Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Инфекция педиатрия.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
142.11 Кб
Скачать

29. Полиомиелит. Анықтамасы. Этиология. Эпидемиология.

Полиомиелит – жұлын миының алдыңғы мүйізінің қозғалтқыш жасушаларының зақымдалуынан парез және салданудың дамуымен көрінетін манафесті форма, вирустың этиологиясы – жедел жұқпалы аурулар.Қоздырғыш – пиконавирус туысының энтеровирус түріне жататын полиомиелит вирусы. Полиомиелит вирусының мөлшері аз, РНҚ құрамына ие. Қоздырғыш үш антигенді типпен көрсетілген. 1-ші типті вирус ең қауіпті болып саналады. Қоздырғыш қайнатқанда, УФО, формальдегидпен өңдегенде тез жойылады, біраз мұздатқанда көптеген айлар бойы сақталады.

Полиомиелитті көбіне өмірінің алғашқы 4 жылындағы балалар қабылдайды. Инфекция көзі –науқас адам немесе нәжіс массасымен немесе кеңірдегі арқылы вирус бөлінетін тасымалдаушы. Кеңірдекте вирус 1-2 аптадан көп болмайды. Фекальмен вирустың бөлінуі бірнеше аптаға дейін, кейде бірнеше айға дейін созылады. Негізгі зақымдалу жолы – аурудың бірінші тәулігінде фекальды-оральды немесе тасымалдаушылық ауа-тамшылы. Әлсіз климатты мемлекеттерде жазда, күздің бастапқы айында тіркейді, оңтүстік елдерде-жыл бойы. Паралитикалық және паралитикалық емес формаларымен науқастың қатынасы 1:200 құрайды.

30. Менингококкты инфекция.Анықтамасы. Этиологиясы. Эпидемиологиясы.

Менингококкты инфекция – ауалы-тамшылы жолмен таралатын жедел инфекциялық ауру. Менингококкпен шақырылады және мұрын-жұтқыншақтың шырыш қабатын зақымдайды, сонымен қатар арнайы септицемияның жайылған түрінде және бас ми қабығының қабынуымен көрінеді.Менингококкты инфекцияның қоздырғышы- менингококкты (Neisseria menengitidis) – грам теріс, диплококк, кофенің дақылы тәрізді формада. Жасушаның ішінде және сыртында орналасады, спора түзбейді, жгут жоқ, аэроб. Серологиялық бір текті емес 11 серотоп қоздырғышы эпидемиологялық дүмпу кезінде жиі А және В топты менингококк болады, спородикалық ауруларда – С тобы. Жасушалық қабырғасын термолабильді компонетті құрайды, табиғаты липополисохаридті, яғни менингококкты токсикалық әсерімен көрінеді. Сыртқы ортада менингококк тұрақсыз, қайтқанда сол мезетте өледі, дезинфекциялық ерітінділерде бірнеше сағат ішінде өледі.

Көбінесе балалар ауырады (80%), жиі 5 жасқа дейінгі балалар. Менингококк инфециялық жоғарғы тыныс жолдары және мұрын-жұтқыншағының секретінің жұқтыруы арқылы беріледі. Инфекцияның көзі – науқас және бактерия тасымалдаушы. Инфекциялық берілу жолы - ауалы-тамшылы. Контагиоздық индексі -10-15%. Ауру шыңы -0,5%, бұл қоздырғыштың қоршаған ортаға тұрақсыздығын білдіреді. Тасымалдаушылық бірнеше аптаға созылады. Инфекциялық ошақтарда тасымалдаушылықтың таралуы 10-80%.

2 – денгей

  1. Біріншілік ангиналар. Жіктелуі.Клиникасы.Диагностикасы.

Ангина ( лат. ango — «қысу, басу, баспа ») — жедел дамитын патологиялық жағдай, мұнда жұтқыншақ маңы бадамшалар сақинасының (Пирогов-Вальдейр) көбінесе таңдай бадамшаларының қабынуы туындайды.

Локализациясы бойынша: таңдай бадамшасының, тіл бадамшасының, жұтқыншақтың бүйір төсемдерінің, көмей.

Ауырлығы бойынша: жеңіл, орташа, ауыр.

Қабыну сипаты бойынша: I — катаральды II — фолликулярлы III — лакунарлы IV — фибринозды V — герпетикалық VI — флегмонозды (интратонзиллярлы абсцесс) VII —жаралы-некротикалық (гангренозды) VIII — аралас.

Клиникасы:

Инкубациялық к 1-2 күнге созылады. Ауру жедел басталады: сау адамда бірден қалтырау, бас ауруы, буындардағы құрысу, жалпы әлсіздік, жұтыну кезіндегі тамақтағы ауырсыну , мүнымен қоса дене қызуы 40 С° дейін көтеріледі, тәбеті төмендеп, ұйқысы бұзылады. Тамақтағы ауырсыну біртіндеп артып, тұрақты болады. Біріншілік ангина үшін тән симптом жұтқыншақтағы тамақтағы екі жақты ауырсыну. Біріншілік ангина үшін міндетті симптом болып жергілікті лимфа түйіндерінің ауырсынуы мен ұлғаюы болып табылады. Бұларға жақ асты лимфа түйіндері жатады: пальпациялау кезінде қолға сезіледі және қозғалмалы болады. Жұтқыншақты карау кезінде қызару, бадамшаның ұлғаюы, 2-3мм көлеміндегі сарғыш түзілісті фолликулярлы, фиброзды-іріңді жағындыны лакунарлы ангинада көруге болады.

Диагностика.

Бактерологиялық зерттеу кезінде 5 пайыздық агарда бетта- гемолитикалық стрептококктың жаппай өсуі байқалады. Серологиялық зерттеуде 10-12 күндері қан сары суында стрептолизин-О, стрептокиназа, стрептококкты полисахаридке антидене титрі өседі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]