- •Мемлекеттік емтихан билеттерінің жауабы Билет № 1
- •Отбасы дәстүр» туралы әңгімелеңіз
- •2. Фонетика. Дыбыстар классификациясы
- •Билет № 2
- •Ақ бата – қасиетті тұмар
- •Тұрақты тіркестер
- •Келесі тұрақты тіркестердің баламасын табыңдар:
- •Билет №3
- •Бала тәрбиесіндегі қағидалар.
- •Үндестік заңы. Үндестік заңы
- •Буын үндестігі
- •Дыбыс үндестігі
- •Билет №4
- •Киелі сандар құпиясы.
- •Көмекші есімдер.
- •Көмекші есімдермен сөйлемдер құрастырыңдар.
- •Билет №5
- •Қазақ – қонақжай халық.
- •Зат есімнің септік жалғауы.
- •Билет №6
- •Киіз үй туралы әңгімеле.
- •Зат есімнің тәуелдік жалғауы.
- •Билет №7
- •Қазақтың музыкалық аспаптары.
- •Синонимдер.
- •Мына сөздердің синонимдерін жазыңдар:
- •Билет №8
- •Қазақ бейнелеу өнері
- •Етістіктің райлары. Қалау рай.
- •Билет №9
- •Әбілхан Қастеев.
- •Билет №10
- •Портрет.
- •Шартты рай (ереже).
Билет №4
Киелі сандар құпиясы.
Қазақ халқында жеті саны қасиетті де қастерлі. Қазақтардың жеті саны туралы түсінігі кең: жеті ата, жеті қарақшы, жеті күн, жеті қат жер, жеті жарғы, жеті нан (шелпек), жеті қазына.
Жеті ата
Жеті ата жөнінде қазақ халқы «Жеті атасын білген ұлт жеті жұрттың қамын жер», «Жете атасын білмеген - жетесіз» деп жастарға халықтық, отансүйгіштік тәрбие беруге тырысқан.
Жеті қазына: қару-жарақ, ер жігіт, сұлу әйел, жүйрік ат, ілім-білім, құмай тазы, қыран бүркіт
Үш байлық
Бірінші байлық – денсаулық,
Екінші байлық – ақ жаулық,
Үшінші байлық – он саулық.
Үш жұрт: өз жұрты, нағашы жұрты, қайын жұрты
Үш арсыз: тамақ арсыз, күлкі арсыз, ұйқы арсыз
Үш қонақ: арнайы қонақ, құдайы қонақ, қыдырма қонақ.
Көмекші есімдер.
Көмекші есімдер — негізгі сөздерге телене жұмсалып, олардың кеңістікке (мекенге), уақытқа (мезгілге) қатысын толықтырып, нақтылап тұратын сөздер. Оған алд, арт, аст, қас, маң, жан, іш, туп, сырт, бас, бет, шет, түс, бой сияқты толық лексикалық мағынасы жоқ сөздер жатады. Көмекші есімдер мекенді, заттың жақын-апыстығы (ауылдың шеті, жаны, төңірегі, маңы)\ қыры (көпірдің асты, үсті, бойы); аралығы (екі үйдің ортасы, екі көшенің арасы) тұрғысынан саралап атайды. Кейбір көмекші есімдер қыс, жаз, түн тәрізді сөздермен тіркәсіп келіп, оларды мезгілдікжағынан нақтылап, дәлдеп тұрады (қыстың басы, түннің ортасы). Көмекші есімдер өзі тіркескен негізгі сөздермен көбіне изафеттік байланыста қолданылады. Мысалы: өзеннің бойы, ауылдың сырты, қаланың маңы, құдықтың түбі, жолдың үсті, айдың ортасы, жылдың басы, аптаның аяғы т. б. Көмекші есімдер сөйлемнің дербес мүшесі болып жұмсалмайды. Негізгі сөздермен тіркесіп барып, сөйлемнің бір мүшесі болады: Мысалы, Ауылдың жаны — терең сай (Абай). Мұндағы ауылдың жаны — бастауыш.
Көмекші есімдермен сөйлемдер құрастырыңдар.
Менің ауылымның маңында өзен ағып жатыр.
Мектептің қасында мәдениет үйі бар.
Екі ауылдың арасы онша алыс емес.
Билет №5
Қазақ – қонақжай халық.
Қазақ халқы -өте қонақжай .Қонақжайлық қазақ халқының салт-дәстүрінің бірі.Ежелден қазақ халқы қонақ десе ішкен асын жерге қоятын халық.Сондықтан қазақта мынандай мақалдар бар «Қонақты қусаң- құт,ырыс қашады»,соған қарасақ халқымыз қонақты қарсы алу, шығарып салуға ерекше мән берген. Қонақ келсе дастарқан жайылып,дәмді тағамдар дайындалып,қазанда бауырсақ пісіп,ет асып жатады.Үй иесі әңгіме-дүкен құрып, қонақпен бірге отырады. Реті келсе, ауылдағы әнші, күйшілерді шақыртып, әңгіме арасында қонақтардың көңілін көтереді. Үй иесінің балалары да аяғынан тік тұрып қонақтарға қызмет көрсетеді. Осының бәрі үй иесінің адамгершілігін,имандығын,сыйластығын көрсетеді Қазақ халқының қонақ-жайлылық қасиетін саяхатшылар мен ғалымдарды қатты таң қалдырғаны тарихта жазылып қалған.
Зат есімнің септік жалғауы.
Зат есімнің септік жалғаулары
Септіктердің аты |
Сұрақтары |
Септік жалғаулары |
Атау септік |
Кім? не? |
|
Ілік септік |
Кімнің? Ненің? |
- ның, - нің, - дың, - дің, - тың, - тің |
Барыс септік |
Кімге? Неге? Қайда? |
- ға, - ге, - қа, - ке |
Табыс септік |
Кімді? Нені? |
- ны, - ні, - ды, - ді, - ты, - ті |
Жатыс септік |
Кімде? Неде? |
- да, - де, - та, - те |
Шығыс септік |
Кімнен? Неден? |
- нан, - нен, - дан, - ден, - тан, - тен |
Көмектес септік |
Кіммен? Немен? |
- мен, - бен, - пен |
Сонымен септік жалғау зат есімге жалғанғанда, оған белгілі бір грамматикалық мағына үстеп, сөйлемде она басқа сөздермен байланысқа түсіреді.
Тәуелденген зат есімнің септелуін жай септеумен салыстырғанда барыс, табыс, жатыс септіктерінде айырмашылық бар.
Септіктер |
Тәу.жалғаудың І,ІІ жақтарынан кейін |
Тәу.жалғаудың ІІІ жағынан кейін |
Атау септік |
|
|
Ілік септік |
-ның,-нің |
-ның,-нің |
Барыс септік |
-а,-е |
-на,-не |
Табыс септік |
-ды,-ді |
-н |
Жатыс септік |
-да,-де |
-нда,-нде |
Шығыс септік |
-нан,-нен |
-нан,-нен |
Көмектес септік |
-мен |
-мен |
3. Келесі сөздерді септеу: қонақ, қазақ халқы.
А.с. қонақ, қазақ халқы
І.с. қонақтың, қазақ халқының
Б.с. қонаққа, қазақ халқына
Т.с. қонақты, қазақ халқын
Ж.с. қонақта, қазақ халқында
Ш.с. қонақтан, қазақ халқынан
К.с. қонақпен, қазақ халқымен.
