Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
геотех курсовой.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
151.24 Кб
Скачать

Мазмұны

Кіріспе

4

1. Құрылыс аумағын негіздеу

4

2. Қурстық жобаның орындалу тәртібінің жазбасы

5

3. Жүктеме жағдайын , ғимараттың конструктивтік ерекшеліктерін бағалау және деформациясының шекті мәнін анықтау

5

4. Есептеу бөлігі

4.1 Құрылыс аумағының инженерлік-геологиялық шарттарды бағалау үшін қажетті

5

5

4.2 Іргетастарды салудың тереңдігін таңдау

6

4.3 Іргетастың табанының өлшемін бір уақытта топырақтың негізінің есептік кедергілігімен анықтау

8

4.4 Қадалы іргетас есебі

8

4.5 Іргетастың рационалдық типін таңдау

13

5. Ғимараттардың жер асты бөлігін ылғалдың, жер асты сулары және қияңқы ортаның әсерінен қорғау

15

Қорытынды

15

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

15

Кіріспе

Қазіргі кезде елімізде көптеген мемлекеттің әр түрлі кәсіпорындарының салынуына құрылысшылардың қосып отырған үлесі зор. Құрылысқа республикамызда жыл сайын өте мол қаржы жұмсалып келеді. Бұл қаржыларды ұтымды пайдалану, негізгі қорлардың сапалық құрылымын одан әрі жақсарту және өндірістік қуаттарды барынша жедел іске қосып игеру керек. Құрылыс мерзімін елеулі түрде қысқартып, құнын кеміту – құрылысшылар алдына қойып отырған маңызды міндет

Бұл міндеттерді ойдағыдай шешу үшін күрделі қаржыны, шикізат және еңбек шығындарын азайту, индустрияландыру дәрежесн арттыру, құрылысты жоспарлау мен ұйымдастыруды жақсарту, құрылыс өндірісі технологиясын жетілдіру қажет.

Аталған талаптарды іске асыруда құрылыс мамандарын әзірлейтін оқу орындарының үлесі мол. Бүгінгі күнде оқу орындарының алдына қойылған жауапты міндет – білікті мамандар даярлау. Қазіргі кезде барлық оқу орындары жаңа сапалы оқу жоспарлары мен бағдарлама арқылы мамандар даярлау жолына көшуде.

Құрылыс өндірісін ұйымдастыру аймақты пайдалануға қажетті сапа және белгіленген мерзімді берудің барлық ұйымдастырылуы, техникалық және технологиялық шешімдерінің мақсаттылығын қамтамасыз ету керек.

Құрылыс аймағының технологиясы мен ұйымдастырылуы бөлек ғимараттың, үймәреттің немесе оның бөлігінің, жұмыс өндірісінің жобасын ұсынады.

Оқушы күнтізбелік жоспар немесе құрылыстық бас жоспар, түсіндірме есебін дайындалуы және көрсетуі тиіс.

Күнтізбелік жоспарды ұйымдастыру жағынан жобалаған кезде СНиП 3.01.01-81 (Құрылыс өндірісін ұйымдастыру) көрсетілгендей, құрылыс аймағының негізгі жұмыстарына тек дайындау жұмыстарын аяқтағаннан кейін кірісу керек деген талапты сақтау қажет.

Ішкі аумақтық дайындау жұмыстары мыналарды қарастырады:

- геодезиялық бөлу негізін тапсыру – қабылдау;

- құрылыс аймақтық территориясын жоспарлау;

- жер топырағының өсу қабатын рекультивациясына пайдаланатын кесу мен ую;

- топырақ суының деңгейін жасанды төмендету және субұру жұмыстары;

- тұрақты және уақытша жолдарды салу;

- инженерлік желілердің төсемі, сумен, жылумен, жарықпен жабдықтау, канализация.