін қысқарьш 23 күнге дейін ұзару мүмкін, продромсыз өтуі мүмкін.

Продромадды кезеңнің ұзақтығы әр келкі, жиі 1-2 күн, Симптомдары да әр түрлі (әлсіздік, тәбетінің төмендеуі ұйқысының бұзылуы).

Паротиттік инфекцияның жіктелуі.

(Н.И. Нисевич, 1973)

Типтік түрлері:

1. Безді Х (сілекей, ұйқы, жыныс бездері, т.б.)

2. Жүйкелік (менингит, менигоэнцефалит)

3. Қосарланған

Ауырлығы бойынша: жеңіл, орташа А типтік түрлері:

1. жасырын

2. симптомсыз

Асқынуы: Отиттер, пневмония, стоматиттер.

I. Шықшыт бездерінің қабынуы — паротит.

Аурудың басы температураның 38-39°С-қа дейін көтерілуімен және шықшыт безінің алдымен бір жақтық, кейін екінші жағының ісінуімен сипатталады. Алдымен ісіну құлақтың артыңда және төмен яғни емізікті ісікпен төменгі жақ тармағының арасында орналасады.

Құлақ қалқаны жоғары және артқа ығысады, сырғалық қалқияды, бастың пішіні алмұрт тәрізді болады. Ісіну жұмсақ қамыр сияқ-ты, пальпацияда онша сезімтал емес. Үлкен көлемге таралу мүмкін (бұғанаға дейін). Терісі бозғылт, қабынулы өзгеріссіз. Шайнағанда ауырады. Естуі төмендейді (евстахиев түтігіндегі есту жолының басылуы).

Клиникалық ағымның ауырлығы бойынша (М.А.Селимов):

1. Жеңіл түрінде жергілікті көріністері айқын, температурасы қалыпты немесе аз уақытқа кетіріледі.

2.Орташа түрлерінде интоксикация симптомдары және жергілікті белгілері орташа айқындылықта. Температура 37,5-38°С.

3. Ауыр түрінде жергілікті зақымдану және интоксикация өте айқын, температура 39-40°С.

Температуралық реакция кері даму кезінде түседі. Лабораториялық диагностика.

1. Иммунологиялық зерттеулер; КБР, гемаглютацияны тежеу, нейтролизациялау2. Серологиялық зерттеулер арнайы антиденелер титрінің ауру барысында көтерілуі.3. ИФА+ПЦР-диагностикасы. Паротиттік инфекциясының алдын алу. Науқасты 9-10 күнге (жұқпалы кезеңге) жекелеу. Ауруханаға ауыр түрлсрін және эпидемиологиялық көрсеткіштеге қарай жатқьпу. Бөлмені жеделдету.Паротитпен ауырмаған 10 жасқа дейінгі балаларды Науқаспен қатынаста болған күннен бастап 21 күнге дейін Науқаспен қатыстырмау, гамммаглобұлин енгізу. Науқасты үйде емдегенде эпидемиологиялық паротиттпен ауырмаған 10 жасқа дейінгі балалар контакт болған күннен бастап 21 күнге дейін бөлінеді. Инкубациялық кезеңнің 1-ші 10 күнінде қатынастар болғанда балалар коллективіне бара алады, ал инкубацияның 11-21 күндері бөлінеді.

12. Эпидемиялық паротит. Ажырату диагностикасы. Асқынуы. Эпидемиялық паротит ауа — тамшылы инфекциялардың ішінде белсенді иммунизацияға жұргізгенге дейін 3-ші орынды алған (қызылша және желшешектән кейін). Дифференциалды диагнозды жүргізу керек:

1. Жақ асты лимфаденит (инфильтрат төменгі жақ бұрышында орналасады, пальпацияда аурады, лимфа түйіндерінің контуры бөлініп тұрады, аңқада — баспа).2. Екіншілік паротитпен (басқа ауыр инфекция кезінде, жиі бір жақтық, ауырады, терісі қызарған басқа ағзалар зақымдалмайды)3. Периодонтитпен (жақ аумағында орналасады, кареозды тіспен қызыл иектің ісінуі болады).4. Аңқа дифтериясының токсикалық түрінен (аңқадағы өзгерістер, ісіну, пленкалар), лабораториялық диагаостикалық әдістерден комплемёнт байланыстыру реакциясын және гемаглютинация реакциясын ұсынады олар практикада жиі қолданылмайды.5. Серозды менингиттермен

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]