Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Инфекция педиатрия.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
142.11 Кб
Скачать

4.Жәншау (скарлатина). Патогенезі. Ажырату диагнозы. Асқынуы.

үшбүрышы бозарған, тілі емізікті, терісі қызыл, майда нүктелі бөртпелер аяқ-қолдарының бүгілетін беттерінде орналасқан, үлкен қабыршақтармен қабыршақтанады, лейкоцитоз, нейтрофиллез, эозинофиллия болады. Патогенезі. Стрептококктың ену орны жиі - бадамша бездер және жоғарғы жолдарының лимфоидты аппараты, сирек — зақымдалған тері немесе шырышты қабаттар (күйік, жара, терлеген жерлер).

Инфекцияның егу орнында біріншілік қабыну ошағы дамиды. Бұл жерде стрептококктар кобейіп: токсиндер, ұлпалардың ыдырау өнімдері және микробтық денелер жиналады.

Жергілікті қабыну ошағынан стрептококктар инвазивті қасиеттеріне байланысты таралады және токсиндер мен белоктардың ыдырау өнімдері ішке сорылады.

Организмде күрделі патологиялық процесс дамиды. Онда үш синдром (үш патогенездік бағыт) ажыратуға болады: инфекциялық (немесе сепситік) токсикалық және аллергиялық.

Инфекциялық синдромға стрептококктардың көбеюімен және тіршілігімен байланысты өзгерістер кіреді. Қоздырғыштың ену орнында катаралды қабыну пайда болады; кейде іріңді, некрозды процесс дамуы мүмкін. Асқынулар: жәншаудың асқынулары токсикалық, септикалық және аллергиялық болып бөлінеді. Пайда болу уақытына байланысты — ерте және кеш асқынулар.

Септикалық асқынуларға лимфаденит, аденофлегмона, отит, мастоидит, синусит, пневмония, септикалық интерстициалды нефрит жатады.

Аллергиялық асқынулар — жедел диффузды гломерулонефрит, синовит, инфекциялық жүрек. Аталған асқынулар кеш асқынуларға жатады (2-3 аптада немесе одан кеш дамиды). Кейбір балаларда 3-4 ші аптада рецидив дамып, негізгі белгілер қайталануы мүмкін. Көп ғалымдардың ойы бойынша рецидивтер реинфекеция және суперинфекция нәтижесінде немесе бала организмініңжалпы аллергиялық жағдайының нәтижесінде пайда болады.

Ажырату диагностикасы: Жәншауды баспамен және бөртпемен көрінетін аурулардан ажырату керек; ерте жастағы балаларда — аллергиялық бөртпеден, тершеңдік (потница) ажыратады.

Үлкен жастағы балаларда псевдотуберкулезден, иерсиниоздан, стафилококктық инфекциядан ажырату қиындыққа соғады.

Жәншаудың токсикалық түрлерін менингиттерден ажыратады. Аңқада некроз болса, аңқа күлінен ажырату керек.

5.Жәншау (скарлатина). Клиникасы. Диагностикасы. Алдын алу шаралары.

Клиникасы. Бұл ауру кезінде инкубациялық кезең 2 күннен 12 күнге дейін, орташа 7 күн болады. қысқа инкубация (1-3 күн) экстрабуккадды скарлатинада кездеседі. Ауру өдетте жедел басталады. Дене қызуы көтеріледі, калтырау, құсу болады; Науқастың басы ауырады, жұтқан кезде тамағы ауырады; пульс жиілейді. Кейде, әсіресе аурудың ауыр түрлерінде орталық нерв жүйесінің зақымдалу белгілері - қозу, сандырақгау, мазалану немесе ұйқышылдық, апатия, құрысу, кейде - менингеалды белгілер пайда болады. Тері құрғақ, ыстық болады. Аңкада айқын гиперемия көрінеді, бадамша бездерінің бетінде және лакуналарында іріңдіжабынды немесе жалқық болады. Бірнеше сағатган кейін, көбінесе бірінші тәуліктің соңында терінің қызарған тұсында ұсақ нүктелі бөртпе пайда болып, дене бойында тарайды. Жәншаудың бөртпесі дерманың жоғарғы қабатгарының жедел қабынуы болып табылады; кейіннен эпидермисте өзгерістер дамуы мүмкін. Бөртпелер қолдардың бүгілетін бетінде, савдардың ішкі бетінде, кеудемен іштің төменгі бөлігінің алдыңғы және бүйір беттерінде айқын көрінеді. Терінің табиғи қатпарларында бөртпе айқынырақ болып, ұзақ сақталады. Бұл жерлерде көп жағдайларда қоңыр - қызыл жолақтар пайда болады (Пасти симптомы).

Бетте бөртпе ұртта, маңдайда орналасып, мұрын ерін үшбүрышы (Филатов үшбүрышы) таза болады және ағарады; бұны иннервация ерекшеліктерімен түсіндіруге болады. Кейде әдеттегі бөртпеден басқа, қол басында, кеудеде, арқада, мойында, миллиарлы бөртпе пайда болады. Кей жағдайларда ірі - дақты, дақты — папулездік бөртпе. Жиірек петехиалды элементтерде кездеседі. Бөртпе элементтерінің полиморфтығы жәншаудың ауыр түрлеріне тән. Ауыр формаларында жайылмалы қан қүйылымдары да пайда болады. Бөртпе түсінің қанықтығы жағдайдың ауырлығы туралы айтады.

Бөртпе 36-48 сағатқа дейін сақталып, аурудың 7-8 күндері басылады. Капиллярлар зақымдалуының нәтижесінде қан тамырлық сынамалар (Кончаловский және Румпель — Лееде) сынамалары; немесе "шымшу" және "жгут" сынамалары "оң" болады. Дермографизм ақ; айқын қан тамырлық реакция жеңіл түрлерге тән. Ауыр жағдайларда ақ дермографизм мен көгеру түсті болады. Жоғарыда айтылғандай, интоксикация белгілері токсиннің нерв жүйесіне әсер етуімен негізделеді. Дене қызуы жоғарлайды; құсу; жүрек - қан та-мырлар аппаратының бұзылыстары пайда болады. Жеңіл жағдайларда дене қызуы субфебрилді болады; температураның өте жоғары сандары күшті интоксикация туралы мәлімет.

Құсу — интоксикацияның бастапқы белгісі, жиі кездеседі (60-80%-те). Құсу қайталанып, 2 тәулікке созылуы мүмкін; аурудың ауырлығы туралы айтады.

Пульс жиілейді; бірақдене қызуына сәйкес болмайды. Жиіленген пульс жоғарланған артериалды қысыммен қатар симпатикотопия жағдайын көрсетеді.

Аурудың бірінші күндерінде саливация төмендейді. Тілі құрғақ, сұртүсті жабындымен жабылған. Үшінші күннен бастап тіл тазарып, оның бетінің түсі қаннық-қызыл болып, еміздікшелері (сосочки) ісініп, үлкейеді ("құлпынайлы тіл"). Жеңіл жағдайларда тіл емізікшелері ісінбейді.

Тәбет төмендейді. Іш қатуы мүмкін (запоры). Кішкентай балаларда іш өтуі мүмкін. Науқастардың 50%- бауыр үлкейеді. Кейде бауыр функциясының бұзылу белгілері пайда болады (тері сарғыштығы, зәрде уробилиногеннің пайда болуы, қанда билирубин деңгейінін, көтерілуі). Жеңіл және орташа ауыр түрлерінде Науқастардың 15-18%-де, ал ауыр түрлерімен ауыратын Науқастардың 57-63%-де көк бауыр үлкейеді.

Зәр мөлшері азаяды; реакциясы қышқыл; құрамында ураттар, белок іздері болады (фебрилді альбуминурия). Зәр тұнбасында, аурудың бірінші күндерінде уритроциттер және гиалиндік цилиндрлер болады.Диагностикасы: Әдеттегідей жағдайларды диагноз қою қиындыққа соқпайды, себебі жәншауға тән бөртпе, баспа дамиды; регионарлы лимфа түйіндер үлкейеді; гемограммада тән өзгерістер болады.

Жасырын немесе атипиялық түрлерде клиникалық эпидемиологиялық және лабораториялық мәліметтер жиынтығына назар аударылады. Дұрыс клиникалық бақылаулардың және ерте кезде зерттеудің шешуші маңызы бар. Алдын алу шаралары:

Активті иммунизация жүргізілмейді. Алдын - алудың жалпы шаралары: Науқасты ерте кезде анықтап, оны жеке бөлу (изоляция). Мектепке дейінгі балалар мен 1-2-ші класс оқушылар Науқаспен қатысқан жағдайда 7 күнге (ауру көзін жеке бөлгеннен бастап) карантин салынады. Егер Науқас үйде калса, карантин 17 күнге салынады.

Науқас ауруханадан клиникалық лабораториялық сауығу жағдайында; температура қалыптасқаннан 5 күннен кейін шығарылады. Науқас 10 күнге бөлек бөлінеді (изоляция). Бірақ мектепке дейінгі балалар және 1-2-ші класс оқушылар 22 күн бойы үй төртібінде болуы керек (ауру рецидивтері мен аллергиялық асқынуларды алдын — алу үшін).

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]