2.1. Ыбырай Алтынсаринның қызметтері.
Орынбор қаласында оқып жүрген кезінде және сонда қызмет етіп жүрген жылдары Ыбырай Алтынсарин Орынборда Шекара комиссиясының төрағасы болып қызмет атқарған, белгілі шығыс танушы ғалым, профессор В.В.Григорьевпен танысып, жақын болып және онымен достасып та алады да, оның бай кітапханасын еркін пайдалана алады. Соның арқасында ол орыс және шетел ақын–жазушыларының, ағартушы–ғалымдарының шығармаларын көптеп оқып, олармен мол танысады. Сөйтіп, небәрі жеті жылдық мектепті бітіріп шыққан Ыбырай өзіндігінен оқып, ерінбей ізденіп, талмай еңбек етудің арқасында жан–жақты мол білімі бар, ой-өрісі өте кең, оқымысты адам болып шығады.
«Қарағым , мұнда жүрсең нетер едің?
Қолыңа құрық алып кетер едің!
Тентіреп екі ауылдың арасында
Жұргеннен не мұратқа жетер едің?», - деп, атасы Балғожа би айтқандай, Ыбырай өз атасы тәрізді тек ауыл адамы ғана емес, бүкіл бір халықтың маңдайына біткен жарық жұлдызы болып, қазақ мәдениетінің көгіне шарықтап шыға келді.
Ыбырайдың мектеп ашу жылындағы қоғамдық қызметі ерекше іскерлілік. Ол 1760 жылдан бастап, өле-өлгенше оқу ағарту ісімен үздіксіз шұғылданған жалынды ұстаз. Ыбырай Алтынсарин–10 жыл (1879–1889 ж.ж.) бойы Торғай облысының халық училищелер инспекторы қызметін атқарды. Осы жұмысында сан–салалы ағартушылық инициативалар көрсетуіне оның қазақ халқының әлеуметтік–экономикалық құрылысын және мдени өмірін терең білуі зор мүмкіндік туғызады. Өзінің инспекторлық қызметі кезінде, жергілікті халықты қолдауымен және орыс ағарту қайраткерлерінің көмегіне жоғарыдағы талаптар тұрғысынан Торғай облысының барлық бес уездік қалаларында бес екі кластық училище ашты.
Ыбырай Алтынсарин 1860 жылдан бастап, жергілікті жерлерден мектеп ашу ісімен айналысады. Сол өңірдегі қазақ балаларына арналған алғашқы мектеп 1864 жылы 8 қаңтарда Торғай қаласында ашылып, Ыбырайдың өзі соған мұғалім болады. Сөйтіп, Ыбырай Алтынсарин 1864 жылдан 1889 жылға дейін жиырма бес жылдық өмірін қазақ балаларына арнап мектеп ашу, оларды оқыту, тәрбиелеу, оларға арнап оқулықтар, оқу құралдары және әдістемелік кітаптар жазу жұмысына сарп етті. Осы жылдардың ішінде ол қазақ қыздары үшін мектеп–интернат, ауыл шаруашылық және қолөнер училищелерін ашады. Өйткені ағартушы ғалым, әрі өз халқының ұлы патриоты, қазақ халқының жарқын болашағын тек оқу–ағарту ісімен, білім–ғылыммен, сол білім–ғылымды ел ішіне көптеп тарата алатын мекткппен байланыстырған. Сондықтан да ол: «мектеп–қазақтарға білім берудің басты тұтқасы... Үміт мектепте, қазақ халқының келешегі мектеппен байланысты», деп жазған болатын–ды.
Ыбырай Алтынсарин орыс халқы мәдениетінің демократияшыл идеяларын, әсіресе, Ушинскийдің педагогикалық мектебінің жаңалықтарын шығармашылық жолмен қабылдай отырып, қазақ даласына білім таратушы, мектеп ашушы, жастарды тәрбиелеуші мұғалім болды. Ол өз ісінде әрқашан адамгершілік туын көтеріп, көптеген педагогикалық мұралар қалдырды. Солардың ішінде оның тамаша өледері мен әңгімелері бар. Бірақ ол–ең алдымен ағартушы педегог. Ал оның ақындығы мен жазушылығы оның негізгі мақсатына–сол ағартушы педагогтік істеріне бағытталған, талантын аша түскен әңгімелері мен өлеңдерін балалар тәрбиесіне арнап, оқу құралдары мен оқулықтары үшін жазған.
Өзінің мектеп өміріндегі тәжірбиесін Ушинскийдің, Толстойдың педагогикалық озат пікірлерін , тағы басқа да материалдарды қорта отырып, Ыбырай Алтынсарин–«Қазақ хрестоматиясы» (1879 жылы) мен «Қазақтарға орыс тілін оқыту жөніндегі бастауыш басшылық» деген екі кітабын жазды.
