Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Антибиотиктер.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
80.09 Кб
Скачать

Алматы қаласының Денсаулық сақтау басқармасы

ШЖҚ МКК «Медициналық колледж»

ГКП на ПХВ медицинский колледж

Управление здравоохранения г.Алматы

ЦӘК «Жалпы кәсіби пәндер»


Дәрістік сабақтың әдістемелік нұсқауы

Пән: Фармакология негіздері

Тақырыбы: Антибиотиктер

Мамандық: мейірбике ісі

Дайындаған Карбаева М.С.

ЦӘК мәжілісінде қаралып бекітілген

Хаттама№ 2016 ж

ЦӘК меңгерушісі Жундабекова Р.Н.

Пән: Фармакология негіздері

Уақыты:

Сабақтың тақырыбы: Антибиотиктер

Мамандығы: Емдеу ісі, Медбикелік іс

Оқытушы: Карбаева М.С.

Курс – Семестр –

Сабақтың мақсаты:

Оқыту:

-жаңа тақырыпты меңгеру: химиотерапиялык препараттар ішіндегі антибиотиктердің орны, химиотерапияның принциптері, а/б топтасуы, қолдануы, жанама әсерлері.

-тақырып бойынша білімді бекіту.

Тәрбиелік:

-х/т дәрілердің тағайындауға, қолдануға жауапкершілікке тәрбиелеу

-мейірімділік сезімін тәрбиелеу

-антибиотик ашылу тарихын білу

-ой-өрісін кеңейту

Дамыту:

-х/т препараттарды тағайындауын,көрсеткіштерін, жанама әсерлерін біліп тиімді емді қолдану

-зейін қоюын дамыту

-теориялық білімі мен тәжірибені байланыстыру қабілетін дамыту

Жүргізу орны: колледж аудиториясы

Формасы: теориялық сабақ

Сабақтың ұзақтылығы: 90 мин

Түрі: аралас-құрамдас

Оқыту тәсілі: алдын ала дайындалу берілген ақпарат бойынша, оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыру, иллюстрациялык-түсіндірмелі көрнекі сабақ

Сабақтың жабдықталуы:

Дидактикалық:

-әдістемелік нұсқау

-тақырып бойынша ақпарат

-дәрілік заттардың жиынтығы

Техникалық:

-мультимедиа материалдар

-ТСО

Пәнаралық байланыстар:

Латын тілі, қалыпты анатомия, қалыпты физиология, терапия, жұқпалы аурулар, мейірбике ісі.

Пәнішілік байланыстар: жалпы рецептура, жалпы фармакология

Оқушытушыларға арналған әдебиеттер:

Пичхадзе Г.М. Кадырова Д.М. Ким И.И. Карбаева М.С. Фармакология, 2016 жыл

Султанов М.Ә.Ербасова А.А. Фармакология, 2015 жыл

Машковский М.Д. Лекарственные средства, 2008 жыл

Майский В.В. Фармакология с рецептурой, 2003 жыл

Оқушыларға арналған әдебиеттер:

Султанов М.Ә Ербасова А.А. Фармакология, 2015 жыл

Пичхадзе Г.М. Кадырова Д.М. Ким И.И. Карбаева М.С. Фармакология, 2016 жыл

Иршаева Н.Б. Рысмаханова Г.Р. Фармакология, 2008 жыл

Сабақтың құрылымы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі: сәлемдесу, сабаққа оқушылардың қатысуын тексеру. Аудиторияның сабаққа дайындығын қадағалау, сабақтың мақсатымен жоспарын түсіндіру.

  2. Үй жұмысын тексеру: оқушыларға тапсырмасы бар карточкаларды тарату, 5мин ішінде орындау қажет. Ауызша жауап беру, және тақтада рецепт жазуға шақыру.

Тапсырмалар 1-ші қосымшада.

  1. Жаңа сабақты түсіндіру: Оқушыларға берілген ақпараттың негізгі ұғымын анықтау, түсіндіру. Химиотерапиялық принциптеріне, препараттардың жанама әсерлеріне назар аударып, антибиотиктердің топтасуын анықтау кажет.

  2. Өзіндік жұмысты жасау туралы үй жұмысын орындауды талқылау: презентация және реферат түріне антибиотиктер туралы мәлімет.

  3. Сабақтың қорытындылауы

  4. Үйге тапсырма: Султанов М.Ә. 64-79 бет, рецепт жазу, СӨЖ дайындау.

Сабақтың хронокартасы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі 5 мин.

  2. Алдынғы тақырыптың білу деңгейін анықтау 25мин

  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру 30 мин

  4. Жаңа білімді бекіту 10 мин

  5. Өзіндік жұмыс 10 мин

  6. Сабақты қорытындылау 5 мин

  7. Үйге тапсырма 5 мин

Барлығы: 90 мин

  1. Қосымша:

«Антисептиктер» тақырыбы бойынша білімді бақылау карточкалары:

а/құрамында галогены бар антисептиктер, атауы, қолдануы.

Йодтын спиртты ерітіндісіне рецепт жазу.

б/аромат тізіміндегі антисептиктер, атауы, қолдануы.

Ихтиол жағылмасын рецепте жазу.

в/ антисептиктер тотықтырғыштар, атауы, әсер механизмі, қолдануы.

Калий перманганатының ерітіндісін ауызды шаюға.

г/ альдегидтер мен спирттер тобының антисептиктері, атауы, қолдануы.

Этил спиртін теріні өндеу үшін рецепте жазу.

д/ бояғыштар тобының антисептиктері, атауы, қолдануы.

Бриллиант жасылының ерітіндісін теріні өндейге.

  1. Қосымша:

«Антисептиктер» такырыбы бойынша фронтальді бақылауға арналған сұрақтар:

а/антисептиктер түралы ұғым

б/антисетиктердің топтасуы

в/антисептиктермен дезинфекцияға арналған дәрілердің химиотерапиялық заттардан айырмашылығы.

г/ауыр металлдардың препараттарының әсер механизмі, жанама әсерлері.

д/детергенттер түралы ұғым, қолдануы, атауы.

  1. Келесі препараттарды рецепте жазып, тобын анықтап қолдануын айт :

а/ құміс нитратының ерітіндісін 2 пайызды 10 мл көзге тамшы.

б/ фурацилин сулы ерітіндісін 1:5000-500 мл жараны жууға

в/ Люголь ерітіндісін тамақты өндеуге.

  1. Оқушыларға арналған информациялық блок.

Антибиотиктер

  1. Антибиотиктер

Антибиоз-микробтардың арасындағы болатын антагонизм құбылысы. Антибиотиктер- әртүрлі микроорганизмдердің өмір сүру қабілетін жоюға бағытталған заттар. Оларды микробтан, биологиялық шикі заттардан, синтетикалық, жартылай синтетикалық жолмен алады.

Антибиоз құбылысын 1-ші ашқан Л.Пастер (1887 ж ), пенициллинді ашқан А.Флеминг (1929 ж.), таза пенициллин алынғаны 1940 ж Флори және Чейн, 1941 ж 1-ші рет қолданды, біздің елде пенициллинді ашқан проф. З.Ермольева (1941ж), өндірісте 1944 жылдан бастап шығарылады.

Химиялық құрамына байланысты а\б топтасуы:

  1. Бета-лактамды а\б (пенициллиндер, цефалоспориндер, карбапенемдер, монобактамдар)

  2. Макролидтер (макролидтер, азалидтер)

  3. Тетрациклиндер

  4. Амфениколдар (левомицетин)

  5. Аминогликозидтер

  6. Полимиксиндер

  7. Басқа химиялық структурадағы а\б (рифампицин, ванкомицин, полиендер).

Антибиотиктер микробтарға екі түрлі әсер етеді:

-бактерицидтік

-бактериостатикалық

Ол әсерінің механизіміне байланысты:

-жасуша қабықшасының синтезін бұзады (бета-лактамдар)

-цитоплазмалық мембрананың өткізгіштігін бұзады (полимиксиндер, санырауқұлақтарға қарсы а\б)

-жасуша ішілік ақуыздың синтезін бұзады (тетрациклиндер, макролидтер, левомицетин, линкомицин).

-нуклеин қышқылының синтезін бұзады (рифампицин, гризеофульвин)

Әсер спектріне байланысты а\б бөлінуы:

-спектрі кең емес:

А) грам+ микробтарға әсер ететіндер (жартылай синтетикалық пенициллиндер, эритромицин, линкомицин)

Б) грам- микробтарға әсер ететіндер (полимиксиндер)

-спектрі кең а\б грам+ және грам- әсер етеді ( левомицетин, тетрациклин, аминогликозидтер, цефалоспориндер, рифампициндер), саңырауқұлақтарға қарсы, қатерлі ісіктерге қарсы а\б.

А\б негізгі және косымша болып бөлінеді, емін негізінен бастайды, егер тиімділігі төмен болса қосымшаға ауыстырады.

Бета-лактамды антибиотиктер

Пенициллиндер түрлері:

Биосинтетикалық ( әсері қысқа): бензилпенициллин натрий және калий тқздары, феноксиметилпенициллин,

Ұзақ әсер ететіндер: бензилпенициллин новокаин тұзы, бициллиндер,

Жартылай синтетикалық пенициллиндер: спектрі кең емес –оксациллин,

Спектрі кең: ампициллин, амоксициллин, карбенициллин, амоксиклав (аугментин).

  1. Биосинтетикалық БП зен саңырауқұлактары өндіреді, негізгі әсері гр+ микробтарға.

Спектрі: стафилококктар, стрептококктар, менингококктар, гонококктар, энтерококктар, солғын спирохета, дифтерия, сібір таяқшалары. Туберкулез, ішек бактерияларына, вирустарға, қарапайымдарға, саңырауқұлақтарға әсер етпейді.

Қолдануы: пневмония, бронхит, ангина, дифтерия, ұлпалардың іріңді инфекциясы, ЛОР-аурулары, акушерия мен гинекологияда, менингит, гонорея, мерез, сібір жарасы, көз аурулары.

Жанама әсері: аллергия, а\б тән әсерлер.

Препараттар:

Бензилпенициллин-натрий түзы Benzylpenicillinum-natrium

Ш.т. фл. 250000, 500000, 1000000 ӘБ, к\т, артерияға, эндолюмбальді, б\е новокаин ерітіндісімен

Бензилпени циллин калий түзы Benzylpenicillinum-kalium

Ш.т. фл.250000, 500000, 1000000 ӘБ тек б\е.

Феноксимпетилпенициллин Phenoxymethylpenicillinum

Ш.т. таб. 0,1, 0,25.

Ұзақ әсер ететін препараттар: б\е еңгізеді, әсері ұзақ.

Бициллин-1 Bicillinum-1 Ш.т. фл. 300000, 600000 ӘБ аптасында 1 рет егіледі 1200000 ӘБ 2 аптада 1 рет, суда немесе 0,9% NaCl ерітіндісінде ерітіп.

Бициллин-5 Bicillinum-5 Ш.т. фл. 1500000 ӘБ, 4 аптада 1 рет егіледі.

Бүл препараттар созылмалы ауруларда қолданылады (мерез, ревматизм, остеомиелит, гонорея, тері, жұмсақ ұлпалардың инфекциясында).

11. Жартылай синтетикалық пенициллиндер

1) спектрі кең емес препараттар:

Оксациллин-натрий түзы Oxacillinum-natrium

Ш.т. фл.0,25, таб.,кап. 0,25, тәулігінде 4-6 рет, пенициллиназаға түрақты.

2) Спектрі кең препараттар:

Ампициллин Ampicillinum-natrium

Ш.т. фл. 0,25, 0,5 б\е, к\т

Қолдануы: зәр, өт, тыныс алу жолдарының инфекцияларында, ЛОР-аурулары, АІЖ (сальмонелез), хирургиялық инфекциялар.

Амоксициллин –әсері ұзақ, тиімді препарат.

Карбенициллин, пиперациллин, тикарциллин ішек инфекциясында тиімді препараттар.

Құрастырылған препараттар:

Құрамында бета-лактамаза ингибиторлары бар (клавулон қышқылы, сульбактам, тазобактам), ампициллин-сульбактам (уназин), амоксициллин+клавулон қышқылы (аугментин, амоксиклав).

Пенициллиндер кең қолданылатын а\б, бактерицидтіқ әсер етеді, негізгі кемістігі – аллергия және дисбактериоз, флебит, диспеисия, диарея, стоматит.