11. Цефалоспориндер
Пенициллиназаға түрақты, бірақ оларды цефалоспориназа ыдыратады. Көбі АІЖ нашар сінеді, тиімділіғі жоғары, токсикалық әсері төмен, 4 буынға бөлінеді (ашылуына байланысты).
1-ші буыны: цкфазолин, цефалотин, цефалексин. Әсері кең емес.
Қолдануы: стафилококк және стрептококк шақыратын инфекцияларда.
2-ші буыны: цефуроксим, цефокситин, цефаклор, цефотокситин.
1-ші буынға қарағанда белсенділіғі жоғары, спектрі кең, гр- микробқа әсер етеді.
Қолдануы: тыныс алу органдардың, тері, ұлпалар, сұйек, буын инфекцияларында.
3-ші буыны: цефотаксим, цефтриаксон, цефтазидин, цефоперазон.
Гр- микробтарға әсері күшті, гр+ -әлсіздеу, 1,2 буынға қарағанда белсенділігі жоғары, ОЖЖ-ге әсер етеді
Қолдануы: ауыр стационарлық инфекцияда, амбулаториялық жағдайда кем қолданылады. Тыныс алу органдарының, ішек, жамбас органдарының жұмсақ ұлпаларының инфекциясында, менингит, эндокардит, гонорея, сифилис.
4-ші буыны: цефепим, цефпиром. Белсенділіғі жоғары, ұлпаларға, ОЖЖ –ге жақсы сінеді.
Қолдануы: ауыр инфекциялық ауруларда, баска а\б тиімділігі болмаған жағдайда.
Цефалоспориндердің қосымша әсерлері: аллергия, диспепсия, дисбактериоз, флебит, суперинфекциялар.
Цефалоспориндер – кең спектрлі белсенділіғі жоғары, бактерицидтік әсері бар антибиотиктер. Токсикалық әсері орташа. Ауыр госпитальді инфекцияларда қолданылатын антибиотиктер!
111. Макролидтер.
Белсенділігі жоғары, токсикалық әсері төмен, бактериостатикалық әсері бар гр+ микробқа (дифтерия таяқшасы, амеба, хламидиялар, микоплазма, спирохетаға әсер етеді.
1-ші буыны: эритромицин
2-ші буыны: белсенділіғі жоғары, әсері ұзақ
Қолданылуы: тыныс алу жолдарының, тері, ұлпалардың инфекциясында. Препараттары:
Кларитромицин (клацид), азитромицин (сумамед), емінің курсы 1-3-5 күн. Спирамицин (ровамицин), екіқабат әйелдерге, балаларға қолдануға болмайды, джозамицинде тиімді препарат.
Макролидтердің токсикалық әсері төмен, амбулаториялық тәжірибеде ересек және балалардың еміне кең қолданылатын дәрілер (тыныс алу органдарының, тері, ұлпалар инфекциясында)
1Y. Тетрациклиндер
Спектрі кең , бактериостатикалық әсері бар, АІЖ жақсы сінеді, сүйектерде жинақталады.
Қолданылуы: әртүрлі инфекцияда, аса қауіпті инфекцияларда: чума, холера, бруцеллез, сібір жарасы, тері зақымы, офтальмологияда. Са, Мg. Al. Fe комплекс құрап, белсенділігі төмендейді, сондықтан кейбір тағамдармен бірге қолдануға болмайды.
Кемістіктері:
-токсикалық әсері жоғары
-тіс, сүйек ұлпаларында жинақталады
-АІЖ тітіркендіреді (лоқсу, құсық)
-иммунитеті төмендейді
-аллергия
-диспепсия
-дерматит
-суперинфекция(кандидоз)
-нефротоксикалық әсер
Қолдануға болмайды: жүктілікте, лактацияда, 12 жасқа дейінгі балаларға.
Препараттар: Тетрациклин таб., жағылма, Доксициклин (вибрамицин), тетрациклиннен тиімділіғі жоғары, кап, таб, амп, сироп, фл.
Тетрациклиндер уытты антибиотиктер. Қордағы антибиотиктер деп саналады!
Y. Левомицетин тобының препараттары
Әсерінің спектрі кең, АІЖ арқылы жақсы сінеді, соңғы уақытта аз қолданатын препарат, қосымша токсикалық әсері жоғары (қан жүйесіне, анемияның қайталама, қайталмас түрлері -1 рет қолданғанда 6-8 аптадан кейін жанама әсері білінеді).
Жаңа туған нәрестелерге қолдануға болмайды, аллергия, диспепсия, дисбактериоз, гепатотоксикалық, нейротоксикалық әсер етеді.
Қолдануы: басқа препараттарға тұрақтылығы бар ауыр инфекцияда(іш сүзегі, менингит, сепсис, ми абсцессы, сальмонелез), ішке тәулігінде 4 рет, Жергілікті қолдану – офтальмологияда жағылма, тамшы түрінде, дерматологияда – синтомицин линименты, құрастырылған препараттар.
Левомицетин қосымша, қордағы а\б, өте уытты!
YI. Линкозамидтер
Линкомицин, клидамицин (далацин С), гр+ микробтарға әсер етеді. Қолданылуы: остеомиелит, буындардың инфекциялық зақымында, тері ауруларында.
Қосымша әсері: диспепсия, кандидоз.
YII. Аминогликозидтер
Спектрі кең, негізгі әсері гр- микробтар және туберкулез таяқшаларына әсер етеді, АІЖ сіңбейді, б\е,к\т егіледі.
Қолдануы:жара, тыныс органдары, зәр, өт бөлу жолдарының инфекциясында, туберкулез, чума, сепсис, бруцеллез, энтерококкты инфекцияларында.
Кемістіктері:
-тұрақтылық тез дамиды,
- жоғары уытты
- ототоксикалық
-нефротоксикалық
-тыныс алуы нашарлайды
- тітіркендіреді
-аллергия
-суперинфекция
-бас айналады координация бұзылады.
-бірінші буындағы аминогликодтер: стрептомицин (колдануы: туберкулез, туляремия), канамицин (туберкулез, АІЖ инфекциялары)
-екінші буындағы гентамицин, белсенділігі жоғары, көк ірің таяқшасына әсер етеді.
-үшінші буындағы: нетилмицин, тобрамицин, амикацин. Амикацин тиімділігі жоғары, басқа препараттарға тұрақтылықтарда қолдануға болады.
Бұл топтың препараттары өте қауіпті, токсикалық әсері жоғары, ауыр инфекцияларда, басқа препараттар тиімділігі болмағанда қолданылады.
YIII. Полипептидті антибиотиктер
Негізгі әсері гр- микробтарға (ішек инфекциясында).
Полимиксин М сыртқа қолданылады, өте токсикалық препарат, қордағы. Қолдануы: жара, күйіктер.
Полимиксин В токсикалық әсері төменірек.
Биопарокс микробқа және қабынуға қарсы әсер етеді.
Қолдануы: жергілікті әсер әртүрлі инфекциялық, қабынуға тыныс алу жолдарында (тонзилит, фарингит, ларингит, ринит, гайморит) аэрозоль түрінде әр төрт сағат сайын қолданады.
Қосымша әсері: Суперинфекция, тітіркену.
