Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
готовый.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
850.59 Кб
Скачать

3.9 Коррозия ингибиторымен жұмыс жасау кезіндегі қауіпсіздік техникасы

Хош иісті сары сұйықтық суда ерімейді. Бұл зат өртенгіш электр заряд тудыратын статикалық зарядтарды жинауы мүмкін, сондықтан, оны қосудың дұрыс әдістерін қадағалау қажет.

Тұтанғыш қоспалар құра алады немесе тұтанутемпературасына немесе одан жоғары температураға дейін қыздыру кезінде жануы мүмкін. Жанған кезде токсинді газдар (азот тотығы) бөлінеді.

Улылығының төменгі дәрежесі. Аз мөлшердегі сұйықтықты иіскегенде, жұтып қойғанда бронхопневмония немесе өкпенің ісінуін тудырады.

Ұсынылғаннан жоғары бу концентрациясы тыныс алу жолдарының тітіркенуін, бас ауруын және бас айналуын тудырады, орталық жүйке жүйесіне анастезиялық немесе басқа да әсер етуі мүмкін. Теріде аллергиялық реакция тудыруы мүмкін. Көзді тітіркендіріп, көз тінінің зақымдануына алып келуі мүмкін.

Қауіпсіздік шаралары

Жергілікті ауа тартқыш вентеляциясы ұсынылады. Жабық және ауа айналымы жеткіліксіз болатын кеңістікте қолдану үшін механикалық вентиляция ұсынылады.

Тыныс алу органдарын қорғау құралдары қажет болған жағдайда толық масканы, қорғаныш көзілдірігін қолдану керек

Алғашқы көмек

Дем алған кезде зардап шеккенді дереу таза ауаға шығару. Егер тыныс алу тоқтап қалса, онда жасанды тыныс алдыру. Тыныштықты қамтамасыз ету, жедел медициналық көмекке жүгіну керек.

Теріге тиген кезде – зақымданған тері бөлігін сабынды сумен жуып тастау. Ластанған киімді шешу. Егер тітіркену тоқтамаса медициналық көмекке жүгіну

4 Экономикалық бөлім

4.1 «Тенгизшевройл» бк ұйымдастырушылық сипаттамасы

Бұл басқарма құрылымы осы түрдегі ұйымдар үшін әдеттегідей болып табылады (4.1 сурет). ЖШС экономикалық мәселелерге жауапты басшы орынбасары, бас есепші, еңбекті қорғау бойынша бас техникалық басқарушы тікелей бағынатын басшы басқарады. Барлық аталған қызметтер ұйымдасқан түрде өзара байланысады.

4.1 Сурет - Компанияның ұйымдасқан құрылымы.

Сондай-ақ, басшының қол астында: бас инженер, құрылыс басшысының орынбасары, көліктік жабдықтау басшысының орынбасары, бас геолог болады.

Әрбір орынбасарлардың өз қарамағында өз бағытының арнайы мәселелрін шешеуге жауапты сәйкес қызметі, цетраы, бөлімдері болады.

4.2 Кәсіпорынның негізгі қорларының және айналым құралдарының сипаттамасы

Өнеркәсіптік-өндірістік негізгі қорлар тікелей өндірістік процеске қатысады: не оған қызмет көрсетеді, не оның қалыпты жүруі үшін қолайлы жағдай жасайды.

«Тенгизшевройл» БК негізгі қорлары:

1. Цехтардың, сораптық және компрессорлық станциялардың, жылуэнергиястанцияларының, трансформаторлық қосалқы станциялардың, механикалық шеберханалардың, қазандықтардың, деэмульсациялы қондырғылардың, зертханалардың, жанар-жағар май құю станцияларының, қоймалардың, электр станцияларының, өрт сөндіру депосының, қоймалардың, әкімшілік-шаруашылық, мәдени орындар және т.б. ғимараттары.

2. Эксплуатациядағы және айдау ұңғымалары, мұнай шахталары, бақылау ұңғымалары, жер асты қойма ұңғымалары, резервуарлар, бетон және жер қамбалары, өлшегіштер, құбырлар, көпірлер, жол өтпелері, виадуктер, жеке түтін мұржалары, платформалар мен қоймалар, тазарту құрылыстары және тұтқыштар, каналдар, құдықтар, жүк тиейтін база жабдықтары, темір және тас жолдар (жер төсемі және құрылысы).

3. Беру құрылғылары: мұнай, газ, азық-түлік, су, бу және басқа да құбыр желілері, трансмиссиялар, әуе электр беру желілері, жер асты кабельді телефон және телеграф желісі, радиостанциялар және т. б.

4. Машиналар мен жабдықтар:

а) күш машиналары және жабдықтар: бу қазандары, генераторлар, компрессорлар, электр қозғалтқыштар, ішкі жану қозғалтқыштары, трансформаторлар, таратқыш құрылғылары және т. б.

б) жұмыс машиналары мен құрал-жабдықтар: пайдалану мұнаралары және діңгектер, тракторлық көтергіштер, компрессорлар. сорғылар, технологиялық қондырғылар, металл кесетін және басқа да станоктар және т. б.

Өлшейтін және реттейтін электрлік, пневматикалық, гидравликалық және басқа да құрылғылар, зертханалық-химиялық аспаптар, автоматты басқару пульттері, диспетчерлік бақылау құралдары және т. б.

5. Құрал-сайман: электрлі бұрғы, сырлағыш пульт, колонкалы қашаулар, құбыр кескіштер, автогендік кескіш және т.б.

Кәсіпорынды мұнай мен газ өндірумен қамтамасыз ету үшін әр түрлі материалдар, отын, құрал-саймандар қоры қажет болады. Оларға ақшалай қаражат жұмсалады [8].

Материалдық құндылықтар және жартылай фабрикаттар қорына салынған, дайын өнім және есеп айырысу, сондай-ақ, есеп айырысу шотында және кәсіпорын кассасындағы ақшалай қаражат оның айналымын құрайды.

Айналым қаражаты толығымен бір өндірістік циклда тұтынылғандықтан, олардың құны толығымен ескі бағасын қосатын, сондай-ақ, өндіріс барысында қайта қосылатын құнына дайын өнімнің бағасына кіреді.