- •Мазмұны
- •1 Әдеби шолу
- •1.1 Коррозияның алғы шарттары
- •Сурет 1.1 - Металдардың коррозияға ұшырауы
- •Кен орындарының геологиялық сипаттамасы
- •1.3 Кен орындары туралы жалпы мағлұмат
- •1.4 Стратиграфия
- •1.1 Кесте - Стратиграфиялық объектілер мен аумағы бойынша мұнай кендерінің қалыңдығының сипаттамасы
- •Перм жүйесі – р.
- •1.5 Тектоника
- •1.2 Сурет - Теңіздің геологиялық моделі
- •Сурет - Теңіз карбонатты платформасының және оның қапталдарының сейсмографиялық сұлбасы
- •1.2 Кесте - Керннің лабораториялық зерттеу мәліметтері бойынша өткізгіштік үлестірімінің статистикалық қатары
- •1.3 Кесте - Теңіз кен орнының мұнай қасиеттері
- •1.7 Сулылығы
- •2 Тәжірибелік бөлім
- •2.1 Әдіс-тәсілдердің негізделуі
- •2.2 Жабдықты таңдау және құрастыру
- •2.1 Сурет - Кен орнын өңдеу кезінде суландыру әдісі арқылы қабаттық
- •2.3 Негізгі көрсеткіштердің технлогиялық және құрылымдық есебі
- •2.3.1 Вертикальді гравитациялық сепараторды есептеу
- •2.3.2 Электродегидраторды есептеу
- •2.2 Сурет - эг200-10 горизонтальді электродегидраторы
- •2.3.3 Ингибитордың тұтыну көлемі
- •2.4 Технологиялық шешімі
- •2.1 Кесте - снпх-6301 «кз» сипаттамасы
- •2.2 Кесте - снпх-6301 «кз» Физикалық және химиялық қасиеттері
- •3 Еңбекті қорғау, қоршаған ортаны қорғау және техника қауіпсіздігі
- •3.1 Теңіз кен орнындағы еңбекті қорғау
- •3.2 Қосымша жабдықтармен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік техникасы
- •3.3 Атмосфераны ластаушы ретінде кәсіпорынның сипаттамасы
- •3.5 Өңдеу объектілерінің қолданыстағы атмосфера қабатының ластануына қосқан үлесін бағалау
- •3.1 Кесте - Зиянды заттардың максимальді концентрациясы
- •3.5.1 Судың қазіргі жай-күйі
- •3.1 Сурет - Теңіз кен орнындағы судың құрамы, мг/л.
- •3.5.2 Топырақ пен жер қыртысының қазіргі жағдайы
- •3.6 Жер ресурстарын қорғау
- •3.7 Санитариялық-қорғаныш аймағының шекараларын анықтау
- •3.9 Коррозия ингибиторымен жұмыс жасау кезіндегі қауіпсіздік техникасы
- •4 Экономикалық бөлім
- •4.1 «Тенгизшевройл» бк ұйымдастырушылық сипаттамасы
- •4.1 Сурет - Компанияның ұйымдасқан құрылымы.
- •4.2 Кәсіпорынның негізгі қорларының және айналым құралдарының сипаттамасы
- •4.3 Кәсіпорынның капиталдық және ағымдағы шығындары, мұнай дайындаудағы капиталдық шығындар
- •Кесте - Өндіріс шығындарын төмендетудің сипаттау әдістемесі
- •4.4 Енгізілген жабдықтардың немесе іс-шаралардың қысқаша сипаттамасы
- •4.5 Өндірістің тиімділігін және техника-экономикалық көрсеткіштерін есептеу
- •4.6 Берілген бағдарламаны орындау үшін қажетт жабдықтар санының есебі
- •Энергетикалық шығындар есебі
- •Жалақыны есептеу
- •4.3 Кесте - Еңбекақы төлеу есебінің жиынтық кестесі
- •Коррозиядан қорғау үшін кететін шығындар «Теңізде» қолданылатын коррозиядан қорғау ингибиторы үшін 1 литрге 980тг жұмсалады:
- •4.3 Кесте - Енгізгенге дейінгі негізгі техникаэкономикалық көрсеткіштер
- •4.7 Ұсынылатын іс-шаралардың экономикалық тиімділігін есептеу
- •Коррозиядан қорғауға кеткен шығындар
- •4.5 Кесте - Енгізгеннен кейінгі негізгі техника-экономикалық көрсеткіштер
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1.5 Тектоника
Теңіз кен орнында ашылған шөгінді жыныстарының қалыңдығы төрттіктен жоғары девондық шөгінделермен берілген (1.2 сурет).
Шөгінді бөлігінде үш ірі литлого-стратиграфиялық кешен ерекшеленеді: тұзасты (жоғары девон-артиндік түзілімдер), тұзды-кунгур, тұзүсті – жоғары пермнен төрттікке дейін.
Максимальді ашылған тереңдігі Т-53 ұңғымасында 6455 м-ді құрайды. Девондық шөгінділер 01.01.93 ж. ВолгоградНИПИнефть зерттеулеріне сай төрт ұңғымада Т-10, Т-17, Т-22, Т-41 және сәйкес қалыңдығы бойынша 38, 55, 84, 87 құрайды. «Теңізшевройл» ЖШС орындаған зерттеулер бойынша девондық шөгінділер тек Т-10 және Т-17 екі ұңғымасында ашылған. Т-22 ұңғымасында палеонтологиялық зерттеулер девондық шөгінділердің бар екенін растамайды, Т-41 ешқандай комментарий жүргізілмеген, бірақ, ТШО материалдары бойынша онда тек туль шөгінділері ашылған.
Төменгі тас көмірлі шөгінділер ашық алаңқай горизонттар бірлестігі көлемінде 607 м дейін (Т-22 ұңғымасы) ашылған, бұдан әрі максимальді қалыңдығы 297 м жететін ока горизонттар бірлестігі ашылған (Т-22 ұңғымасы) және серпухов ярусының жалпы қалыңдығы 197 м дейін (Т-16 ұңғымасы); төменгі тас көмірлі шөгінділер бащқұрт ярусы көлемінде 204 м қалыңдыққа дейін (Т-40 ұңғымасы); төменгі пермдік шөгінділер артиндік және кунгур ярусы көлемінде 1876 м қалыңдыққа дейін; жоғары пермдік шөгінділер қалыңдығы 972 м дейін; триасты шөгінділер 500 м дейін; юралық шөгінділер 1798 м қалыңдыққа дейін; борлы шөгінділер 2675 м қалыңдыққа дейін; палеогенді шөгінділер, неогенді шөгінділер және төрттік жүйе 240 м қалыңдыққа дейін ашылған.
Орнатылған мұнай кенішімен байланысқан тұзасты шөгінділер литологиялы түрде оргоногенді болып келетін карбонатты жыныстармен берілген. Таскөмір құралымдарының шайылған бетінде жататын артиндік шөгінділер көбіне терригенді жыныстардың қайтатүзілген әк сынықтарынан құралған.
Кунгур жасындағы тұзды шөгінділер сульфатты-галогенді жыныстардың өте қалың екендігі ескерілген, қалыңдығы 500-ден 1700 м дейін өзгеріп отырады.
1.2 Сурет - Теңіздің геологиялық моделі
Тұзүсті шөгінді кешені Теңіз дөңесінің терригенді жыныстарынан Приморск дөңесінің шығыс бөлігіне қарай ұштастырылған. Солтүстіктен ол Патшалық дөңеспен кулиса тәрізді ұштастырылады, оңтүстіктен және шығыста Култук террасасымен шектеледі.
Девондық және таскөмір жасты шөгінділерінен тұратын қуатты тұзасты карбонатты платформа осы аумақты біріктіретін элемент болып табылады. Бұл платформа шегінде жоғары амплитудалы карбонатты массивтермен байланысқан бұрғылау деректер бойынша ең ірісі және зерттелгені Теңіз болып табылатын құрылымдар қатары бар.
Карбонатты шөгінділер жабыны бойынша Теңіз дөңесі (П1 горизонтын сипаттайтын) 5900 м өзінде бекітулі изогипс бойынша амплитуасы 1600м дан артық 33х27 км өлшемді изометрия формасындағы ірі қойманы көрсетеді. Теңіз тұзасты массиві құрылысы туралы көзқарастар үш фактор әсері бойынша шамаланады: тектоникалық, седиментациялық және эрозиялық, нәтижесінде кунгур-артин шөгінділері орта тас көмірден девонға дейінгі тең қалыптағы карбонатты құралымдарды жауып жатады, осылайша қөұрылымдық карта барлық тұзасты карбонатты кешенді қамтитын гимдродинамикалық бірыңғай табиғи резервуардың жоғарғы қабатында көрінеді.
Құрылым эрозиялық бөліктің аумағындағы жиектерге қатты батқан және еңістеу кең дөңес бөлікке ие.
Тульдік және девондық шөгінділерден тұратын екінші объектінің беті негізінен тульдік горизонттың жабынын қамтиды, сондықтан да жиектерге еңістеу құлайды, ал девонға дейінгі шайылған карбонатты шөгінділер врездің қатты батқан бөліктерінде толығымен бірінші объектінің бетін қайталайды.
Осындай көріністерден айырмашылығы құрылымның платформалы бөліктеріне және оның бортында кемшіліктер болмаған, «ТШО» ЖШС мамандарының көзқарасы бойынша Теңіз құрылымы дизъюнктивті бұзулармен платформа шегінде де, бортты бөліктерінде де едәуір бұзылған.
Мұнай кенішінен тұратын Теңіз табиғи резервуары разрез бойынша «ТШО» башқұрт, серпухов және ока шөгінділерінен тұратын 1 қалыңдыққа, туль және өте ерте карбон шөгінділері кіретін 2 қалыңдыққа, девон және төменгі – терригенді және жоғарғы – карбонатты бөліктерінен тұратын 3 қалыңдыққа бөлінген. Қазіргі таңда 3 қалыңджықтағы карбонатты бөлік ашылған.
Массивтің орталық бөлігінде ұңғымалардың ашылған разрездер Ресей, Қазақстан және «ТШО» ЖШС мамандарымен теңдей қаралады , ал борты және борт маңындағы бөліктерде әр түрлі, себебі карбонатты құрылым мен сәйкесінше оның морфологиясының қалыптасуы әр түрлі көзқараспен байланысты.
«ТШО» ЖШС мәліметіне сай жарықтар платформаның солтүстік, батыс және шығыс борттарын бойлай бөлінеді, ал платформаның өзі ұсақ бөліктер сериясынан құралған.
Теңіз кен орнының өнімді шөгінділерін құрайтын жыныстар органогенді, оргоногенді сынық, оргоногенді-детритті, кесектелген және оолитті әктастар, көбіне сазды емес (5% кем), жарықты, белгілі бір мөлшерде сілтісізденген болып кездеседі.
Қарқынды жарықшылықтың дамуы және жарық бойымен сілтісіздену салдарынан тесіктерді және шұңқырларды біріктіретін және әр түрлі коллекторлы қасиеттеріне байланысты аумақтардың бірігуін қамтитын өнімді қатқабатын бірыңғай гидродинамикалық түрде байланысқан резервуар деп қарастыру керек.
Өнімді қатқабат жыныстардың бос кеңістігі тесік, шұңқыр және жарық ретінде берілген, бос кеңістіктің әр түрлеріне байланысты болатын коллекторлардың әр түрлі күрделі типтерге жататынын және олардың сыйымды және фильтрлі коллектор потенциалына үлесін шамалайды. Жыныстардың тесіктердің, шұңқырлардың және жарықтардың әр түрінде мұнай үшін сыйымдылық және фильтрлі орта параметрлерінің өзгерісіне байланысты олар үш коллекторлар тобына бірігеді: жарықты, тесік-шұңқыр-жарықты және жарықты-шұңқырлы-тесікті. Мұндай коллекторлардың типтелуі 1983 ж жүргізілген болатын және барлық келесі зерттеулерде көрініс тапқан [2] .
Құрылым аумағы бойынша дөңестің тегіс орталық бөлігі біршама асында бар деп жобаланатын, және жиегі құрылымға ылди болып келетін платформаға бөлінген.Теңіз карбонатты платформасының және оның қапталдарының сейсмографиялық сұлбасы 1.3 суретте берілген.
1-рифей іргетасы; 2- төменгі палеозой терригенді шөгінділері; 3- пассивті құрлықтық шетінің терреген-карбонатты кешені; 4-карбонатты шөгінділер; 5-терригон грауваккалы кешені; 6-карбонатты сазды салыстырмалы терең формация; 8-тиелген шельфтің терригенді кешені; 9-жоғары амплитудалы су басатын дөңестердің сазды шөгінділері; 10-жанартаумиктілі бума; 11-сульфатты-галогенді формация; 12- жауын-шашын болмайтын аумақ.
