Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОЖЖ-ге сер ететін заттар нсауы.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
85.47 Кб
Скачать

Алматы қаласының Денсаулық сақтау басқармасы

ШЖҚ МКК «Медициналық колледж»

ГКП на ПХВ медицинский колледж

Управление здравоохранения г.Алматы

ЦӘК «Жалпы кәсіби пәндер»


Дәрістік сабақтың әдістемелік нұсқауы

Пән: Фармакология негіздері

Тыкырыбы: Орталық жүйке жүйесіне әсер

ететін заттар

Дайындаған: Карбаева М.С.

ЦӘК мәжілісінде қаралып бекітілген

Хаттама№ 2016 ж

ЦӘК меңгерушісі Жундабекова Р.Н.

Пән: Фармакология негіздері

Уақыты:

Сабақтың тақырыбы Орталық жүйке жүйесіне әсер ететін заттар. Наркозға арналган дәрілер, этил спирті, ұйықтатын дәрілер, тырысуға қарсы дәрілер.

Мамандығы: Емдеу ісі, Медбикелік іс

Оқытушы: Карбаева М.С.

Курс – Семестр –

Сабақтың мақсаты:

Оқыту:

-ОЖЖ-ге әсер ететін заттарға анықтама беру,Топтасуы, қолдануы, жанама әсерлерін білу.

-осы тақырып бойынша білімдерін бекіту.

Тәрбиелік:

-дәрілік заттарды тағайындауға, сақтауға жауапкершілікке тәрбиелеу

-мейірімдік пен жауапкершілікке тәрбиелеу

-оқып жатқан тақырыппен болашақ мамандығының байланысты екенін көрсету

-ой-өрісін кеңейту

Дамыту:

-оқушылардың дәрілік заттарды тағайындағанда, рецепт жазғанда, қабылдау кезінде өзіндік ойын дамыту

- зейін коюын дамыту

-теориялық білімі мен тәжірибені байланыстыру қабілетін дамыту

Жүргізу орны: колледж аудиториясы

Формасы:теориялық сабақ

Сабақтың ұзақтылығы: 90 мин

Түрі: аралас-құрамдас

Оқыту тәсілі: Алдын ала берілген ақпараттық бөлімін талқылау, туындаған сұрақтарға жауап беріп, дайындықты анықтау, иллюстрациялық-түсіндірмелі көрнекі сабақ.

Сабақтың жабдықталуы:

-Дидактикалық:

-әдістемелік нұсқау

-жаңа тақырып бойынша ақпараттық бөлім

-дәрілердің жиынтығы

Техникалық:

-мультимедиа материалдар

-ТСО

Пәнаралық байланыстар: латын тілі, қалыпты анатомия, қалыпты физиология, хирургия, неврология, мейірбике ісі, терапия.

Пәнішілік байланыстар: жалпы рецептура.

Оқытушыларға арналған әдебиеттер:

Пичхадзе Г.М. Кадырова Д.М. Ким И.И. Карбаева М.С. Фармакология, 2016 жыл

Султанов М.Ә. Ербасова А.А. Фармакология, 2015 жыл

Харкевич Д.А. Фармакология, 2010 жыл

Машковский М.Д. Лекарственные средства, 2008 г

Майский В.В. Фармакология с рецептурой, 2008 г

Оқушыларға арналған әдебиеттер:

Пичхадзе Г.М. Кадырова Д.М. Ким И.И. Карбаева М.С. Фармакология, 2016 жыл

Султанов М.Ә. Ербасова А.А. Фармакология, 2015 жыл

Иршаева Н.Б. Рысмаханова Г.Р. Фармакология, 2008 жыл

Сабақтың құрылымы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі: сәлемдесу, сабаққа оқушылардың қатысуын тексеру, аудиторияның сабаққа дайындығын қадағалау. Тақырыптық маңыздылығын түсіндіру.

  2. «Эфференттік иннервацияға әсер ететін заттар» тақырып коллоквиум өткізу.

Жазбаша түрінде билеттерге жауап беру.

  1. Жаңа сабақты түсіндіру: оқушылара алдын ала берілген информацияны жаңа тақырып бойынша талқылау, дәрілердің топтасуы, қолдануы, жанама әсерлерін.

  2. Өзіндік жұмысты жасау тұралы, үй жұмысын орындауы талқыланады.

  3. Сабақтың қорытындылауы.

  4. Үйге тапсырма: реферат, презентация жасау, берілген препараттарға рецепт жазу,

Султанов М.Ә. 127-148

Сабақтың хронокартасы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі 5 мин

  2. Алдыңғы тақырып бойынша коллоквиум 45 мин

  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру 25 мин

  4. Жаңа білімді бекіту 5 мин

  5. Өзіндік жұмыс 5 мин

  6. Сабақты қорытындылау 3 мин

  7. Үйге тапсырма 2 мин

Барлығы: 90 мин

1-ші қосымша:

«Эфференттік иннервацияға әсер ететін заттар» такырып бойынша коллоквиум билеттер.

2-ші қосымша: «Орталық жүйке жүесіне әсер ететін заттар» тақырыбы бойынша оқушыларға арналған информациялық блок /электронды түрінде/.

3-ші қосымша: Жаңа білімді бекітуге арналған сұрақтар:

1/ наркоз деген не?

2/ наркоз түрлері

3/ наркоздың қолдануы

4/этил спиртінің ОЖЖ-ге әсері, қолдануы

5/ұйықтатын дәрілердің қолдануы, дәріханадан босатылуы

6/ тырысуға қарсы дәрілер қандай ауруларда қолданылады?

4-ші қосымша:

Глоссарий құрастыру:

Наркоз-.....

Кумуляция деген.....

Тәуелділік – бұл.....

Паркинсонизм деген....

Анальгетиктер деген дәрілер....

Опий-бұл....

Наркотикалық анальгетиктер ...

Бейнаркотикалық анальгетиктер....

Ульцирогеннық әсер деген....

5-ші қосымша:

Рецепте жазу:

1/ Наркозға арналған эфирді хирургиялық бөлмеге

2/ Этил спиртін қолды өндеуге

3/Фенобарбиталды таб.түрінде 0,1 г 10-н.

4/ Дифенин таб.0,117 30-н.

ОРТАЛЫҚ ЖҮЙКЕ ЖҮЙЕСІНЕ ӘСЕР ЕТЕТІН ЗАТТАР

1.Наркозга арналган заттар

Наркоздың ашылу және колдану тарихы

1846 жылы америкалық Бостон каласында У. Мортон алгаш рет хирургиялық операция жасағанда эфирді колданган. Ресейде жалпы анестезияға эфирді қолданған. 1847 жылы бастап орыс ғалымы Н.И. Пирогов және А.М.Филомафитский екеуі эфирдің хлороформның әсерін зерттеген. 1909 жылы орыс ғалымы Н.П. Кравков бірінші рет ингаляциялық емес наркозга гексеналды колданды.

Наркоз туралы ұғым.

Наркоз – уақытша ОЖЖ- ң функционалды салдануы және функцияларының кайта қалпына келетіндей зардап шегуі(И.П.Павлов).

Әсерінің механизмі: ОЖЖ- ң синапстарында нерв импульстарының өтіуін тежейді. Бірақ ОЖЖ әртурлі орталықтарының сезімталдығы бірдей емес. Мысалы. Наркозға арналған эфир ең бірінші бас миы кыртысының синапсына және сопакша мидын тыныс алу, қан тамыр кимылдатын орталықтарына әсері аз. Сол себептен наркозға арналған дәрілердің әсерінде бірнеше кезеңдері бар.

Наркозға арналған заттардың жіктелуі

Қолдану әдісіне байланысты келесі түрлері болады;

1) ингаляциялық наркозға арналғандар

2) Ингаляциялық емес наркозга арналғандар

Ингаляциялық наркозға арналган дәрілерді тыныс алу жолдағы арқылы колданады.

Бұл заттар газ тәріздес немесе ұшқыш сүйықтықтар болып келеді

Ингаляциялық емес наркозға арналгандар көк тамырға, бұлшық етке және тік ішекке салынады.

Наркоз кезеңдері мен түрлері

Негізгі наркозды ингаляциялық немесе ингаляциялық емес әдіспен откізеді. Негізгі наркоз қарапайым немесе құрастырылған болады. Операция жасаудың алдында премедикация өткізеді. Ол үшін тыныштындыратын, анальгетиктер, холинолитиктерді, жүрек қантамырларға әсер ететін препараттар тағайындалады. Премедикация наркоздан болатын асқынуларды алдын алу үшін өткізеді.

Жалпы анестезияға әр түрлі нейротропты заттарды қолданады. Жалпы анестезияның бір түрі нейролептанальгезия деп аталады. Бүған нейролептиктер және анальгетіктер құрастырып тағайындалады. Жалпы анестезияга құрастырылган әдістін бір түрі транквинальгезия - бүнда анальгетиктер фентанил, промедол және транквилизаторлар диазепам , феназепам, холинолитиктер атропин, метацин наркозға арналған зат натрий оксибутиратпен бірге қолданылады.

Ингаляциялык наркозға эфир, фторотан, газ тәріздес азот асқын тотығы тағайындалады. Бұл препараттар тыныс алу жолмен арнайы аппаратпен, интубация арқылы және ауыз, мұрынға салынған масканың көмегімен тағайындалады.

Ингаляциялық наркоз жеңіл басқарылады, препараттар тез сіңеді, тыныс алу жолдарымен бөлініп шығады.

Наркозға арналган эфирдің әсерінде төрт кезеңі бар

1- ші кезен анальгезия кезеңі. Бұл кезеңде ми қыртысы күйзеледі, ауру сезу қабілеті төмендейді, науқас есінен танады. Тыныс алу, пульс, артериялық қысым өзгермейді. Кезең соңында ауру сезімі толық жойылады. Осы кезеңде шағын хирургиялық манипуляция жасауға болады, мысалы, іріңдікті босату.

2- ші кезең- қозу кезеңі. Науқас есінен толық айырылады, ал кейбір функциялар күшейеді: науқас айғайлайды, жылайды, күледі, бұлшық еттерінің тонусы жоғарлайды, жөтел, құсу рефлекстері күшейеді. Науқас жөтеліп, құсуы мүмкін.

3- ші кезең- наркоз кезеңі. Эфирдің әсері бас миына тереңдеп, жұлынға жайылады. Қозу басылады, тонус төмендейді, рефлекстер жойылады.

4- ші кезең- кайта калпына келу кезеңі Наркоздық затты беруін тоқтатканда ОЖЖ- ң функциялары кері қалпына келеді: 20-40 мин кейін науқас оянады, сонан соң бірнеше сағат ұйықтайды.

Егер наркоздық зат көп берілсе, науқас уланады, ол агональды кезеңге айналады. Тыныс алу, қан тамыр кимылдататын орталықтар күйзеледі. Тыныс алу тоқтағаннан және жүрек кемістігінен науқас мерт болады. Наркозды кауіпсіз кезеңде өткізу қажет.

Ингаляциялық наркозға арналған заттар.

Наркозға арналған эфир Aether pro narcosi

Ш.Т. фл 150 мл. Ұшқыш сұйықтық, оттегі, ауа мен жарылу қауіпті қоспа кұрайды. Эфирлық наркоз оңай басқарылады, наркотикалық белсенділігі және наркотикалық кеңділігі жеткілікті.

Кемістіктері: оңай жанады, кілегей қабаттарды тітіркендіреді, құсық, жөтел, брадикардияны туғызады, тыныс алу нашарлап тоқтауы мүмкін. Осы асқынуларды алдын алу үшін атропин қолданады. Операциядан кейін бронхит, пневмонияға науқас шалдығуы мүмкін. Қозу кезеңі көпке созылады.

Фторотан Phthorotanum Ш.т. фл 50мл. Эфирден наркотикалық белсенділігі жоғары және наркотикалық әсерінің кеңділігі кем емес. Жақсы басқарылатын наркоз, қозу кезеңі көпке созылмайды, кілегей қабаттарды тітіркендірмейді.

Қосымша эсері: жүрек кантамыр жүйесінің кызметін бұзады, қан қысымы төмендейді, брадикардия, осы жағдайды алдын алу үшін атропин қолданылады. Фторотан жүректің адреналин мен норадреналинге сезімталдығын жоғарлатады. Осы себептен жүрек ритмі бұзулуы мүмкін. Сондықтан қан қысымын жоғарлатуға фторотан наркозын қолданганда мезатон тағайындалады.