Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
готовый.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
850.59 Кб
Скачать

Энергетикалық шығындар есебі

Энергетикалық шығындар төмендегі формула бойынша есептеледі:

Зэл= Q ∙ Эуд ∙ Цэ , (4.4)

мұндағы Q – тоннадағы мұнай мөлшері;

Эуд– есептелген және қолдағы бар жабдықтарды құрастырғанда 1т мұнайға келетін электр энергиясының меншікті шығыны, кВт∙ч;

Цэ– бір кВт ∙ч құны.

Зэл1 = 1,6 ∙ 70 ∙ 15,2 = 1 702,4 теңге

Жалақыны есептеу

Негізгі және еңбекақы бойынша шығындар өзгерісін жасалатын іс-шара жұмысшылар санының және олардың біліктілігінің өсуіне немесе азаюына байланысты есептейді. Жұмысшылар саны мен олардың разрядының өзгерісі кезінде жалақы қорының өзгерісін еңбек ақысын төлеу жүйесіне байланысты тарифтік мөлшерлеме негізінде есептеу керек. Егер тек қана жұмысшылар саны өзгерсе, онда жұмысшылар санатына сай келетін орташа жалақы бойынша еңбекақы төлеу қорын үнемдеуді анықтау керек.

ҚР ең төмен жалақы – 21 364 теңге.

Тарифтік коэффициент ПТП еңбекақы төлеудің уақытша формасы бойынша жұмыс жасайтынын ескере отырып, тарифтік кесте бойынша қабылданған.

Қосымша жалақыны есептейтін коэффициент – негізгі жалақының 1,75-і.

ҚР әрекет ететін өңірлік коэффициент – 1,14.

Аудандық коэффициент – 1,35.

Еңбекақы қоры= Ең төменгі жалақы · Тарифтік коэффициент · Айлар саны · Аудандық коэффициент · Өңірлік коэффициент · Қосымша жалақы коэффициенті · ПТП саны.

Еңбекақы қоры1= 21 364 ∙ 10,85 ∙ 12 ∙ 1,35 ∙ 1,14 ∙ 1,75 ∙ 6 = 49 847 183,18 тенге.

4.3 Кесте - Еңбекақы төлеу есебінің жиынтық кестесі

Қызметі

Разряд

Жалпы саны

тариф

уақыт

Еңбекақы қоры

Сыйақы

20% тг

Түнгі 15%

Теңге

Қосымша. 40%, тг

Эколо-

гиялық 30%, тенге

Барлығы (айына), теңге

Технолог

11

1

703,78

180

226680,4

25336,08

19002,06

50672,16

38004,12

359694,82

Оператор

5

1

319,9

180

87582

11516,4

8637,3

23032,8

17274,6

148 041,1

Слесарь

3

1

194,94

180

65089,2

7017,84

5263,38

14035,68

10526,76

101 930,86

Электрик

5

1

319,9

180

97502

11516,4

8637,3

23032,8

17274,6

157961,1

Жүргізуші

1

194,94

180

55089,2

7017,84

5263,38

14035,68

10526,76

91930,86

Барлығы

859 556,74

Әлеуметтік сақтандыру жарналары

Жалпы жалақы қорынан бюджетке, зейнетақы қорына, міндетті медициналық және әлеуметтік сақтандыруларға аударымдар жасалады. Зейнетақы қорына аударым жалақы қорының 10% құрайды, қалған аударымдар барлығын қоса есептегенде жалақы қорының 26%-н қамтиды.

Зейнетақылық аударымдар

(859556,74 ·12)·10/100 = 1 031 468,08тг

Қалған төлемдер

(859556,74 ·12)∙26/100 = 2 681 817,03тг

Аударымның жалпы сомасы:

1031468,08+2681817,03= 3 713 285тг