- •Мазмұны
- •1 Әдеби шолу
- •1.1 Коррозияның алғы шарттары
- •Сурет 1.1 - Металдардың коррозияға ұшырауы
- •Кен орындарының геологиялық сипаттамасы
- •1.3 Кен орындары туралы жалпы мағлұмат
- •1.4 Стратиграфия
- •1.1 Кесте - Стратиграфиялық объектілер мен аумағы бойынша мұнай кендерінің қалыңдығының сипаттамасы
- •Перм жүйесі – р.
- •1.5 Тектоника
- •1.2 Сурет - Теңіздің геологиялық моделі
- •Сурет - Теңіз карбонатты платформасының және оның қапталдарының сейсмографиялық сұлбасы
- •1.2 Кесте - Керннің лабораториялық зерттеу мәліметтері бойынша өткізгіштік үлестірімінің статистикалық қатары
- •1.3 Кесте - Теңіз кен орнының мұнай қасиеттері
- •1.7 Сулылығы
- •2 Тәжірибелік бөлім
- •2.1 Әдіс-тәсілдердің негізделуі
- •2.2 Жабдықты таңдау және құрастыру
- •2.1 Сурет - Кен орнын өңдеу кезінде суландыру әдісі арқылы қабаттық
- •2.3 Негізгі көрсеткіштердің технлогиялық және құрылымдық есебі
- •2.3.1 Вертикальді гравитациялық сепараторды есептеу
- •2.3.2 Электродегидраторды есептеу
- •2.2 Сурет - эг200-10 горизонтальді электродегидраторы
- •2.3.3 Ингибитордың тұтыну көлемі
- •2.4 Технологиялық шешімі
- •2.1 Кесте - снпх-6301 «кз» сипаттамасы
- •2.2 Кесте - снпх-6301 «кз» Физикалық және химиялық қасиеттері
- •3 Еңбекті қорғау, қоршаған ортаны қорғау және техника қауіпсіздігі
- •3.1 Теңіз кен орнындағы еңбекті қорғау
- •3.2 Қосымша жабдықтармен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік техникасы
- •3.3 Атмосфераны ластаушы ретінде кәсіпорынның сипаттамасы
- •3.5 Өңдеу объектілерінің қолданыстағы атмосфера қабатының ластануына қосқан үлесін бағалау
- •3.1 Кесте - Зиянды заттардың максимальді концентрациясы
- •3.5.1 Судың қазіргі жай-күйі
- •3.1 Сурет - Теңіз кен орнындағы судың құрамы, мг/л.
- •3.5.2 Топырақ пен жер қыртысының қазіргі жағдайы
- •3.6 Жер ресурстарын қорғау
- •3.7 Санитариялық-қорғаныш аймағының шекараларын анықтау
- •3.9 Коррозия ингибиторымен жұмыс жасау кезіндегі қауіпсіздік техникасы
- •4 Экономикалық бөлім
- •4.1 «Тенгизшевройл» бк ұйымдастырушылық сипаттамасы
- •4.1 Сурет - Компанияның ұйымдасқан құрылымы.
- •4.2 Кәсіпорынның негізгі қорларының және айналым құралдарының сипаттамасы
- •4.3 Кәсіпорынның капиталдық және ағымдағы шығындары, мұнай дайындаудағы капиталдық шығындар
- •Кесте - Өндіріс шығындарын төмендетудің сипаттау әдістемесі
- •4.4 Енгізілген жабдықтардың немесе іс-шаралардың қысқаша сипаттамасы
- •4.5 Өндірістің тиімділігін және техника-экономикалық көрсеткіштерін есептеу
- •4.6 Берілген бағдарламаны орындау үшін қажетт жабдықтар санының есебі
- •Энергетикалық шығындар есебі
- •Жалақыны есептеу
- •4.3 Кесте - Еңбекақы төлеу есебінің жиынтық кестесі
- •Коррозиядан қорғау үшін кететін шығындар «Теңізде» қолданылатын коррозиядан қорғау ингибиторы үшін 1 литрге 980тг жұмсалады:
- •4.3 Кесте - Енгізгенге дейінгі негізгі техникаэкономикалық көрсеткіштер
- •4.7 Ұсынылатын іс-шаралардың экономикалық тиімділігін есептеу
- •Коррозиядан қорғауға кеткен шығындар
- •4.5 Кесте - Енгізгеннен кейінгі негізгі техника-экономикалық көрсеткіштер
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1.4 Стратиграфия
Теңізде төрттік кезеңнен жоғарғы девон жасына дейінгі қабаттар ашылған. Жалпы, шөгінді бөлімінде үш ірі литологостратиграфиялық кешен бар: тұзасты (жоғарғы девон – артиндік), тұзды (кунгур) және тұзүсті (жоғарғы пермь – төрттік) (қосымша 3).
Тұзасты шөгінділер негізінен әр түрлі фациональді карбонат жыныстарымен берілген. Негізгі материал және корреляция талдаулары бойынша неғұрлым егжей-тегжейлі стратиграфиялық бөліктерді ярустарға бөледі. Ашылған карбонатты кен орындарының қалыңдығы 100-ден 300 метрге дейін ауытқиды. Т-22, Т-24 ұңғымаларының қалыңдығы 1000 метрді құрайды.
Артин шөгінділері терригенді жыныстардың көбіне қайта түзілген әк сынықтарымен қосылған. Оның көтерілу тоғыспа бөлігінің қалыңдығы 20 м-ден 100 м-ге дейін ауытқиды. Жиектерінің қалыңдығы 700-1000 м дейін артады.
Кунгур жас шамасының тұзды шөгінділері сульфатты-галогенді жыныс қалыңдығы берілген және үшмүшелі құрылымға ие: ангидрит төсеме қабатынан, тас тұзынан және ангидритті жабатын қабаттан тұрады. Кунгур шөгінділерінің қуаты 500-ден 1700 м дейін өзгеріп отырады.
Тұзүсті кешен негізінен Каспий жағалауы алқабының оңтүстік-шығысына тән терригенді шөгінділермен берілген.
Теңіз коллекторы үш негізгі блокқа бөлінген: объект 3 (девон шөгінділері); объект 2 – тулалық шөгінділер, «Тула» (бұрын - орташа визалық және турнелік); және объект 1 (башқұрт шөгінділері, жоғары визалыұ серпухов ярусы) [1].
Палеозой тобы – Pz;
Девондық жүйе D.
Теңіз платформасының девон шөгінділері объект 3 ретінде қарастырылады.
Теңіз карбонатты платформасы өз өсімін орта девонда терригенді шөгінділер арқылы жасалған жергілікті палео-рельефті биіктіктерде бастады. Девон кезеңінің соңына қарай карбонатты платформа жалпы 2300 м қуатқа жетеді. Девон коллекторының шамамен 500 м-і 5450 м құрайтын болжамды су-мұнай жанасу деңгейінен жоғары мұнай бағанына қосылған. Т-5660 ұңғымасының стратиграфиялық картасы (қосымша 4).
Теңіздегі екі ұңғыма ғана девон шөгінділеріне қол жеткізген. Т-10 ұңғымасы девонның төмен жатқан төсеме қабатына дейін 100 м тереңдікке жеткен, және орта девондағы ұңғылардың жалпы тереңдігі шамамен 5372 м құрайды. Кеңес палеонтология мектебі формацияның девондық екенін анықтады. Қазірде «Теңізшевройл» ЖШС қарамағында осы аралықтан ұзындығы 5 см жететін керннің тек екі бөлігі бар. Мұқият зерттеуден соң бұл сынықтардың өзінде пелоидтан және ұсақ фораминиферлерден, криноидеден және балдырлардан тұратын пакстоун және грейнстоунды көрсететіні анықталған. Т-10 ұңғымасы соңғы девонның карбонатты құрылымына кіргені туралы белгілер бар. Ашылған девон Т-17 екінші ұңғыма орта девонда орналласқан 5095 м тереңдіктегі девон қабаттарына кірген.
Бұл қима Т-16 ұңғымасының 5009 м тереңдікте девон шөгінділерінің байланыс аумағы бақыланады. Т-16 ұңғымасы түгел карбон қабатын жабатын жабыннан ерекшеленетін кристалды әктің 250 метрлік бумасына кірді. Бұл қима ока горизонты ретінде даталанады.
Т-35 ұңғымасындағы девон жабынының жиектері қадағаланады. Т-35 ұңғымасында карбонатты жыныстардың төсеме қабаты жоқ. Жоғарыда аталған бұрмаланған ұңғымалардан платформалардың түбінде ұңғымалардан ерекшеленетін ұңғымадағы девон шөгінділерінің жабыны өте терең болмауы қажет.
Таскөмірлі жүйе – С;
Төменгі бөлігі – С1;
Турнелік және Визалық ярустар – С1t, C1v.
ІІ объект төмендегілермен салыстырғанда жақсы зерттелген объект болып саналады. Ол өзінде ерте және орта Виза және Турней платформасында шамамен 550-600 м көрсетеді. Т-30 ұңғымасындағы тілімтастар анализі бұл аралықты жанартаулық туф ретінде түсіндіруге мүмкіндік береді. Жанартаулық туф қабаты 14 ұңғымамен ашылған. Ол алаңның солтүстік және шығыс бойымен созылып жатқан платформа борттарына және жоғары құрылымға жақын орналасқан.
ІІ объектіні сынақтан өткізу Т-22 платформалы ұңғымасының жоғары жағында 420 м аралықта кернді тұрақты шығару кезінде жасалды. Керн материалы қоңыр пакстоуннан және оған шашыраған криноид, микритизирленген фораминифер және балдырлар тұрады.
Каротаж диаграммалары және керн материалдары ІІ объектінің коллекторының нашар куыстығын ашық интервалын сипаттайды. «Теңізшевройл» ІІ объект бойынша коллектор қуатын толық және жан-жақты бағалау мақсатында кернге тереңдетілген талдау жүргізуде. Жарықтылық ІІ объектідегіқарапайым құбылыс болып табылады. Кейбір жарықтар ашық, кейбіреулері ішінара толықтырылған, көпшілігі толығымен кальцитпен жасалған. Сондай-ақ, біз Т-39 ұңғымасында ашылған кеуектіліктің горизонт бойынша карстық өзгеріс нәтижесі деп түсіндірілетін жоғарғы мәндерін аномальді түрде бақылай аламыз.
ІІ объектінің құрылым жиектеріндегі шөгінді жыныстардың болуы І объектінің сазды қабаты мен девон жабыны деп түсіндірілетін аралық ретінде қарастырылады. Олардың қалыңдығы 204 м-ден 607 м дейін өзгереді.
Визалық, серпухов, башқұрт ярустары – С1v, С1s , С2b
І объект – артин сазтас табанынан Виза базасында жатқан жанартаулық туф қабатына дейін созылатын аралық. Ол башқұрт, серпухов және окалық стратиграфиялық шөгінді ретінде анықталатын үш негізгі бумадан тұрады.
Визалық ярус – С1v2
Жоғарғы Визе (ока горизонты) ІІ объект жабынында орналасқан жанартаулық туф қабатында үйлесімсіз орналасқан. Формация жабыны қабат табанында түгелімен нашар кеуектілікпен орналасқан. Бұл осы тереңдік деңгейіне дейін жеткен Т-22 және Т-31 ұңғымаларында қарастырылады. ока ярусы солтүстікте 170 метрденорталық платформаның 210 метріне дейінгі қуат бойынша өзгеріп отырады және ары қарай оңтүстікке 250 метрге дейін өседі.
І объект неғұрлым бай керн материалына ие. Т-8, Т-22, Т-24 ұңғымаларындағы ока аралығынан алынған керн материалы таяздық жағдайында немесе мүлдем таяз аумақтардан (толысу-қайту) бөлініп шыққан пакстоун және грейнстоуннан тұрады. Сондай-ақ, керн материалы криноидейлермен, брахиопопдтармен және фораминиферлерге тәуелді балдыр қалдықтарымен берілген.
Картық беттердің ықтималды болуы Т-8 және Т-24 ұңғымаларындағы ока ярусы жабыны аумағында байқалады. Қуысты, каверналы және ізді, сондай-ақ, жарықты кеуектілік барлық ока ярусы бойынша жақсы қарастырылады, және шын мәнінде оның жабынында жақсы көрінеді. Жарықтардың көпшілігі ішінара ашық.
Осы коллекторды модельдеу кезінде үлкен қайтарымалу үшін эрозиялық стратиграфиялық параллель үйлесімсіздіктер бойынша ока ярусы алты қабатқа (О1-О6) бөлінген.
Ока горизонтының орташа қалыңдығы 297 м.
Серпухов ярусы – С1s
Серпухов ярусы негізгі сәйкессіздігін білдіретін қызыл топырақты тақтатастармен жабылады.
Бұл сәйкессіздігі бірнеше миллион жыл ішінде құрылған. Қатпарлы тақтатас көптеген каротажды диаграммаларда ГК шашырауды тудырады.
Ярус төсеме ока шөгінділерімен литологиялы ұқсас болып келеді, ол шөгінді жиынтықтарының жалғасы болып табылады.Серпухов интервалы платформаның ішкі қимасы бойынша нашар кеуекті жыныстар арқылы байланысқан төрт отыз метрлік шөгінділер жиынтығынан тұрады.
Серпухов интервалы микритті матрица ішінде мол балдырлы материалдарға ие таяз криноидты, брахиопоидты және фораминиферлі пакстоундармен жабылады.
Кейбір маржандар мұнда өз орны бар, сондай-ақ олар ашық серпухов интервалын сипаттайды. Кеуетілік осы интервалдың үлкен бөлігін қамтиды. Ол жарықты, ізді, каверналы-қуысты түрінде және түйіршікті қуыс түрінде берілген.
Серпухов ярусы шөгінді жиынтықтарының төрт циклына сай келетін 4 аумаққа (З1-З4) бөлінген. Каротажды мәліметтер өндіру бойынша Т-113 ұңғымасында ашылған З1 және З4 кеуекті аймақтарын көрсетеді, ұңғыма оқпанына түсетін 80% флюид ағымын қамтамасыз етеді.
Серпухов ярусының орташа қалыңдығы 197 м құрайды.
Башқұрт ярусы – С2b
Башқұрт интервалы Теңіз коллекторы жабынындағы грейнстоун балдыр-оолитті тақтатас кешенінен шамамен 100 м артық. Ол перм және артин аргилиттерімен жабылған. Башқұрт ярусының карбонаттары таяз бассейнінің 1-2 м тереңдігінде жататын ұсақ, жұмыр балдыр түйіршіктерінен, ооидтердің жергілікті бай мекенінен, жерүсті ооидтар мен онкоидтардан құралған [4].
Башқұрт интервалындағы кеуектілік серпухов және ока қабаттарына қарағанда бірқалыпты орналаспаған. Шөгінді жиынтықтарының циклі бойынша жоғарғы қабаттың саяздануының жақсы зерттелуі керн бойынша анықталады, бірақ бұл циклдер өте жұқа (максимальді қалыңдығы 5 м) себебі, шөгінді жиынтықтарының таяз жағдайына байланысты деп түсіндіріледі.
