- •Қарағанды «Болашақ» маңызды білім беру колледжі
- •1.2. Педагогикалық қарым-қатынастың функциялары.
- •Іі.Тарау Кәсіби әлеуметтік педагогикалық қарым-қатынастың негізгі сипаттары
- •2.1. Педагог пен студент арасындағы қарым-қатынас стильдері мен түрлері
- •2.2. Педагогтың сөйлеу техникасы мен мәдениеті.
- •Педагогтың сөйлеу мәдениеті.
Іі.Тарау Кәсіби әлеуметтік педагогикалық қарым-қатынастың негізгі сипаттары
2.1. Педагог пен студент арасындағы қарым-қатынас стильдері мен түрлері
Оқытушы нәтижелі коммуникативті іс-әрекет үшін қарым-қатынастың әрбір микроэлементінің педагогикалық жүйеге ықпалы тигізетінін міндетті түрде білуі керек.
Сабақта оқытушы барлық педагогикамен процестің коммуникативтік құрылымын меңгерумен қоса, осы сатыда қарым-қатынастың ерекшеліктеріне мән беріп, педагогикалық әсер ететін әдістерді таңдап қолданылу қажеттігі айтылады.
Мұның барлығы оқытушыдан бір мезгілде екі мәселені шешуді талап етеді:
1.Тәрбиеленушілермен өзінің қатынасын, қарым-қатынас стилін, мінез-құлық ерекшеліктерін құрастыру;
2.Коммуникативтік ықпал етудің мәнерлі құралдарын құрастыру;
Екінші компонент әрқашан педагогикалық және соған сәйкес коммуникативтік міндеттердің туындап отыруына байланысты өзгеріп отырады. Коммуникацияның мәнерлі құралдарын таңдау жүйесінде тәрбиеленуші мен оқытушының өзара қатынасы маңызды роль атқарады. Педагогикалық іс-әрекет процесінде қарым-қатынастың мынандай жалпы сипаттамаларын бөліп көрсетуге болады:
1.оқытушы мен тәрбиеленушінің қарым-қатынас жүйесі (анықталған қарым-қатынас стилі).
2.педагогикалық іс-әрекет сатысын нақты сипаттайтын қарым-қатынас жүйесі;
3.нақты педагогикалық және коммуникативтік міндеттерді шешуде туындайтын ситуациялы қарым-қатынас жүйесі;
Кәсіби – педагогикалық қарым-қатынас стилін біз педагог және оқушылардың, педагог және әріптестерінің, тәрбиеші мен ата-аналардың әлеуметтік – психологиялық өзара әрекеттерінің индивидуалды-типологиялық ерекшеліктері деп түсінеміз.
Стилде қарым-қатынас өз мәнерін табады:
А).педагогтың коммуникативтік мүмкіндігінің ерекшеліктері.
Б).туындаған өзара қатынас сипаттамасы.
В).педагогтың шығармашылық даралығы.
Г).үлкендер және балалар ұжымының ерекшеліктері.
Сонымен қатар оқытушының тәрбиеленушілермен қарым-қатынас стилі - әлеуметтік және адамгершілік мазмұнды категория екенін айта кетуіміз керек.
Кәсіби - педагогикалық қарым-қатынаста көптеген кең таралған стилдер анықталған. Соның ішінде ең игілікті, жемістісі – біріккен шығармашылық іс-әрекетпен шұғылдану негізінде – педагогтың жоғары кәсіпқойлығының бірлігі мен оның этикалық сипаттағы қасиеттері жатыр.
Тәрбиеленушілермен бірігіп шығармашылық ізденіспен шұғылдану – педагогтың коммуникативтік іс-әрекетінің нәтижелі болуымен қтар, жоғары деңгейде педагогикалық іс-әрекетке қатынасын білдіреді.
Достыққа негізделген стиль – жеткілікті пайдалы стилдердің бірі. Мұндай қарым-қатынас стилін ойдағыдай біріккен оқу-тәрбие іс-әрекетінің алғышарты ретінде қарастыруға болады. Ал ауқымды мағынада алсақ, жоғарыда айтылған стильге дайындайды.
Достыққа негізделу қарым-қатынаста маңызды айналым, ал кәсіби – педагогикалық қарым-қатынаста ерекше орын алады. Бұл оқытушының оқу-тәрбие процесінің басқа субъектілерімен өзара қатынасының дамуы мен нәтижелі болуына мүмкіндік туғызады.
Жалпы достастық балалармен қатынас жүйесінде қайшылық кедергілер туындатпай, педагогикалық мақсатқа бағытталған болу керек.
Қарым-қатынас арақатынасы (дистанциясы)-кең таралған стиль. Бұл стильді тәжірибелі педагогтармен қоса, жас мамандарда қолданылады. Оның мәні өзара қатынас жүйесінде шектеуші қасиет немесе сапасы ретінде дистанция болуымен аяқталады. Бірақ бұл жерде өлшемді сақтау керек. Дистанцияның жоғырылауы барлық әлеуметтік-психологиялық өзара әрекет жүйесінің дұрыс қалыптасуына және шынайы шығармашылық атмосфераның құрылуына мүмкіндік тудырмауға әкеліп соғады.
Дистанция – педагогтың жетекші ролін, беделі аумағында құрылатын көрсеткіші ретінде жүреді.
Мектептік оқыту жүйесінде қарым-қатынас стилі оқушылардың пәнге жалпы көңіл-күйлеріне, олардың іс-әрекеттегі эмоционалды жақтары атмосферасының жетістіктерге жетуіне ықпалын көптеп тигізеді.педагогтың оқушылармен қарым-қатынасының демократияшыл формалары – оқу-тәрбие процесінің тиімділігінің артуына зор септігін тигізеді, ал ең бастысы табысты біріккен іс-әрекеткеқажетті педагог пен оқушылардың әлеуметтік-психологиялық бірігін құрады.
Қарым-қатынас дистанциясы белгілі бір деңгейде қарым-қатынастың жағымсыз формасы қорқыту қарым-қатынасының өтпелі сатысы болып табылады.
Шығармашылық қарым-қатынаста қоқыту ықпалы мүлде келекшексіз-нәтижесіз болып келеді. Ол өзінің мәнінде шығармашылық іс-әрекеті қамтитын коммуникативтік атмосфераны құрмауымен бейімдемей, жасауға болмайтын істерге итермелейді, біріккен шығармашылық іс- әрекетке қажетті кәсіби қарым-қатынас достастығынан айырып, белгілі бір ережелерге бағындыруға тырысады.
Балалармен жұмыста жағымды рольді әзілдеу, ойнау қарым-қатынасы атқарады. Бұл нәтижелі педагогикалық қарым-қатынасты ұйымдастыра алмау іскерлігімен байлынысты жас педагогтарға арналады. Қарым-қатынастың бұл типі – балалардың шындыққа сыймайтын беделдерін жаулап, ашық алдын алуға тырысады. Бұл қарым-қатынас стилінің пайда болуы – бір жағынан жас педагогтың балалармен тез тіл табысуға тырысуынан, ұжымға ұнау тілегінен, ал екінші жағынан жалпы педагогикалық және коммуникативтік мәдениеттің, педагогикалық қарым-қатынас дағдылары мен іскерліктерінің, кәсіби- коммуникативтік іс-әрекет тәжірбиесінің жоқтығынан туындаған.
Әзілдеу қарым-қатынасы, бақылау көрсеткендей мыналардың нәтижесінде туындайды:
педагогтың алға қойған жауапты міндетін түсінбеуі;
қарым-қатынас дағдыларының жоқтығы;
ұжыммен қарым-қатынасқа және бір мезгілде тәрбиеленушілермен қатынасын тәртіпке келтіруге жүрексінуі;
Көріп отырғанымыздай, мұның барлығында негізгі рольді педагогтың қарым-қатынас технологиясын білмеуімен, қарым-қатынасқа қажетті қабылдаулардың жоқтығы себеп болып отыр.
Қарым-қатынас стильдерінің бұл түрлері, яғни қорқыту, әзілдесу, дистанция педагогта кәсіби қарым-қатынас дағдыларының жоқтығымен қоса, педагогикалық процесті күрделендіріп және тиімділігін төмендетуде өте қауіпті. Қарым-қатынас стилі ұжымда эмоционалды, жағымды, табысты атмосферасының болуына әсер етеді. Зерттеулер көрсеткендей, балалар өзара қатынастың мәнді болуына себеп болатын құралдарымызға жоғары – адамгершілік-психологиялық талаптар қоятыны анықталды.
Міне, сондықтанда қарым-қатынас стильдерінің достыққа, психологиялық жайлылықтың сезілуіне, іс-әрекетте түрткі болуға негізделуі осыдан.
Кәсіби-педагогикалық қарым-қатынастың индивидуалды стилі.
Кәсіби-педагогикалық қарым-қатынастың негіздерін меңгеру міндетті түрде индивидуалды-шығармашылық деңгейде жүруі тиіс.
Біз бөліп көрсетіп отырған кәсіби-педагогикалық қарым-қатынастың барлық компоненттері әрбір педагогтың іс-әрекетінде қайталанбайтын және өзгеше түрде көрінеді. Міне, жас педагогтардың маңызды міндеті - өзіне тән индивидуалды қарым-қатынас стилін іздеу болып табылуы осыдан.
Кәсіби педагогикалық қарым-қатынастың индивидуалды стилін педагог іс-әрекетінде дамыта отырып, өзінің шығармашылық даралығын, психофизикалық аппаратының ерекшеліктерін көрсетуі тиіс және сол арқылы балаларда оның жеке тұлға ретінде «трансляциясы» қалыптасады. Сонан кейінгі кезекте өзінің коммуникативтік процесінің балалардың индивидуалды-типологиялық ерекшеліктеріне сәйкес келу, келмеуіне назар аударуы керек.
Кәсіби педагогикалық қарым-қатынастың көп жоспарлығы мен көпаспектілігі – педагогикалық жұмыс үрдісінде әртүрлі көрінуін болжайды. Бұл педагогтың жұмысындағы қарым-қатынас мен бос уақытындағы қарым-қатынасының әртүрлі болатындығы жөнінде айтылып отыр.
Кәсіби педагогикалық қарым-қатынастың индивидуалды стилін өзіндік етіп, құралдар бірлігін қолдана отырып мұқият зерттеу және қалыптастыру қажет. Мұндай жағдайда әртүрлі аймақтағы қарым-қатынасқа қажетті тәжірбие, қарым-қатынас дағдыларының бекітілуі, педагогтың коммуникативтік мәдениетінің толығымен жүзеге асуы қортыла бастайды.
Кәсіби педагогикалық қарым-қатынас стильдер әңгімесін аяқтай отырып, педагогтың қарым-қатынасының индивидуалды стилінен басқа, әрбір ұйымдасқан ұжымда қарым-қатынастың жалпы стилі болатынын айта кетуіміз керек.
Қарым-қатынастың жалпы стилі – жалпы психологиялық атмосфераны анықтап, қалыптастыра отырып, педагогтың кәсіби қатынасының индивидуалды стиліне ықпалын тигізеді. Мұнымен біз жай қарым-қатынас технологиясы ретінде емес, оның адамгершілік атмосферасына байланыстылығына көңіл бөлуіміз керек. Яғни ұжымда сыпайлық, ізденушілік, шығармашылық, әдептілік, өнегелік сияқты қасиеттердің орын алуы өте маңызды.
Дұрыс таңдап алынған кәсіби қарым-қатынас стилі, яғни соның ішінде жалпы және индивидуалды стильдер көптеген алға қойылған міндеттерді шешуге мүмкіндік туғызады:
Біріншіден, педагогтың жеке тұлғасында педагогикалық ықпал жасау тұрақты болады, аудиториямен қарым-қатынасы жақсарады.
Екіншіден, өзара қатынасты тәртіпке келтіру жүйелі жеңілдейді.
Үшіншіден, кәсіби педагогикалық қарым-қатынастың маңызды функциясы- ақпарат беру тиімділігі арта түседі және мұның бәрі коммуникатор иен реципиенттің жағымды фонында барлық қарым-қатынас сатыларында өтеді.
Әрине, қарым-қатынас- психология ғылымының негізгі ұғымдарының бірі. Қарым-қатынассыз жеке адамның тұлғалық қалыптасу үрдісін, жалпы қоғам дамуын түсініп, талдауға болмайды. Қарым-қатынас, Г.М.Андрееваның пікірі бойынша, адамдардың біріктіру және дамыту тәсілі. Қарым-қатынас психологиясында көбірек зерттелінетін дәстүрлі мәселе- тікелей тұлғааралық қатынас.
Императивтік немесе әміршілік қарым-қатынас- серігінің тәртібі мен іс-әрекетіне бақылау жасау мақсатындағы әсер етудің авторитарлық формасы. Императивтің ерекшелігі, серіктестерді бағындыру жөніндегі негізгі мақсатының жасырынбай айқын көрініп тұратындығында, әсер етудің құрадары ретінде бұйрық, талап, әмір, тиым салу нұсқау пайдалынылады (тоыр, тұр, әкел). Сонымен, әміршіл қарым-қатынас- басқаны өзіне қажетті белгілі әрекетке күшпен бағындыру.
Қарым-қатынастың бұл түрін педагогтардың студенттерге қолдануы, тәрбие мен педагогика саласында пайдалану ыңғайсыз әрі нәтижесіз. Әрине, бұйрық, тиым көмегімен ұстаздар мен ата-аналар балаға өз сөзін өткізе алады. Бірақ, ол сөздерді бала тек сырттай ғана қабылдап орындайды.
Бала өз еркімен қабылдамаған соң, оның құлағына құйған үлкендердің ережелері, қағидалары, қоғамдық нормалары санасының тез жойылып кететін мазмұны болмақ. Бұйрық түрінде берілген тілектер баланың ішкі құндылығы бола алмайды.
Манипуляциялық қарым-қатынас- басқадан өз мақсатын жасырып өзіне қажетті іс-әрекетке баулу.
Императив пен манипуляцияның ұқсастығы екеуінің де мақсаты бірдейлігінде: яғни, қатынасқа түсуші серігінің ойы мен бойын билеу, бақылау. Айырмасы: манипуляциялық стильде шынайы мақсат жарияланбайды, жасырылады не ауыстырылады.
Оқыту барысында сабақты қызықты өткізу, оқушының назары мен ынтасын көтеру үшін манипуляцияны пайдаланады. Кейде оысған дағыдыланған мұғалімдер басқаларға түсіндіру, дәлелдеу, үйрету үшін оысын өзінің тұлғалық ұстанымына айналдырып алады. Оқытуда нәтижелі болған бұл жайт, тәрбиелеуде, жеке тұлғалық қатынастарда жарамсыз болып қалады. Жұмысында манипуляцияға әдеттенген адам сондай арақатынасты отбасына да әкелуге мәжбүр болуы, сүйіспеншілік, достық, ізгілікке негізделген ортақтасуда манипуляция жолы тиімсіз.
Диалогтық қарым-қатынас- бұл тең құқықтық субьектілердің арақатынасы, ортақтасу мақсаты- өзін-өзі және өзгені тану, білу, дамыту. Жоғарыда аталған қатынастардың негізгі айырмашылығы- эгоцентризмнен, өзіндік ұстанымнан альтруизмге, өзгеге, басқаға бағытталған ұстанымға көшу.
Жоғары оқу орнының оқытушылары студенттерге білім беруде жиі қолданылатын қарым-қатынас түрі- диалог. Диалог қарым-қатынасқа түсушілердің өзара түсінушілігін тереңдетіп, бірінің жан байлығын бірі көбейтуге, әрқайсысы өзінің ашылуына жағдай жасайды. Осы типтегі қарым-қатынасты іске асыру үшін қажетті өмірлік шарттар мен қатысушылардың іске дайындығы керек.
Студенттер мен қалай сөйлесу керек? Олардың сұрақтарын қалай жауап беру қажет?
Біріншіден, шыдамдылықпен сұрақты соңына дейін тыңдау. Көбінесе, оқытушылар сұрағы анық қой деп, студентті тоқтата салып жауапқа кіріседі. Сұрақты дұрыс түсінуде кішкентай ғана күмән пайда болса, қайталап анықтап сұрап алған жөн болар («кешір, мен онша түсінбей тұрмын», «мен дұрыс түсінсем»). Кейінгіге қалдырмай («бұл келесі сабақтың тақырыбы») міндетті түрде шәкіртке жауап беру қажет.
Екіншіден, жауап сұрақтан неғұрлым кең болып, қойылған мәселені жаңа қырынан көрсету тиіс, маңызда бар сұрақ қойып тұрған шәкіртті ренжітпеу үшін асығыс жауап беруге болмайды.
Үшіншіден, студенттер кейде сұрақты дәлме-діл жауап алу үшін қоймайды. Сұрақты өзінің ойлау қабілетін, білім деңгейін көрсету үшін де қояды. Оқытушыдан көмек студент сенімін ақтап, ашық әңгімеге жағдай жасау керек.
Өзге адам туралы алғашқы әсер қалыптасуы әлеуметтік стереотипке негізделген. Әлеуметтік стереотип- білгілі әлеуметтік топтардың мүшелеріне тән кейбір құбылыстар мен адамдар туралы қалыптасқан тұрақты бейнелері мен пікірлері, әдеттегі жорамалдар.
Стереотиптеу нәтижесінде педагогтың санасында мұратты студент бейнесі қалыптасады. Мұндай шәкірт ұстазының еңбегін жемісті және жеңіл етеді, жақсы оқиды, тәртіп бұзбайды, сөзді екі етпейді, құлақ салады. Осындай студенттерді оқытушы сүйкімді адам ретінде де жоғары бағалайды. Ал, керісінше нашар студент педагогтың ұнамсыз сезімдерінің қайнар көзі болғандықтан нашар, жағымсыз, әдепсіз адам болып есептеледі.
Маңызды жайт: педагогтың үмітттрі балалардың нақты жетістіктерін айқындайды. Ұстаз өзі ғана өз стереотипінің құрбаны болып қалмай, балаға да кесірін тигізеді. Педагогтың сөзіне қарай студент өзін-өзі де дәл солай қабылдай бастайды. Әу бастан «нашар», «әлсіз», «қабілетсіз» атағына ие болған бала өзін-өзі төмен бағалап, кейде жек көруге де дейін жетеді. Керісінше жылы сезім, жақсы сөз, мақтау мен мадақты жиі еститін бала өз күшіне сеніп, үлкендердің үмітін ақтауға тырысады.
Зерттеулер көрсеткендей педагогқа, баланың заты түгіл, аты да ұнамаса, ол оқушының өзіндік бағасына әсерін тигізеді екен. Педагогқа есімі жағатын бала өзіне жылы сезіммен қарайды екен. Осындай стереотиптерді «күту стереотипі» деп атайды.
Бұл стереотип педагогтың ұстанымдарында, үмітінде, қарым-қатынасында өз көрінісін табады. Педагог жақсы студенттерді жиі тақтаға шығарып, белсенді қолдап тұрады, нашар студентке, оқушыға аз уақыт беріп, ым-ишара арқылы «сен не білуші едің» деп көрсетіп тұрады.
Нақты уақытын ұстаз «нашар» студентке аз мөлшерде бөледі, бірақ санасында «күту стереотипі» ұялағандықтан, «Осыларға бүкіл уақытымды сарп етсем де ештеңе шықпайды» деп шынымен уайымдайды.
Жауапқа көмектесуде әртүрлі болады. Жақсы студентке педагог өзі байқамай көбірек жәрдем береді. Бірақ, «жаман» шәкіртті сүйрелеу әлек деп санайды.
Стереотипке байланысты нашар студентті жиі сынап таразыласа, жақсы студентті жиі мақтайды. Үлгерімі нашар студентке «тағы да білмей тұрсың», «сен үнемі» жалпылама сөздер дайын тұрады.
Егер де, әлсіз студентке педагог үлкен үміт артса, «күту стереотипі» жақсы нәтижеге де әкеледі.
