Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
қазақ тілі билеттер жауаптарымен.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
60.03 Кб
Скачать
  1. Тұрақты тіркестер

Тұрақты тіркестер дегеніміз – бір немесе бірнеше сөздің тіркесуі арқылы бір ғана мағынаны білдіретін сөз тіркестері. Тұрақты тіркесті құрайтын сөздердің сыңарлары тұтасып барып, бір мағынаны білдіреді. Ғылыми атауы – фразеологизмдер.

Мысалы:

тас бауыр мағынасы мейірімсіз ,

су жүрек мағынасы қорқақ

Тұрақты тіркестердің синонимдік баламалары болады, яғни оларды мағынасы жақын сөздермен түсіндіруге болады.

Мысалы:

қыздың жиған жүгіндей – әсем, көрікті, көркем,

ит терісін басына қаптады – ұрысты, балағаттады, сөкті

  1. Келесі тұрақты тіркестердің баламасын табыңдар:

ит өлген жер - ... алыс

қырғи қабақ болу - ... араздасу

ешкімнің ала жібін аттамау - ... адал

Билет №3

  1. Бала тәрбиесіндегі қағидалар.

Бала тәрбиесіндегі ұстанатын негізгі қағидалар:  - Баланы жас кезінен бастап сыйлап, қадір-қасиетін, ар-намысын бағалап, дұрыс сөйлесіп, дұрыс қарым-қатынас жасаған абзал.  - Әдепсіз сөз, дөрекі айқай – тәрбиедегі жаман әдіс. Бала оған үйреніп кетеді немесе соған орай дөрекі жауап береді.  - Егер өзің баланы сыйламай тұрып одан өзіңе ілтипат, құрмет көрсетуін талап етудің өзі ұят.  - Баланың айтайын деген өтінішін, ақылдасқысы келген мәселесін ата-анасы тыңдап, ақыл-кеңес беруі керек.  - Ата-ана отбасындағы үлкендерді сыйлап құрметтесе, кішілерге қамқор болса, бала да сондай болуға ұмтылады.  «Жақсы отбасында жазалау деген атымен болмайды және бұл- отбасы тәрбиесінің ең дұрыс жолы» деп ұлы педагог А.С. Макаренко айтқандай балаларға түсіністікпен қарап, балалықпен жасаған қылықтарын дер кезінде ескеріп, қорытынды шығарып отыру керек.

  1. Үндестік заңы. Үндестік заңы

Қазақ тілінің дыбыстары сөз ішінде және сөз бен қосымшаның, сөз бен сөздің арасында бірімен-бірі үйлесіп, ыңғайласып келіп отырады. Түбір буынның жуан не жіңішкелігіне қарай қосымшаның дыбыстары да жуан не жіңішке болып айтылып тұрады. Мысалы: балалар (балалер емес), үйлер (үйлар емес), ауылға (ауылге емес), көшеде (көшеда емес), т.б.

Қазақ тіліндегі қосымшалар сөздің соңғы дыбысының сипатына қарай бейімделіп жалғанады: мектепте (мектепде емес), үйге (үйке емес), жазда (жазта емес), т.б.

Сөйтіп, сөзді бастан-аяқ біркелкі әуезбен айтуды үндестік заңы деп атаймыз.

Үндестік заңы екі түрлі: а) буын үндестігі; ә) дыбыс үндестігі.

Буын үндестігі

Дауысты дыбыс буын құрайтын болғандықтан, сөздегі, сөз бен қосымшалардағы дауыстылардың не бірыңғай жуан, не бірыңғай жіңішке болып үндесуін буын үндестігі (сингармонизм) деп атаймыз.

Үндестік заңына сай қазақ тілінің байырғы сөздері не бірыңғай жуан, не бірыңғай жіңішке болады. Мысалы: ата, ана, бақыт, баға, сана, намыс, егіз, өріс, төсек, кереге, кілем, т.б.

Дыбыс үндестігі

Сөз бен қосымшаның жігінде немесе сөз бен сөздің аралығында дауыссыз дыбыстардың бірін-бірі өзіне ұқсата әсер етуі дыбыс үндестігі деп аталады. Мысалы: қаздар (қазтар емес), есептер (есепдер емес), әкеге (әкеке емес), мектебі (мектепі емес), қасығы (қасықы емес).

  1. Туынды сөздерді тауып, сөйлем құрастырыңдар: тәрбиеші, ұстаз, тәртіпті, шаңырақ, ұрпақ, қамқоршы.

Менің болашақта ұстаз болғым келеді.

Шаңырақ – киіз үйдің ең маңызды бөлігі.

Қазақстанның болашағы келешек ұрпақ, яғни біздердің қолымызда деп білемін.