Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Инфекция педиатрия.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
142.11 Кб
Скачать
  1. Жұтқыншақ дифтериясы. Клиникасы. Диагностикасы. Алдын алу шаралары.

Ауыз — жұткыншақтың жайылмалы күлі өте сирек кездеседі. Клиникасы жергілікті күлге ұқсас болады. Ерекше белгісі — жабындылардың бадамша бездерінен асып, доғашықтарға, тілшікке, жұтқыншақтың бүйір және артқы қабырғаларына өтуі. Улану белгілері, бадамша бездер мен доғашықтардың ісінуі мен кызаруы, топзиллярлы лимфа түйіндердің үлкеюі жергілікті күлге карағанда айқынырақ дамиды. Жұтыну кезіндегі сезім және лимфа түйіндердеіі ауру сезім жергілікті күл кезіндегідей. Жұмсақ тандай мен мойын шел клетчаткасының ісінуі болмайды (ауыз-жұтқыншақтың токсикалық дифтериясынан айрықша).

Ауыз — жұтқыншақтың токсикалық күлде көбінесе жедел, бірден токсикалық сияқты басталады, сирек жағдайларда емделмеген жергілікті немесе жайылмалы күлден дамиды. Т° алғашқы 2 сағат ішінде 39-40°С-қа дейін көтеріледі, бас ауру, қалтырау, қайталамалы құсық, тахикардия, әлсіздік, анорексия болады. Аурудың бірінші сағаттарынан бастап жалпы интоксикация белгілері басым (жергілікті және жайылмалы күлге қарағанда). Бастапқы кезеңде, өте ерте, болады бадамша бездердің үстінде жабындылардың және мойын шел клетчаткасының ісінуі пайда болғанға дейін, ауыз-жұтқыншақтың жұмсақ ұлпаларының ісінуі, ауру сезімдік синдром пайда болып, регионарлы лимфа түйіндері үлкейеді. Ісіну бадамша бездерден басталып, кейін доғашықгарға, тілшікке, жұмсақ және қатты таңдайға тарайды. Жабындылар ісінген бадамша бездерінде пайда болады; алғашқы сағаттарда өрмек тәрізді болып, жеңіл алынады, бірақ алынған жабындылар орнына пленка жаңадан пайда болып, тығызданып, қиын алынады. Жабындылар көбейіп, бадамша бездердің шетіне жайылады. Мойын клетчаткасының ісінуі (ауру сезімсіз, қамыр тәрізді консистенциялы) үлкейген жергілікті лимфа түйіндер аумағында бірінші тәуліктің соңында пайда болады.

Аурудың өршу кезеңінде (2-3 күн) интоксикация белгілері және жергілікті өзгерістер толық дамиды. Адинамия терінің бозаруы, еріндер цианозы, тахикардия, гипотопия болады, бадамша бездер ісінуі үлкейеді, жабындылар бадамша бездер шетіне тарайды, мойын клетчаткасы өршіп, кеудеге, кейде ішке қарай жайылады. Күл диагностикасының көмекші әдістері:

1.Бактериологиялық зерттеу

2. Иммунологиялық зерттеу әдістері:

3.БЛ микробтарын ТГАР (РПГА) бойынша антибактериалды антиденелерді анықтау

4.Антигенбайланыстырушы лимфоциттер (АБЛ)

Алдын алу. Бұйрық №ПЗ (ҚРДМ 11 март 1997 жыл) бар. Балалардың 97-98% -н күлге қарсы иммунизациялауды қамтамасыз ету, аурудың алдын алуы ықпал етеді. АКДС вакцинасы балаларға екі айлық кезінен салынады. Вакцинация 3-рет тек (0,5-тері астына), ара кашықгығы 28-30 күн. Ревакцинация 1,5 жылдан кейін (18 ай-дан кейін), 2-ші ревакцинация 6-7 жаста (АДС вакцинамен), 12 жас (АД), 16-17 жас (АДС) және әр он жыл сайын.

Баспамен ауырған науқастарды бақылау (3 күн бойы) және 1 рет күлге бактериологиялық зерттеу жүргізу. Күл күмән туса КҚС енгізу. Күлден күмәнмен немесе нақты аурумен түскен науқастан стационарға түскенде және одан кейінгі 2 күн қатарынан бак зерттеу алу Қатынаста болғандарды 1 рет БЛ-ге тексереді. БЛ-ге бір реттік бактериологиялық тексеру балалар үйіне түскен балалар және басқа адамдарды, мектеп-иттернатқа түсушілерді, туб.инфекция-сы бар балалардың санаторилерінен түсушілерді, балалар және ересектер психоневрологиялық станцияларда жатқандарды арнайы балалар мекемелеріндегі (ОЖЖ зақымдануы бар балалар мекемелері) өткізу қажет.

Стационардан реконвалесценттер БЛ-ге алынған екі теріс нәтижесі анализден соң шығарылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]