Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
готовый.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
850.59 Кб
Скачать

3.6 Жер ресурстарын қорғау

Жер ресурстарын қорғаудың негізгі іс-шаралары мыналар:

    • бұрғылау жұмыстары және желілік құрылыстар кезінде жерді бөлу нормаларын қадағалау;

    • топырақты жолдар желісін шектеу;

    • топырақтың жағдайын бақылауды ұйымдастыру

Топырақ жағдайын бақылаудың негізгі міндеті мыналар болып табылады:

    • топпырақтардың ластану деңгейін және оның химиялық құрамындағы өзгерістерді тіркеу;

    • уақыт бойынша тенденциялар өзгерісін анықтау, болашақтағы ластану деңгейін болжау;

    • топырақтың ластануының мүмкін болатын нәтижелерін бағалау, олардың алдын алу немесе азайту бойынша ұсыныстарды өңдеу;

    • бүлінген жерлерді қайта қалпына келтіру.

Рекльтивация жоспарына құбырларды төсеу үшін траншеяларды кері төгу де кіруі қажет. Төгу оны тығыздап тегістеу үшін траншея желісі бойымен құбыр желілерінің трассы бойынша топырақтарды білікшелерге үю арқылы жүзеге асырылады. Топырақты нығыздау орға төгілген топырақты нығыздау үшін және оны айналадағы жер бетімен бірдей етіп тегістеу бірнеше рет шынжыр табанды тракторлар арқылы жүргізіледі.

Топырақтың қалған бөлігі орларды өңдегеннен кейін нәтижесінде қайта өңделетін жер бетімен бірдей етіп жайылады. Сосын құрылыс шығындары жиналады және уақытша салынған барлық ғимраттар мен құрылыстар демонтаждалады және мүмкіндігіне қарай өсімдіктерді қайта қалпына келтіреді.

Көлік жолдарының жөндеу кезінде трассалық резервтерді және карьерлерді рекультивациялау қарастырылады. рекультивацияның техникалық кезеңіне мыналар жатады:

  • ашылған топырақты алып тастау (0,2 м) және оны білікшелерге орналастыру, қиябетті (откос) 1:10 тегістеу кезінде топырақты өңдеу, карьер қиябетін және түбін жоспарлау, ашылған топырақтың кері ысырылуы;

  • ұңғымалар құрылысында бұрғылау аумағын ластану мен қоқыстан тазарту жасалады, бұрғылау ерітіндісі мен ағын сулардың пайдаланылған қалдықтарын утилизациялау, қоймаларды толтыру, топырақты тегістеу, топырақты кешенді реагенттермен өңдеу жұмыстары жүргізіледі;

  • байланыс желілерінің құрылысында – кабельді төсеу үшін пышықты кабель төсегіш арқылы топырақты кесу арқылы кабель төсемесінің барынша тереңдігінде жерді рекультивациялау қарастырылмайды;

  • электр беру желілерін салу кезінде – шығу желілерінің трассасы бойымен рекультивациялау тірек үшін бөлінген жер учаскелерінде жасалады.

Биологиялық рекультивация бұзылған жерлерді қайта қалпына келтіретін техникалық кезеңнен кейін ғана бөлек жоба бойынша өсімдіктерді отырғызатын қолайлы кезеңде жүзеге асырылады.

Топырақты жрозияға қарсы нығайту бұталы болып келетін сексеуіл, қара жүзген өсімдіктерін қайта қалпына келтіру арқылы қарастырылады. Олардың тамыры топырақтың тереңінде орналасады [10].

Биологиялық рекультивация жүргізіледі:

  • ұңғыма алаңының периметрінен 100 м белдеуінде;

  • орталық манифольдтің өлшеу қондырғыларының қоршау периметрінен 50 м белдеуінде;

Ұңғыма сағасының және өлшеу қондырғыларының аумақтарын қоршау шегі топырақты үрленуден сақтайтын 20 см қабатты ұсақтастармен жабылған. Ұңғыма, өлшеу қондырғылары, ЦПН, газ құбырлары, су құбырлары, мұнай жинау желілері, 6 және 35 кВ желілер, трасса жанындағы жол резервтері аумағындағы биологиялық рекультивация қалпына келтірілетін аумақтағы құмды нығайтатын бұтақты өсімдіктерді (жүзген, жыңғыл, қара сексеуіл) отырғызу арқылы қарастырылады. Отырғызу 0,35-0,45 тереңдікте жасалады, шыбықтар арасындағы арақашықтық 1м, қатарлар арасындағы арақашықтық 6м болады.

Жол беткейіндегі, карьер жиектеріндегі биологияық рекультивация 32 кг/га тұқым себу арқылы (әдеттегі нормадан 1,5 есе артық) жергілікті галофиттерден (изен) көп жылдық шөптерді отырғызуды көздейді [4].

Топырақты қатыру бойынша іс-шаралар екі кезеңнен тұрады:

  • топырақтың жоғарғы қабатын тұтқыр материалдармен бекіту(КССБ және т.б.);

  • тұтқыр материалдармен қайта өңделетін келесі құмды нығайтатын бұтақты өсімдіктерді отырғызу.