- •Мазмұны
- •1 Әдеби шолу
- •1.1 Коррозияның алғы шарттары
- •Сурет 1.1 - Металдардың коррозияға ұшырауы
- •Кен орындарының геологиялық сипаттамасы
- •1.3 Кен орындары туралы жалпы мағлұмат
- •1.4 Стратиграфия
- •1.1 Кесте - Стратиграфиялық объектілер мен аумағы бойынша мұнай кендерінің қалыңдығының сипаттамасы
- •Перм жүйесі – р.
- •1.5 Тектоника
- •1.2 Сурет - Теңіздің геологиялық моделі
- •Сурет - Теңіз карбонатты платформасының және оның қапталдарының сейсмографиялық сұлбасы
- •1.2 Кесте - Керннің лабораториялық зерттеу мәліметтері бойынша өткізгіштік үлестірімінің статистикалық қатары
- •1.3 Кесте - Теңіз кен орнының мұнай қасиеттері
- •1.7 Сулылығы
- •2 Тәжірибелік бөлім
- •2.1 Әдіс-тәсілдердің негізделуі
- •2.2 Жабдықты таңдау және құрастыру
- •2.1 Сурет - Кен орнын өңдеу кезінде суландыру әдісі арқылы қабаттық
- •2.3 Негізгі көрсеткіштердің технлогиялық және құрылымдық есебі
- •2.3.1 Вертикальді гравитациялық сепараторды есептеу
- •2.3.2 Электродегидраторды есептеу
- •2.2 Сурет - эг200-10 горизонтальді электродегидраторы
- •2.3.3 Ингибитордың тұтыну көлемі
- •2.4 Технологиялық шешімі
- •2.1 Кесте - снпх-6301 «кз» сипаттамасы
- •2.2 Кесте - снпх-6301 «кз» Физикалық және химиялық қасиеттері
- •3 Еңбекті қорғау, қоршаған ортаны қорғау және техника қауіпсіздігі
- •3.1 Теңіз кен орнындағы еңбекті қорғау
- •3.2 Қосымша жабдықтармен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік техникасы
- •3.3 Атмосфераны ластаушы ретінде кәсіпорынның сипаттамасы
- •3.5 Өңдеу объектілерінің қолданыстағы атмосфера қабатының ластануына қосқан үлесін бағалау
- •3.1 Кесте - Зиянды заттардың максимальді концентрациясы
- •3.5.1 Судың қазіргі жай-күйі
- •3.1 Сурет - Теңіз кен орнындағы судың құрамы, мг/л.
- •3.5.2 Топырақ пен жер қыртысының қазіргі жағдайы
- •3.6 Жер ресурстарын қорғау
- •3.7 Санитариялық-қорғаныш аймағының шекараларын анықтау
- •3.9 Коррозия ингибиторымен жұмыс жасау кезіндегі қауіпсіздік техникасы
- •4 Экономикалық бөлім
- •4.1 «Тенгизшевройл» бк ұйымдастырушылық сипаттамасы
- •4.1 Сурет - Компанияның ұйымдасқан құрылымы.
- •4.2 Кәсіпорынның негізгі қорларының және айналым құралдарының сипаттамасы
- •4.3 Кәсіпорынның капиталдық және ағымдағы шығындары, мұнай дайындаудағы капиталдық шығындар
- •Кесте - Өндіріс шығындарын төмендетудің сипаттау әдістемесі
- •4.4 Енгізілген жабдықтардың немесе іс-шаралардың қысқаша сипаттамасы
- •4.5 Өндірістің тиімділігін және техника-экономикалық көрсеткіштерін есептеу
- •4.6 Берілген бағдарламаны орындау үшін қажетт жабдықтар санының есебі
- •Энергетикалық шығындар есебі
- •Жалақыны есептеу
- •4.3 Кесте - Еңбекақы төлеу есебінің жиынтық кестесі
- •Коррозиядан қорғау үшін кететін шығындар «Теңізде» қолданылатын коррозиядан қорғау ингибиторы үшін 1 литрге 980тг жұмсалады:
- •4.3 Кесте - Енгізгенге дейінгі негізгі техникаэкономикалық көрсеткіштер
- •4.7 Ұсынылатын іс-шаралардың экономикалық тиімділігін есептеу
- •Коррозиядан қорғауға кеткен шығындар
- •4.5 Кесте - Енгізгеннен кейінгі негізгі техника-экономикалық көрсеткіштер
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
4.4 Енгізілген жабдықтардың немесе іс-шаралардың қысқаша сипаттамасы
Теңіз кен орнында қазіргі уақытта мұнайды жинау мен дайындау жүйесіндегі құбыр желілері мен жабдықтарды қорғау үшінкелесі коррозия ингибиторлары қолданылады: Теңіз, Каспий-2.
Бұл дипломдық жобада мен СНПХ_6301 «кз» коррозия ингибиторын енгізуді ұсынамын. СНПХ_6301 «кз» - бұл бұрыннан келе жатқан, қабаттық қысымды ұстап тұратын жүйенің және күкіртті сутектен тұратын және көмір қышқылы бар ортадан суландырылған мұнай жинау жүйесінің болаттан жасалған құбыр желілерінің ішкі қабатын қорғауға арналған реагент ретінде белгілі. Ол өз арзандығының және жоғары технологиялық тиімділігінің арқасында көп қолданыс табады.
4.5 Өндірістің тиімділігін және техника-экономикалық көрсеткіштерін есептеу
Өндірістік шығындар және өзіндік құны және өнімді сату – кәсіпорын қызметінің маңызды қаржы көрсеткіштерінің бірі. Олар басқа да көптеген қаржылық көрсеткіштерді есептеу үшін негіз ретінде қызмет етеді. Өндірістің өзіндік құнының және өнімді сату құнының шамасы кәсіпорынның пайдасына байланысты, яғни, егер өзіндік құнын төмендетуге тенденциясы болса, онда кәсіпорын кірісті, табысты болуы мүмкін.
Кәсіпорын табысы екі көрсеткішке тәуелді: өнім құнына және оны өндірудегі шығынға. Нарықтағы өнімдердің бағасы сұраныс пен ұсыныстың өзара әрекетінің нәтижесі болып табылады.
Өнімді өндірудегі шығындар – өндіріс шығыны – тұтынылатын еңбек немесе материалдық ресурстар көлеміне, техника деңгейіне, өндірісті ұйымдастыру және басқа да факторларға байланысты өсуі немесе төмендеуі мүмкін.
Өнімнің өзіндік құны және мұнай-газ секторының әртүрлі ішкі салаларындағы қызмет қандай шығындардан құралатынын қарастырайық.
Бұрғылау жұмыстарының құны
Ұңғымалар құрылысының өзіндік құны ұңғымаларды салу бойынша көрсетілген жұмыс көлемін орындау үшін өндіруге қажет болатын, сондай-ақ, бұрғылау кәсіпорнының құрамына кіретін әр шаруашылық бойынша шығындарын және бұрғылау кәсіпорнының барлық шығындарының сомасын анықтайды.
Бұрғылау жұмыстарының құнын есептеуде мыналарды анықтайды:
1. Сметалық бағадағы бұрғылау жұмыстарының көлемі.
2. Негізгі, қосымша және қосалқы өндірістің қосымша шығындары (үстеме
шығындардың сметасы), оның ішінде әкімшілік-шаруашылық шығындар.
3. Ұңғыма құрылысы бойынша шығындар жиынтығы.
Бұрғылау жұмыстарының бағасын төмендету мұнай-газ кен орындарын өңдеуге капиталдық салымдарының тиімділігін арттырудың ең маңызды шарттарының бірі. Ал оған өндірістегі басты шығын бабы – материалдық шығындарды азайта отырып қол жеткізуге болады. Себебі, құрылымдағы материалдық шығындарда көп үлес материалдарға бөлінеді, онда материалдар талдауына көп назар аудару қажет [8].
Мұнай-газ шығару құны.
Мұнай-газ шығару құнын қалыптастырудың маңызды ерекшеліктері бір мезетте мұнай мен ілеспе газ шығару және ұңғыманы пайдаланудың әр түрлі тәсілдерін – фонтанды, компрессорлы, терең сорғылы тәсілдерін қолдану болып табылады.
Мұнай-газ кен орнын эксплуатациялау мен өңдеудің техника-экономикалық ерекшеліктері мұнай-газ шығарумен байланысты шығын бабының номенклатурасын анықтайды.
1. Мұнай өндіру үшін энергетикалық шығындар
2. Қабатқа жасанды әсер ету шығындары.
3. Өнеркәсіп жұмысшыларының жалақсы.
4. Әлеуметтік сақтандыруға аударымдар.
5. Ұңғымаларды амортизациялау.
6. Мұнай мен газды тасымалдау және жинау бойынша шығындар.
7. Мұнайды технологиялық дайындау шығындары.
8. Өндірісті дайындау және игеру бойынша шығындар.
9. Жабдықтарды пайдалану және қамту шығындары.
10. Жалпы өндірістік шығындар.
11. Басқа да өндірістік шығындар.
Мұнай өнімдерінің өзіндік құны
Мұнай өнімдерінің өзіндік құны мұнай өңдеу өндірісінен ерекшеленетін бірқатар ерекшеліктер бойынша қалыптасады. Оған өндірілетін мұнай өнімдері ассортиментінің алуан түрлілігі, өндіріс процесінің үздіксіздігі,оқшауланған технологиялық өзара байланысқан процесстерді және олардың кешенді сипаттамасын қолдану, өңдеу процестерін химияландыру жатады.
Мұнай өңдеу өндірісінің негізгі технологиялық сұлбасы – бұл отындық, отын-май және отын-мұнай химиясы. Мұнай өңдеу сұлбасын өзгертілсе эксплуатациялық шығын көлемі мен өнімнің өзіндік құнының деңгейі өзгереді. Өңдеу процессінің басым көпшілігі – кешенді. Бір шикізатты бірыңғай технологиялық процессте өңдеу нәтижесінде бір мезетте негізгі (алынуы керек болған) және ілеспе (жанама) өнімдерді алады. Бұл мұнай өңдеу мен өңделетін мұнай өнімдері арасындағы шығындарды үлестіру қажеттілігін анықтайды.
Мұнай мен газды сақтау және тасымалдау жүйесінің өзіндік құны.
Мұнай мен газды тасымалдау құрылымындағы негізгі үлесті амортизациялық шығындар (50% жоғары) құрайды, ал электр жетегімен жабдықталған компрессорлық станциялардағы газ тасылмадауда энергия шығынының үлесі айтарлықтай артады. Сонымен қатар, құрылымда шикізаттық шығындар жоқ, себебі, өнім өндіру процессі болмайды, тек оның қозғалысы жүзеге асырылады.
