Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
қазақ тілі билеттер жауаптарымен.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
60.03 Кб
Скачать

Билет №6

  1. Киіз үй туралы әңгімеле.

Киіз үй – тарихымыздағы ең алғашқы сәулеттік құрылыс. Көшіп қонуға ыңғайлы, жер сілкінісіне төтеп беретін ең қолайлы жәдігер. Киіз үйдің жалпы салмағы жиһаздарымен қосқанда 300-400 келіге жуық. Бұл салмақты бір түйе еркін көтере алады. Кереге, шаңырақ, уық, сырқырлауық – киіз үйдің негізгі бөлшектері. Соның ішінде — Кереге киіз үйдің негізгі қаңқасы болып есептеледі. Ол — талдан, жіңішке қайыңнан жасалады. Кереге санына қарай киіз үй 4,6, 8, 12 қанат етіп тұрғызылады. Ал, Хан ордасының кереге саны 30-ға дейін жетеді. Ал шаңырақ болса – киіз үйдің еңсесін құрап, тұтастырып тұратын күмбез. Қазақы нанымда шаңырақты ешуақытта төңкеріп қоюға болмайды. Тіпті шаңырақ көтеріліп жатқанда ешкімнің сөйлеуіне болмайды екен. «Жетi уық шаншылғанша жетесiз ғана сөйлейдi» деген сөз осының дәлелі болмақ. Ал, уық кереге мен шыңырақты жалғап тұрады. Сықырлауық болса кереге шеңберін тұйықтап, киіз үйге кіріп – шығатын есік қызметін атқарады. Ағашы толығымен құрылып болған соң — киізі жабылады. Сөйтіп, дайын үйге еңкейіп кіреді қазақ баласы. Киіз үйді әдетте 3-4 адам 1 сағаттың ішінде құра алады. Ең қызығы, әлемде киіз үйге ұқсас аралдар мен таулар бар екен. Мәселен Шерқала Батыс Қазақстанда орналасқан ерекше тау.

  1. Зат есімнің тәуелдік жалғауы.

Иеленуші жақтың біріне белгілі бір заттың меншікті екенін білдіретін жалғау тәуелдік жалғау деп аталады. Тәуелдік жалғаудағы сөз ілік жалғаулы сөзбен байланысты болады. Мысалы: менің кітаб-ым, менің шеше-м, сенің жолдас-ың. Тәуелдік жалғауы бір заттың басқа бір затқа тәуелді екенін білдіретіндіктен, негізінде, зат есімге тән қосымша бола тұрса да, зат есім қызметін атқаратын, демек, заттанатын сөздердің барлығына да жалғана береді. Мысалы: балам, қызым дегендер зат есім болса, Түйенің үлкені көпірде таяқ жейді (мақал). Осылардың жақсысы да, жаманы да бірдей деген сөйлемдердегі үлкені, жақсысы, жаманы дегендер — заттанған сын есімдер. Алты жылқышы — төртеуі түнге, екеуі күндізге. дегендегі төртеуі, екеуі деген сөздер зат есім қызметін атқарып түрған жинақтық сан есім сөздер. Еріншектің ертеці таусылмас деген мақалдағы ертеңі заттанып тұрған мезгіл үстеу.  Тәуелдік жалғау үш жақта: жекеше көпше, II жақта анайы, сыпайы түрде қолданылады.

  1. Келесі сөздерді тәуелдеу: шаңырақ, киіз үй

Менің шаңырағым

Сенің шаңырағың

Сіздің шаңырағыңыз

Оның шаңырағы

Біздің шаңырағымыз

Сендердің шаңырақтарың

Сіздердің шаңырақтарыңыз

Олардың шаңырақтары

Менің киіз үйім

Сенің киіз үйің

Сіздің киіз үйіңіз

Оның киіз үйі

Біздің киіз үйіміз

Сендердің киіз үйлерің

Сіздердің киіз үйлеіңіз

Олардың киіз үйлері

Билет №7

  1. Қазақтың музыкалық аспаптары.

Қазақтың ерте заманнан келе жатқан музыкалық аспаптарының түрлері өте көп. Ата-бабаларымыз тастан, ағаштан, темірден, өсімдіктерден, саздан, малдың терісінен, сүйегінен, мүйізден, ішектен, қылдан тағы басқа да дыбыс шығаруы мүмкін заттардан қарапайым ән-күй аспаптарын жасаған. Еліміздің әртүрлі музейлерінің қорларында 400-ден астам көне музыкалық аспаптары сақтаулы.

Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптарын жіктеп төмендегідей топтарға бөлуге болады:

1. Үрмелі аспаптар - үрлеп тартылатындар, оның ішінде оларды 3 топқа бөлуге болады:

Үрмелі (флейталы) - сыбызғы, қурай-ысқырғыш, үшпелек, саз сырнай, үскірік, тастауық, ысқыруық, ұран.

Тростық - қамыс сырнай, қос сырнай, қауырсын сырнай.

Мундштуктік - мүйіз сырнай, ұран, бұғышақ, керней.

2. Шертпелі аспаптар - ішекті аспаптар. Оған шертіп ойналатын - жетіген (7 ішекті, 21 ішекті), шертер, домбыра (бас домбыра, прима домбыра, альт домбыра, шабылған, құралған, қалақ домбыра, Абай домбыра,), адырна, шіңкілдек, ортеке, үш ішекті домбыра

3. Ұрмалы аспаптар - аты айтып тұрғандай ұрып ойналатын аспаптар: даңғыра, кепшік, дабыл, дулыға, дауылпаз, шыңдауыл, тұяқтас, тоқылдақ, шың.

4. Сым тілшелі: шаңқобыз.

5.Сілкіп ойналатын аспаптар - сілку арқылы ойналады: аса таяқ, шың, сылдырмақты қамшы, қоңырау, сақпан, зырылдауық.

6. Ыспалы аспаптар немесе қияқпен ойналатын аспаптар: қобыз (қыл қобыз, нар қобыз, бас қобыз, альт қобыз, прима қобыз), сазген.

Қазақтың ұлттық аспаптарының ішінде кең тарағаны домбыра, қобыз, сазсырнай болып табылады. Домбыраны тіпті қазақтың өзімен салыстырады: «Нағыз қазақ - қазақ емес, нағыз қазақ - домбыра» деп. Себебі, домбыраны тартып, оның даусын ұнатпайтын қазақ жоқ десе де болады. Жалпы, домбыра атауының шығу тарихы жайлы таластар көп. Солардың бірқатары: «Дембира» деген қыз атынан шыққан болуы керек деп те топшылайды, себебі шығыс елдерінде қастерлі, қасиетті нәрсеге немесе кейбір көпшілік орынға әйел адамның есімін беру үрдісі бар. Пішіні домбыраға ұқсас, төрт ішекті шертпелі аспап үнді халықтарында «тампура» деп те аталады. Ішекті шертпелі аспап «пандура» гректерде бар. Сонымен нақты атауы қайдан шыққаны әзірге белгісіз.

Ал ең көне аспап ретінде қобыз саналады. Өздеріңіз білетіндей қобыз сонау Қорқыт ата заманынан келе жатыр.

Қазіргі күні ұлттық музыкалық аспаптарға деген сұраныс артып келеді. Жастардың көбі қазір домбыра мен қобыздан басқа да ұлттық аспаптар бар екенін біліп келеді. Оған дәлел ретінде ұлттық аспаптардан құралған топтарды айта аламыз.