Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Doc1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
75.83 Кб
Скачать

1.3 Оқушыдарды бос уақытын тиімді ұйымдастыруда танымдық саяхат жолдары мен рөлі.

Танымдық саяхат–адамның бос уақытында негізінен айтқанда жұмыстық, не мәлім міндеттік мәжбүрлеумен емес, туысшылаумен емес, өз еркінше көңіл көтеру мен демалу үшін, тәуекел жасау үшін, көріп қызықтау үшін, яғни субъективті рухани қажеттілік бойынша басқа бір жерге ерікті саяхаттап, серуендеп баруы. Жақын жердегі қысқа мезетті орындалатыны–серуен делінсе, алыс жерге аттанған ұзақ мерзімдісі - саяхат делінеді.

Т анымдық саяхат

кіріспе саяхат

ілеспелі саяхат

қорытынды саяхат

Өзін-өзі тану жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуына, өзектендіруіне, оның қабілеттері мен әлеуеттік мүмкіндіктерін жүзеге асыруда қажетті шарт болып табылады. Адам, сонымен өзін-өзі тануының нәтижесінде толысу сезімін, өмір қуанышын, оның мәнісін сезіне отырып тұлғалық өсу мен өзін-өзі жетілдіру қабілетіне ие болады", - деп көрсетілген. Бос уақытты дұрыс пайдалану баланың танымдық әрекетін тереңдетуде маңызды орын алады. Балалар бос уақыттарында кітап оқиды, фильмдер қарайды, телехабарлар мен спектакльдер тамашалайды.

Саяхат сабағын өткізу орнына: мектептің алаңына, табиғат аясына, табиғи қорықтарға, өндіріске, тарихи-орындарға, көрмелерге, театрға, циркке, музейге бару т.б. нысаналар жатады.

Оқытуды танымдық саяхат жолымен ұйымдастырудың үш түрі бар:

Біріншісі – кіріспе саяхат деп аталады. Ол сабақта күрделі тарау, тақырыптарды өтер алдында ұйымдастырылады. Саяхаттың бұл түрін бастауыш сыныптарда алдын-ала өткізсе, олар үшін сабақ өте қызықты жағдайда болады.

Екіншісі – ілеспелі саяхат деп аталады. Ол белгілі бір тақырыпқа арналып, сабақ барысында оның орта шенінде жүргізілуі мүмкін.

Үшіншісі – қорытынды саяхат деп аталады. Ол күрделі тарау немесе тақырыпты өтіп болғаннан кейін оқушылардың сабақтар жүйесінде алған теориялық білімдерін пысықтау, бекіту мақсатын көздейді. Оқу саяхаты оқытудың дидактикалық және политехникалық принциптерін іске асырады. Оқушылардың техникалық ой-өрісін кеңейтеді, өсімдіктер

дүниесін, тірі организмдерді зерттеуге мүмкіндік туғызады, танымдық ынтасын дамытады.

Бос уақытты ұйымдастырушы– педагогтың негізгі міндеттері:

- Жеке тұлғаның қасиеттерімен дарындылығының дамуына, дүниетанымының кеңуіне, мәдениеттілігінің артуына ықпал ету;

- Тәрбиеленушілердің психологиялық және жасерекшеліктерін ескере отырып, олардың шығармашылық қабілеттерінің дамуына жағдай жасау;

-Тәрбиеленушілердің жан-жақты дамуына бағытталған үйірмелер, секциялар, студиялар жұмысын ұйымдастыру;

- Мерекелер, кештер, саяхаттар, экскурсиялар, ойын-сауық шараларын т.б. сабақтан тыс уақыттағы жұмыстарды ұйымдастыра отырып балалардың бос уақытының мазмұнды өтуіне ықпал ету;

- Мәдени орталықтар, спорт т.б. қоғамдық мекемелермен бірлестіктерді балалармен жасөспірімді тәрбиелеу ісіне тарту;

- Балалардың жазғы демалысын және бос уақыттарын ұйымдастыру, олардың өмірі мен қауіпсіздігіне жауап беру.

Танымдық саяхаттарды ұйымдастырудың мақсаты:

- Оқушылардың туған өлкеге деген қадыр - құрметті оята отырып, сол арқылы туып - өскен өлкеге, Отанға деген сүйіспеншілікті қалыптастыру;

- Балалар мен жасөспірімдер денсаулығын нығайту, тиімді демалысын және бос уақытын мазмұнды ұйымдастыру;

-Қазақстан тарихынан ҰБТ, ОЖСБ-да келетін сұрақтармен байланыстыру;

-Танымдық, шығармашылық және қоғамдық белсенділігін дамыту;

- Ғылыми, техникалық, көркем - шығармашылық, спорттық, туризм мен өлкетану, басқа да таным әрекеттерімен қоса білімін, біліктілігін кеңейту және тереңдету;

-Азаматтық сана - сезімін, жалпы мәдениетін, салауатты өмір салтының дағдыларын қалыптастыру;

-Көркем-эстетикалық тәрбие беру;

-Оқушылардың шығармашылық белсенділігін арттыру және білімді өз бетінше алуы және оны қолдана білуге үйрету;

-Оқушылардың туған өлке тарихын толығырақ білуіне ықпал жасау, Өлке тарихын, Отан тарихын меңгерген тарихи сананы қалыптастыру;

-Тарихи материалдарды игеру барысында танымдық қажеттіліктерін қалыптастыру;

-Адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу.

Міндеті:

-Халқымыздың тарихына құрметпен қарауға үндеу;

-Ел мен жердің шежіресі - ескерткіштерді білу арқылы елдің ертеңін, келешегін құрметтеуге, патриотизм мен ұлтжандылыққа, яғни отаншылдыққа, азаматтық рухқа тәрбиелеу;

-Жеке тұлғаны дамыту факторы ретінде білім алушыларды практикалық іскерлікке баулу;

-Оқушылардың қоршаған ортаны бақылай алу білігін қалыптастыру

және де олардың күнделікті қажетті істерге қатысу қабылетін дамыту.

Танымдық саяхаттың кезеңдері:

-саяхаттың мақсатымен, қауіпсіздік ережелерімен таныстыру, дәрiс, әңгiме, кеңес, маршрут сызығы, ата-аналарға ескертпе қағаздар тарату;

-экскурсия, саяхат, қауіпсіздік ережелерін сақтау, оқушылардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарау;

-тарихи ойындар, викториналар, туған жер тарихына байланысты конференциялар, байқаулар, көрмелердi рәсiмдеу, фотоальбом жасау, жобалық және зерттеушiлік жұмыстар жүргізу, реферат, баяндама, бейне-презентация жасау;

Танымдық саяхат барысында ескерілетін негізгі талаптар:

-Еріктілік. Ықылассыз жасалған жұмыс нәтиже бермейді. Оқушыларға тапсырманы еркін, шамасына қарай, жас ерекшелігін де есепке ала отырып таңдауға жәрдемдесу.

- Оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеру.

-Оқушылардың тапсырылған іске жауапкершілікпен қарауы. Бастаған істі соңына дейін жеткізу. Оқушылармен жалпы іс үшін тапсырманы орындаудың маңыздылығы, міндеттілігі туралы жеке тәрбиелік әңгіме жүргізу.

-Өз жұмысының қорытындысы мен маңыздылығын көре білу. Басылымдарға шығу маңызды: мәдени орындарды өздерін ұстауы, сөз сөйлеуі, газетке мақала жариялау, экспозициядағы беттер, мұражай стендтері үшін табылған фотосуреттер, баяндамалар және т.б.

-Оқушылардың материалдарды іздестіру кезінде ешқандай бақылаусыз, бұйырусыз өз бетімен жұмыс істеуі. Керек кезінде кеңес беріп, қиналған сәтінде көмектесу.

Оқушыларға тәрбие арқылы білім беруде танымдық саяхаттың атқаратын ролі ерекше. Ол шәкірттерде отансүйгіштік, ұлтжандылық, идеялық сенімді қалыптастырады. Оқушының рухани байлығын кеңейтіп, өзінің қоғамдағы орнын түсінуге көмектеседі, ұрпақтың ізгі талап - тілектерін оятады. Қазақтың ұлттық салт - дәстүрі, мәдениеті мен әдебиеті оқушылардың еңбексүйгіштік, ұқыптылық, моральдық қасиеттерін қалыптастырады.

Балалар ұйымы, ата-аналар, бүкіл жұртшылық балалардың бос уақытын өміріне пайдалы тәрбиелік мәні болатындай етіп өткізулеріне көмектесулері керек. Оқушылардын бос уақытын тиімді пайдалануды ұйымдастыру оңай мәселе емес екенін де ұмытпауымыз керек.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]