- •Мазмұны
- •1 Бос уаккыт дегеніміз не?
- •Бос уақытты тиімді ұйымдастырудың мақсаты:
- •Бос уақытын ұйымдастыру
- •1.3 Оқушыдарды бос уақытын тиімді ұйымдастыруда танымдық саяхат жолдары мен рөлі.
- •2 Оқушы шығармашылығын дамытудың негізі-танымдық іс-әрекеттерге баулу
- •2.1 Бос уақыт әлеуметтік- педагогикалық категория ретинде
- •2.2 Тынығу уақытының әрекеттері:(кітапхана, театр вжәне кинотеатр, мәдениет үйі, тұрғылықты жері бойынша клубтар т.Б.)
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер
2 Оқушы шығармашылығын дамытудың негізі-танымдық іс-әрекеттерге баулу
Клубтар дегеніміз- - жастар мен жасөспірім, сондай-ақ, балаларға арналған мектептен тыс уақытта мәдени тәрбие мен қосымша әртүрлі саладағы үйірмелерге баулайтын тәрбие беретін ұйым түрі. Бұл ұйым түрі балалардың болашақта жан-жақты, білімді, мәдениетті, ең бастысы көрегенді әрі тәриелі боп қалыптасуына өз оңды ықпалын тигізеді.
Клуб мақсаты: клубта балалар тек қана жан-жақты үйрену, рухани да дем алу қалады және қоғамдық шараларға өз үлестерін қосу, мектептен тыс уақытта мәдени тәрбие алу.
Мектептегі клуб түрлері: домбыра, спорттық,би,шығармашылық, музыкалық, хореографиялық , хор, драма, қуыршақ театры.
Сыныптан тыс жұмыстардың түрлеріне бастауыш сынып оқушыларының мерекелері: «Әліппені шығарып салу », «Ойын және ойыншықтар», дәстүрлі халық мерекелері жатады. Бірсыпыра түрлері фестиваль, турнирлер өткізу. Ойлап тапқыштар, әзілқойлар турнирлері. Сыныптан тыс оқуға байланысты викториналар, балалар кітабының, театрының апталығы, кітап оқырмандары конференциялары, жазушылармен кездесулер де көпшілік жұмыс түрлеріне жатады. Бұл істе мұғалімге балалар және мектеп кітапханасы қызыметкерлері көмектеседі.
Үйірме жұмысы балаларды пәндік, техникалық, спорттық секцияларға біріктіреді. Бастауыш сыныптардағы үйірме жұмыстарының мақсаты – оқушыны ғылым мен техника әлеміне енгізу, жасампаздық қабілеттері мен дарындарын дамыту, оқушылардың тәжірибелік білігі мен дағдыларын қалыптастыру, үйірме жұмыстарында алған білімдерін сабақтарда пайдалануға үйрету. Бастауыш сыныптарда балалардың іске қызығуы тұрақты болмайды. Үйірме жұмыстары оқушылардың әр түрлі және кездейсоқ қызығуына да жауап беруі керек. Үйірме жұмысы жеке пән негізіндегі білім ғана емес, білімнің сан алуан аясын қамтиды.
Барлық үйірмелерде де балалардың белсенді тобы, бастаушылары болады. Үйірме арнайы жоспармен жұмыс істейді.Ол жоспарда I-IV сыныптардың оқу бағдарламалары, балалардың қызығуы, жалпы дамуы еске алынады. Үйірме жұмысының ұзақтығы 30-40 минуттай болғаны, ең кемінде айына бір рет өткені жөн. Нәтижеге жету үшін жұмысты мұқият дайындау керек.Әдетте бастауыш сынып оқушыларының бәрі үйірме жұмысына қатынасқылары келеді. Мұғалім әрқайсысына тапсырма тауып беріп, ұжымдық іске, қызығуына қарай балалар тобына қосуы керек. Мысалы, «Табиғат және қиал- ғажайыптары» деген үйірменің жоспарына «Алтын күз байлығы » атты мәжіліс өткізу кірді делік.Оқушылар күз туралы өлеңдерді жаттап алу, үйрену, музыкалық шығармаларды орындау, егінжай, бау-бақша өнімдерінен көрме ұйымдастыру, адамдардың күзгі еңбегі түрлері жөнінде әңгіме дайындау, осы жыл мерзіміндегі жануарлар өміріндегі ерекшеліктер туралы, күз туралы балалар әдебиеті көрмесін, балалар салған суреттер көрмесін ұйымдастыру сияқты тапсырмалар алады.Үйірме отырысын өткізуге дайындық барысында тек әр оқушының қоғамдық мәнін ғана емес, сыныптың оқушылар ұжымын қалыптастыруға ықпал жасайтын барлық балаларын түрлі іс-әрекетке қатынастыруға болады.
Лагерлер- кез келген балаға өзін көрсетуге, өзін-өзі сыйлау мен өзін-өзі көрсете білудің жоғары деңгейіне жақындау мүмкіндігін береді. Оқушылардың күндізгі уақытын өткізуге арналған лагерьде олардың демалысын барынша оңтайлы өткізуге барлық жағдай жасалған
Мектеп лагері — белсенді демалыс аймағы, насихаттық, дидактикалық, сөздік мектеп әрекетінен өзгеше әртүрлі қоғамдық мәні бар бос уақытты өткізу орны.
Балалардың сауықтыру лагерлері — балалар өз мүмкіндіктерін, бос уақытында жеке басына қажетті дене және әлеуметтік қажеттеліктерін жүзеге асыратын әлеуметтік ортаның бір бөлігі. Бір жағынан, жазғы лагерь-жасы, жынысы және даму деңгейі әр түрлі балалардың бос уақытын ұйымдастыру формасы, екінші жағынан-бұл сауықтыру, көркемдік, техникалық, әлеуметтік шығармашылықты дамыту кеңістігі. Жыл сайын оқушылар үшін күндізгі уақыттағы сауықтыру лагері жұмыс жасайды. Онда бастауыш сынып оқушылары, оның ішінде көп балалы және аз қамтамасыз етілген отбасы балаларын лагерге тарту міндетті болып саналады.
Балалардың демалысын ұйымдастыру қашанда маңызды мəселенің бірі болып саналады. Жыл сайын демалыс уақытындағы балалар мен жасөспірімдердің толық демалуларына, танып білу, шығармашылық және қоғамшылдық белсенділігін арттыруға, балалардың өзін — өзі ұйымдастыру қабілеттерін дамуға, ғылыми, техникалық, көркем шығармашылық, спорт, саяхат пен өлкетану және басқа да танымдық қызмет түрлеріндегі білім мен іскерліктерін арттыруға жағдай жасау мақсатында оқушылар үшін жазғы сауықтыру ауысымдары ашылады.
Жазғы каникул балалардың жылдық бос уақытының айтарлықтай бөлігін алады. Ол мектептегі сабақтан гөрі баланың еркіндікке, өзі үшін қызықты істерді жасау және өз мүдделерінің еркін дамуы үшін қажеттіліктерін жүзеге асыратын кезең.
Сондықтан жаз-балалардың шығармашылық әлеуетін дамытуға, олардың жеке басына тән байланыстарын жетілдіру, әлеуметтік және мәдени білім беру құндылықтарына араласу, әлеуметтік байланыстар жүйесіне қосылу, өз жоспарларын іс жүзіне асыру, жеке бас мүдделерін қанағаттандыру, ойын-сауық, бойында жиналып қалған шиеленістен арылу, жұмсалған күшінің орнын толтыру, денсаулығын нығайту кезеңі. Жаз балаларға өзінің сан түрлі талантын ашып көрсетуге мүмкіндік береді.Бұл кезеңді жеке басының жақсы жақтарын ашып көрсетуге жағдай жасауға, балалар арасында рухани және эмоциялық құндылықтарын алмасуға, жеке басының мүдделерін жүзеге асыру үшін пайдалану керек.
Бүгінгі таңда білім саласының алдында білімді, бәсекелестікке қабілеті бар, шығармашыл, дербес ойлай алатын, іздемпаз, білімі мен білігі негізінде сауатты іс-әрекет ете алатын, функционалды сауатты жеке тұлға қалыптастыру міндеті тұр.
Қоғамның дамуына байланысты сауаттылық ұғымының мәні тарихи тұрғыдан өзгеріп, тұлғаға қойылатын талаптарда оқу, жазу, санай білу қабілеттерінен гөрі белгілі бір қоғамда өмір сүруге қажетті білім мен біліктердің жиынтығын игеру, яғни функционалдық сауаттылыққа жету деген сипатта ұғынылады. Яғни, «функционалдық сауаттылық» белгілі бір кезеңге сай субьектінің алған білімі мен білігі негізінде сауатты іс-әрекет ете алуы деген мағынаны білдіреді.
Мектептегі оқу үрдісінің негізгі мақсаттары – баланың білім игеру кезінде ойлау қабілетін қалыптастыру, сол арқылы таным әрекетін белсендіріп, шығармашылық қабілеттерін тәрбиелеп дамыту болып табылады. Осы міндетті жүзеге асыру – баланың білім игеру кезінде өзіндік іс - әрекеттері мен ізденуін белсендіріп, шығармашыл қабілетін дамыту арқылы шешілмек
Бұл проблеманың кейбір қырлары тамыры тереңге бойлайтын көне замандардан бастау алады. Сократтың өзі де оқыту барысында шәкірттің танымдық іс-әрекетін арнайы басқарудың маңыздылығын атап көрсеткен. Баланың әрбір еңбегі құр босқа жаттауға жұмсалмай, мағыналы және жүйелі болуы керек. Баланың жас кезінен-ақ танымдық әлемін кеңейту, сол бағытта әрекет ету маңыздылығы Абай Құнанбаевтың да еңбектерінде көрініс тапқан.
А.Байтұрсыновтың пікірі бойынша,«бала білімді тәжірибе арқылы өздігінен алуы керек. Мұғалімнің қызметі – оның білімінің, шеберлігінің ұзақ жолды қысқарту үшін, ол жолдан балалар қиналмай өтуі үшін, керек білімді кешіктірмей, кезінде беріп отыру үшін, балаға жұмысты әліне қарай шағындап беру мен бетін белгілеген мақсатқа қарай түзетіп отыру керек» [6] - деген.]
Танымдық іс-әрекет – шәкірттің білімге деген өте белсенді ақыл-ой әрекеті.
Психологтардың зерттеулеріне қарағанда, танымдық іс-әрекеттің қалыптасуы өздігінен тұйыққа тірелген автономиялық үрдіс емес. Ол – тек әлеуметтік орта қоршауымен, адамның өзіндік қызмет сипатымен ғана емес, жеке тұлғаның кәсіби іс-әрекеті, танымдық қажеттілігін оятуға ынталандыратын оқу және тәрбие үрдісі, сондай-ақ өзінің жеке
басының белсенділігімен, ұжымдылық іс-әрекет рөлімен және оның ұстаған позициясымен үндесе жүргізілетін күрделі үрдіс.
Оқушының танымдық іс-әрекет құрылымы: танымдық қызығушылықтан, танымдық белсенділік, танымдық ізденімпаздық және шығармашылық іс- әрекеттен тұрады. [5]
Оқушылардың танымдық іс-әрекеті – жеке тұлғаның танымдық қызығушылығы мен қажетсінуін, белсенділігі мен ізденімпаздығын қамтитын танымдылық, еріктік, сезімталдық үдерістер мен мотивтер бірлігі нәтижесінде оқушылардың интеллектуалдық жеке қасиеттерін және біліктерін дамытатын оқу материалының мазмұны мен қажетті көлемін игеруді көздейтін жан-жақты оқу жұмысы. олардың осы пәннен алған білімін тереңдетудің маңызы зор.
Танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру және оны жетілдіру жолдары:
- балаға жеке өздігінен ізденуге мүмкіндік беру;
- балаларға топтасып оқып-үйренуге жағдай жасау;
- оқушыларды өздерін-өздеріне немесе өзара бағалату; Ал сабақтан тыс уақытта оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудың жұмыс түрлері.
1.Әр түрлі кездесулер өткізу.
2.Әр түрлі тақырыптарда сайыс,интеллектуалдық ойындар,бірнеше шығармашылық турдан тұратын сайыстар, пікірталастар өткізіп, алған әсерлері бойынша шығарма жазу.
3.Балаларға арналған журналдарға жаздырып, оны сабақ кезінде үнемі пайдалану. 4.Әрбір оқылып отырған шығармалардың авторлары туралы толық мағлұмат жинау,реферат жазу.
5.Балаларға арналған басылымдарға оқушылардың шығармашылық жұмыстарын үнемі жіберіп отыру.(«Самал»,«Балдырған»газеттері, «Айгөлек»журналы)
Осындай жұмыстарды үнемі жүргізу оқушыларды шығармашылыққа баулуға, шәкірт бойындағы қабілет көзін ашып, тілін байытуға, қиялын ұштауға, өз бетінше ізденуге зор әсерін тигізеді. Бала бойындағы қабілетті ашу оқушының шығармашылық бағытта дамуына жете мән беру болып табылады.
Мұғалім бұл жағдайда білімді түсіндіріп қоюшы, бақылаушы емес, бағалаушы емес, танымдық іс - әрекетін ұйымдастыратын ұжымдық шығармашылық істердің ұйытқысы. Тек осындай оқыту ғана оқушы интеллектісінің көзін ашып, шығармашылығын дамытады.
Қазіргі кезеңгі қоғам талабына сай оқытуда жаңа технологияны пайдалана отырып, оқушылардың оқу – танымдық іс - әрекетін белсендірудің шығармашылық әлеуетін көтерудің маңызы зор. Жаңа технология үрдістерінің талабы – оқушыларға білім беруде белгіленген мақсатқа жету, оқушылардың іс-әрекеті арқылы ойлау дағдыларын, оқу - танымдық іс - әрекетін белсендіре отырып, сабақтағы үш біріккен мақсатты жүзеге асыруға қол жеткізу. Бұл қазіргі кезде жан - жақты дамыған педагогика іліміндегі жаңа технологияға байланысты Беспальканың ұсынған инновациялық оқу тәрбие жүйесі арқылы оқушының шығармашылық жеке тұлғасын қалыптастыру мақсатында туындап отыр. Бұл міндетті шешудің басты шарттарының бірі әр түрлі әдістерді пайдаланып сабақты ұйымдастыру. Оқушылардың танымдық қызметінің дербестік дәрежесіне қарай айту әдістерін сараптай М.Н.Скаткин мен И.Л.Лернер оларды:
1) Түсіндірме – иллюстрациялық
2) Қайта жаңарту
3) Програмаллап даярлау
4) Эвристикалық немесе ішінара іздену
5) Зерттеу әдістерін бөліп көрсеткен
Оқушылардың танымдық қызметін ұйымдастыруға осы әдістердің ішінде эвристикалық әдісті қолдануға болады. Бұл әдіс оқушылардың өздерінің алдына қойған проблемаларды шешіп, шағын жаңалықтарды ашуға мүмкіндік береді. Эвристикалық әдіс арқылы ақыл-ой жұмысы күшейеді, оқушы білімді өзінің танымдық іс-әрекеті арқылы алады.
Тәжірибемде, «Оқушы шығармашылығын дамытудың негізі- танымдық іс- әрекеттерге баулу» атты әдістемелік тақырып бойынша жұмыс істей жүріп, балалардың ой–өрісін дамыту мақсатын ғана шешіп қоймай,іс- әрекет үстінде бейімділігін ашып, рухани құндылықтарын жетілдіруге мүмкіндік беретін «Сын тұрғысынан ойлауды дамыту» жобасының стратегияларын және топтық жұмыстар кезінде интерактивті әдістерді қолданамын.
Себебі, интерактивті оқытудың басты мақсатының өзі сол - білім алушыларды өз бетінше ой қорытып, жауап табуға үйрету. Интерактивті әдістеме өзара қарым-қатынастың мол ауқымын қамтиды. Мұнда балалардың бұған дейін алған өмірлік тәжірибелері білім берудің негізгі көзі болып табылады.
