Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
NSE.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
13.18 Mб
Скачать

18,38,42 жок

  1. Заманауи электр байланысы

Ғылыми-техникалық даму дәуірінде информация көлемінің күрт өсуіне байланысты информацияны жинап, өңдеп және бір жерден екінші қалаған жерге жеткізудің экономикадағы алатын орны зор. Информация бір жерден екінші жерге электр сигналы түрінде бағыттаушы жүйемен беріледі. Мұндай бағыттаушы жүйені байланыс жолы деп атайды. Жалпы информацияны жинақтап, сақтап, өңдеп және бір жерден екінші жерге жеткізетін техникалық құралды байланыс жүйесі дейді. Байланыс жүйесі жұмысының сапасын анықтайтын басты белгісінің бірі – байланыс жолдары. Қазірдегі қолданылып жүрген байланыс жолдары – әуе байланыс жолдары, кабельдік (симметриялық, коаксальдық, оптикалық-талшықтық) және радиорелейлік байланыс жолдары.

Электрбайланыстың кез келген жүйесі 1.1.суретте көрсетілгендей құрылымдық сұлба түрінде берілуі мүмкін.

 

 1 – ақпараттың көзі;

2 – ақпаратты электрлік сигналға түрлендіргіш;

3 – тарату жүйесі;

4 – орта (бағыттаушы жүйе);

5 –электрлік сигналды ақпаратқа түрлендіргіш;

6 – ақпаратты тұтынушы.

2.Байланыс жолдарының дамуына қысқаша тоқталу.

Электрлік сигналды электромагниттік толқын түрінде бір жерден екінші жерге жеткізетін құрылғыны байланыс жолы деп оны кейінгі жылдары ғылым мен техникадағы алатын орнына байланысты электробайланыстық бағыттаушы жүйесі деп атайды.

Электрбайланыстың арналары дегеніміз бір пункттен басқа пунктке электрлік сигналдарды таратуды жүзеге асыратын кешенді физикалық құрылғылар мен орта. Егер электромагниттік энергияның (электрлік сигналдың) таралуы еркін кеңістікте жүзеге асырылса (диэлектрлік ортада), онда байланыс арнасын радиоарна деп атайды (радиобайланыс, релелі, спутникті және лазерлі байланыс). Егер байланыс арнасы электромагниттік энергияны бойымен тарататын ортаның аралық шекарасын ескеретін болса, онда оны сымдық арна деп атайды. Сымдық арналар екісымдық тізбектерді (коаксиалды және симметриялы), немесе толқынжолдарды (талшықтыоптикалық жарықжолдар) қолданатын бағыттаушы жүйелердің (байланыс жолдары) көмегімен құрылады.

Электробайланысының бағыттаушы жүйесінің ТМД елдеріндегі негізін салушылар Акульшин П.К., Кулешов В.Н., Коптев И.В., Кощеев И.А., Шварцман В.О., Верник С.М., Гроднев И.И., Ефимов И. Е. Ниеталин Ж. Н., Парфенов Ю. А. болып саналады. Қазақстанда қазіргі кезде байланыс құралдарының ең жаңа үлгілері іске қосылуда. Республикамыздың байланыс жүйесінде сандық телефон стансылары, ұялы телефон, арнайы карточка көмегімен байланысқа шығуға мүмкіндік беретін таксофондар, факс және пейджинг, Жердің жасанды серіктері арқылы байланысу елеулі орын ала бастады. 1994 жылдан бері Қазақстан әлемдік интернет жүйесіне тұрақты қосылды.

3. Байланыс желілерінің түрлері,олардың сипаттамалары,байланыс желілеріне қойылатын талаптар (Типы линии связи, их основные характеристики и требования к линиям связи)

Байланыс желілері- әр түрлі физикалық ортаға байланысты аймақты жоғары деңгейде байланыспен қамтамасыз ететін желілер жиынтығы.

Ақпараттық сигналдың физикалық ортада таралуына байланысты байланыс желілері:

кабельді байланыс желілері – симметриялық, коаксиальді кабельдер

талшықты –оптикалық байланыс желілері

Жерсеріктік байланыс желілері

Радиорелейлі байланыс желілері

Кабельді байланыс желілері. Оқшаулағыш материалдардың түріне, тізбектердің орналасу тәртібіне байланысты кабельдер төменгі жиілікті және жоғары жиілікті болып бөлінеді. Төменгі жиілікті симметриялы кабельдер, әсіресе дыбыстық жиілікті спектрлік кабельдер көп арналы байланыстар жасау үшін пайдаланылады. Олардың спектрлік ауқымы жүздеген кГц-ті қамтиды. Ал коаксиал тізбекті кабельдердің спектрлік ауқымы ондаған МГц болады.Симметриялы немесе коаксиалды тізбектер бір-бірінен оқшауланып, бірнеше тізбектер белгілі бір тәртіппен біріктіріліп, металдан немесе пластмассадан жасалған түтікше түрінде жасалған қабықшаның ішіне орналастырылады. Әр түрлі механикалық өсерлерден қорғау үшін қабықшаға орналасқан тізбектердің сырты қорғағыш қабатпен қапталады.

Талшықты –оптикалық байланыс желілері

Талшықты-оптикалық байланыс желілері (ТОБЖ) - «оптикалық талшық» атауымен белгілі болған, диэлектрлік толқын жетектері арқылы деректерді беру жүйесінің түрі болып табылады.

Талшықтық-оптикалық байланыс желісі — талшықтық-оптика элементтері мен құрылғылары арқылы ақпарат беру жүзеге асырылатын оптикалық байланыс желісі.

Тиімді талшықтық-оптикалық элементтерді жасау, аса ұзын кабельдер мен кең жолақты қабылдағыштардың жасалуы, ұзақ өмір сүретін (104 сағ-тан артық) жарықкөздерінің (лазерлік диодтар мен жарық диодтары) пайда болуы байланыс желілерінің басқа түрлерімен бәсекелестікте талшықтық-оптикалық байланыс желісінің тиімді екенін дәлелдеп келеді

ТОБЖ технологиясын пайдаланудың келесі артықшылықтары бар:

  • ауқымды өткізу қабілеті – 40 Гбит/с дейін;

  • бұл – үлкен қашықтықтарға деректер ағынын берудің ең жетілдірілген тасымалдау ортасы;

  • электромагниттік бөгеуілдерге қатысты жоғары төзімділік, ал жарық өткізгіштер арқылы берілетін ақпарат рұқсатсыз қол жеткізуден қорғалған.

Жерсеріктік байланыс желілері

Жерсеріктік ,Ғарыштық байланыс — жер беті қабылдау тарату станциялары мен ғарыштық аппарат арасында немесе жер бетіндегі екі станция арасында ғарыштық аппарат және жердің жасанды серігі арқылы орнатылатын немесе ғарыштық екі аппарат арасында орнатылатын байланыс.

Жер серіктері мен жер беті станциялары арасында 1 ГГц — 10 ГГц жиіліктер диапазонында жерсеріктік байланыс жүйесі қалыптасқан. Байланыстың жер бетіндегі жабдықтарыныц қуатты (ондаған кВт) радиотаратқыштардан, тиімділік алаңы өте үлкен қабылдағыштардан және шуылы аз қабылдағыштардан тұрады. Ғарыштық (серіктердің) борттық аппаратуралары аса сенімді, салмағы жеңіл жөне көлемі шағын. Радиотаратқыштың қуаты ондаған ватқа жетеді. Энергия көзі ретінде күн батареясынемесе радиоизотоптық термогенераторлар қолданылады.

Радиорелейлі байланыс желілері

Радиорелейлі байланыс - (радио және фр. relais - аралық станса) - антенналары бір-біріне тікелей көрінетін қашықтыққа орналату қабылдау-тарату радиостансаларының тізбегі арқылы жүзеге асырылатынрадиобайланыс. Әр станса көрші стансадан сигнал қабылдап, күшейтіп, әрі қарай таратады. Радиорелелі байланыс дециметрлік толқындар арқылы көп арналарды телефон, телеграф, теледидар, т.б. сигналдарын таратуға пайдаланады. Бұл диапазонның басқа диапазондарға қарағанда сигнал тарату арналары көп атмосфералық және индустриалық кедергілерге тәуелділігі төмен. Бағытталған антенналар арқылы бірнеше таратқыштармен бір мезгілде жұмыс істей алады. Көршілес стансалардың ара қашықтығын арттыру үшін олардың антенналарын мүмкіндігінше биік етіп орнатады. Жазық жердегі стансалардың ара қашықтығы 40 - 50 км болады. Әдетте бір стансада қабылдау-тарату апаратарының кешені арқылы бір неше арнамен байланыс орнатылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]