Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
акушериядан азаша сратар.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
116.53 Кб
Скачать

19. Преэклампсии. Диагностикасы, жіктелуі, клиникасы, диагностикасы, емі.

Прекэклампсия жүкті әйелдерде дамитын кеш гестоз.

Клиникасы: гипертензия, протейнурия, ісіну. Орталық жүйке жүйесі қызметінің: ми қан айналымының бұзылуы, бас сүйекішілік қысымның жоғарылауы салдарынан бастың ауырсынуы, көз көруі нашарлайды. Жүрегі айнып, құсады, іштің жоғарғы бөлігі ауырады.Қан тамыр, бауыр, бүйрек және зат алмасу, орталық жүйке жүйесінің бұзылулары қатты асқынып, ұлпаларда оттегінің жетіспеуі және организмде қышқылдану прцесі артады. Жүктілік қалыпты орналасқан плацентаның мезгілсіз бөлінуімен асқынады, миға қан құйылуы ықтимал,нәресте гипоксиясы және оның жүктілік кезінде шетінеуі мүмкін.

Емі: жүкті әйелді тез арада перзентхана реанимация бөлмесіне жатқызады. Емнің мақсаты тырысуға қарсы терапия. Магнезиальді терапия ,баяу көктамырға 10-15 минут сульфат магния 25%-20мл (бастапқы доза). Содан сон сульфат магния 25%-80мл на 320 мл физ.ерітіндімен 11-22 капли/минуту инфузиясын (қосымша доза)

20. Эклампсия. Клиникасы, диагностикасы, емі.

Эклампсия гестоздың ең жоғарғы сатысығ әйел организмінде барлық жүйелер мен мүшелер патологиялық өзгерістерге ұшырап, ми тіндері ісініп, әйел есінен танып , бүкіл денесі, бұлшықеттері құрысып, эклампсия талмасы басталады. эклампсия талмасы басталар алдында әйелдің басы қатты ауырып, көзі қарауытып, АҚ жоғарылап, мазасызданады.Әрбір эклампсия талмасы 1-2 мин созылып, төрт кезеңнен тұрады.

І кезең: талма алды кезеңі. Санасы анық емес,тыныс алуы жиілеп, жүрегі қатты соғып, қас қабағы жыбырлап тартылады. Бұл кезең 20-30 секундқа созылады.

ІІ кезең. Тоникалық талма кезеңі. Әйел есінен айырылып, тыныс алуы тоқтап, тер басып беті көгеріп, көз жанары үлкейіп, жағы тартылады. Осы кезде жүкті әйел тілін тістеп алуы ықтимал. Бүкіл дененің бұлшықеттері қатып, сіресіп қалады. Бұл кезеңнің ұзақтығы 30 cек. Ана мен нәрестеге қауіпті кезең,

ІІІ кезең. Клоникалық талма кезеңі. Қатып сіресіп тартылған бұлшықеттер енді бірінін артынан бірі, беттен кеудеге, саннан балтырға қарай селкілдетіп тартылап тарай бастайды. Әйелдің тыныс алуы ауырлайды, біртіндеп аяқ қолдарының тартылғаны тоқталады, жақтары ашылып, аузынан қан, сілекей аға бастайды. Бұл кезең 40 cек -1,5 мин созылады. Талма біткеннен кейін әйел қатты ұйықтап қалады.

ІҮ кезең. Талмадан айығу кезеңі. Жүкті әйел есін жиып, өз өзіне біртіндеп келе бастайды, тыныс алуы, жүрек жұмысы дұрысталады. Әйел талмада болғанын білмейді. Талманын саны 1-2,10 ға дейін болуы мүмкін.

Емі: Әйелге бірден наркоз беріп тез арада реанимация бөлмесіне жатқызады. Преэклампсияны емдегендей, венаға жоғарыдағы ерітінділерді құйып, әйелді «нейролепсия» күйіне жеткізіп, біртіндеп жоғарыда айтылғандай интенсивті емдерді қолданады. Егер әйел эклампсиялық комада болса интубация жасап, оған жедел операция жасайды.

21. Жүктілік1-жартысында қан кету. Этиологиясы,потогенез.Клиникасы.

Жүктілік, босану және босанғаннан кейінгі кезеңдердегі аса ауыр әрі жиі кездесетін асқынулардың бірі акушерлік қан кетулер болып табылады. Осы патологияның аналар өліміндегі үлесі де зор, перинатальді асқынулар ішінде де маңызды орын алады. Акушерлік қан кету деп жүктілік, босану және босанудан кейінгі кезеңді асқындыратын, мөлшердегі жыныстық жолдардан кеткен қанды бөліністерді айтады.  Жоғалған қан мөлшерінің маңыздылығы қандағы гемоглобиннің бастапқы мөлшеріне байланысты.

Жүктіліктің ерте мерзіміндегі акушерлік қан кетулер – жүктіліктің 22 аптасына дейін пайда болған жыныстық жолдардан қанды бөліністер. Оған себеп болатын патологиялық жағдайлар: Өздігінен болған түсік Жатырдан тыс жүктілік ІІ. Жүктіліктің кеш мерзіміндегі акушерлік қан кетулер – жүктіліктің 22 аптасынан кейін пайда болған жыныстық жолдардан қанды бөліністер: Плацентаның алда жатуы Қалыпты орналасқан плацентаның мерзімінен бұрын сыдырылуы (ҚОПМБС) ІІІ. Босанудан кейінгі кезеңдегі акушерлік қан кетулер – плацентаның бөлінуі және босанғаннан кейінгі ерте кезеңдегі жыныстық жолдардан қанды бөліністер. плацентаның бітісіп өсуі немесе ажырау патологиясы жатыр атониясы босану жолдарының жарақаттары. Жүктілік кезіндегі ауқымды қан кетулер плацентаның жолда жатуы мен қалыпты орналасқан плацентаның мерзімінен бұрын үзілуі кезінде байқалады; босану кезінде – плацентаның бөлінуімен байланысты патология, жатырдың атониясы себебінен болады. Сонымен қатар, қағанақ суымен эмболия, плацентаның тығыз бекітілуі, коагулопатиялық қан кетулер, бауыр патологиясы себебінен болған қан кетулер кездеседі. Қан кетулер геморрагиялық шок және ТІШҰ синдромның дамуына алып келеді. Акушерлік қан кетулердің ерекшелігі – кенеттен дамуы мен ауқымдылығы. Барлық босануларға бөлгенде олардың үлесі 2,7 — 8% кездеседі. Көп жағдайда, ауқымды акушерлік қан кетулер жүктілік пен босану кезіндегі гемостаз қызметінің жеткіліксіздігі салдарынан дамиды, яғни коагулопатиялық болып табылады (А.Д. Макарция, 1990). Жүктілік кезінде гемокоагуляциялық бұзылыстардың даму механизмдерінің келесі түрлерін ажыратуға болады:

Акушерлік асқынулар есебінен қанның шашыраңқы ұю (ҚШҰ) синдромы аясындағы қан ұю факторлары катаболизмінің күшеюі;

гемостаздың туа және жүре пайда болған ақаулары аясындағы қан ұю факторлары синтезінің төмендеуі;

гемостаз жүйесінің босануға жақындаған кезде бейімделу қызметі өзгерістерінің тежелуі, гемостаз бейімделуінің бұзылуы;

ятрогенді, антитромбоздық дәрмектерді шамадан артық тағайындағанда қан ұю тежегіштері айналымының бұзылуы;

иммунды жүйе патологиясы кезіндегі қан ұю қызметіне қарсы антиденелердің айналуы.