Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
қазақ тілі билеттер жауаптарымен.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
60.03 Кб
Скачать

Билет №9

  1. Әбілхан Қастеев.

Алғашқы қазақ суретшілердің бірі Әбілхан Қастеев өзінің талантымен Қазақстанның бейнелеу өнері тарихындағы жарқын құбылысқа айналды.

Әбілхан Қастеев 1904 жылдың 1 қаңтарында Талдықорған (қазіргі Алматы облысы) облысының Жаркент ауданындағы Шежін ауылында кедей малшының отбасында дүниеге келген. Әкесінен ерте айырылған ол байдың жалшысы болады. Жаркент қаласында, кейіннен Түркісіб теміржол құрылысында жұмыс істейді. Ол сол кездің өзінде үнемі сурет салып, өзінің дарыны мен шеберлігінің арқасында айналасындағыларды таңғалдырады. 1929 жылы тағдыр оны Алматыға алып келіп, екі жылдай Н.Г.Хлудовтың көркемсурет студиясында білім алады.

1934-1936 жылдары Әбілхан Қастеев Мәскеуде тұрып, Н.К.Крупская атындағы кешкі халық шығармашылығы көркемсурет студиясынан сабақ алады. 1937 жылы КСРО Суретшілер одағына мүшелікке қабылданады. 1930-1940 жылдар аралығында суретші «өткен өмірге» деген ойлары бейнеленген «Ескі және жаңа тұрмыс» атты суретшінің шығармашылық қызметінің 15 жылдығына арналған тұңғыш жеке көрмесі өтеді. Осы жылы суретшіге Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген өнер қайраткері атағы беріледі. 1944 жылы ол Қазақ КСР Халық суретшісі атағын алады.

  1. Бұйрық рай.

БҰЙРЫҚ РАЙ. Біреуге арналып, бұйыра айтылған етістік мағынасын бұйрық рай дейміз. Бұйрық мағына түбір етістіктің өзінде берілген, сондықтан бұйрықтын қай жаққа қатысын білдіру үшін, түбір етістікке тек жіктік жалғау ғана жалғанады. Ол жіктік жалғау осы райдан басқа жерде қолданылмайды. Бұйрық райдық жіктелуі төмендегіше: Жекеше Мен қел-ейін, сана-йын  Сен кел, сана  Сіз кел-іңіз, сана-ңыз Ол кел-сін, сана-сын Көпше  Біз кел-ейік, сана-йық. Сендер кел-індер, санак-дар. Сіздер кел-іңіздер, сана-ңыз-дар. Олар кел-сін, сана-сын. 

  1. Етістіктерден бұйрық рай формасын жасаңдар:

бардым, жаздың, келді, білесің, сөйлейсің.

Бардым – бар

Жаздың – жаз

Келді – кел

Білесің – біл

Сөйлейсің – сөйле.

Билет №10

  1. Портрет.

Портрет (фр. portraіtportraіtе — бейнелеу) — бейнелеу өнерінің жанры, адам бейнесін живопись яки графика түріндегі бейнесі. Портрет бейнелеу өнерінің барлық түрімен: сұңғат (живопись), мүсінграфикамозаика, т.б. жазыла береді. Портреттің негізгі міндеті — адамның сыртқы ұқсастығын айнытпай берумен қатар, ішкі жан дүниесін, мінез-құлқын ашып көрсетіп, дәуірлік-тарихи ұлттық тұлғасын шынайылықпен бейнелеу. Портрет кейіпкерге қарап отырып салынады, кейде көмекші материалдарға (көркем, ауыз әдебиетітүрлі тарихи деректерге, т.б.), естеліктерге сүйене отырып та ойдан туындайды. Портрет жасалу ерекшелігіне қарай қондырғылы (сұңғат-кескіндемебюстграфикамонументтімозайка, т.б.), салтанаттыминиатюралы, т.б. болып бөлінеді. Портретте жеке немесе топтама адамдар бейнеленеді.

  1. Шартты рай (ереже).

Етістіктің шартты райы іс-әрекеттің болу, болмау, іске асу, аспауының  шартын білдіреді.

 

  • Өмірден көп нәрсені үйренсек, көрсек дейміз.

  • Қатты айтсаң, қарындасыңа да жақпайсың.

 

  • Шартты райлы етістік тиянақты ойды білдіре алмайды.

  • Көмекші етістіктердің тіркесіп келуі арқылы жасалады.

  • Шартты рай жедел өткен шақ етістік сияқты жіктеледі.

 

  • Үнемі шартын білдіре бермейді.

 

  • Кейде мезгілдік, кейде қарсылық мән білдіреді.

 

  • Шартты рай  +  І, ІІ ж.ж.ж. +  — шы, -ші               өкіну, налу мағынасын білдіреді.

3.Етістіктерден шартты райдың ІІ жағын жасаңдар: жаз, оқы, кел, сал, сөйле.

Жазсаң, оқысаң, келсең, салсаң, сөйлесең.