Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
NSE.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
13.18 Mб
Скачать

12. Қалалық байланыс кабельдері

БАБЖ – біртұтас автоматтандырылған байланыс жүйесі (елдің жалпы мемлекеттік байланыс желісі). Ол магистралды, қалалық және аймақтық байланыс желісіне біріктіреді.

Изоляцияциясыны байланысты қалалық байланыс кабельдерінде әрқашан Т әріпі болады. Полиэтиленді изоляциясы бар қалалық телефонды кабель ТПП,  кордельді-қағазды және кеуек қабықшасы бар кабель – ТЗ, ТЗПП.

Өзекшесіне байланысты Қалалық кәбілдер үшін диаметрлері 0,32; 0,4; 0,5 и 0,7 мм. мыс талшықтары қолданылады. Коаксиалды кәбілдерде сыртқы өткізгіш ретінде бойлық тігісі бар мыс, гофрирленген немесе тоқылған трубашалар, сонымен қатар алюмендік трубашалар қолданылады.

Қалалық телефондық кабельдер

ҚТК арналған мақсаттарына байланысты бөлінеді: абоненттік, АТС пен абоненттерді жалғайтын және қосқыш кабельдер. Қосқыш қабельдер АТС-терді бір-бірімен және қалааралық станциямен байланыстырады.

Абоненттік телефондық кабельдер былай бөлінеді:

а) қағазды изоляциялы;

б) пластмассалы изоляциялы.

Қалалық кабельдер қадамы 100 мм болып келетін жұпты бұрмасы және шиырмалы бұрмасы бар.

13. Ауылдық байланыс және радиофикация кабельдері

Ауылдық кабельдер.

Ауылдық байланыс кабельдері станцияаралық және абоненттік болып бөлінеді. Станцияаралық байланыс үшін бір немесе екі-төрттік КСПП-1Х4 және КСПП-2Х4 типті кабельдер ИКМ-15, ИКМ-30 сандық тарату жүйелері үшін қолданылады. Станцияаралық қосқыш линиялардағы байланыс ұзақтығы 100 км-ге дейін жетеді. КСПП кабелінің тоқөткізгіш талшықтар диаметрі 0,9 және 1,2 мм болып келеді.

Ауылдық байланыс желілерінде біртөрттік кабельдерден басқа біржұпты кабель ПРППМ-1Х2 қолданыс тапты. Әдетте диаметрі 0,8;0,9;1,2мм болып келетін мыс талшықты, полиэтиленді изоляция мен қаптамасы бар. Ауылдық байланыс желісін ұйымдастыруға болашағы бар деп биметаллды (алюминий-мыстан жасалған талшықтар диаметрі 0,5 және 0,9 мм) және суға тұрақты гидрофобты толтырмасы бар кабельдерді айтуға болады. Олардың маркировкасы ТППЗ және сыйымдылығы 5Х2 және 10Х2 болып келеді.

Радиофикациялық кабельдерге телефон байланысында абоненттік желілерде қолданылатын және сымды байланыста қолданылатын кабельдер жатады. Олар 380В кернеуде 10 кГц-ка дейін экспулатацияланады.

14. Суасты кабельдері және тарату жүйелері

Суасты кәбілдері былай бөлінеді:

-              шалшықтар мен терең емес көлдерге, кеме жүрмейтін өзендердің түбіне төселетін кәбілдер ( көлденең кездескен азғана су тосқауылдарын өтерде қолданылады )

-   теңіздер мен мухиттардың түбіне төселетін кәбілдер (бұл жерде тек  су түбіне төсеу ғана емес, сонымен қатар белгілі бір тереңдікке бекіту немесе белгілі бір тереңдікте су түбіне көму ).

Өзендерді, көлдерді, каналдарды, жасанды су қоймаларын, саз батпақты, жылғалды (ручей) кесіп өтуге тура келгенде суасты төсеу жерасты төсеудің кесіндісі немесе бөлігі ретінде қарастырылады. Кеме жүзетін көлдер арқылы байланыс кәбілдерін төсеудің қазіргі нормаларына сай 3м тереңдікке дейінгі ағызу және кеме жүзбейтін өзендерде 1м-ге дейінгі минималды тереңдікпен өткізіледі. Су қоймаларын пйдаланатын ұйымдармен келісілген бойынша су қоймасының 8м тереңдігінде қатқыл тереңдікте төсеу рұқсат етіледі. Кәбілдердің терең емес каналдар немесе көлдер түбіне тереңдету кәбілдің тереңдігінің іскерлік мақсаты және оның көлемі жоба бойынша анықталады.

Бұндай төсеулер үшін элементтері нығайтылған және металл қабықшасы бар оптикалық кәбілдер қолданылады. Бұл кәбілдер артығырақ герметикалы және олардың механикалық сипаттамалары төсеудің дәстүрлі техникалық әдістерін қолдануға рұқсат етеді.

Кәбіл төсеушіні тек таяз суға қолдануда ұсынылады, себебі үлкен тереңдіктерде кәбіл төсеу процесін бақылау мүмкін емес. Топырақтар бұл жағдайда ІІІ категориядан аспауы тиіс.

ОК-ді металл элементтерсіз бөлек су кедергілері арқылы төсеу белгілі бір қиындықтарды шақырады. Мысалы, берілген азғантай жерлерді орын ауыстыру кезінде кәбілдің су бетіне шығу мүмкіндігі шығарылады. Қатты өзен ағысы кезінде жүктеменің деңгейі рұқсат етілген деңгейден аспауын бақылау  керек. Сондықтан да кәбілді төсеуді қорғаныс құбыр-сымның қызуымен қолдану және оны тереңдікке орындау ұсынылады. Полиэтиленді құбырлар, ал қауіпті бөліктерде болат құбырлар 1,2 м тереңдікке дейін төселуі мүмкін (жерасты кәбілдері сияқты). Түтікшелерді қолдану артықшылығы кездейсоқ кедергілер мен кездескен кезде (топырақ қопсыту) мүмкін болатын зақымдану кәбілмен емес, құбырмен шектеледі.

Ішкі сулар жолы – кеме жүзетін және балқытпалы су қоймалары өткелі арқылы біріншілік желінің магистралды ОК төсеу кезінде бір-бірінен 300 м қашықтыққа дейін орналасқан екі жорма (створка) (жоғарғы және төменгі) кәбілді төсеу жолымен жүзеге асады. Трассада жалпы мемлекеттік және республикалық мәні бар көпірлер мен автомобильді жолдардың бар болуы көпір арқылы бір кәбілдің төселінуін рұқсат етеді. Сонымен қатар негізгі және кәбілдерде 50% дейін талшықты-оптика қосылады.

Канал төсеудің орсыз жол төсеудің мүмкін еместігінен су кедергілері арқылы өтетін кәбілдер алдын ала өңделген суасты ор жолдарға төселінеді. Ор жол мекеменің жерасты жұмыстарына арналған техникалық әдіспен өңделеді. Кеме жүзетін өзендерде 0,8м-ге дейін тереңдіктегі арналарда экскаватормен өңдеу мүмкін. Үлкен тереңдікте жарма өткелі арқылы жылжитын жүкарба арқан (лебедка тросов) көмегімен экскаваторларды қалқышалы (понтон) орнату қажет.

Байланыспаған және азбайланысқан топырақтарда ОК төсеуге ор жолдарды өңдеудің тиімді әрі қарапайым әдісі гидроманиторлар болып табылады. Олардың көмегімен топырақ шайып кетіледі. Гидроманиторлар 2м-ге дейінгі тереңдіктегі ор жолдарды шайып кетеді, су кедергілерінде 8…12 м шайып кетуді қолданады. Жалпы

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]