- •Наркозға арналған заттардың жіктелуі
- •Наркоз кезеңдері мен түрлері
- •Наркозға арналган эфирдің әсерінде төрт кезеңі бар
- •Азот аскын тотыгы Nitrogenium oxylulatum
- •Ингаляциялық емес наркозға арналған заттар.
- •11. Этил спирті Spiritus aethylicus
- •111. Ұйықтатын дәрілер
- •1Y. Эпилепсияға қарсы дәрілер
- •Y.Паркинсонизмге қарсы дәрілер
- •Y1. Аналгетиктер
- •11 Бейнаркотикалық аналгетиктер
Y.Паркинсонизмге қарсы дәрілер
Паркинсон ауруы – дірілдеуіш салдану. Паркинсонизм – Паркинсон ауруының белгілерінің пайда болуы, экстрапирамидтік жүйе қызметінің өзгеруі.
Препараттары: циклодол, леводопа, мидантан.
Y1. Аналгетиктер
Ауырсынуды басатын, антиноцицепциялық жүйенің (ауру туындату жүйесіне қарсы) белсенділігін арттырады.
Химиялық құрамына, белсенділігіне байланысты екі топқа жіктеледі:
-наркотикалық
-бейнаркотикалық
Наркотикалық аналгетиктер кез-келген ауырсынуды басатын морфин және морфин тобының препараттары. Бүл препараттар эйфория, тәуелділік тудырады. Доғарған кезінде абстиненция синдромы байқалады.
Әсер ету механизмі: эндогенді эндорфин мен энкефалиндердің белсенділігін күшейтеді. Наркотикалық аналгетиктер ағзадағы пептидтердің (эндорфин, энкефалин) құрылысына ұқсас болғандықтан, апиынды рецепторлармен байланысады, ауырсыну импульстарын тежегіш әсер көрсетеді.
Наркотикалық аналгетиктердің жіктелуі:
Апиын алкалоидтары: морфин, морфилонг, омнопон, дигидрокодеин.
Морфиннің синтетикалық аналогтары: промедол, фентанил, пентазоцин, буторфанол, трамадол.
Наркотикалық аналгетиктердің антагонистері: налорфин, налоксон, налтрексон.
Наркотикалық аналгетиктер.
Морфин апиын алкалоиды. Апиын –көкнәрдің кептірілген түрі, морфин 10% құрайды және ішінде 20 астам алкалоидтары бар.
Морфиннің ағзаға әсері:
Ауырсыну орталығын, тыныс алу және жөтел орталықтарын тежейді, эйфория, тыныштандыратын, ұйықтататын әсер түдырады, дене қызыун төмендетеді.
Көз қозғалтқыш жүйке орталығын қоздырып, көз қарашығын тарылталы, кейбір науқастардың құсу орталығыда қозады.
АІЖ сфинктерінің тонусын жоғарлатады, бездердің секрециясын төмендетеді, іш қатады
Өт түзілуін төмендетеді
Несеп шығару жолдарының, қуықтың тонусын жоғарлатып, несеп бөлінуін қиындатады
Бронхоспазм тудырады
Қолдануы:
Қатты ауырсынғанда (жарақат, күйік, шокты алдын алу үшін, операция, қатерлі ісіктерде, миокард инфарктында, бауыр, бүйрек, ішек шаншуында, т.б.)
Жанама әсерлері: тыныс алу нашарлайды, брадикардия, құсық, іштің қатуы. 3 жасқа дейін балаларға, қарт адамдарға қолдануға болмайды.
Препараттар:
Омнопон- құрамында 50% морфин бар және папаверин – спазмолитик, сондықтан шаншуларда тиімділігі жоғары.
Промедол – морфинге қарағанда әсері әлсіз, бірақ АІЖ, жатыр мойны, қаңқа бұлшық еттерін босаңсытады, акушерияда босануды тездетугеде қолданылады.
Фентанил – морфиннен 100-150 есе қүшті, бірақ әсері қысқа – 30 мин., нейролептанальгезияда қолданады, тыныс алуды тежейді.
Пентазоцин, буторфанол, трамадол –тәуелдікті аз шақырады, тыныс алуды тежемейді. Трамадол аралас аналгетик (апиынды+апиынды емес), әсері 3-5 сағатқа созылады.
Морфинмен улану белгілері:
Есінен тану, тыныс алуы нашарлайды, дене қызыуы төмендейді, миоз, балаларда-дене тырысу байқалады.
Көмек: асқазанды калий перманганатының ерітіндісімен шаю (0,05%), активті көмір, іш айдайтын дәрі, антагонист налоксон енгізу қажет, оттегі, жасанды дем беру, аналептиктер, атропин, форсиленген диурез, денесін жылыту.
Препараттар:
Морфин гидрохлориді Morphini hydrochloridum Ш.т. таб.0,01, амп 1% -1мл т\а.
Омнопон Omnoponum ш.т. амп.1-2% -1мл т\а
Промедол Promedolum ш.т.таб.0,025, амп. 1-2% 1мл т\а, б\е, к\т.
Фентанил Phentanilum ш.т. амп.0,005% 2мл, 5мл б\е, к\т.
Пентазоцин Pentasocinum ш.т. таб.0,05, амп.3% -1мл
Буторфанол Butorfanolum ш.т. амп.0,2% б\е, к\т.
Трамадол Tramadolum ш.т. кап.0,05, супп. 0,1, амп. 5% -1мл, 2мл б\е, к\т
Налоксон гидрохлориді Naloxonihydrochloridumш.т.амп. 1мл т\а, б\е, к\т.
Налтрексон Naltrexonum ш.т. таб.0,05.
