- •Мазмұны
- •1 Бос уаккыт дегеніміз не?
- •Бос уақытты тиімді ұйымдастырудың мақсаты:
- •Бос уақытын ұйымдастыру
- •1.3 Оқушыдарды бос уақытын тиімді ұйымдастыруда танымдық саяхат жолдары мен рөлі.
- •2 Оқушы шығармашылығын дамытудың негізі-танымдық іс-әрекеттерге баулу
- •2.1 Бос уақыт әлеуметтік- педагогикалық категория ретинде
- •2.2 Тынығу уақытының әрекеттері:(кітапхана, театр вжәне кинотеатр, мәдениет үйі, тұрғылықты жері бойынша клубтар т.Б.)
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер
2.2 Тынығу уақытының әрекеттері:(кітапхана, театр вжәне кинотеатр, мәдениет үйі, тұрғылықты жері бойынша клубтар т.Б.)
Оқудан бос уақытында жасөспірім ортақ істің ұйымдастырушысы, белсенді қатысушысы болуға үлкен мүмкіндік алады. Іске қатысушы ретінде ол алдына міндеттер қояды, оларды шешу жолдары мен құралдарын таңдайды ақпарат алды яғни жеке тұлғаның дамуы, ержетуі және әлеуметтік бағытталуы іске асады демекпіз. Бос уақытты жүйелі ұйымдастыру, мәдени құнды мазмұнмен толықтыру, әлемдік және отандық мәдениетке баулу, өзін - өзі саналы түрде бағалай білу сияқты аса маңызды әлеуметтік - педагогикалық шешуге көмектеседі.
Оқушының демалуы, сауығуы мен бос уақытын өткізуі тәрбие ісінде маңызды функцияны атқарады, оны тек әлеуметтік тұрғыдан қорғау ғана емес, сондай - ақ, шығармашылық дамыту, рухани байыту мен интеллектуалдық ахуалын кеңейту үшін жағдай жасалған. Әрбір ата - ана өз баласының толыққанды демалуын ғана көздеп қоймайды, сонымен қатар олардың қажетті дағды мен біліктерді меңгеруін, ой - өрісі мен іс - әрекетінің кеңейгенін қалайды. Оқушылардың бос уақыттары мәдени шараларға; көлге шомылу, көкке шығу, спорттық ойындар, мазмұнды мерекелермен ұйымдастырылып тұрады. Оқушылардың бос уақыттары мәдени шараларға; көлге шомылу, көкке шығу, спорттық ойындар, мазмұнды мерекелермен ұйымдастырылып тұрады. Кітапхана қорында оқушыға керекті кітаптар жетерлік, кітапхананың жұмыс уақыты таңғы сағат 9 - дан, кешкі сағат 9 ға дейін. Оқушылардың бос уақытына кинозал қызмет етеді. Және де сабақтан кейінгі уақытта үйірмелер жұмысын атқаруда.
Оқушылардың бос уақытын тиімді өткізуі үшін дебаттық, спорттық, өнертапқыш клубтары және әр-түрлі конкурстар, фестивальдар ұйымдастырылады
Тәуелсіздік алғаннан кейінгі тарихи қысқа уақыт аралығында еліміз экономика, қаржы саласында прогрессивті технологияларға арқа сүйей отырып, кешенді реформалар жүргізу үстінде. Сөйтіп әлемдік өркениетке қауымдаса отырып, қарқынды дамушы елдердің алдыңғы қатарынан көріне бастады. Бүгінгі таңда еліміздің әлеуметтік - экономикалық дамуының перспективалары нақты айқындалып, арнаулы бағдарламалар қабылдануда. Еліміздің инновациялық, индустриялық одан әрі тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін мемлекетіміздің күш - қуатының негізі, ұлттық қауіпсіздігіміздің кепілі, қоғамдық дамуымыздың жөне оның жаңа сапалық деңгейге көтерілуінің көрсеткіші болып табылатын білім жүйесінің, адам капиталының мәні мен маңыздылығы барынша артып отырғанын атап өтуіміз керек. Осы кезге дейін еліміздегі білім жүйесі бұрынғы методология, құрылым мен фактологиялық мазмұн күйінде қалып келеді. Мұның өзі отандық білім саласының әлемдік білім кеңістігіне кірігуін, оның бүгінгі өмірдің өзгермелі жөне өскелең талаптары мен қажеттіліктерін қанағаттандыруың, жаңа инновациялық өзгерістердің ендірілуін тежеп отыр.
Қазіргі мектептегі білім мазмұны пәндік негіздерге құрылған, ал мемлекеттік білім стандарттары уақыттан едәуір, мектеп түлектерінің өмір талаптарына сай бейімділігін, компетенттілігін, функционалдық сауаттылығын қалыптастыруды толық қамтамасыз ете алмай отыр. Жас ұрпаққа берілетін білім мазмұны қоғам дамуының деңгейіне тікелей байланысты екені мәлім. Соның бір белгісі: кешегі кеңес дәуірі кезіндегі жалпы білім беретін мектептегі білім мазмұны. Жалпы алғанда құрамы мен құрылымы жағынан ол кезеңнің білім мазмұнында "ғылым-өндіріс-білім" мәдени макромодель жатыр. Сондықтан жалпы білім беру жүйесіндегі басты ұстанымдардың бірі ғылымның барлық салаларынан білім беруге бағытталды. Сол себептен білім мазмұнының құрамы мен құрылымын анықтауда пәндік ұстаным ғана басшылыққа алынды.
