Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
wpor stpdt.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
357.38 Кб
Скачать

22 Билет

Жергілікті ақпараттық жүйелер

Ақпараттық жүйе – қойылған мақсатқа жету үшін ақпараттарды сақтау, өңдеу және беруге пайдаланатын әдістер мен қызметші әдістердің өзара байланысқан жиынтығы.

Ақпараттық жүйенің қазіргі түсінігі дербес компьютердің ақпараттарды қайта өңдеудің негізгі техникалық әдістері ретінде пайдалануды қамтамасыз етеді. Ірі өндірістерде дербес компьютерлермен қатар ақпараттық жүйенің техникалық қоры құрамына мэйнфрейм немесе суперЭЕМ кіреді.

Ақпараттық жүйелердің даму сатылары

Бірінші ақпараттық жүйелер 50-ші жж. пайда болды. Бұл жылдары олар есептерді өңдеуге және еңбек ақыны есептеуге арналған болатын.

60-шы жылдар ақпараттық жүйелерге деген көзқарастың өзгеруімен ерекшеленеді. Бұл жылдары алынған ақпарат көптеген параметрлері бойынша периодтық есеп беру үшін қолданыла бастады. Ол үшін көптеген функцияларға қызмет көрсете алатын мүмкіндігі бар компьютерлік жабдық қажет болды.

70-ші жж. мен 80-ші жж. басында ақпараттық жүйелер шешім қабылдау процесін жеделдететін және қолдайтын басқарушы бақылауының әдісі ретінде кеңінен пайдалана бастады.

80-ші жж. аяғында ақпараттық жүйелерді пайдалану концепциясы тағы да өзгеріске ұшырады. Бұл кезеңнің ақпараттық жүйелері дер кезінде ақпаратты беру арқылы өндірістерге табыс әкелуге, тауарлар мен қызметтер құруға, өтімділіктің жаңа нарығын табуғы, өзіне теңдес серікті қамтамасыз етуге, төмен бағамен өнімді шығаруды қамтамасыз ету және т.б. көмектесті. 

Ақпараттық жүйе келесі қасиеттермен анықталады:

      кез келген ақпараттық жүйені анализдеу, құру және жүйені құрудың жалпы принциптері негізінде басқарылуы мүмкін;

      ақпараттық жүйе динамикалық және дамыған болып табылады;

      ақпараттық жүйені құру кезінде жүйелік үйлесімді пайдалану қажет;

      ақпараттық жүйенің өнімі ақпарат болып табылады.

Қазіргі уақытта  ақпараттық жүйені компьютерлік техника көмегімен дамыды деген ой қалыптасты.

Ақпараттық жүйе жұмысын түсіну үшін оларды шешетін мәселелердің мән-мағынасын, сонымен қатар өндірістік процестерді түсіну қажет.

Ақпараттық жүйені ендіру келесідей мүмкіндіктер береді:

      математикалық әдістер мен интеллектуалды жүйелер және т.б. енгізу кезінде есептерді шешудің рационалды варианттарын алу;

      оны автоматтандыру негізінде ауыр жұмыстардан жұмысшыларды босату;

      ақпараттың дұрыстығын қамтамасыз ету;

      мәліметтерді қағазбен алудан магнитті дискілер немесе ленталарға ауыстыру, бұл компьютерде ақпараттардың қайта өңделуін рационалды өндіруге және қағаздағы құжаттар көлемін төмендетуге әкеледі;

      ақпараттар тобының құрылымын және фирмада құжат айналым жүйелерін жетілдіру;

      өнімдер мен қызметтерді өндіруге кететін шығындарды азайту;

      бірегей қызметтерді тұтынушыларға беру;

      оларға берілген әр түрлі жеңілдіктер мен қызметтер есебінен сатып алушылар мен жабдықтаушыларды фирмаға әкелу.

2.Индекстер

Индекс деген сөздің түпнүсқасы латынның "іndіех" терминінеy шыққан, қазақшага аударганда "көрсеткіш, белгі тізім" деген мағынаны білдіреді. Статистикада біріне-бірін тікелей қосуга болмайтын белгілерден түратын күрделі әлеуметтік экономикалық қүбылыстардың жеке себептерінің үлесін анықтауға қолданылатын жөне уақытқа байланысты кеністітіктегі орташа өзгеруін сипаттайтын қатысты шаманың ерекше түрін индекстік әдіс деп айтады. Мысалы, өнеркәсіп орындарында табиғи-заттық негізде шыгарылған әр түрлі өнімдердің мөлшерін біріне-бірін тікелей қосуга болмайды. Оны есептеу және салыстырмалы түрге келтіру үшін ортақ өлшем белгілері қолданылады. Оған. өнімнің мөлшері, өзіндік құны, бағасы, жұмсалған жұмыс уақытының шамасы және т.б. жатқызылады. Бірақ, экономикалық мәні бірдей аттас көргсеткіштердің белгілі бір уақыт аралығындағы салыстырмалы өзгерісін индекс арқылы есептеуге болады. Индекстік әдісті қолдану арқылы төменде берілген негізгі мәселелерді шешуге болады: 1)салыстыруға келмейтін және қосуга болмайтьн күрделі экономикалық қүбылыстардың жеке бөліктерінің уақытқа қарай өзгеруін сипаттайды; 2) құблыстар құрылымының белгілеріне қарай өзгеруін анықтайды; 3) күрделі құбылыстар көрсеткіштеріне әсерін тигізетін себептерді жалпы жиынтық және жеке бөліктері бойынша қарастырады.

23 БИЛЕТ

1 Реляциялық алгебра. Таңдау, проекцияны құру амалдары.

1. Реляциялық алгебра – бұл реляциялық кестелерді өңдеу тілі. Таңдау амалы бір кестеден көрсетілген шартқа сәйкес келетін жазбаларды іріктеп алып, екінші кестені құруға қолданылады. Таңдау әрекетін белгілеу үшін SELECT сөзі қолданылады. Мысалы:

SELECT (Orders:’03/10/2000’ <Data<’05/10/2000’)

Шарт дегеніміз өзінде =, >, <, >=, <= қатынастық әрекеттер мен «және», «немесе», «емес» логикалық амалдар қолданылатын логикалық өрнек болып табылады.

2. Проекцияны құру амалы кестеден жаңа кестені құру үшін қажетті бағандарды таңдап алуға мүмкіндік береді. Проекцияны құру амалы келесі тәртіппен жазылады.

Кестенің атауы. [баған, баған, . . . , баған]

Қосу (жалғау) амалы кестелердің арасындағы мәліметтерді байланыстыру үшін қолданылады. Бұл амал келесі түрде жазылады:

JOIN (кесте, кесте)

Жалғау үшін кестелердің бағандары бірдей болуы тиіс.

Жалғау амалын орындау кезінде келесі әрекеттер орындалады:

1) Бастапқы кестелердің көбейтіндісі анықталады;

2) Алынған көбейтіндіден ортақ бағандардың мәндері бірдей болатын жолдар таңдап алынады;

3) Жобалау кезінде алғашқы кестенің ортақ бағандары алынып тасталады.

Жалғаудың үш түрі болады:

- табиғи (қарапайым) жалғау;

- тэта – жалғау;

- сыртқы жалғау.

Бөлу амалы бір кестенің ішінен екінші кестенің әрбір жолына сәйкес келетін жолдарды таңдап алу арқылы жаңа кестені құруға мүмкіндік береді

a b b

c d / e = a

a e f

a f

Меншіктеу амалы реляциялық алгебраның алдыңғы амалының нәтижесіне қандай да бір атау меншіктейді. Мысалы:С:= JOIN(А, В)

2 Мәліметтер қоры және интернет.

Мәліметтер қорының негізгі түсініктері

Мәліметтер қоры дегеніміз ақпаратты сақтауға және жинақтауға арналған ұйымдасқан құрылым. Ең алғаш мәліметтер қоры ұғымы жаңадан қалыптасқан кезде онда шындығында мәліметтер сақталатын. Бірақ қазіргі кездегі көптеген мәліметтер қоры басқару жүйелері өздерінің құрылымдарында тек мәліметтерді ғана емес, сонымен қатар олардың тұтынушымен және басқа да ақпараттық – программалық кешендермен қарым – қатынасының әдістерін де қамтиды. Сондықтан біз қазіргі заманғы мәліметтер қорында тек мәліметтер ғана емес, ақпараттар да сақтай аламыз.

Интернет - кез келген компьютерлермен бүкіл әлем бойынша ақпарат алмасу мен беру мүмкіндігі, желілер жүйесі. Интернет - байланыс араларын өзара біріктіретін, тораптардың жиынтығы.

Әрбір топтарда көбінесе UNIX операциялық жүйесін басқару арқылы жұмыс істейтін бір немесе бірнеше қуатты компьютер-сервер болады. Мұндай торапты кейде хост деп атайды.

Торапты оның иесі - провайдер деп аталатын ұйым немесе Интернет қызметін жабдықтаушы басқарады.

Интернет әр түрлі ережемен жұмыс істейтін желілерді біріктіреді. Бұл ережелерді үйлестіру үшін шлюз құрылғысы қызмет етеді. Шлюз - басқаша тәсілмен үйлеспейтін желілерді қосатын құрылғы. Шлюз әр түрлі желілердің бірлескен жұмысын қамтамасыз етуге арналған мәліметтерді өзгертпейді.

Интернет желісіне әр түрлі операциялық жүйелерді басқару арқылы жұмыс істейтін компьютерлер кіреді . Алайда, ақпарат алмасу кезінде барлық ЭЕМ хабар беру тәсілдері туралы бірыңғай келісімдер қолданылуы тиіс. Сонда ЭЕМ-ның қай-қайсысыда басқа кез келген ЭЕМ-нан алынған ақпарат түсінуге қабілетті болады.

24 БИЛЕТ

1 Клиент – сервер архитектурасының модельдері.МҚ-мен(мәлісеттер қоры) жұмыс істейтін үлестірілген АЖ-ларды(ақпараттық жүйе) құрған кезде клиент-сервер архитектурасы кең түрде қолданылады. Оның негізінМҚ-ны басқару кезінде клиент мен сервердің өзара әрекеттесуін ұйымдастыру ұстанымдары құрайды. Клиент-серверлік архитектура – деректер базасы серверде сақталады және мұнда пайдаланушылар сұраныстарын өңдейтін деректер базасын басқару жүйесі (ДББЖ) жұмыс істейді. Бұл архитектурада пайдаланушылар деректер базасымен қойылған тапсырмаларды орындайтын және алынған нәтижені қайтаратын ДББЖ арқылы жұмыс істейді. Табылған деректер клиентке желі бойынша серверден клиентке қарай жіберіледі. Клиент – сервер архитектурасының ерекшелігі SQL – құрылымдық сұраныстар тілін пайдалану болып табылады. Бұл архитектура бірнеше пайдаланушыларға бір уақытта бір деректер базасымен жұмыс істеуге рұқсат етеді. Клиент-сервер архитектурасы бар жүйелерде қызметтерін үлестірудің аталған әдістері әр түрлі нұсқаларды көрсетеді: қуатты сервер – бұл жағдайда барлық жұмыс сонда орындалады, қуатты клиент-қызметтердің басым бөлігі жұмыс станциясында орындалады, ал сервер желі арқылы соған келіп түсіп жатқан SQL-шақыртуларды өңдеуден өткізеді.

2 Көп өлшемді модель.Көп өлшемді модель - ол көп жүйелерге талдау жүргізу және шешім қабылдау үшін ақпаратты жедел өңдеуге мүмкіндік береді.Қордағы мәліметтерді қарастыратын көп өлшемді тәсілі реляциялық деректер қорын пайдаланылады. Көп өлшемді жүйелерге талдау жүргізу және шешім қабылдау үшін ақпараттық желі өңдеуге мүмкіндік береді. Обьектіге бағытталған деректер қоры құрамына тармақ түрінде берілген мәліметтер. Бұл деректер қорының логикалық құрамының сырттай иерархиялық деректер қоры ұсынылады .Көпөлшемді құрылым деректер гиперкубы ретінде қарастырылады. Кубтың әрбір шегі өлшемділік болып табылады. Көпөлшемді деректер моделінде қолданылатын негізгі түсініктер «өлшем» (dimension) және «ұяшық» (cell) болып табылады.Өлшем – гиперкубтың бір шегіне сәйкес келетін нақты параметрлерді қабылдайтын реттелген мәндер тізімі.Ұяшық немесе көрсеткіш – негіз атрибутына сәйкес келетін өріс, оның мәні параметр мәндерінің тіркелген тізімімен анықталады. Көпөлшемді деректер моделінде «кесіндіні қалыптастыру» және «агрегация» операциясының арасынан қосымша операциялар қатарын анықтайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]