- •І. Тарау. Сөйлеу туралы жалпы түсінік.
- •1.1. Сөйлеу туралы жалпы ұғым
- •1.2. Сөйлеу әрекеті және сөйлеу түрлері
- •Іі. Тарау. Сөйлеу қабілетінің дамуы және деңгейлік тапсырмалар негізінде оқушылардың сөйлеу қабілетін дамыту.
- •2.1. Қабілет және сөйлеу қабілетінің дамуы
- •2.2. Деңгейлік тапсырмалар негізінде оқушылардың сөйлеу қабілетін дамыту.
- •Қорытынды
- •Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Іі. Тарау. Сөйлеу қабілетінің дамуы және деңгейлік тапсырмалар негізінде оқушылардың сөйлеу қабілетін дамыту.
2.1. Қабілет және сөйлеу қабілетінің дамуы
Қабілет – іс әрекетінің белгілі бір түрін ойдағыдай, нәтижелі орындауда көрінетін адамның жеке қасиеті. Қабілеттілік күнбе-күнгі тәжірибеде жиі кездеседі. Мәселен, оқуға ынтасымен берілген, кейбір пәндерді жақсы үлгіруіне байланысты мынау оқушының қазақ тіліне қабілеті бар екен дейміз. Қабілеттердің дамып, қалыптасуы әр түрлі деңгейде жүріп отырады. Оның алғашқы деңгейі (оқушылардың бәрне ортақ) репродуктивтік десе, екінші негізгі деңгейін шығармашылық қабілет дейді.
Оқушылардың сөйлеу тілін дамытуда деңгейлік тапсырмалар рөлінің зор екендігі психологиялық негізде толық дәлелденеді. Қабілеттің дамуының бірінші деңгейінде адам білім игеруде, іс-әрекетті қажетті дәрежеде іске асыруда икемділік көрсетсе, екінші деңгейде жаңа, соны туынды жасай алу мүмкіндігін байқатады. Қабілет жалпы, арнаулы тәжірибелік, ұйымдастырғыштық болып бірнеше түрге бөлінеді.
Қабілеттілік – белгілі бір істі орындап шығуға мүмкіндік беретін адамның жеке басының қасиеті. Әр адамның белгілі бір әрекеттің түріне икемділігін білдіретін дара ерекшелігі болады.
Қабілеттің ойдағыдай дамуы адамда тиісті білім жүйесінің икемділік пен дағдының болуына байланысты. Бала тілін дұрыс байқап онымен санасып отыру мұғалімдердің маңызды міндеттерінің бірі. Қабілет негізінен екіге бөлінеді. Адамның ақыл-ой өзгешеліктерінің жеке жақтарын көрсететін қабілет – жалпы қабілет де аталады. Ақылдың орамдылығы мен сыншылдығы, зейінділік пен бақылағыштық, зеректік пен тапқырлық т.б. осы сияқты ақыл-ой әрекетінде көрінетін ерекшеліктер жалпы қабілетке жатады. Іс - әрекеттің жеке жақтарынан көрініп, оның нәтижелі орындалуына мүмкіндік беретін қабілетті – арнаулы қабілет дейді. Бұған суретінің, актердің, музыканттың т.б. қабілеттерін жатқызуға болады.
Қабілеттен басқа адамға өз туысынан берілетін анатомиялық – физиологиялық белгі – ол нышан. Қабілетті дамытудағы ең басты – фактор еңбек. Қабілетте, нышан іс-әрекет үстінде байқалады. Нышан адамда туа пайда болады. Ал нышанның ықпалы мен қалыптасып, еңбекет дамыған қабілет дарындылыққа айналады. Ал белгілі іс-әрекеттті шығармашылықпен орындау мүмкіншілігін қаматамасыз ететін қабілеттің ерекше түрін талант дейді.
Оқушалыр бағдарлама бойынша оқулықтағы жұмыстар мен қатар деңгейлік тапсырмаларды толық орындар отырса, оның сөйлеу қабілеттілігіне, еңбекқорлығына шек келтірмейді. Осылайша маңдай тер төгілмейінше, ешқандай қабілет өз мәніне ие бола алмайды. Әр түрлі деңгейлік тапсырмаларды ұсыну, барысына оқушыны міндеттеп, шектен тыс тапсырмамен жүктеу емес, оның өз керегінше, өз мүмкіндігінше жұмыс жасау арқылы сөйлеу қабілетін дамыту көзделеді.
Қабілет адамның жан қуаттарымен түрлі жақтарымен тығыз байланысты. Ол наным мен сенім, күшті ерік жігер, тұрақты мінез, алғыр зейін, еңбек сүйгіштік, өзіне - өзі қатты талап қоя білу т.б. сапалармен ұштасып жатады. Қабілетті жақын тұрған қасиет – бейімділік. Қабілетті адамның ерекшелігі сол іске бейімділігінің ертерек көзге түсуі, өзіне-өзі сенуі, өз қабілетін бағдарлай білуі. Бейімділік – адамның белгілі бір әрекетпен айналысуға бет бұрыса, оған ерекше көңіл аударуы, оянып келе жатқан қабілеттің алғашқы белгісі.
Дарындылық – адамның беліглі бір іске деген айрықша қабілеттілігі, өмірдің қандай да бір саласында өзін ерекше қырынан көрсетуі. Адам қабілетіндегі дарындылық пен талант одан әрі дамып, данышпандық қасиетін тудырады. Бұл адамның ақыл-ой мен іс-әрекетінің ең жоғары дәрежеге көтерілуі.
Данышпандық – тарихи әлеуметтік маңызы зор, творчествода туатын қабілеттің ең жоғарғы түрі. Данышпандық туралы шетел зерттеушілері Ф.Галтон, Дж.Кеттен, т.б. тұқым қуалау жолымен пайда болатындығын, орта мен тәрбиенің маңызды роль атқармайтындығын дәлелдейді. Мұндай көзқарасты психологтар А.Н.Леонтьев, Б.М.Теплов қатты сынға алып, қолайлы жағдай болса кез-келген адам ірі ғалым, инженер, қабілетті дәрегер, мұғалім бола алады деп дәлелдеп отыр.
