- •Мазмұны
- •1 Әдеби шолу
- •1.1 Коррозияның алғы шарттары
- •Сурет 1.1 - Металдардың коррозияға ұшырауы
- •Кен орындарының геологиялық сипаттамасы
- •1.3 Кен орындары туралы жалпы мағлұмат
- •1.4 Стратиграфия
- •1.1 Кесте - Стратиграфиялық объектілер мен аумағы бойынша мұнай кендерінің қалыңдығының сипаттамасы
- •Перм жүйесі – р.
- •1.5 Тектоника
- •1.2 Сурет - Теңіздің геологиялық моделі
- •Сурет - Теңіз карбонатты платформасының және оның қапталдарының сейсмографиялық сұлбасы
- •1.2 Кесте - Керннің лабораториялық зерттеу мәліметтері бойынша өткізгіштік үлестірімінің статистикалық қатары
- •1.3 Кесте - Теңіз кен орнының мұнай қасиеттері
- •1.7 Сулылығы
- •2 Тәжірибелік бөлім
- •2.1 Әдіс-тәсілдердің негізделуі
- •2.2 Жабдықты таңдау және құрастыру
- •2.1 Сурет - Кен орнын өңдеу кезінде суландыру әдісі арқылы қабаттық
- •2.3 Негізгі көрсеткіштердің технлогиялық және құрылымдық есебі
- •2.3.1 Вертикальді гравитациялық сепараторды есептеу
- •2.3.2 Электродегидраторды есептеу
- •2.2 Сурет - эг200-10 горизонтальді электродегидраторы
- •2.3.3 Ингибитордың тұтыну көлемі
- •2.4 Технологиялық шешімі
- •2.1 Кесте - снпх-6301 «кз» сипаттамасы
- •2.2 Кесте - снпх-6301 «кз» Физикалық және химиялық қасиеттері
- •3 Еңбекті қорғау, қоршаған ортаны қорғау және техника қауіпсіздігі
- •3.1 Теңіз кен орнындағы еңбекті қорғау
- •3.2 Қосымша жабдықтармен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік техникасы
- •3.3 Атмосфераны ластаушы ретінде кәсіпорынның сипаттамасы
- •3.5 Өңдеу объектілерінің қолданыстағы атмосфера қабатының ластануына қосқан үлесін бағалау
- •3.1 Кесте - Зиянды заттардың максимальді концентрациясы
- •3.5.1 Судың қазіргі жай-күйі
- •3.1 Сурет - Теңіз кен орнындағы судың құрамы, мг/л.
- •3.5.2 Топырақ пен жер қыртысының қазіргі жағдайы
- •3.6 Жер ресурстарын қорғау
- •3.7 Санитариялық-қорғаныш аймағының шекараларын анықтау
- •3.9 Коррозия ингибиторымен жұмыс жасау кезіндегі қауіпсіздік техникасы
- •4 Экономикалық бөлім
- •4.1 «Тенгизшевройл» бк ұйымдастырушылық сипаттамасы
- •4.1 Сурет - Компанияның ұйымдасқан құрылымы.
- •4.2 Кәсіпорынның негізгі қорларының және айналым құралдарының сипаттамасы
- •4.3 Кәсіпорынның капиталдық және ағымдағы шығындары, мұнай дайындаудағы капиталдық шығындар
- •Кесте - Өндіріс шығындарын төмендетудің сипаттау әдістемесі
- •4.4 Енгізілген жабдықтардың немесе іс-шаралардың қысқаша сипаттамасы
- •4.5 Өндірістің тиімділігін және техника-экономикалық көрсеткіштерін есептеу
- •4.6 Берілген бағдарламаны орындау үшін қажетт жабдықтар санының есебі
- •Энергетикалық шығындар есебі
- •Жалақыны есептеу
- •4.3 Кесте - Еңбекақы төлеу есебінің жиынтық кестесі
- •Коррозиядан қорғау үшін кететін шығындар «Теңізде» қолданылатын коррозиядан қорғау ингибиторы үшін 1 литрге 980тг жұмсалады:
- •4.3 Кесте - Енгізгенге дейінгі негізгі техникаэкономикалық көрсеткіштер
- •4.7 Ұсынылатын іс-шаралардың экономикалық тиімділігін есептеу
- •Коррозиядан қорғауға кеткен шығындар
- •4.5 Кесте - Енгізгеннен кейінгі негізгі техника-экономикалық көрсеткіштер
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
2.3.3 Ингибитордың тұтыну көлемі
Теңіз
кен орнындағы мұнай алу көемі бойынша
мәліметтерді ескере отырып, ингибитордың
тұтыну көлемі ингибитор мөлшеріне сай
келетін 50
құрайтынын білеміз:
2.4 Технологиялық шешімі
Қазіргі уақытта «Теңіз» кен орнында мұнайды дайындау және жинау жүйесінде құбыр желілері мен жабдықтарын қорғау мақсатында коррозияның келесі ингибиторлары қолданылады: Тенгиз, Каспий-2.
Мен бұл дипломдық жұмысымда СНПХ_6301 «кз»- коррозия ингибиторын енгізуді ұсынамын. СНПХ_6301 «кз» - бұл бұрыннан келе жатқан, қабаттық қысымды ұстап тұратын жүйенің және күкіртті сутектен тұратын және көмір қышқылы бар ортадан суландырылған мұнай жинау жүйесінің болаттан жасалған құбыр желілерінің ішкі қабатын қорғауға арналған реагент ретінде белгілі (2.1 кесте). Ол арзандылығының және жоғары технологиялық тиімділігініңарқасында көп қолданысқа ие (2.2 кесте).
2.1 Кесте - снпх-6301 «кз» сипаттамасы
Атауы |
Мақсаты |
Ерігіштігі |
Ұсынылатын доза, |
СНПХ-6301 «кз» |
Мұнай кәсіпшілік жабдықтарын тотығудан қорғау |
Су дисперсті |
50 |
2.2 Кесте - снпх-6301 «кз» Физикалық және химиялық қасиеттері
Маркасы |
СНПХ-6301 «кз» |
Сыртқы көрінісі |
ашық сарыдан ақшыл-қоңыр түске дейінгі сұйықтық |
Қату
температурасы,
|
– 40 |
|
905 |
20°С болғандағы Кинематикалық тұтқырлығы, мм²/с |
5,23 |
3 Еңбекті қорғау, қоршаған ортаны қорғау және техника қауіпсіздігі
3.1 Теңіз кен орнындағы еңбекті қорғау
Теңіз кен орнында ұңғыма сағасындағы жоғары қысымды (60 МПа дейін) фонтанды ұңғымалардың жерүсті жабдығында қызмет ететін қызметкерлермен болатын жазатайым оқиғалардың орын алу мүмкіндігі жоғары. Сондай-ақ, қауіп өнеркәсіп кешенінің басқа да объектілерінен болуы мүмкін, әсіресемұнай жинау жүйесі қауіпті.
Фонтанды ұңғымаларды пайдалану кезінде ашық фонтаннан болатын жарылыстар, өрттер және газбен улану қаупі тууы мүмкін. Ашық атқу кен орнын АВПД арқылы өңдеу кезінде болу, сонымен қатар, жабдық агрессивті ортада пайдаланылған кезде қаупі жоғары.
Кейде фонтанды ұңғымаларды пайдалану кезінде қызметкерлерге қауіп тудыратын жер үсті коммуникацияларының жарылысы, ұңғыма ішіндегі жарылыстар (ұңғымаға ауа айдау кезінде) жәнебасқа да апаттар болады.
Ұңғымаларды жаншу операциялары, сондай-ақ, фонтандық арматураны монтаждау және бөлшектеу жұмыстары еңбекті көп қажет ететін және қауіпті болып табылады.
Өнеркәсіптегі қызметкерлерді қорғау үшін жұмысты барынша қауіп-қатерден сақтайтын жеке қорғану құралдары болуы қажет [10].
3.2 Қосымша жабдықтармен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік техникасы
Крандар мен жүк көтергіш жабдықтарға тек білікті қызметкерлер ғана қызмет көрсету тиіс.
Егер краншы көтерілетін жүкті көрмесе, онда ол білікті жүк ілуші сигналдарын игеруі тиіс. Жүк көтеру жұмысына бірнеше жүк ілуші қатысса, аға жүк ілуші өзін басқалардан ажырату оңай болуы үшін каска, жеңіне байлам немесе ашық түсті жилет киюі керек.
Қысыммен жұмыс істейтін ауыр жабдықтармен, әсіресе электр беру желілерімен, аппараттармен және құбырлармен жақын жұмыс кезінде, сонымен бірге ұңғымаларда ерекше сақтық қажет. Қажет болған жағдайда, технологиялық желілерді, жабдықтардың немесе құбыр желісі бөліктерін тоқтатау немесе бұрып жіберуге болады. Ауыр жабдықтарды ұңғымалар, құбыр желілері үстімен жылжыту кезінде жұмыс жасау үшін жұмыс жүргізу қауіпсіздігін сақтайтын арнайы шаралар қамтылған арнайы рұқсат қажет болады.
Жүк көтеру жұмыстары кезінде алаңда тек білікті жүк ілушілер болуы қажет. Жүк астында жүруге және тұруға тыйым салынады.
Жүкті кран арқылы жылжыту кезінде желдің жылдамдығы 11 м/сек жоғары болса немесе көрінуі нашарласа тез арада тоқтау қажет.
Крандардың немесе сол сияқты ауыр техникаларды жылжыту арнайы тағайындалған бағдар бойынша, жұмыстың қауіпсіз жүргізілуіне жауапты адам арқылы ғана жасалады. Қажет болған жағдайда, еріпжүретін көлік құралы бөлінеді.
Босатылған кран жебесі арқылы жылжу кезінде краннан электр жабдықтарын арасындағы арақашықтық 1,5 м ден кем болмауы қажет.
Тұрақ алаңдарында автокранды қою алға қарай жасалатын қозғалыс бағытымен жасалуы керек.
Компрессорлар мен қозғалтқыштар. Әр бір компрессордың немесе қозғалтқыштың жанында «Қозғалтқышты іске қосу ережесі» орыс тілінде және ағылшын тілінде ілініп тұруы қажет.
Компрессорлар мен қозғалтқыштарға қызмет көрсететін қызметкер жабдықтардың жанында ілініп тұрған «Қозғалтқышты іске қосу ережесін» орындауы қажет.
Қозғалтқышты тоқтату кезінде, себебін анықтау үшін апаттық тоқтау датчигін тексеру қажет.
Поршеньді компрессорларды жоспарлы тоқтату үшін:
компрессордың жүгін түсіріңіз және қосымшаны бос жүріске (холостой ход ) ауыстырыңыз;
қозғалтқышта жанармай беруді өшіру;
қозғалтқыш тоқтағаннан кейін оталғышты өшіріңіз.
Егер айдау клапаны жаңылысып кері жағдайда орнатылған болса, онда қысым цилиндрдің бас тиегін жұлып алуы мүмкін. Айдау клапандары шығатын ауа қысымы ысырманы ашатындай орналасқанына көз жеткізіңіз.
Жабдықтарды жөндеу жұмыстары қуатты өшіргеннен кейін немесе жанармай беруді тоқтатқан соң ғана жүргізілуі керек. Айналмалы және қозғалмалы бөліктері қозғалыссыз қалатындай шаралар қолдану қажет.
Жөндеу үшін алынған кедергілер жабдықты қосқанға дейін қалпына келтірілуі қажет. Қозғалтқышты орнына орнатқан соң, сермерден (механизмнің жүрісін реттейтін үлкен ауыр дөңгелек) бекіту құрылғысын алып тастаңыз.
Қозғалтқышты іске қосардан алдын жақын арада бөгде адамдардың жоқ екеніне, ал басқалар жабдықтан қауіпсіз арақашықтықта екеніне көз жеткізіңіз.
Қыздыру пештері. Дайындаушының нұсқауларына сәйкес барлық қыздыру пештерінің жанында жағу ережесі орыс және ағылшын тілдерінде ілініп тұруы қажет.
Объектіде пешті жағу кезінде міндетті түрде қолданылатын бетті көзді қорғайтын құралдар болуы қажет.
Қыздыру пештеріндегі жалын сөндіргіштерді тексеру және тазалау жұмыстары жылына бір реттен кем емес немесе қажеттілігіне қарай жиі болып тұруы қажет. Жалын сөндіргіштерін тексеру және тазалау құжат бойынша рәсімделуі қажет.
Пешті жағу кезінде жанарғы (горелка) астында тұруға тыйым салынады.
Пешті жағардан алдын отын жеткізуді бұғаттайтын қосалқы клапанның орнын (ол жанарғыдан 15,2 м кем емес арақашықтықта (50 фут) орналасқан) анықтау қажет.
Егер конвектор құбырлары сумен толтырылмаса, қыздырғыны жағуға тыйым салынады.
Манометрлер. Манометрлердің бекітпе элементтерін созуға немесе әлсіретуге тыйым салынады. Манометрлер қорғаныш тығынмен немесе тірекпен жабдықталуы тиіс. Дәлдік пен қауіпсіздікке қол жеткізу үшін өлшенетін қысым манометрдің толық шкаласының 33-тен 67%-ке дейінгі аралығында орналасуы қажет. Манометрлерді кранның резервуарына немесе құбыр желісіне тікелей жалғауға тыйым салынады. Манометрлер крандағы құрастырылған бекіту клапандарында орнатылады.
Клапандар, құбыр желілері және құбыр қосылыстары. Клапандарды және арматураларды орнату дайындаушылар ұсынған температура мен қысым бойынша техникалық сипаттамасына сәйкес және Америкалық Ұлттық Стандарттау Институтының (ANSI) стандарттарына сай жасалады. Жұмыс қысымы қолданылатын қлапандар мен фасонды арматураның рұқсат етілген жұмыс жүктемесінен аспауы қажет. Клапандарды қиыстырып келтіру, тығыздау және майлау оны қолданудың дайындаушылар нұсқауына сай жасалуы қажет. Қондырғылардағы көмірсутектерді өңдеуде және тасымалдауда болат клапандар қолданылуы керек.
Өтпелі крандар, тиекті және шарлы клапандар сақтандыру клапаны болған жағдайды қоспағанда, толық ашық күйде немесе толығымен жабық күйде болуы керек. Клапандарды балғамен немесе басқа да құралменмен ұруға тыйыс салынады. Егер майлау арқылы клапан жұмыс жағдайына келмесе, онда оны объектінің жақын арада болатын жоспарлы тоқтауы кезінде жөндеу немесе ауыстыру қажет.
Ұңғыма сағасындағы төменгі фонтанды ысырмалар қалыпты режимде жүргізілетін жұмыс кезінде қолданылмауы керек. Фонтанды ысырмалар жүйесіндегі ағу немесе басқа да ақаулар туралы өз уақытында жөндеу немесе ауыстыру үшін тез арада өз басшысына хабарлау керек.
Құбырлар және құбыр арматуралары. Температурасы мен қысымы бойынша құбырлар мен арматуралардың техникалық сипаттамасы қолданылатын алаңның эксплуатациялық жағдайынан артып түсуі қажет.
0,051 м-лік және одан көп диаметрлі құбырлар түйістіріп дәнекерленуі керек. 0,025 м және одан көп, бірақ 0,051 м-ден кіші диаметрлі құбырлар муфталы дәнекерленуі керек. 0,025 м-ден кіші диаметрлі құбырлар бұрандалы немесе дәнекерлі байланысуы және қылыңдығы қос қабырғалы болуы тиіс.
Бұрандалы байланыс дайындау кезінде негізгі ережелер сақталуы тиіс. Біртекті бұранда алу үшін таза және өткір бұранда кескіштерді және майлау-салқындату сұйықтығын қолдану керек. Одан бөлек, тілімденген орамдар саны құбыр өлшеміне сай келуі қажет. Клаандарда немесе құбыр желілерінде орналасқан 0,051 м-лік және одан көп диаметрлі бітеуіштер немесе бітеу фланецтері және оларды бәсеңдете отырып, қысымды түсіретін және сол үшін болат инелі металлы бар клапандармен жабдықталуы керек.
Құбырлар және құбыр қосылыстары. Жоғары қысымда жұмыс жасайтын жүйелерде қоңышы жоқ, қысым астында жұмыс жасауға арналған тек жоғары сапалы қосылыстар қолданылуы қажет. Қосылыстарды тартып қысудан алдын тығындардың қаншалықтықы тығыз орнатылғанын тексеру қажет.
Егер қосылыстар қысыммен орналасып, ағатын болса оларды қысуға тыйым салынады. Өндірістік қондырғыларда қолданылатын құбырлар мен құбыр қосылыстары температура мен қысым бойынша технологиялық сипаттамаға сай келетін тот баспайтын болаттан дайындалуы керек. Көмірсутекті өндіру, қайта өңдеу және тасымалдау объектілерінде мыстан, жезден жасалған құбырлар мен құбыр қосылыстарын қолдануға рұқсат берілмейді.
Қысыммен жұмыс істейтін жабдық. Қысыммен жұмыс істейтін конструкциялар және түтіктерді пайдалану режимі осыған ұқсас жабдықтарға қатысты ASME стандарттарына сай келуі керек. Маркаланбаған, стандарттарға сай емес жабдықтар жұмыс қысымынан 1,5 есеге артатын қысымда гидростатистикалық сынақтан өтуі керек, кейін тиісті марка беріледі.
Жылыту пештерінсіз қысым астында жұмыс істейтін түтікшелер оның максимальді жұмыс қысымына арналған болаттан жасалған сақтандырғыш клапанмен жабдықталуы керек. Сақтандырғыш клапандардағы болатын сыналы ысырмалар ашық күйінде тіркелуі қажет.
Талқандаушы мембраналы сақтандырғыш құрылғылар түтікшенің максимальді жұмыс қысымының 120 прцентінен кем емес қысымға арналуы қажет.
Сақтандырғыш клапандарды профилактикалық тексеру осы аумақтың өндірістік қызметкерінің нұсқауы бойынша периодты түрде жүргізіліп тұруы қажет. Сынақ нәтижелері арнайы журналға жазылады. Сақтандырғыш клапандар егер сыртқы қысым көзіне қосатын құрылғымен жабдықталса, онда олар не сынау орындарында, не тікелей аппаратурада сынақтан өтеді.
Сығымдалған газды баллондар. Сығымдалған газды баллондарды тасымалдау және тиеу/түсіру үшін конструкциясы өнеркәсіптік нормаларға сәйкес қабылданған антикоррозиялық өңдеуден өткен арнайы стеллаждар қолданылады. Баллондарды сақтандырғыш қалпақтарынан көтеруге болмайды. Баллондарды сақтандырғыш қалпақтарынсыз сақтауға немесе тасымалдауға тыйым салынады.
Сығымдалған газды баллондарды электр тогы олар арқылы өтетін қаупі бар жерлерге орналастыруға тыйым салынады. Сығымдалған газды баллондарды 520С-тан жоғары (1250F) қызудан және ашық оттан сақтау қажет. Баллондар бекітілмеген ауыр жыбдықтардан бөлек орналастырылуы керек.
Баллон эксплуатацияда болмағанда баллонның вентилі әрқашан жабық болуы қажет. Вентильді адамдар бар жерден қарама-қарсы жаққа бағыттап, ақырын ашу керек.
Сығымдалған газды баллондар тек тікелей мақсаты бойынша – сығылған газдар үшін контейнер ретінде ғана қолданылуы керек. Баллондарды домалатқыщ (катки), тірек немесе басқа да мақсаттар үшін қлдануға тыйым салынады. Баллондарды жылжыту үшін сүйрету кезінде баллондарға зақым келтірмеу үшін қол арбаларды қолдану міндетті. Баллондар қол арбаға сенімді түрде тиелуі қажет.
Сығымдалған газды жоғарғы беттерді тазалау үшін зақымданудан немесе қауіпті өрт жағдайларын тудырмаудың алдын ау мақсатында ағынды түрде қолдануға тыйым салынады. Баллондарді құлап кету немесе зақымдануды болдырмау үшін вертикальді күйде сенімді түрде бекітілуі қажет [9].

болғандағы
тығыздығы,