Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
курсовой ЫБЫРАЙ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
164.86 Кб
Скачать

Жоспар

Кіріспе....................................................................................................................3

І тарау. Ыбырай Алтынсарин қазақ педагогикасының негізін салушы

1.1.Ыбырай Алтынсарин қазақтың - тұңғыш педагогі.......................................4-5

1.2. Ыбырай Алтынсаринның еңбек тағылымдары............................................6-20

1.3. Ыбырай Алтынсаринның шығармаларындағы отбасы және

бала тәрбиесі..................................................................................................21-25

ІІ тарау. Ыбырай Алтынсаринның педагогикалық көзқарастары

2.1. Ыбырай Алтынсаринның қызметтері.........................................................26-27

2.2. Қазақ әдебиетін дамытудағы Ыбырай Алтынсаринның рөлі...................28-29

Қорытынды...........................................................................................................30-31

Қолданылған әдебиеттер.....................................................................................32-33

Кіріспе

Ыбырай Алтынсарин қазақ педагогикасының негізін салушы, педагог - ағартушы, ақын және прозаик, публицист, балалар жазушысы.

Курстық жумыстың мақсаты: Келешекті дамытатын жастар екені бәрімізге белгілі. Ендеше сол жастарға қай жағынан болмасын толық білім берілуі қажет. Осыған орай Ыбырай Алтынсарин педагогикалық көзқарастарын пайдалана отырып, идеялық бағыттары жағынан жастарды халықтың қағидаларға қызмет етуге және балаларды өз Отанын сүюге үйрету.

Курстық жұмыстың міндеттері:

  • Ыбырай Алтынсарин жайлы толық түсінік беру

  • Ыбырай Алтынсаринның педагогикалық көзқарастарының мағынасын ашу

  • Қазақ әдебиетін дамытудағы Ыбырай Алтынсаринның рөлін ашу

Ыбырай шығармаларындағы педагогикалық ой-пікірлердің ерекшеліктеріне байланысты кейбір пікірлерді А.Н.Ильясова, А.Е.Дайрабаева, ІР.Халитовалардың ғылыми-зерттеулері мен Н.Берікұлы, А.Бейсенбаева, Ә.Қоңыратбаев т.б. жекелеген мақалаларынан табуға болады. Бірақ, оларда оқыту теориясы тұрғысынан толық талданып, практикалық мәні жеткілікті ашылмаған. [5]

Ғұлама ақын шығармаларындағы педагогикалық ой-пікірлерді іздестіруде Я.А.Коменский, А.Дистервег, К.Д.Ушинский, Л.Н.Толстой, П.П.Блонский, С.Т.Шацкий т.б. белгілі педагог ғалымдардың еңбектеріне негіздей отырып, олардағы басты ұғымдар, тұжырымдар, ереже, қағидалар мен қазақ жерінде педагогикалық ойлардың дамуына ерен үлес қосқан және алғашқылардың бірі ретінде Ы.Алтынсарин десек, оның пікірлерін жалғастырған А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов, Х.Досмұхамедов, МЖұмабаев т.б. еңбектерін зерделей келе, Абай мұрасындағы осыған орай пікірлердің сәйкестігін, оларды түсіндірмелеуде, ұғынуда тигізетін септігін басшылыққа алдық.

І тарау Ыбырай Алтынсарин қазақ педагогикасының негізін салушы

1.1.Ыбырай Алтынсарин қазақтың - тұңғыш педагогі

Қазақ педагогикасының негізін салушы, педагог - ағартушы, ақын және прозаик, публицист, балалар жазушысы.Алтынсарин мектеп пен тәрбие тұрмысы мен өмірінің тарихи ұлттық ерекшелігіне сәйкес келу идеясын ұсынды. Ыбырай Алтынсарин 1841 жылы қазанның 20-шы жұлдызында Орта жүздің қыпшақ руында дүниеге келген (Қостанай облысының Затобол ауданы). Әкесі 1844 жылы Кенесары шапқыншылығы кезінде қаза табады да, жас Ыбырайды атасы, белгілі би Балғожа Шаңбыршыұлы тәрбиелейді.

Болашақ ақынның балалық шағы қазақ жұртына аты мәлім Балғожа бидің отбасында өтті. Ыбырай, ең алдымен, мұсылманша оқып, сауатын ашады. Ол екі-үш жылдай ел молдасының білім алады. Осы сәби кезінде- ақ Ыбырай өзінің ұқыпты жас екенін танытады. Атасы Балғожаның тұжырымды сөздеріне көңіл қойып, ел ішіндегі шешендер сөздерін көңіл қоя тыңдайды. Бойына біткен байқағыштық пен ұқыптылық Ыбырай болашағын белгілегендей. Зерек те зерделі, сергек те сезімтал жастың тәрбиесіне көңіл аудармай, оның бойындағы жалын ұшқынын танымай өтер Балғожа би емес-ті. Ол басқа балаларына, не жұрағаттарына тоқтамастан, Ыбырайды қолға алып, өз орнын басар, оның шырқау шыңын танығандық болатын.

1850 жылы тоғыз жастағы Ыбырайды Орынборда қазақ балаларына арнап ашылып жатқан жеті жылдық мектепке апарып берген Балғожаның ойы мен сыры осы тұрғыдан шыққан. Мектеп сабағы орыс, татар тілдерінде жүрсе де Ыбырай оқуда ыждағаттылық көрсетеді. Өзі қатарлас отыз баланың алды болып көзге түседі. Ыбырайдың Орынбор сияқты қалада оқуы, өз бетімен ізденуі, орыс зиялылармен араласуы оның ой-өрісінің өсуіне, өмірге көқарасының қалыптасуына көп жағдай жасайды.

Тілмаш болып, кеңсе қызметкерінде қалып қоймай, халқына қызмет етуді арман етті. 1861 жылы Торғайдан мектеп ашуға рұқсат алып аттанған сапарынан басталды. Ыбырай бұл мектепті тек 1864 жылы ғана аша алды. Оған дейін үйінде төрт- бес баланы жинап оқытып, болашақ мектеп оқуының негізін салды. 1864 жылы мектепке үлекн даярлықпен жеткен Ыбырай оқыту жұмыстарына құлшына кірісті. Тұңғыш қазақ мектебін ашып, оқытуға кіріскен Ыбырай соған тікелей көмектескен Н.Н.Ильминскийге жазған (1864 жылы 16- наурыз) хатында: «осы жылы наурыздың 8 күні менің көптен күткен ісім орнына келіп, мектеп ашылды, оған 14 қазақ баласы кірді, бәрі де есті, жақсы балалар.Мен оқытуға қойға шапқан аш қасқырдай, өте қызу кірістім. Бұл балалар да менің айызымды қандырып, небәрі 3 айдың ішінде оқи білетін және орысша, татарша жаза білетін болды... Кейін парақор болып шықпаулары үшін, оларға адамгершілік жағынан әсер ету ге де бар күшімді салып жатырмын. Күлсеңіз, күле беріңіз мен кейбір оқытудан бос уақыттарда оларға ресми түрде молда болып та қоямын, сөйтіп, оларға дін тарихынан білгенімді айтып, оған басқа да пайдалы және түсінікті әңгімелерді де қосып айтамын. Менің қашаннан арман-тілегім қалай да пайдалы адам болып шығу еді. Ал қазір осыған қолым жетіп отырғанын ойласам, көңілім толық жұбаныш табады»- деп жазды. Ыбырай Алтынсаринның пікірі бойынша ауыл мектептері болыс мектептерінің 1-бөлімінің бағдарламасы бойынша жұмыс жасауға тиіс болды. Оқу ана тілінде жүргізілуі тиіс-деген қағида ұсынды. Ыбырай Алтынсарин қазақ халқына білім беру тек бастауыш мектеппен ғана шактеледі–деген пікірден аулақ болды. Ол орта мектептер құру туралы ойларын халқына жеткізді және қазақ балаларының университеттерде оқуын қалады. Алайда, ол Россия патшаларының жағдайындағы осыған ұқсас жоспарлардың өмірге сәйкес келмейтінін ескере отырып, Оренбург Троицк жанындағы гимназия мен Қазақ университеттерінде оқитын қазақ балалармен жастарға арнаулы стипендия тағайындады. Ыбырай Алтынсарин кәсіптік білім берудің маңызын жете түсінді және жақтады.