Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
готовый.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
850.59 Кб
Скачать

3.7 Санитариялық-қорғаныш аймағының шекараларын анықтау

Өндірістік, коммуналдық және қойма объектілерін орналастырған және жұмыс жасаған жағдайларда, сондай-ақ, әлеуметтік мақсаттағы объектілер тұрғындарға қауіп тудыруы және(немесе) қоршаған ортаға зиянды әсерін тигізуі мүмкін, сондықтан осыған жауапты санитариялық-қорғаныш аймағы жауапты болуы керек. Санитариялық-қорғаныш аймағының параметрлері мен талаптары оның нақты тағайындауына байланысты мемлекеттік нормалар арқылы қойылады.

Санитариялық-қорғаныш аймағында оның параметрлеріне және қажеттілігіне қарамай тұрғын үй ғимараттарын, білім беру ұйымдарын, денсаулық сақтау және демалыс мекемелерін, спорттық-сауықтыру ғимараттарын, бағбандық және бақшалық жер учаскелерін қоса алғанда, сондай-ақ, ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру орындарын салуға рұқсат етілмейді.

Өндіріс объектілерін жобалаудың санитарлы нормаларымен белгіленген санитариялық-қорғаныш аймағының өлшемі атмосфераның нақты ластануын ескере отырып, атмосфераның ластану есебімен тексерілуі қажет.

Алынған есеп бойынша санитариялық-қорғаныш аймағының өлшемі желдің әр түрлі бағыттары үшін, және атмосфераның ластануын және орташа жылдық желдің бағытын ескеріп мына формула бойынша есептеу қажет:

I=Lo⋅ (3.1)

Мұндағы, I – санитариялық-қорғаныш аймағының есепті өлшемі, м;

L0- аялық концентрациясының есебінен зиянды заттар концентрациясы ПДК артық болатын осы бағыттағы жер учаскелерінің есепті өлшемі, м;

Р- қарастырылатын румбтың орташа жылдық жел бағытының қайталануы, %;

Р0- бір румбтың айналмалы жел бағытының қайталануы Р0=12,5%

I және L мәндері шығарынды көздерінің шекарасынан есептеледі.

Санитариялық-қорғаныш аймағының есептік мәні барлық бағыт бойынша нормативті мәнімен салыстырылады.

I=177⋅ =983,4м

Дипломдық жобаның осы бөлімінде қоршаған ортаға әсер ететін факторлар келтірілген.

Келтірілген мәліметтерге сай Теңіз кешеніндегі ластану көздері: эксплуатация кезіндегі және ұйымдаспаған шығарындыға әкелетін технологиялық қондырғылардың, пештердің, қазандықтардың, технологиялық қондырғы факельдерінің түтін шығаратын мұржасы, сондай-ақ, жабдықтардағы, фланецті қосылыстардағы және т.б. саңылаулар. Бұл шығарындыларға мына ингредиенттер жатады: күкіртті сутек, көмірсутектер, күкіртті ангидрид, азот тотығы, меркаптан және т.б. Келтірілген анализдер бойынша қосымша шығарындылар объект атмосферасының жағдайына айтарлықтай әсер етпейді.

Сондай-ақ, жер үсті және жер асты суларына әсер ететін қолданыстағы көздері келтіріліген және оларды тазалаудың кең таралған әдістері: механикалық және биологиялық. Одан бөлек, жер ресурстарын қорғаудың әр түрлі шаралары және нақты бір мақсатта тағайындалғанмемлекеттік нормалар арқылы бекітілген санитарлы-қорғау аймағының параметрлері қарастырылған.

Қарастыратын әдістер мен параметрлер ҚР табиғатты қорғау заңнамасыының барлық талаптарына сай келеді.

3.8 Өрт қауіпсіздігі

Тасымалданатын өрт сөндіргіштер өртті сөндірудің алғашқы құралдары (яғни, өрттің бастапқы сатысында қолданылады) болып табылады және ол жергілікті жанған өрттерге арналған. Олардың құрамындағы өрт сөндіруге арналған агент жылдам жұмысалады.

Әдетте ең қолжетімді және практикалық өрт сөндіру құралы су болып табылады. Суға қолжетімді аумақтарда қатып қалмайтын өрт құбырларын салу қажет.

Әрбір өндіріс аумағының қызметкері осы объектідегі және жұмысшыларды, Компания мүлкін қорғауға арналған өрт сөндіру құралдарын пайдалана білуі және олардың жай-күйін тексере алуы қажет.

«ТШО» БК объектілерінде баллоны ауыстырылатын тек Ansul маркалы өрт сөндіру ұнтақтарын қолдануға рұқсат етіледі. Әдетте, тотығуға тұрақты AnsulCR моделі қолданылады. Қолдағы бар басқа маркалы өрт сөндіргіштер жарамдылық мерзімі өткеннен кейін, объектінің қауіпті тобына қарай сәйкес келетін Ansul өрт сөндіргіш моделімен ауыстырылуы қажет:

  • ауыстырылатын баллонды AnsulCR 30 ұнтақты өрт сөндіргіштер (тотығуға төзімді);

  • қысымды, зарядты Ansul “Sentry” ұнтақты өрт сөндіргіштері;

  • қысымды Ansul “Sentry” көміртегі қос тотығымен зарядталған өрт сөндіргіштер.

Портативті өрт сөндіргіштер өртке қауіпті объектіге жақын, одан қауіпсіз қашықтықта орналастырылады. Орта есеппен бұл қашықтық 4,6 м-ден 22,8 м дейін.

Өрт сөндіргіштерді қызметкерлер өрт сөндіру құралдарын оңай алу үшін есікке жақын жерлерге, баспалдақтарға және басқа да орындарда орналастыру керек.

Объектідегі орналастырылған әрбір өрт сөндіргіште осы объектіге қызмет көрсететін өрт сөндіру станциясының нөмірі көрсетілуі қажет.

Көбікпен сөндіру жүйесінің жай-күйін тексеру жылына 1 рет (одан кем емес) жүргізілуі керек. Көбікпен сөндіру жабдықтарына технологиялық қызмет көрсетуін ұйымдастыру өрт сөндіру қызметі Басшысының міндетіне кіреді.

Үздіксіз жұмыс жасауын қамтамасыз ету үшін әр жылы өрт сөндіруді сумен жабдықтау жүйесін шаю және техникалық байқау жүргізіліп тұрады.

Апта сайын өрт сөндіруді сумен жабдықтау жүйесінің барлық сорғыларын сынама іске қосу өткізіліп тұрады.

«ТШО» БК 16 млн.сағат ішінде өндіріс орнында апатты оқиғасыз қауіпсіздік техникасы бойынша әлемдік рекордқа қол жеткізген.