- •Мемлекеттік емтихан билеттерінің жауабы Билет № 1
- •Отбасы дәстүр» туралы әңгімелеңіз
- •2. Фонетика. Дыбыстар классификациясы
- •Билет № 2
- •Ақ бата – қасиетті тұмар
- •Тұрақты тіркестер
- •Келесі тұрақты тіркестердің баламасын табыңдар:
- •Билет №3
- •Бала тәрбиесіндегі қағидалар.
- •Үндестік заңы. Үндестік заңы
- •Буын үндестігі
- •Дыбыс үндестігі
- •Билет №4
- •Киелі сандар құпиясы.
- •Көмекші есімдер.
- •Көмекші есімдермен сөйлемдер құрастырыңдар.
- •Билет №5
- •Қазақ – қонақжай халық.
- •Зат есімнің септік жалғауы.
- •Билет №6
- •Киіз үй туралы әңгімеле.
- •Зат есімнің тәуелдік жалғауы.
- •Билет №7
- •Қазақтың музыкалық аспаптары.
- •Синонимдер.
- •Мына сөздердің синонимдерін жазыңдар:
- •Билет №8
- •Қазақ бейнелеу өнері
- •Етістіктің райлары. Қалау рай.
- •Билет №9
- •Әбілхан Қастеев.
- •Билет №10
- •Портрет.
- •Шартты рай (ереже).
Синонимдер.
Синоним (гр. 'synonymos' — мағыналас, мәндес) — тұлғалары әртүрлі, мағынасы жақын сөздер.
Тілдердің дамып жетілуі, оның сөз байлығынан, оралымдағы синонимдерінің молдығынан көрінеді. Синоним ретінде жұмсалатын мәндес сөздер тобы синонимдік қатар немесе синонимдік ұя деп аталады. Синонимдік қатар құрамындағы мағыналық тұрғыдан ұйыстырып тұрған сөзді тірек сөз не доминант дейміз.
Синонимдік қатарға енген сөздердің мағыналық тұрғыдан айырмасы болады. Мысалы, құлшыну — белсену, соғыс — ұрыс, жабу — кілттеу сөздерінің мағыналық салмағы әртүрлі.
Синоним сөздерді үш түрлі белгілері арқылы тануға болады:
мағыналық реңк (бала — перзент, ұстаз — мұғалім);
стильдік реңк (еліру — желпілдеу, ақсақал — қария);
сөз қолданысындағы реңктер (өмір — ғұмыр, биік тау — бойшаң адам).
Синонимдер мынадай жағдайларда қолданылады:
мәтінде бір рет пайдаланылған сөзді қайталамау үшін;
бір ұғымды түрлі белгілермен жан-жақты сипаттау мақсатында;
мағыналас екі сөз қатар келсе, алдыңғысы соңғысын анықтап, мағынасын күшейтеді. Мұндай сөз қолданысын плеоназм дейді. Мысалы, заңғар биік тау, құр бекер жүру;
Синонимдер фразеологизмдерде кездеседі. Мысалы, Бармақ шайнап, сан соғып, құсамен өткен өмір ғой — бұл да бір.
Сөздің орнына оның жеке түсінігін перифраза тәсілімен сипаттау арқылы; Мысалы, Астана деудің орнына Қазақстанның астанасы;
Мағынасы жағымсыз сөздерді эвфемистік тәсілмен жұмсартып, жеңілдетіп айту. Мысалы, өлді — о дүниелік болды, қартаю — жасы ұлғаю, т.б.
Стилистикалық синонимдер — стилистикалық жағынан ерекшеленетін синоним сөздер.
Мына сөздердің синонимдерін жазыңдар:
Қазына-байлық,
Халық-ел, жұрт
Дүние-мүлік
Ғалым-оқымысты
Билет №8
Қазақ бейнелеу өнері
Қазақ бейнелеу өнері – көркем кескіндеме, мүсіндеме, графика және қолднабалы өнер салаларын қамтиды, ұлттық дүниетанымға негізделген көркем өнер. Қазақ бейнелеу өнерінің бұқаралық ең ежелгі түрі халықтың қолөнері болып табылады.
Қазақ бейнелеу өнерінің қалыптасу және даму жолы өте күрделі болды. Оның бастауында этнограф-ғалым Ш.Уәлиханов тұрды.
Қазақстанда бейнелеу өнерінің кәсіби шеберлерін дайындайтын студия 1920 жылы ұйымдастырылып, онда Н.Г.Хлудов, Н.Антонов және мүсінші А.С.Пономарев сабақ берді. ХХ ғасырдың 20-30-жылдары қазақ бейнелеу өнері шеберлері алғашқы қадамдарын жасады. Жас суретшілер кескіндеме мен графиканың кәсіптік шеберлігін меңгерді. Олар: Ә.Қастеев, Ә.Ысмайылов, Б.Сәрсенбаев, Қ.Қожықов, т.б. 1928 жылы Семейде бейнелеу өнері шығармаларының алғашқы көрмесі ұйымдастырылды.
Етістіктің райлары. Қалау рай.
Рай категориясы қимылдың болмысқа қатысы туралы сөйлеушінің түсінігін, көзқарасын білдіреді. Қазақ тілінде 4 түрлі рай бар: 1.Бұйрық рай. 2. Қалау рай. 3. Шартты рай. 4. Ашық рай.
Қалау райы сөйлеушінің белгілі бір амалды я әрекетті жүзеге асыруға бағытталған ниетін, ынта-тілегін, үміт-арманын білдіреді. Бұл райдың көрсеткіштері есебінде -ғы (+м, +ң) сы кел; -са игі еді; ғай еді; -са екен (аналитикалық) форманттары қызмет етеді
Мысалы: |
Менің |
бар-ғы-м келеді |
Біздің |
бар-ғы-мыз келеді |
|
Сенің |
бар-ғы-ң келеді |
Сендердің |
бар-ғы-лары-ң келеді |
|
Сіздің |
бар-ғы-ңыз келеді |
Сіздердің |
бар-ғы-лары-ңыз келеді |
|
Оның |
бар-ғы-сы келеді |
Олардың |
бар-ғы-лар-ы келеді |
|
|
|
|
|
Келесі сөздерден қалау рай формасын жасаңдар:
сурет салу, бару, көмектесу, оқу,қатысу.
Сурет салу- сурет салғым келеді
Көмектесу – көмектескім келеді
Оқу –оқығым келеді
Қатысу – қатысқым келеді.
