Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
курсовой ЫБЫРАЙ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
164.86 Кб
Скачать

1.2. Ыбырай Алтынсаринның еңбек тағылымдары.

Ыбырай Алтынсаринның Орынбордан 1879 жылы жарық көрген «Киргизская хрестоматия» деген еңбегін «Қырғыз хрестоматиясы» деп алдық. Ыбырай Алтынсаринның ізбасарлары мен әріптестері ұлы қазақ педагогінің өзі бастап енгізген оқу жүйесін жалғастырды, оның қалыптасып, дамуына еңбек сіңірді. Ыбырай мен Евфимовский Мировицкий (хрестоматияны жариялау кезінде ) екі–үш ай бірге қызмет кезінде бір–бірін жақсы түсініп, лайықты бағалады. Газет бетінде қазақ ағартушысының айқын демократиялық ой – пікірлерінің орын алуы негізінен Ыбырайдың еңбегі болғанымен, мұнда Евфимовский Мировицкийдің де үлесі жоқ емес. Халықтың идеяларға газет бетінен орын беруі, біріншіден, оның батылдығының куәсі болса, екіншіден, сол идеялардың авторына, оның халқына іштей тілектестік білдіре қарағандығының нәтижесі болатын. Алтынсаринның қазақ халқына сіңірген еңбегіне келсек, Ламоносовтың Ресей алдындағы маңызы сияқты, бұл да өте маңызды. Ыбырайдың адамдық ар–ұждан тұрғысынан, еңбекші халыққа аяушылық білдіру, оларды қорғау тұрғысынан араласқанын өзге де жайлар аз емес. Ыбырайдың қазақ халқы алдындағы еңбегін адамзат саласында сәби дәуірден сақталып келе жатқан аңыз геройы–Прометей ерлігімен салыстыруға болады. Ыбырай Алтынсарин осынау бір ауыл кезеңде өмір сүріп, жасымай, талмай елі үшін еңбек еткені келешек үшін қымбат, ең ардақты іс.

Заманымыздың заңғар жазушысы Мұхтар Омарханұлы Әуезов Ыбырай Алтынсарин туралы былай жазады: «Ыбырай орыстың мәдениет мектебін танымаса, Ушинский бастаған педагогикалық жаңалықтарды білмесе, орыстың адамгершіл, прогресшіл классикалық әдебиетінің нәрінен қорек алмаса, Ыбырай болмас еді... Ыбырай да сол бір бағытта болумен қатар, өмірі, еңбек еткен ортасы, әлеуметтік – қоғамдық көзқарасы, әрекеті жөнінде Шоқанға да, Абайға да ұқсамайды. Ыбырай жаңағы екеуінің де ісін өз өмірінде еңбегіне түйістіріп, қоса білді. Сөйтіп, ол екеуі де істеген тың тарихтың ұзақ өрісі бар, зор келешегі бар істердің үлгісін өз қолымен орнатты. Әрі ол жаңа үлгідегі ақын, әрі сол кездегі Ресейде батыл жаңашыл жасап, «бұратана» елдер үшін тың үлгідегі мектеп ашушы. Қазақтың ең алғашқы мәдениетті мектебін жасаумен қатар, жазушылық пен оқытушылықты ол аса шебер өнерлі түрде қабыстырушы. Мұхтар Омарханұлы Әуезов, көңілге үлкен–үкен алғысқа толы ойлар келеді.Сонда өз өмірінің, еңбегінің барлық қиынсыз қиын шалғайлықтарының бәрін елеместен, жасымастан батыл болып, ұдайы ұзап бара жатқан шын зор қайратты танисың. Н.Ильминский–Ыбырай туралы тұңғыш естелік жазып қалдырған адам. Ол «Ыбырай Алтынсаринды еске алу» деген көлемді кітабын 1891 жылы Қазан қаласында бастырған. Бұл кітап – Ыбырай шығармашылығын тануда маңызды зор, алғашқы биографиялық естелік, әрі қазақ жазушысы туралы жариялаған тұңғыш еңбектердің бірі ретінде құнды.

Орта мектепке арнап оқулық жазған авторлардың бәрі де Ыбырай шығармашылығына талдау жасап, оның еңбектеріне тиісті бағаларын беріп келеді. Ыбырай әкімдер жанында жүріп, олардың айтқаын ғана орындап жүруді өзіне қорлық санайды. Ол өз бетімен іс қылатын еркін еңбекті арман етеді. Елде болған кездерінде халықтың ескі аңыздарын көңіліне медет тұтады. Ыбырайдың ұғындыруынша оқу, өнер қиындықсыз, оп–оңай түсер тегін нәрсе емес, оған адам төзімді күрес пен қажырлы еңбек арқылы ғана жетеді. Сауысқан екеш сауысқан да өз тамағын еңбектеніп, шоқумен табады. Үстіңе киер киім де еңбек жемісі, ол да тоқумен табылған. Жалықпай ізденіп, ерінбей еңбек ету арқылы ғана өнерлі, бақытты болмақшы. Адамға еңбек ету–парыз. Еңбексіз еш нәрсе өнбейді, еңбек-өмір кілті, оқуға, өнерге де жеткізетін осы еңбек. Ол өзінің « еңбектің тәрбиелік маңызы туралы» деген мақаласында: «ерікті еңбек адамның өмірі үшін ерекше маңыздырөлді атқарады, еңбексіз адам өзінің барлық адамдық қасиетінен және барлық құндылығынан айырылады. Еңбек адамның жетілуі үшін керекті жағдайда жасап қана қоймай, сонымен бірге адамның ар–ұятын өз дәрежесінде сақтап тұруға да көмектеседі. Адам өзінің жеке еңбегінсіз бір адам да ілгері баса алмайды, қайта кері кетеді» деген болатын.

Ыбырай Алтынсаринның еңбекке деген көзқарасы да осындай ұстаздық идея негізінде жүйеленеді. Еңбек тақырыбындағы «Өрмекші, құмырысқа, қарлығаш», «Дүние қалай етсең табылады», «Бай баласы мен жарлы баласы», «Байлық», «Әке мен бала», «Асыл шөп», «Қыпшақ Сейітқұл», «Ағаш үй мен киіз үй» т.б. әңгімелері-өнегелігімен, образдығымен ерекше мәнді тәләм берер күші мол көркем шығармалар. «Өрмекші, құмырысқа, қарлығаш» әңгімесінде баланы ұшқан құс, түрлі жәндіктерді тіршіліктерімен таныстырады, олардың әрекеттерін мысал етіп, баланы еңбекті сүюге тәрбиелейді. Жұмыссыз жүрген бір жан жоқ. Сен де босқа жүруге тиіс емессің, жұмыс істеуге дағдылану керек деп, балаға түсінікті, әсерлі мысалдар мен еңбек туралы ой салады. «Балам, сен әкеңнің өсиетін түсінбеген екнсің. Оның мәнісі былай. Әкең саған мирасқа жер қалдырыпты. Сол жерді күшің жеткеніңше күтіп, егін егіп, күз тұқым шашып еңбек етсең, уақытында өнімін шашпай жинап алсаң, көп байлыққа кез боласың. Аш та, жалаңаш та болмайсың. Байлық жерде, еңбекте деген еді ғой ол», - депті. Жазушы еңбек адамын өмір тәжірбиесі мол, табиғат сырларын түсіне білетін, кішіпейіл, мейірімді етіп көрсетеді.

Ыбырай шығармашылығында еңбекке тәрбиелейтін әңгімелерінің ішіндегі ең биік шыңы «Бай баласы мен жарлы баласы». Асан–бай баласы. Ол өмірдің қиыншылығын көрмеген. Екі қолын жылы суға малып, алдындағы асын ішіп, ерінетін ерке және дәулетінің арқасында жоқшылықтың не екенін білмей шолжаңдап өскен, икемсіз арамтамақ. Еңбекке ынтасы да жоқ. Естігенін ұмытып, көргенін көңілгетоқымайды. Ал Үсен–кедей баласы. Ол өмір мектебінен өткен. Басына түскен қиыншылықтан құтылудың жолын да ойластыра біледі. Ол Асанға тұзақ, қармақ жасау және оны қалай қолдану, от жоқ жерде қалай от жағу әдісін көрсетеді.

Ыбырай қалдырған мұралардың құнды бір саласы–оның хаттары. Жазушының хаттары үлкен суретшінің зор бейнесін айқындай түсетін мәнді еңбекқор. Ыбырай мұраларының ішінде кейінгі кезге дейін ескерусіз қалып, зерттелмей келе жатқан еңбегі–осы хаттары мен бір топ мақалалары. Ыбырай түрлі салада еңбек етіп, бағалы шығармалар қалдырған кемеңгер жазушы. Міне, осындай заманы ұсынған талаптардан тартынбай, өмір тауқыметін тартқан халық ұлының бірі Ыбырай Алтынсарин еді. Ақынның осынау бір ауыр өмір сүріп, жасымай, талмай, елі үшін еңбек еткені келешек үшін қымбат, ең ардақты іс. «Кел ,балалар, оқылық» өлеңінің мән–маңызы атты өлеңін бастан аяқ тың мазмұнды, жаңа сипатты шығарма дей аламыз. Ыбырай мұнда қазақ балалары түгіл, ересектердің ұғымында жоқ техника тетіктері мен құрал–жабдықтарымен іс-әрекет, қозғалысы мен адамға көрсететін қызметін суреттейді. Жас шәкірттерді адамгершілікке, әдептілік пен сабырлыққа, адал еңбек пен әділеттікке, білімді еркін игеруге шақырады.

Ұлы ағартушы–педагог мектеп ашумен шектеліп қалуға болмайтынын, бұған лайық оқу әдістемелік құрал–жабдықтау керек екенін түсінді. Сондықтан Ыбырай Алтынсарин Ушинский, Паульсон, Водовозов, Бунаков тәрізді педагогтарды әліппе, оқулықтарын негізге ала отырып, қазақ балаларына арнап «Оқу құралын» жазды. Сондай–ақ ол әдістемелік мәні бар «Семья мен мектеп», «Халық мектебі» жұмыстары мен қолөнері үшін қажетті Гастерманның техникалық коллекциясын, физика, химия кабинеттері үшін құрал–жабдықтар алдыруға 600 сом жинағанын айтады. Мұның бәрінен оның жалаң оқумен қанағаттанып қалмағанын, бұған қоса ғылым мен техника тетіктерін үйретуде көрнекілік тәсіл ұстанғанын көрсетеді. Автор сол тұстағы мектептерде дін сабағының өту мүмкіндігін пайдаланып, қазақ балалары ұшін «Шариятул–ислам» атты оқулық жазды. Бұл кітап кезінде балалардың мұсылман дінінің қағидаларын игеруге айтарлықтай үлес қосты.

Ыбырай жастарды оқу–білім, өнерге үндегенде, құрғақ насихатқа ұрынбайды, қайта өз ойын нақтылықпен дәлелдеуге ұмтылады. Ыбырай Алтынсарин орыс мектебінің мол тәжірбиесін терең меңгеру бағытында қажымастан еңбектенеді. Әсіресе орыс бастауыш мектебінің қайраткерлері Л.Н.Толстойдың, Н.Ф.Бунакоытың және Н.А.Корвтың шығармаларын, олар ұйымдастырылған мектептер тәжірбиесін ыждағатпен зерттейді.