Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
готовый.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
850.59 Кб
Скачать

4.5 Кесте - Енгізгеннен кейінгі негізгі техника-экономикалық көрсеткіштер

Көрсеткіштер

Енгізгеннен кейін

Мұнай өндіру

9250

Амортизациялық аударымдар, тг.

6 973 849,57

Жалақы қоры (ФОТ), тг.

9 727 768,3

Энергетикалық шығындар, тг.

582,4

Мұнайды дайындау мен қайта айдауға жұмсалатын шығындар, тг

1 560

ППД шығыны, тг.

276

Коррозиядан қорғауға кететін шығындар

281 480

Коррозиядан қорғауға кететін шығындар

1 558 246,188

Жалпы цех шығындары, тг.

5 545 383

Жалпы жылдық шығындар, тг.

38156700

1 т мұнайдың өзіндік бағасы, тг.

4142,37

Табыстылығы

29,6

Жылдық экономикалық тиімділігі, мың тг.

51 843 300

Жалпы пайданың өсуі мына формула бойынша анықталады:

∆П = (Ц-С2) ∙ (Q+∆Q) - (Ц-С1) ∙Q (4.14)

∆П=(45000-4142,37) ∙ (7250+2000)-(45000-4832,89) ∙ 7250=86 718 500тг;

Іс-шараның өтелу мерзімі:

Ток = Змер:Эмер=38156700:51843300=0,73

Қорытынды

Қазақстан Республикасының Теңіз кен орны күрделі геология-физикалық құрылымға ие. Дегенмен, «ТШО» БК орындаған кен орнын тәжірибелік-өнеркәсіптік пайдалану нәтижелері және зерттеу жұмыстарының өте үлкен кешені қазіргі уақыттағы әлемнің ең ірі кен орындарының бірін ең тиімді игеру жолын белгілеуге мүмкіндік береді. 1993 жылы «ТШО» БК 1,3 млн. тонна мұнай шығарған. Жыл сайын 14% орта есеппен мұнай өндіру көлемін ұлғайту есебінен 2001 жылы «ТШО» БК 11,5 млн. тонна мұнай өндірген, ал 2002 жылы өндіріс көлемін 12,4 млн. тоннаға дейін жеткізген.

Игерудің қазіргі жай күйін анализдеу кен орнындағы мұнай ұңғымаларының қорын 59 ұңғыма құрайтынын көрсетеді. Бір ұңғымадағы мұнайдың орташа дебиті 372-ден 750,9 т/тәу дейін ауытқиды. Барлық ұңғымалар таза мұнай өнімін береді. Эксплуатацияның негізгі әдісі фонтанды болып табылады. «ТШО» БК өндіріс қуатын кеңейту арқылы өнім алу көлемін ұлғайтуға тырысады. 2005 жылы өнімділікті жылына 16 млн. тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік берген екінші буын зауыты іске қосылды және шикі газды айдау жобасы енгізілді.

Бұл жобада мұнай дайындау пунктінің аппаратурасы мен жабдықтарын коррозиядан қорғау бойынша негізгі іс-шаралар және Теңіз кен орнындағы тауарлы мұнайға қойылатын талаптар қарастырылған болатын.

Дипломдық жобада әр түрлі агрессивті ортада металлдың тотығуымен күрестің ең тиімді әдістерінің бірі ретінде ингибиторды қолдана отырып, коррозиядан қорғану әдісі ұсынылған болатын. СНПХ_6301 «кз» ингибиторы - бұл бұрыннан келе жатқан, қабаттық қысымды ұстап тұратын жүйенің және күкіртті сутектен тұратын және көмір қышқылы бар ортадан суландырылған мұнай жинау жүйесінің болаттан жасалған құбыр желілерінің ішкі қабатын қорғауға арналған реагент ретінде белгілі. Ол өз арзандығының және жоғары технологиялық тиімділігінің арқасында көп қолданыс табады. Экономикалық талдау аппаратура мен жабдықтарды қорғаудың бұл әдісі өнім бірлігінің өзіндік құнын төмендету, нақты капиталдық салымды азайтуда және 86 718 500 теңге көлемінде таза ьабыс алу нәтижесінде тиімді екенін көрсетті. Бұл іс-шараны қолданудың жылдық экономикалық тиімділігі 51 843 300 теңгені құрайды.

«ТШО» БК қызметі ең тиімді жұмыс істейтін және әлемдік мұнай өнеркәсібінің жоғары табысты кәсіпорны болуға мүмкіндік беретін стратегиялық бағыттармен анықталады.

Қоршаған ортаны қорғау және техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтау «ТШО» БК және мердігерлік компаниялардың әрбір қызметкерінің принципі болып табылады. Негізгі басымдық бүкіл ұжымның қауіпсіздігі, сенімділігі мен тиімділігін қамтамасыз ету болып табылады.