Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Dip_-k_1241_siporynny_1187_-_1179_arzhyly_1179_-zha_1171_dayyn-taldau-zh_1241_ne-ony-zhetildiru-boyynsha-_1201_synys.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
293.89 Кб
Скачать

2.1. «Халлибуртон Интернэшнл Инк.» компаниясының жалпы сипаттамасы.

«Халлибуртон Интернэшнл Инк.» компаниясы 1919 жылы құрылған. Оның негізгі қызметі мұнай өндірісі, құрылысы, мұнай газ өңдіру скаважиналарын жөңдеу және іске қосуға қажетті құрал жабдықтарды жасау және жабдықтау-мен айналысу болып табылады.

Компанияның орталық офисі Хьюстонда (Техас штаты) орналасқан.

Жұмысшылар саны 85 мың адамды құрайды.

Кәсіпорынның әлемнің 120 мемлекетінде бөлімшелері бар, солардың қатарында Қазақстан да бар. Қазақстандағы кәсіпорынның бөлімшесі Каспий-дегі мұнай жобаларын әзірлеумен айналысады.

Компанияның айналымы 2006 жылы 30,5 млрд. АҚШ долларды құрады.

Соңғы 12 жылда «Халлибуртон Интернэшнл Инк.» компаниясы Нарьян-Марда, Няганда, Ханты-Мансийскте, Пермьде, Тюменьде, Нижневартовскте, Нефтеюганскте, Сургутте, Губкинскте, Ноябрьскте, Архангельскіде, Мегионда, Радужда, Охада, Тенгизде, Ақтөбеде, Атырадау, Актауда, Астраханда, Причал-да, Небит-Дагта, Туркменбашыда және Южно-Сахалинскте жобаларды іске асырумен айналысты.

Компанияның Energy Services Group бөлімшесі мұнай және газ саласында қызмет етеді және скажиналар құрастыру, оларды аяқтау және жөңдеу бойынша қызметтер көрсетеді.

Компанияның екінші білімшесі Halliburton Engineering and Construction Group теңіздегі платформаларды, мұнай және газ өңдеу зауыттарын жабдықтаумен және өндіріс объектілерін салумен , жөңдеумен айналысады.

Әлемнің 30 халықаралық тәуелсіз компанияларымен бірлесіп қызмет ету тәжірибесі бар.

«Халлибуртон Интернэшнл Инк.» компаниясы Қазақстанда Қашағанды иге-ріп жатқан Agip KCO консорциумымен, «Казахойл Актобе» компаниясымен және «Тенгизшевройлмен» (ТШО) қызмет жасайды.

«Халлибуртон Интернэшнл Инк.» компаниясының басқарушылық құрылы-мы төмендегі 1- суреттетен көруге болады.

Бас директор

Бухгалтерия

Бас бухгалтер

Сауда төрағасы

Бас инженер

Жабдықтау

Сбыт

Цех бастығы

Сурет-1. «Халлибуртон Интернэшнл Инк.» компаниясының басқарушылық құрылымы.

2.2. Кәсіпорынның мүліктік жағдайын талдау.

Баланс активтерінін құрамы мен құрылымының динамикасын талдау – кә-сіпорынның барлық мүліктерінің және оның жекелеген түрлерінін абсолютті және салыстырмалы арту немесе кему мөлшерін белгілеуге мүмкіндік береді.

Қаржылық есептің маңызды элементі болып саналатын активтерді, талдау барысында, осы активтердің нақты қолда бары, құрамы, құрылымы және олар-да болған өзгерістер зерттеледі. Активтердің жалпы құрылымын және оның же-ке топтарын талдау, олардың рационалды таратылуын талқылауға мүмкіндік береді.

Активтердің өсуі (артуы) кәсіпорынның болашақтағы дамуын көрсететін болғандықтан, ол осы кәсіпорын жұмысының оң нәтижесін сипаттайды. Алай-да, кәсіпорын мүлік құныньщ өсу себептерін талдағанда, жоғары деңгейі ба-ланстық есептің номиналды көрсеткіштерінің нақты көрсеткіштерден айтар-лықтай ауытқуына әкеліп соқтыратын инфляция әсерін ескеру қажет. Отандық тәжірибеде инфляцияны есепке алу тек негізгі құралдардың баланстық құнын құру барысында жүргізіледі.

Отандық есептік-аналитикалық тәжірибеде өндірістік қорлар, дайын өнім және тауарларды қайта бағалау жүргізілмейді. Сондықтан да олардың құнының өсуі, инфляциялық фактор әсерінен болатыны күмәнсіз.

Баланс мәліметтері бойынша активтердің құрамы мен олардың таратылуына талдау жасау үшін келесі 3-аналитикалық кесте құрылады.

Кесте-3