- •1 Билет
- •1.Мәліметтер қорының негізгі түсініктері
- •2 . Ақпараттық жүйелер
- •1 Мәліметтердің реляциялық моделі.
- •3 Билет
- •1.Транзакция
- •4 Билет
- •1) Клиент – сервер архитектурасының модельдері
- •2) Sql тілінің элементтері
- •5 Билет
- •1 Where сөйлемі. Салыстыру
- •2 Бір біріне салынған сұраныс
- •6 Билет
- •2.From сөйлемі.
- •7 Билет
- •8 Билет
- •9 Билет
- •1.Реляциялық алгебра. Қосу амалы.
- •10 Билет
- •1 Мәліметтер қорының үш деңгейлі архитектурасы
- •2 Реляциялық алгебра. Бөлу, меншіктеу амалы
- •11 Билет
- •1 Мәліметтер қоры. Негізгі ұғымдар
- •12 Билет
- •1.Мәліметтер қорын жобалауды автоматтандыру құралдары.
- •2.Where сөйлемі. Шаблонға сәйкес болуын тексеру.
- •13 Билет
- •1 Объектілі – бағытталған модель.
- •2 Sql және мәліметтер қорының қауіпсіздігі.
- •14 Билет
- •1. Мәліметтер қорын басқару жүйесі. Жалпы сипаттама.
- •2. Кесте, форма, сұраныс, есеп.
- •16 Билет
- •17 Билет
- •1)Мәліметтер қорының модельдері.
- •2)Where сөйлемі. Null мәніне тең болуын тексеру
- •18 Билет
- •1. Жергілікті ақпараттық жүйелер.
- •2. Мәліметтер қорын басқару жүйелері.
- •1 Мәліметтер қорын қорғау құралдары.
- •2 Where сөйлемі. Шаблонға сәйкес болуын тексеру
- •20 Билет
- •1.Көп өлшемді модель.
- •2.Агрегаттық функциялар
- •1 Мәліметтер қорының модельдері.
- •2 Компьютерлік желідегі sql.
- •22 Билет
- •2.Индекстер
- •25 Билет
1 Билет
1.Мәліметтер қорының негізгі түсініктері
Мәліметтер қоры дегеніміз ақпаратты сақтауға және жинақтауға арналған ұйымдасқан құрылым. Ең алғаш мәліметтер қоры ұғымы жаңадан қалыптасқан кезде онда шындығында мәліметтер сақталатын. Бірақ қазіргі кездегі көптеген мәліметтер қоры басқару жүйелері өздерінің құрылымдарында тек мәліметтерді ғана емес, сонымен қатар олардың тұтынушымен және басқа да ақпараттық – программалық кешендермен қарым – қатынасының әдістерін де қамтиды. Сондықтан біз қазіргі заманғы мәліметтер қорында тек мәліметтер ғана емес, ақпараттар да сақтай аламыз.
Файлдық кұрылым
Мәліметтерді сақтаудың бірлігі ретінде файл деп аталатын объект қабылданған.
Файл дегеніміз өзіне ғана тән аты бар, еркінше алынған байттар жиынынан тұратын тізбек. Файлдар байтпен өлшенеді. Бір байт сегіз биттен тұрады. Бит деп 0 мен 1 мәндерінін біреуін ғана қабылдай алатын ақпарат өлшемінің ең кіші бірлігін айтады. Әрбір файл қандай да бір типке жататын мәліметтерді сақтауға арналған. Бұл жағдайда мәліметтер типі файлдың типін анықтайды. Файлдың аты қайталанбайтын, тек осы файлға ғана тән болуы кажет, және арасына нүкте койылған екі бөліктен тұрады; атауы мен кеңейтуі. Файлдың аты кез-келген шектелген ұзындықты әріптердің, символдардың тіркесінен тұрады. Ал екінші бөлігі файл атауын кенейту деп аталады. Ол үш әріптен аспайтын тіркестен тұрады. Мысалы:
Мәтін.dос - Word редакторында жазылған мәтіндік файл;
Кесте.xls - Excel процессорында дайындалған файл;
Сурет.bmp—графиктік файл;
Мәліметтер.mbd — Ассеss мәліметтер базасында әзірленген файл.
Файлдарды сақтау иерархиялық құрылым бойынша жүргізіледі. Бұл жағдайда оны файлдық құрылым деп атайды. Құрылымның төбесі ретінде тасуыштын (дискінің) аты алынады. Бұдан әрі файлдар каталоггарға (қаптамаларға) топтастырылады, олардың ішінде бағыныңқы каталогтар орналастыруға болады.
С: \Қаптама \Кітап\ Мәтін.dос — С дискісінің Қаптама деген каталогының Кітап деген ішкі каталогында орналасқан Word -та дайындалған Мәтін.dос мәтіндік файлы.
Мәліметтерге қолданылатын амалдар
Ақпараттық процесс барысында мәліметтер әдістердің көмегімен бір түрден екінші түрге өзгереді. Мәліметтерді өңдеу көптеген амалдардын жиынтығынан тұрады: мәліметгерді жинау;
• мәліметтерді қалыптастыру;
• мәліметтерді сүзгілеу;
• мәліметтерді сұрыптау;
• мәліметтерді топтастыру;
• мәліметтерді архивтеу;
• мәліметтерді қорғау;
• мәліметтерді тасымалдау;
• мәліметтерді түрлендіру.
Мәліметтердіц негізгі құрылымы
Егер мәліметтер реттелген, яғни қандай да бір берілген құрылымға сәйкестендірілген болса, онда олармен жұмыс істеуді автоматтандыру оңайға түседі. Мәліметтер құрылымының негізгі үш түрі бар: сызықтық, кестелік және иерархиялық.
Мәліметгердің сызықтык құрылымы дегеніміз әрбір элементтің адресі мен нөмірі бірмәнді аныкталған реттелген кұрылым. Сызықтык құрылымға мысал ретінде тізімдерді алуға болады.
2 . Ақпараттық жүйелер
Ақпарат жүйелері (ағылш. Information systems; қысқаша: IS) - деректерді тарату, құру, өңдеу, фильтрлеу, жинауға адамдар мен компанияларға қажетті техникалық құрал-жабдықтар мен бағдарламалық жасақтамаларды оқу. Қойылған мақсатқа жету жолында ақпаратты сақтау, өңдеу және басқаларға беру үшін пайдаланылатын құралдардың, әдістердің және адамдардың өзара байланысты жиыны, пайдаланушылардың сұрауы бойынша ақпаратты сақтауға, іздестіруге және беруге арналған жүйе; мәліметтер базасы мәтінінің мағыналық бөлігіңде — мәліметтерді сақтау және олармен амал-әрекет жасауға арналған белгілі бір жүйенің формальды толықтығын құрайтын тұжырымды схема, ақпараттық база және ақпараттық процессор.
Ақпараттық жүйелер компьютерлерден, сақтаулы ақпараттар, адамдар мен процедуралардан тұрады.
Ақпараттық жүйелер бес бөліктен құралады:
Management Information System (MIS) - Менеджмент Ақпараттық Жүйесі
Decision Support System (DSS) - Шешім Қабылдау Жүйесі
Executive Information System (EIS) - Атқарушы Ақпараттық Жүйесі
Transaction Processing System (TPS) - Транзакция Процесстеу Жүйесі
Negotiation Support System (NSS) - Талқылау Ақпараттық Жүйесі
2-билет
