Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
готовый.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
850.59 Кб
Скачать

4.3 Кәсіпорынның капиталдық және ағымдағы шығындары, мұнай дайындаудағы капиталдық шығындар

Теңіз кен орнын игеру нұсқалары бойынша капиталдық салымдар келесі бағыттар бойынша анықталған: ұңғымалар; жаңа объектілер; техникалық қызмет көрсету; және т.б. Доллармен есетелетін барлық сандар мәліметтер мен жорамалдарға негізделіп көрсетіледі. Капиталдық салымдар мен эксплуатациялық шығындарды есептеуге арналған мәліметтер ТШО арқылы берілген.

Ұңғымаардағы капиталдық шығындар мына шығындарды қоса есептейді: бұрғылау қондырғысы үшін тәулігіне 13 миллион теңге оған қосымша шығу желілерін, ГЗУ-ға қосылу және бұрғылау қондырғысыз ағынды интенсификациялауды қоса алғандағы ұңғыма құрылысын аяқтау үшін 1,7 млрд. теңге. Суландыру нұсқалары бойынша ұңңғымалардағы құрылысты аяқтауға хромдалған НКТ-ны орнату үшін 324 млн.тенге көлемінде қосымша шығын жұмсалады. Одан бөлек, өндіруші ұңғымалардағы суды айдау үшін қайта жабдықтауға 720 млн. теңге қажет.

Бір ұңғыманы бұрғылау үшін 90 күн уақыт кетеді. Айдау ұңғымаларындағы жылпы шығын құрылысты аяқтауды және ГЗУ-ға қосылу қоса есептегенде 3,2 млрд. теңгені құрайды.

Ұңғымалардағы капиталдық салымдар жыл және нұсқа бойынша ұңғыманы бұрғылау көлемі бойынша анықталады.

Жаңа объектілерге капиталды салымдар өндірісті кеңейту және су мен газды шығаратын объектілердің шығыны есебінен анықталады. Өңдеу жұмыстарының 4 нұсқасы үшін капиталдық салымдарға қажеттілікті зерттеудің қысқаша мазмұны мынадай: табиғи режим – өндірісті сатылы түрде жылына 32 млн.т дейін кеңейту үшін 900 млрд. теңге. Газды айдау - 32 млн. т дейін өндірісті біртіндеп кеңейту үшін 720 млрд. теңге. Суландыру – 32 млн. т дейін өндірісті біртіндеп кеңейту үшін 226 800 млрд. теңге, оның ішінде суландыруды жетілдіру (жабдықтау, тасымалдау, өңдеу және айдау) үшін 270 млрд. теңге. Ескерту: нұсқалар бойынша жоғарыдағы аталған шығындар 288 млрд. теңге көлеміндегі кен өндіру саласының өндірістің кеңейтілуін қосып есептемейді. Капиталдық салымдар есебі инфляцияны ескере отырып жасалған, инфляция қарқыны 2%.

Қолданыстағы объектілерге техникалық қызмет көрсету үшін қаржы КТЛ1 және КТЛ2, және НИТКИ 5 үшін жылына 12 600 млн. теңгені құрайды.

Жылына 10 млн. т дейін төмен болатын өндіріс қарқыны шамасы бойынша, қызмет көрсетуге қаражат 12,6 миллиард теңгені жылына 12,4 млн. тонна табыс көлеміне қатысты ағымдағы өндіріс коэффициентіне көбейту арқылы анықталады. Табыстың негізгі көлемі жылына 1 млн. тоннадан төмендесе, онда техникалық қызмет көрсету шығындары есептелмейді. Жаңа жабдықтардың және объектілердің әр жылғы техникалық қызмет көрсетуіне қаражат БК (2032) келісім-шартының әрекет ету мерзімінің соңына дейін ағымдағы инвестициядан 2% инфляцияны ескере отырып есептеледі. Келісім-шарттың әрекет ету мерзімінің соңында қызмет көрсету үшін қаржы әр жылы ағымдағы инвестициядан 1%-ке төмендейді.

Жаңа жабдықтарға техникалық қызмет көрсету бойынша қаражатты енгізу қызмет көрсету үшін жалпы жинақталған қаражат бастапқы инвестициялардың 25% -ына жеткенде тоқтатылады.

Жобаның экономикалық көрсеткіштеріне газ сығымдау жабдықтары үшін капитал енгізілген. Компрессор зауыттың шығысындағы қысымды төмендету үшін эксплуатация периодының соңына қарай коллектор жұмысын оңтайландыру үшін 2 сатылы процессті қолдана отырып, қайта өңдеу жабдығының кірісінде орнатылады. Сағасындағы қысымды төмендету ұңғыманың өнімділігін тікелей арттырады.

Эксплуатациялық шығындарды есептеу ТШО мәліметтеріне негізделіп орындалған.

Эксплуатациялық шығындар ұңғыманың өнімділігіне, зауыттың өнімділік қуатына байланысты тұрақты және айнымалы болып екіге бөлінеді. Барлық шығындар 2% инфляция қарқынымен есептеледі.

Қолданыстағы жабдықтар мен объектілердің ағымдағы тұрақты эксплуатациялық шығындары жыл сайын 34 миллиард теңгені құрайды.

Тұрақты шығындардың қатарына ТШО компаниясының жұмыс күшін қамтамасыз ету үшін жалпы әкімшілік шығындар, шарттық қызметтер, кадрлар даярлау, Атырау қаласындағы объектілерді, офистерді қамтамсыз ететін шығындар кіреді. Дегенмен, өндіріс құлдырағанда, КТЛ және НИТКИ нақты өнімділігіне байланысты шығындардың азаюы болады.

Өндіріс шығындарын төмендетудің сипаттау әдістемесі төмендегі 4.1 кестеде берілген.