Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
NSE.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
13.18 Mб
Скачать

4. Байланыс желілерін құру принциптері . Принцип построения сетей связи

Ақпараттың барлық түрлерін таратудың біріктірілген кешенді техникалық құрылғыларын қолдануды қамтамасыз ету үшін байланыстың түрі және арналуы бойынша бөлінуін ескермейтін, біріншілік желі деп  аталатын, стандартты типтегі арналар мен тракттардың біртұтас желісі құрылады. Біріншілік желі дегеніміз тарату жолдары мен станцияларының және желілік түйіндердерінің жиынтығы, сонымен қатар оларды қосатын және құрайтын типтік арналар мен трактлардың желісі. Біріншілік желі қолданылуы анықталған (телефондық, телеграфтық, ТВ, вещаниялық, мәліметтер тарату) арналарды ұйымдастыру үшін керекті кешенді техникалық құрылғылардан және де коммутациялық түйіндер мен абоненттік құрылғылардан тұратын екіншілік желінің құрылуына негіз болады. Екіншілік желі дегеніміз коммутациялық құрылғылардың, коммутациялық түйіндердің, соңғы абоненттік құрылғылар мен арналардың, оларды біріктірушілердің жиынтығы.   Осылай ұйымдастырылған желі тиімдірек және сенімдірек. Мұндай сенімділік байланыс жолдарының әр түрлі типін қолдану және тармақталған желі құру арқылы қамтамасыз етіледі. Бұған қоса басқа түйіндерге баратын айналма, резервті жолдар қарастырылады.

Желі түйіндерден (коммутациялық тізбектердің пункттері, арналар) және    осы түйіндерді қосатын қабырғалардан  (байланыс жолдары) тұрады. Электрбайланыстың желісін құрудың бірнеше варианттары бар, (1.2 суретке қара). Олар: тікелей қосылу (а) әрбір пункт бір бірімен тікелей косылады (тура байланыс), түйіндік (б) (бірнеше пункт қосылып түйінді құрайды, содан соң түйіндер  өзара қосылады) және радиальды (в) (басқа пункттермен шырайнала қосылатын жолдары бар, бірақ түйін ғана болады). 

 

а)                                  б)                                      в)

                                                                   

                                                     г)

 а – тікелей қосылу;

б – түйіндік қосылу;

в – радиальды қосылу;

г – радиальды-түйінді байланыс желісін құру.

 1.2 сурет - Байланыс желісін құру нұсқалары

 Желі құрудың бірінші нұсқасы сенімді, бірақ техникаэкономикалық жағынан алғанда тиімсіз. Ал, желі құрудың радиальды сұлбасы арзан, бірақ онда қосалқы жолдар болмайды.

Желінің радиалды және түйінді сұлбаларының араласқан түрі жақсы нәтижелер береді.  

5. Қтс желілерін құру жолдары. Шкафтық және шкафсыз жүйелер арқылы абоненттік желі жолдарының желісін құру

ҚТС-тың негізгі ақырғы құрылғылары телефондық станцияның (қорғау жолақтары, рамкалар, бөлгіш блоктар) және тармақтағыш  шкафтардың (кәбілді бокстар) кросс бөлмесінде орналастырылады.

Телефондық станция ғимаратына байланыс кәбілдерін енгізу әдісі: сиымдылыққа және станцияның орналасуына, сонымен қатар сызықты қондырғыларды ғимарат ішінде орналастыруға тәуелді болады. Үлкен сиымдылықты станциялар үшін байланыс кәбілдерін әдетте кәбілді шахталар арқылы енгізеді.

Ереже бойынша кәбілді шахталарды телефондық станциялар ғимаратының жертөле (подвал) бөлмелерінде тікелей кросс бөлмесінің астында орналасады. Станцияның жанында әдетте екі станциондық құдық тұрғызады. Олар асбестоцементті құбырларды енгізу блоктарын шахтамен байланыстырады. Кейбір жағдайларда станциондық құдықтарды коллекторлы немесе туннельді шахталармен байланыстырады. Енгізу блоктары, коллекторлар мен туннельдер станциондық құдықтар жағына еңістелуі (уклон) керек. Шахтаны кронштейндермен  және консольдармен жабдықтайды, олардың үстінен магистралды кәбілдерді төсейді. Шахтада магистралды және шахтааралық  енгізу кәбілдеріне газ өткізбейтін муфталарды орнатады. Ол кәбілді ауаның артық қысымда бар болу мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Осы жерде үлкен сиымдылықты кәбілдерді тежегіш (стопорные) кәбілдерге муфта қолқаптарында пайкіленеді. Олар сосын пакеттерге топталады, кросс бөлмесінде орналасқан ақырғы құрылғыға  этажаралық асып түсудегі (перекрытиях) құбырлар таратады.

Егер телефондық станцияның кросс бөлмесі шахтадан бірнеше этажға жоғары орналасса, онда енгізу кәбілдерінің тежеуіштерге пайкіленуі шахтаның үстіндегі бөлмеде жүргізілуі мүмкін. Ол бөлме қолбақтық (перчаточный) деп аталады.

Кішкентай сыйымдылықты станцияларда шахталар орнына түзушелер қолданылады. Оларда кәбілдерді ақырғы құрылғыларға тікелей пайкіленеді және жаратады.

Станцияның ғимаратына канализация кәбілінен судың және газдың кіруін болдырмау үшін барлық бос және бос емес енгізу блоктарының арна (канал) кәбілдерін ағаш тығындармен және майы сіңген саңылаусыз бекітілуі керек.  

Тармақтағыш шкафтар магистралды кәбілдердің жұптарын үлестіргіш кәбілдер жұптарымен бірге байланыстыруда орналастырады. Қазіргі уақытты тармақтағыш шкафтарды негізінен ғимататтар, жертөлелер ішіндегі коридорларда немесе арнайы бөлінген бөлмелерде орналастырады.

Шкафтарды сыртқа орнату да рұқсат етіледі. Ішкі шкафтарды темір- бетонды немесе кірпішті негізде жасалынған мүмкіндігінше күрделі қабырғаларды орнатады. Тармақтағыш шкафтарға (шкафты құдықтар) тармақталу жасалатын кәбілді ККС-4 типінде болуы керек. Егер шкафтық құдықтың, шкафқа дейінгі арақашықтығы 35 метрдей болса, онда құбырларды құдықтан тікелей шкафқа бағыттайды. Сыйымдылығы 1200 жұп шкафтарға 4 құбыр, ал сыйымдылығы 600 жұп шкафтарға 3 құбыр салынады. Қомақты (значительный) арақашықтық кезінде шкафтың жанына немесе оның астына ККС-2 типті   орнатады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]